Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 10:14, курсовая работа
Кәсіпорын шаруашылық қызметі процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, демек жұмыс барысында әр түрлі ауыс-түйістер болып тұоады. Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадр бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, санаттарын (категория), кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс өтілін (стажын), білімін және басқа да белгілерін есепке алады.
КІРІСПЕ
1. ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ……………………..4
1.1 Қызметкерлер құрамының есебі…………………………………….4
1.2 Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу………….......5
2. 19-ХҚЕС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫЛАР….7
2.1 Осы стандарттың мақсаты мен қолданылу саласы…………….......7
2.2 Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар………….....9
2.3 Қысқа мерзімді төленетін демалыстар……………………12
2.4 Еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақы: белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары және белгіленген төлемдері бар зейнеткерлік жоспарлар арасындағы айырмашылық……………………14
2.5 Қызмет кезеңдері бойынша сыйақыны бөлу…………………17
2.6 Қызметкерлерге берілетін ұзақ мерзімді сыйақылар…………………19
2.7 Күшіне ену күні………………………………………………………….22
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………
2.6
Қызметкерлерге берілетін
ұзақ мерзімді сыйақылар
Қызметкерлерге берілетін басқа ұзақ мерзімді сыйақыларға жұмыс стажы үлкен қызметкерлер үшін ақы төленетін демалыс немесе шығармашылық демалыс сияқты ұзақ мерзімді ақылы демалыстар, еңбек сіңірген жылдары үшін мерейтой немесе басқа да сыйақылар, еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімге берілетін жәрдемақылар, қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең ішінде кезең аяқталғаннан кейін 12 ай және одан көп уақыт ішінде төленуге тиісті табысқа және сыйлықақыларға қатысу және жұмыс істелген 12 ай немесе одан көп уақыт өткеннен кейін аяқталған кезеңге төленетін мерзімі кейінге қалдырылған сыйақылар жатады.
Қызметкердің еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақыны бағалау сияқты әдетте сол белгісіздік дәрежесінде расталмаған өзге де ұзақ мерзімді сыйақысын бағалау. Бұдан басқа, қызметкерлердің өзге де ұзақ мерзімді сыйақыларын қолданысқа ендіру немесе өзгерту бұрынғы қызметтердің құны бойынша елеулі шаманың туындауына сирек жағдайларда ұшыратады. Осы себептерге байланысты осы Стандарт өзге де ұзақ мерзімді сыйақыларды есепке алудың оңайлатылған әдісін қолдануды талап етеді.
Қызметкерлерге өзге де ұзақ мерзімді сыйақыларды беру бойынша міндеттемелер ретінде танылатын сома:
- есеп беру күніне белгіленген төлемдері бар жоспар бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнына
- есеп беру күніне міндеттемелерді орындауға тікелей арналған зейнетақы жоспары активтерінің әділ құнын шегеріп тастағанда (егер осындайлар болса).
Қызметкерлерге өзге де ұзақ мерзімді сыйақылардың нысандарының бірі ұзақ мерзімге еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы болып табылады. Егер жәрдемақының мөлшері еңбек стажының ұзақтығына тәуелді болса, міндеттеме қызмет көрсету сәтінде туындайды. Осы міндеттемені бағалау төлемді жүзеге асыру талап етілетіндігі және төлем жасалатын уақыт мерзімі ықтималдығын көрсетеді. Егер кез келген еңбекке жарамсыз тұлғалар үшін, еңбек стажына қарамастан, сыйақы деңгейі бірдей болса, осы сыйақыларды төлеуге жұмсауға күтілетін шығын ұзақ мерзімге еңбекке жарамсыздығын тудырған оқиға болған кезде танылады.
Осы Стандарт қызметкерлерге өзге де ұзақ мерзімді сыйақыларға қатысты ақпаратты ашуға нақты талаптарды белгілемейтініне қарамастан, басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарты, мысалы, осындай түрдегі сыйақыны төлеу нәтижесінде орын алған шығыстар сипаты шығу көздері сондай мөлшердегі болса, оларды ашу компанияның осы кезеңдегі қызметінің нәтижесін түсіндіру үшін маңызды болған жағдайда, ақпарат ашуды талап етуі мүмкін. Халықаралық стандартында 24-«Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашу» IАS талап етілген кезде компания негізгі басқару қызметкеріне берілген шығу жәрдемақысы туралы ақпаратты ашады.
Осы Стандарт шығу жәрдемақыларын қызметкерлерге берілетін басқа сыйақылардан бөлек қарастырады, себебі осы жағдайда міндеттемелердің шығу себебі қызметкер қызметінің жалғасуы емес, аяқталуы болып табылады.
Компания шығу жәрдемақыларын міндеттеме және оның мыналарға:
- қызметкерді немесе қызметкерлер тобын олардың зейнет жасына жету кезіне дейін жұмыстан шығаруына;
- қызметкерге өз еркімен жұмыстан шығу ұсынысы жасалуымен байланысты шығу жәрдемақыларының төлемдеріне қатысты нақты міндеттемелері болған жағдайда шығыс ретінде тануы тиіс.
Компания формальды түрде шығу жәрдемақыларын төлеу бойынша қалыптастырылған жан-жақты жоспары болған кезде ғана шығыс жәрдемақыларын төлеуге міндетті және оны жеке өз қалауы бойынша қайтарып алуға нақты мүмкіндігі жоқ. Жан-жақты жоспарға ең кем дегенде мынадай ақпарат қамтылуы тиіс:
- жұмыстан шығарылуға жататын қызметкерлердің мекен-жайлары, функциялары және жобамен саны;
- әрбір мамандығы және атқаратын лауазымы бойынша шығу жәрдемақысының мөлшері;
- жоспарды іске асыру мерзімі. Жоспарды іске асыру барынша тезірек басталуы тиіс, оны іске асыру мерзімі оны елеулі өзгерту ықтималдығы туындамас үшін неғұрлым қысқа болуға тиіс.
Компания заңнамаға сәйкес компания мен қызметкерлердің немесе өкілдіктері арасында жасалған шарттар бойынша немесе келісімдер бойынша немесе оның жүктелген міндеттемелері бойынша қалыптасқан шаруашылық тәжірибесінен туындайтын, қызметкерлерді жұмыстан шығару кезінде әділ әрекет жасағысы келетін, төлем жасағысы келетін (немесе қандай да болмасын өзге сыйақы төлеу) міндеттемелері болуы мүмкін. Мұндай төлемдер шығу жәрдемақысы деп аталады, олар біржолғы төлемдердің үлгі мысалы бола алады және мыналарды қамтиды:
- еңбек қызметі аяқталғаннан кейін зейнетақы алу немесе басқа да төлемдер, немесе зейнетақы жоспары арқылы орташа не тікелей;
- арнайы белгіленген кезең аяқталғанға дейін жалақы төлеу, егер қызметкер бұдан әрі компанияның экономикалық пайда алуын қамтамасыз ететін қызмет көрсетпесе.
Қызметкерлерге кейбір сыйақы олардың жұмыстан босатылу себебіне қарамастан төленуі тиіс. Сыйақының осындай түрі белгіленген (кепілдік берілген зейнетақы алу талаптарының орындалуына, сондай-ақ қызметтің ең аз ұзақтығына байланысты), бірақ оларды төлеу уақыты белгіленбеген болып қалады. Алайда кейбір елдерді осындай сыйақылар келісім-шартың немесе өтемақының қолданылуы тоқтатылған жағдайда зиянды өтеу кепілдігі деп аталады, олар еңбек қызметі аяқталғаннан кейін сыйақыға жатады, жұмыстан шығу жәрдемақысы деп аталмайды, сондықтан компания олардың сыйақысын еңбек қызметінің аяқталуына орай есептеуге тиіс. Кейбір компаниялар қызметкерді өз қалауы бойынша жұмыстан шығарған кезде сыйақының неғұрлым төмен деңгейін қамтамасыз етеді. (Негізі бұл сыйақы еңбек қызметі аяқталғаннан кейін) компанияның талабы бойынша еріксіз түрде төленуге жатады.
Шығу жәрдемақысы компанияны қандай да болмасын экономикалық болашақтағы пайданы қамтамасыз етпейді және шығыс ретінде дереу танылады.
Қызметкерлер өз еркімен жұмыстан шығуға ұсыныс жасамаған жағдайда, шығу жәрдемақысының шамасын бағалау үшін ұсыныспен келісу күтілетін қызметкерлердің саны белгілі болуы тиіс.
Өз еркімен жұмыстан шығуға келісім беретін қызметкерлер санына қатысты белгісіздік болған кезде шығу жәрдемақысының орнына шартты міндеттеме орын алады. 37-«Бағалау міндеттемесі, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IАS Халықаралық стандарты талап еткен кезде компания ресурстардың міндеттемелерді орындау есебіне шығу ықтималдығы шамалы болған жағдайларды қоспағанда, шартты міндеттемелер туралы ақпаратты ашады.
1
IAS-Халықаралық стандартының
24-«Байланысты
тараптар туралы ақпаратты ашу»
IAS Халықаралық стандартымен
Өтпелі ережелер бөлімде белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарларын есепке алудың ауыспалы тәртібі айқындалған. Компания осы Стандартты алғашқы рет қызметкерлерге берілетін басқа сыйақыларды есептеу үшін қолданылғанда, ол 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістер және қателіктер» IАS-ты қолданады.
Компания осы Стандартты алғаш рет қабылдаған кезде осы күнге белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары бойынша өзінің ауысатын міндеттемелерін мынадай жолмен анықтауы тиіс:
- қабылдау күніндегі міндеттемелердің дисконтталған құны (64-параграфты қараңыз);
- есеп беру күніне міндеттемелерді орындауға тікелей арналған зейнетақы жоспары активтерінің әділ құнын шегеріп тастағанда (егер осындайлар болса) (102-104-параграфтарға дейін қараңыз);
Егер ауыспалы міндеттемелердің мөлшері компанияның бұрынғы есептік саясатына сәйкес танылған міндеттемелердің мөлшерінен көп болса, ол белгіленген төлемдермен оның зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелері бөлігі ретінде осы көбеюді түпкілікті тануды жүзеге асыруы тиіс.
Егер
ауыспалы міндеттемелердің мөлшері
компанияның бұрынғы саясатына
сәйкес осы күні танылған міндеттемелердің
мөлшерінен аз болса, ол осы азаюды
8 IАS Халықаралық стандартына сәйкес дереу
тануы тиіс.
2.7
Күшіне ену күні
Осы
Халықаралық қаржы
Осы Стандарт 1993 ж. бекітілген 19-«Зейнетақымен қамсыздандыру шығындары» IAS алмастырады.
2001 жылғы 1 қаңтардан басталатын немесе осы күннен кейінгі кезеңдерді қамтитын кезеңде жылдық қаржы есептілігіне қатысты мыналар күшіне енеді(2):
7-параграфта берілген жоспар активінің қаралған анықтамасы және қызметкерлерге берілетін ұзақ мерзімді қор активтері және белгілі бір талаптарды қанағаттандыратын сақтандыру полисінің тиісті анықтамалары; және
104А, 128, және 129-параграфтарда сөз болып отырған сыйақыларға қатысты тануға және бағалауға және 120А(f)(іv), 120A (g)(іv), 120A(m) және 120A(n)(ііі-)параграфтармен алдын ала қаралған ақпараттың тиісті ашылуына талаптар.
Стандартты мерзімінен бұрын қолдануға қолдау көрсетіледі. Егер осы Стандарттың мерзімінен бұрын қолданылуы қаржы есептілігіне әсерін тигізсе, компания осы фактіні ашуы тиіс.
159.А 58А-параграфындағы өзгерту қаржы есептілігіне(3) қатысты 2002 ж. 31 мамырда немесе осы күннен кейін аяқталатын кезеңдерде күшіне енеді. Стандартты мерзімінен бұрын қолдануға қолдау көрсетіледі. Егер осы Стандарттың мерзімінен бұрын қолданылуы қаржы есептілігіне әсерін тигізсе, компания осы фактіні ашуы тиіс.
159.В Ұйым 2006 ж. 1 қаңтардан және осы күннен кейінгі басталатын жылдық кезеңдерге қатысты 32А, 34-34В, 61 және 120-121-параграфтарға түзетулерді қолдануы тиіс. Стандартты мерзімінен бұрын қолдануға қолдау көрсетіледі. Егер ұйым 2006 ж. 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдерге қатысты осы түзетулерді қабылдаса, ол осы фактіні ашуы тиіс.
159.С 93А-D-параграфтарда қаралған тану нұсқасы 2004 ж. 16 желтоқсаннан немесе осы күннен кейін аяқталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолданылуы мүмкін. 2006 ж. 1 қаңтарға дейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты тану нұсқасын қолданылатын ұйым 104А, 34-34В, 61 және 120-121-параграфтарда қаралған түзетулерді бір уақытта қолданылуы тиіс.
160. 8 IАS Халықаралық стандарты ұйым 159-159С-параграфтарында көрсетілген өзгерістерді бейнелеу мақсатында өзінің есеп саясатына өзгерістер енгізген кезден бастап қолданады. Осы өзгерістерді 8 IАS талаптарына сәйкес ретроспективтік қолдану кезінде ұйым оларды осы Стандарттың қалған бөлігімен бір мезгілде қолданатындықтан ескереді, алайда ұйым 120А-параграфта көзделген түзетулерді ұйым алғаш рет қолданатын қаржылық есептілікті ұсынған бірінші жылдық кезеңнен бастап әрбір жылдық кезеңге қатысты осындай сомаларды айқындау бойынша 120А (р)-параграфтың талаптарына сәйкес соманы аша ала
Қазақстанда мемлекеттік
тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС
жөніндегі Комитет Қорымен
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
Информация о работе Осы стандарттың мақсаты мен қолданылу саласы