Осы стандарттың мақсаты мен қолданылу саласы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 10:14, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорын шаруашылық қызметі процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, демек жұмыс барысында әр түрлі ауыс-түйістер болып тұоады. Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадр бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, санаттарын (категория), кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс өтілін (стажын), білімін және басқа да белгілерін есепке алады.

Оглавление

КІРІСПЕ
1. ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ……………………..4
1.1 Қызметкерлер құрамының есебі…………………………………….4
1.2 Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу………….......5
2. 19-ХҚЕС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫЛАР….7
2.1 Осы стандарттың мақсаты мен қолданылу саласы…………….......7
2.2 Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар………….....9
2.3 Қысқа мерзімді төленетін демалыстар……………………12
2.4 Еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақы: белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары және белгіленген төлемдері бар зейнеткерлік жоспарлар арасындағы айырмашылық……………………14
2.5 Қызмет кезеңдері бойынша сыйақыны бөлу…………………17
2.6 Қызметкерлерге берілетін ұзақ мерзімді сыйақылар…………………19
2.7 Күшіне ену күні………………………………………………………….22
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………

Файлы: 1 файл

19-ХБЕС Қызметкерлерге берілетін сыйақылар.doc

— 240.00 Кб (Скачать)

    Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары – егер қор қызметкерлерге ағымдағы және алдыңғы кезеңдерде олардың  көрсеткен қызметтері үшін есептелген барлық сыйлықақыларды төлеу үшін жеткілікті қаражаты болмаса, компанияның белгіленген жарнаны бөлек қорға төлеуді жүзеге асыруын және қосымша жарналар төлеу бойынша қандай да болмасын заңды және жүктелген міндеттемелері болмаса, белгіленген жарнасы бар зейнетақы жоспарларынан ерекшеленетін зейнетақы жоспарларын қамтамасыз етуді болжайтын зейнетақымен қамсыздандыру жоспары. 
 

    2.2 Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар 
     

    Қызметкерлерге  берілетін сыйақы – компанияның  қызметкерлерге олар көрсеткен қызметтің  орнына ұсынылатын сыйақылардың және төлемдердің барлық түрлері.

    Қызметкерлерге  берілетін қысқа мерзімді сыйақылар  – қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен  кезең ішінде кезең аяқталғаннан кейін толық көлемде 12 ай ішінде төленуге тиісті, қызметкерлерге берілетін  сыйақы (шығу жәрдемақылары  және үлестік құралдарға өтемақы төлемдерін қоспағанда).

    Еңбек қызметі аяқталған кезде төленетін  сыйақылар - еңбек қызметі аяқталғанда  төленетін қызметкерлерге берілетін  сыйақылар (шығу жәрдемақылары  және үлестік құралдарға өтемақы төлемдерін қоспағанда).

    Еңбек қызметі аяқталған кездегі сыйақылар жоспары – компанияның қызметкерлерге олардың еңбек қызметі аяқталғаннан кейін тиісінше төлейтін сыйақыларға жасалған немесе жасалмаған келісімдері.

    Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары – егер қор қызметкерлерге ағымдағы және алдыңғы кезеңдерде олардың көрсеткен қызметтері үшін есептелген барлық сыйлықақыларды төлеу үшін жеткілікті қаражаты болмаса, компанияның белгіленген жарнаны бөлек қорға төлеуді жүзеге асыруын және қосымша жарналар төлеу бойынша қандай да болмасын заңды және жүктелген міндеттемелері болмаса, белгіленген жарнасы бар зейнетақы жоспарларынан ерекшеленетін зейнетақы жоспарларын қамтамасыз етуді болжайтын зейнетақымен қамсыздандыру жоспары.

     Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары – белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарларынан айырмашылығы бар зейнетақымен қамсыздандыру жоспары.

    Жұмыс берушілер тобының зейнетақы  жоспарлары – бұл:

    1.жалпы бақылауда тұрмайтын әр түрлі компаниялар енгізген активтерді біріктіретін; және

    2.зейнетақы жарнасы және көлемі зейнетақыны алушы қызметкердің қандай компанияда жұмыс істеуіне тәуелсіз анықталу шартымен бірнеше компаниялардың қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру  үшін бұл активтер пайдаланылатын белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары (мемлекеттік зейнетақы жоспарларынан басқа) немесе белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары (мемлекеттік зейнетақы жоспарларынан басқа).

    Қызметкерлерге  берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар - қызметкер тиісті қызмет көрсеткен кезең ішінде төлем  жасау бойынша берешек, кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде толық көлемде өтелу мүмкін болмайтын қызметкерлерге берілетін сыйақы (еңбек қызметі аяқталуы бойынша төленетін сыйақылар, шығу жәрдемақыларды  және үлестік құралдармен өтемақы төлемдерін қоспағанда). 

    Шығу  жәрдемақылары –:

    1. қызметкерді зейнеткерлік жасқа толмағанға дейін компанияның шешімімен жұмыстан шығарса; не

    2. қызметкердің өз еркімен осындай сыйақыға айырбастауға жұмыстан шығу салдары болып табылатын қызметкерлерге берілетін сыйақылар.

    Кепілдік  берілген зейнетақылар – оларды алу құқығы қызметкерлердің әрі қарайғы жұмысына тәуелді емес зейнетақылар.

    Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары  бойынша міндеттемелердің дисконтталған  құны – ағымдағы немесе өткен кезеңдерде көрсетілген қызметкерлердің қызметіне байланысты шығатын міндеттемені орындау үшін қажетті күтіліп отырған болашақ төлемдердің дисконтталған құны (жоспар активтерін есептеп шығарғанға дейін).

    Ағымдағы  қызмет көрсету құны – ағымдағы кезең ішінде қызметкерлерге қызмет көрсету нәтижесінде белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнының ұлғаюы.

    Пайыздарға  жұмсалған шығын – зейнетақыны  төлеу сәтінің бір кезеңге  жақындауына байланысты шығатын  кезең ішінде белгіленген төлемдері  бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнының ұлғаюы.

    Әділ  құн – жақсы хабардар, осындай  мәмілені жасауға келіскен және бір-бірінен  тәуелсіз тараптардың арасындағы мәмілені жасау барысында активке айырбастауға болатын немесе міндеттемені реттеуге болатын сома.

    Жоспар  активіне кіріс – іске асырылған  және іске асырылмаған пайда және залалдармен бірге зейнетақы  жоспарының активтерінен алынатын пайыздар, дивидендтер және өзге де түсім, минус  осы активтерді басқаруға арналған кез келген шығындар және осы жоспарға қатысты төленуге жататын салықтар. 

    Актуарлық пайдалар және залалдар – актуарлық  пайдаға және залалға мыналар  кіреді:

    1) тәжірибе негізіндегі түзету (болашақ жағдайларға қатысты алғашқы актуарлық жорамалдар және негізінде болған жағдайлар арасындағы айырма  нәтижелері); және

    2) актуарлық жорамалдағы өзгеріс нәтижесі.

    Бұрынғы көрсетілген қызметтердің құны –  төлемдер белгіленген зейнетақы  жоспарлары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнын қызметкерлердің  өткен кезеңде көрсеткен қызметіне  байланысты ағымдағы кезеңде пайда болған жаңа төлемдер енгізу немесе еңбек қызметінің аяқталуына байланысты бұрынғы төлемдерді өзгерту нәтижесінде немесе басқа да ұзақ мерзімді төлемдерге байланысты ұлғайту.

      Қысқа мерзімді сыйақыларға мынадай баптар кіреді:

    1) жұмысшыларға және қызметкерлерге төленетін жалақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге салынатын жарналар;

    2) қызметкерлердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде болжанатын демалыс жағдайында қысқа мерзімді төленетін демалыс (жыл сайынғы төленетін демалыс және ауруына байланысты демалыс сияқты);

    3) қызметкерлердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуі тиіс табыс және сыйлықақыларға қатысу;

    4) осы уақытта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін төленетін ақшалай емес нысандағы сыйақы (медициналық қызмет көрсету, үймен, автокөлікпен және ақысыз немесе күні белгіленген тауарлармен немесе қызметтермен қамтамасыз ету сияқты).

    Қызметкерлерге  берілетін қысқа мерзімді сыйақыларды  есепке алу әдетте оңай, себебі міндеттемелерді немесе шығыстарды бағалау үшін актуарлық жорамалдарға жол берілмейді, және компанияда актуарлық пайданың немесе залалдың пайда болуы мүмкін емес.

    Қызметкерлерге  төленетін барлық қысқа мерзімді сыйақылар

    Есеп  беру кезең ішінде қызметкер компанияға қызмет көрсеткен кезде компания осы:

    - кез келген төленіп қойған соманы ұстап қалғаннан кейін міндеттемелер ретінде (есептелген шығыстың). Егер төленіп қойған сома төлеулердің дисконтталмаған шамасынан асып кетсе, компания осындай асып кету аванстық шығыстардың әкеліп соқтыратын шамасына қарай актив ретінде (аванс шығыстарының) тану керек; және

    - активтің өзіндік құнына қосуға талап ететін немесе рұқсат беретін басқа Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты сол сыйақылар сомаларын есептемегенде шығыс ретінде (қараңыз: мысалы, 2-«Босалқылар» IAS және  16-«Негізгі құралдар» IAS) қызметтердің орнына төленуі тиісті қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылардың дисконтталмаған шамасын тануға тиіс. 
 
 

    2.3 Қысқа мерзімді төленетін демалыстар 
 

    Компания  қызметкерлерге төленетін демалыс нысанындағы қысқа мерзімді сыйақыларды төленуі күтілетін шығындарды мынадай:

    1) жинақталатын ақы төленетін демалыс кезінде – болашақ ақы төленетін демалысты пайдалануға қатысты олардың құқықтарын күшейтетін қызметкерлердің қызмет көрсету кезінде;

    2) жинақталмайтын ақы төленетін демалыс кезінде – тікелей демалыс басталған кезде тануы тиіс.

    Қомпания  қызметкерлердің әр түрлі себептермен, соның ішінде жыл сайынғы демалыс  жағдайын, ауруы және қысқа мерзімді жұмыс жасауға жарамсыздығын, бала бағу кезінде, ант берген заседатель ретінде қызметке немесе әскер қызметін өтеу кезінде болмауын төлей алады. Ақы төленетін демалыс екі санатқа бөлінеді:

    1) жинақталатын;

    2) жинақталмайтын.

    Жинақталатын  ақысы төленетін демалыстар, егер ағымдағы кезең ішінде толықтай пайдаланбаған болса, олардың мерзімі кейінгіге жылжытылып және келесі кезеңдерде пайдалануға болады. Жинақталмайтын ақысы төленетін демалыстар не өтем жасалатын (басқаша айтқанда, қызметкерлердің пайдаланбаған демалыстардың орнына ақшалай төлем құқығына ие), не өтем жасалмайтын (қызметкердің пайдаланбаған демалыстардың орнына ақшалай төлеулерді алуға құқығына ие болмаса) болуы мүмкін. Міндеттеме қызметкерлердің қызметті қалай көрсеткені, болашақта олардың пайдалана алатын ақы төленетін демалыстардың ұзақтығы ненің нәтижесінен көбейетініне байланысты шығады. Қызметкерлер өтем жасалмайтын жинақталған демалыс алу құқығын пайдаланғанға дейін жұмыстан шығу мүмкіндігі осы міндеттемені бағалауға ықпал еткен жағдайда да міндеттеме ақы төленетін демалыс өтелетін болып табылатын жағдайдың өзінде де күшін жоймайды және танылады.

    Компания  жинақталатын ақысы төленетін демалыстарды төлеуге күтілетін шығындарды қызметкерге  төлеу болжанатын қосымша сома және есеп беру күнгі жағдайға байланысты жинақталған пайдаланбаған демалыстар ретінде бағалауы тиіс.

    Міндеттеме тек қана ерекшелік ретінде төлемдердің жинақталуына байланысты пайда болатын қосымша төлем шамасы бойынша бағаланады. Көпшілік жағдайда компанияда пайдаланбаған ақысы төленетін демалыстарға қатысты елеулі міндеттемелердің жоқ екендігі туралы қорытындыға келу үшін толық есептеу қажеттілігі жоқ. Мысалы, ауруына байланысты демалысқа қатысты міндеттеме ауруына байланысты пайдаланбаған демалыс ақысы төленетін демалыс ретінде алынуы мүмкін формальды немесе формальды емес болжауға негіз болған жағдайда ғана маңызды болады.

    Жинақталмайтын  ақысы төленетін демалыстар болашақ  кезеңге ауыстырылмайды: ағымдағы жылы пайдаланылмаған немесе толық пайдаланылмаған  жағдайда олар жойылады, және қызметкерлерге пайдаланбаған демалыс үшін ақшалай төлемдерді алуға құқық бермейді. Әдетте бұл ауруына байланысты демалысқа (өткен кезеңдердегі демалысты қаншалықты пайдаланбаса, болашақ кезеңдерде демалыстардың ұлғаймауы сондай дәрежеде болады), бала күтімі бойынша демалыс және ант берген отырыс төрағасы ретінде қызметке немесе әскери қызметін өтеу кезінде берілетін демалысқа қатысты. Компания қызметкер көрсеткен қызметіне сыйақы сомасының көбеюіне әкеліп соқтырмайтындықтан, демалыс кезеңі басталғанға дейін міндеттемелерді немесе шығыстарды танымайды.

    Компания  пайдаға қатысуға және сыйлықақыларды төлеуге жұмсалуы күтілетін шығындарды:

          - компанияның ағымдағы немесе шартқа немесе заңнамаға сай туындайтын немесе өткен оқиғаларға байланысты осындай төлемдерді жүзеге асыруға міндеттемесі бар; және

          - міндеттеме сенімді бағалануы мүмкін болған жағдайда ғана тануы тиіс.

    Ағымдағы  міндеттеме компанияның төлемдерді жасамауға нақты мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана болуы мүмкін.

    Пайдаға қатысу жоспарына сәйкес компания ағымдағы жыл ішінде жұмыс істеген қызметкерлерге жыл ішіндегі оның таза пайдасының белгілі бір бөлігін беруі тиіс.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.4 Еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақы: белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары және белгіленген төлемдері бар зейнеткерлік жоспарлар арасындағы айырмашылық 
     

Информация о работе Осы стандарттың мақсаты мен қолданылу саласы