Осы стандарттың мақсаты мен қолданылу саласы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 10:14, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорын шаруашылық қызметі процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, демек жұмыс барысында әр түрлі ауыс-түйістер болып тұоады. Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадр бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, санаттарын (категория), кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс өтілін (стажын), білімін және басқа да белгілерін есепке алады.

Оглавление

КІРІСПЕ
1. ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ……………………..4
1.1 Қызметкерлер құрамының есебі…………………………………….4
1.2 Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу………….......5
2. 19-ХҚЕС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫЛАР….7
2.1 Осы стандарттың мақсаты мен қолданылу саласы…………….......7
2.2 Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар………….....9
2.3 Қысқа мерзімді төленетін демалыстар……………………12
2.4 Еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақы: белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары және белгіленген төлемдері бар зейнеткерлік жоспарлар арасындағы айырмашылық……………………14
2.5 Қызмет кезеңдері бойынша сыйақыны бөлу…………………17
2.6 Қызметкерлерге берілетін ұзақ мерзімді сыйақылар…………………19
2.7 Күшіне ену күні………………………………………………………….22
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………

Файлы: 1 файл

19-ХБЕС Қызметкерлерге берілетін сыйақылар.doc

— 240.00 Кб (Скачать)

    МАЗМҰНЫ 

    КІРІСПЕ

    1. ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ……………………..4

    1.1 Қызметкерлер құрамының есебі…………………………………….4

    1.2 Қызметкерлермен еңбекақы бойынша  есеп айырысу………….......5

    2. 19-ХҚЕС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫЛАР….7

    2.1 Осы стандарттың мақсаты мен  қолданылу саласы…………….......7

    2.2 Қызметкерлерге  берілетін қысқа мерзімді сыйақылар………….....9

    2.3 Қысқа мерзімді төленетін демалыстар……………………12

    2.4 Еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақы: белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары және белгіленген төлемдері бар зейнеткерлік жоспарлар арасындағы айырмашылық……………………14

    2.5 Қызмет кезеңдері бойынша сыйақыны бөлу…………………17

    2.6 Қызметкерлерге берілетін ұзақ  мерзімді сыйақылар…………………19

    2.7 Күшіне ену күні………………………………………………………….22 

    ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..24 

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………25 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1 Еңбекақы төлеуді  ұйымдастыру 

    1.1 Қызметкерлер құрамының  есебі 
 

    Кәсіпорын шаруашылық қызметі процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, демек жұмыс барысында әр түрлі ауыс-түйістер болып тұоады. Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадр бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, санаттарын (категория), кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс өтілін (стажын), білімін және басқа да белгілерін есепке алады.

    Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей және еңбек келісімшарттарын жасайды.

    Жеке  еңбек келісімшарты – жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түрдегі келісім, онда жұмыс орыны, келісімшарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың  басқа да мәселелері туралы қарастырылады.

    Әдетте, жалақысының деңгейін жұмыс беруші белгілейді және ол жеке еңбек келісімшартында  тіркеледі.

    Жеке  еңбек келісімшарты бойынша тараптардың жауапкершілігі, міндеті, құқықтары белгіленеді. Жеке еңбек келісімшарттарында өндіріс саласының ерекшеліктері, нақты міндеті, жұмыс берушінің қаржылық мүмкіндігі, бір сөзбен айтқанда, шарттың мазмұны мен сипаты ашылады. Дегенмен де, келісімшартқа Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 2-бөлім, 4-тарауы бойынша 30-бабы енгізілуі тиіс. Кез келген 16 жасқа толмаған азамат жеке еңбек шартын жасауға құқылы, ал егер ата-анасы рұхсат берсе, 15 жастан және 14 жастан да еңбек етуі мүмкін.

    Жеке  еңбек келісім шартында мына жайттар  қарастырылады:

  • белгісіз мерзімге;
  • белгілі мерзімге;
  • белгілі бір жұмыс орнына, белгілі уақытқа;
  • еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша атқаруға.

    Заңды келісімшарттың максималды және минималды  мерзімі белгіленбеуі мүмкін. Егерде жеке еңбек келісімшартында мерзімі  айтылмаса, онда ол белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады. Жеке еңбек келісімшарты жазбаша түрде екі данадан жасалады және оған екі жақта қол қояды. Оның бір данасы жұмысқа тұрушы еңбеккерге беріледі. Еңбеккер өз қызметіне келісімшартта көрсетілген күннен бастап кіріседі, онда оның нақты жұмысқа шыққан күні есептелінеді.

    Жеке  еңбек келісімшартын жасау үшін жұмыс беруші қызметкерден еңбек кітапшасын, жеке төлқұжатын, жеке әлеуметтік кодын, зейнеткерлік келісімшартын, білімі туралы құжатын талап етуге құқылы. Жеке еңбек келісімшартына қол қойғаннан кейін, жұмыс беруші бұйрық шығаруы тиіс.

    Жұмысқа жаңадан қабылданғандарды “Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен (өкіммен)” құжаттайды.

    Қызметкерлерді  жұмыстан шығарғанда “Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрық (өкім)” қолданылады. Оны кадр бөлімінің қызметкері екі дана етіп толтырады. Бірі кадр бөлімінде қалдырылады, ал екіншісі бухгалтерияға беріледі. Оған құрылымдық бөлімшенің бастығы немесе кәсіпорын басшысы қол қояды. Бұйрықтың негізінде кәсіпорынның бухгалтериясы қызметкермен есеп айырысады. Жұмыстан өз еркімен шыққанда қызметкер үлгінің бет жағына арыз жазады.  
 

    1.2 Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу 
 

    Қызметкерлермен еңбекақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 3350 “Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу” шотында  жүргізіледі. Бұл – пассивті шот.

    Қызметкерлерге  еңбекақы есептегенде 3350 шоты кредиттелінеді, ал мына шоттар дебетттелінеді:

    2930 “Аяқталмаған құрылыс” шоты күрделі құрылыспен шұғылданатын және сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек төлемінің сомаларына;

    7110 “Өнімді сату және қызмет көрсетулер бойынша шығыстар” шоты өнім өткізумен, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің еңбек төлемінің сомаларына;

    7210 “Әкімшілік шығыстар” шоты жалпы  шаруашылық және әкімшілік-басқармашылық  қызметкерлеріне есептелген еңбек  төлемінің сомаларына;

    Еңбекақы есебі бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының шоттар корреспандентциясы төмендегідей болады:

    1.Негізгі  өндіріс жұмысшыларына еңбекақы  есептелінді:

    Дт: 8110  Кт: 3350

    2.Көмекші  өндіріс жұмысшыларына еңбекақы  есептелінді:

    Дт: 8310 Кт: 3350

    3.Жұмысшы  – қызметкерлерге кассадан жалақы  берілді:

    Дт: 3350 Кт: 1010

    4.Аванстың пайдаланылмаған қалдығы есепті тұлғаның жалақысынан ұсталды:

    Дт: 3350 Кт: 1250

    5.Әкімшілік  басқару қызметкерлеріне жалақы  есептелінді:

    Дт: 7210 Кт: 3350 

    6.Қызметкерлерге қарыз берілді:  Дт: 1250 Кт: 1040,1010

      Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жұмыскердің еңбекақысынан: міндетті зейнетақы, жеке табыс салығы, орындаушы қағаздар бойынша, сонымен бірге жұмысшының жазбаша келісім бойынша, немесе жұмыс берушінің бастамашылдығымен жұмыскердің келісімінің еңбекақы есебінде төленген авансты қайтару үшін(артық төленген соманы қайтару үшін) және т.б. жағдайларда ұстап қалулар болады.

    Жеке  табыс салығын ұстау. Салық кодексінің 145-бап ставкасына сәйкес, еңбекақы, сонымен қатар жұмыс орындарынан төленетін төлемақылар, натуралды төлемақыны қоса есептегендегі қызметкерлер табыстары, материалдық, әлеуметтік табыстарынан жеке табыс салығы ұсталады. Жеке табыс салығын есептеу, ұстау белгіленген заңдылықтар бойынша, ай сайын өспелі жиынтықтан жүргізіледі. Жеке табыс салығы еңбекақыдан ұсталатын міндетті ұсталым болып табылады:  Дт: 3350 Кт: 3120. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2. 19-ХҚЕС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫЛАР

       

    2.1 Осы стандарттың  мақсаты мен қолданылу  саласы 
 

    Осы Стандарттың мақсаты есеп тәртібін орнату және қызметкерлерге берілетін сыйақы туралы ақпаратты ашу болып табылады. Стандарт компаниядан мыналарды тануды талап етеді:

    (а) міндеттемені – егер қызметкер болашақта төленуі тиіс сыйақы орнына қызмет көрсеткен жағдайда; және

    (b) шығысты – қызметкердің сыйақы орнына қызмет көрсету нәтижесінен шығатын компанияның экономикалық пайданы пайдаланған жағдайда.

    Қолданылу саласы

    1. Осы Стандарт, оларға қатысты 2-«Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер» IFRS Халықаралық стандарты қолданылатындарды қоспағанда, жұмыс беруші қызметкерлерге беретін барлық сыйақыларды есепке алу үшін қолданылуы тиіс.

      2. Осы Стандарт зейнетақы жоспарлары бойынша есептілікке қатысты емес (19-«Зейнетақымен қамсыздандыруға жұмсалған шығындар» IAS қараңыз).

    3. Оларға қатысты осы Стандарт қолданылатын қызметкерлерге сыйақылар мынадарды қамтиды:

    (а) жасалған жоспарларға немесе компания және оның қызметкерлері немесе олардың өкілдерінің арасындағы басқа да жасалған келісімдерге сәйкес;

    (b)  заңнаманың талаптарына сәйкес немесе компания ұлттық, мемлекеттік, салалық немесе басқа да жұмыс берушілер тобына жарналар төлеуді жүзеге асыруға тиісті сала ішіндегі шарттарға байланысты; не

    (с) жүктелген міндеттеменің шығуына әкеліп соқтыратын компания тәжірибесінің қалыптасуына сәйкес. Егер компанияның қызметкерлерге төлеулерді жүзеге асыруына нақты баламасы болмаса, қалыптасқан тәжірибе жүктелген міндеттемеге әкеліп соқтырады. Жүктелген міндеттеменің мысалы компанияның қалыптасқан тәжірибесінің өзгеруі оның қызметкерлерімен қарым-қатынасында тиімсіз зиянға әкеліп соқтыратын жағдайы болуы мүмкін.

    Қызметкерлерге  берілетін сыйақыға:

    (а) жұмысшыларға және қызметкерлерге берілетін жалақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған жарналар, жыл сайынғы ақы төленетін демалыс және ауруына байланысты ақылы демалыс, пайда және сыйлықақыларға қатысу (егер олар кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленетін болса), сонымен қоса осы уақытта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін ақшалай емес нысандағы сыйақылар сияқты (медициналық қызмет, үймен және көлікпен қамтамасыз ету, ақысыз немесе күні белгіленген тауарлар немесе қызметтер сияқты) қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар;

    (b) зейнетақы, зейнетке шыққаннан кейін берілетін басқа сыйақылар, еңбек қызметі аяқталған соң өмірді сақтандыру және медициналық қызмет көрсету сияқты еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы;

    (с) жұмыс стажы ұзақ қызметкерлер үшін ақы төленетін демалыс немесе ақы төленетін шығармашылық демалыс, мерейтойларға арналған, еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімді жәрдемақылар, сондай-ақ пайдаға және сыйлықақыға қатысуға, егер көрсетілген төлемдер кезең аяқталғаннан кейінгі 12 айдан астам кезеңде жүзеге асырылса, қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар; және

    (d) шығу жәрдемақылары.

    (а)-(d) көрсетілген әрбір санаттың әр  түрлі сипаттамаға ие болуына  қарай осы Стандарт әрбір бөлек  санат үшін жеке талаптар қояды.

    5. Қызметкерлерге берілетін сыйақы қызметкерлерге берілетін, сол сияқты асырауындағы адамдарға берілетін сыйақы сияқты, және/не қызметкерлердің, олардың жұбайларының, балаларының немесе басқа асырауындағы адамдардың, не, мысалы, сақтандыру компаниялары сияқты басқа тұлғалардың тікелей пайдасына іске асырылатын төлем жасау (немесе тауарлар немесе қызмет көрсету үшін) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

    6. Қызметкер компанияға толық жұмыс күні негізінде, тұрақты, біржолғы немесе уақытша негізде ішінара жұмыспен қамту қызметін көрсете алады. Осы Стандарттың мақсаты үшін қызметкерлер санына директорлар және басқа да басқару саласының қызметкерлері кіреді.

    Мынадай терминдер осы Стандартта белгіленген  мағынада қолданылады:

    Қызметкерлерге  берілетін сыйақы – компанияның  қызметкерлерге олар көрсеткен қызметтің  орнына ұсынылатын сыйақылардың және төлемдердің барлық түрлері.

          Қызметкерлерге берілетін  қысқа мерзімді сыйақылар – қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең ішінде кезең аяқталғаннан кейін толық көлемде 12 ай ішінде төленуге тиісті, қызметкерлерге берілетін сыйақы (шығу жәрдемақылары  және үлестік құралдарға өтемақы төлемдерін қоспағанда).

    Еңбек қызметі аяқталған кезде төленетін  сыйақылар - еңбек қызметі аяқталғанда  төленетін қызметкерлерге берілетін сыйақылар (шығу жәрдемақылары  және үлестік құралдарға өтемақы төлемдерін қоспағанда).

    Еңбек қызметі аяқталған кездегі сыйақылар  жоспары – компанияның қызметкерлерге олардың еңбек қызметі аяқталғаннан кейін тиісінше төлейтін сыйақыларға жасалған немесе жасалмаған келісімдері.

Информация о работе Осы стандарттың мақсаты мен қолданылу саласы