Осы стандарттың мақсаты мен қолданылу саласы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 10:14, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорын шаруашылық қызметі процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, демек жұмыс барысында әр түрлі ауыс-түйістер болып тұоады. Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадр бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, санаттарын (категория), кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс өтілін (стажын), білімін және басқа да белгілерін есепке алады.

Оглавление

КІРІСПЕ
1. ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ……………………..4
1.1 Қызметкерлер құрамының есебі…………………………………….4
1.2 Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу………….......5
2. 19-ХҚЕС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫЛАР….7
2.1 Осы стандарттың мақсаты мен қолданылу саласы…………….......7
2.2 Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар………….....9
2.3 Қысқа мерзімді төленетін демалыстар……………………12
2.4 Еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақы: белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары және белгіленген төлемдері бар зейнеткерлік жоспарлар арасындағы айырмашылық……………………14
2.5 Қызмет кезеңдері бойынша сыйақыны бөлу…………………17
2.6 Қызметкерлерге берілетін ұзақ мерзімді сыйақылар…………………19
2.7 Күшіне ену күні………………………………………………………….22
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………..24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………

Файлы: 1 файл

19-ХБЕС Қызметкерлерге берілетін сыйақылар.doc

— 240.00 Кб (Скачать)

    Еңбек қызметінің аяқталуы бойынша сыйақыларға:

    Зейнет демалысына шыққан кездегі зейнетақылар сияқты сыйақылар; және еңбек қызметінің аяқталуы бойынша жұмыс істеу кезеңінің аяқталуы бойынша өмірді сақтандыру және медициналық қамтамасыз ету сияқты басқа да сыйақылар жатады.

    Компания  осыған сәйкес еңбек қызметінің аяқталуы бойынша сыйақыны қамтамасыз ететін келісім еңбек қызметінің аяқталуы бойынша сыйақы жоспары деп аталады. Компания осы Стандартты, олардың  жарналар алуы немесе зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруы үшін жеке заңды тұлға құруды көздейтін-көздемейтіндігіне қарамастан, осы сияқты барлық келісімдерге қолданылады.

    Зейнетақы жоспарлары оның негізгі талаптарынан келіп шығатын жоспардың экономикалық мазмұнына байланысты белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарларына және белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарларына бөлінеді. Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары бойынша:

    - компанияның заңды немесе жүктелген міндеттемесі қорға салуға оның келіскен сомасымен шектеледі. Осылайша, еңбек қызметінің аяқталуы бойынша қызметкердің алған сомасы компанияның (және қызметкер болуы мүмкін) жарна ретінде алынған қаржы инвестицияларына табыс жиынтығында зейнетақы жоспары немесе сақтандыру компаниясына төленген жарна сомасымен анықталады; және

    - осының салдарынан актуарлық тәуекел (сыйақылар күтілгеннен аз болуын) және инвестициялық тәуекел (инвестициялық активтердің болжанып отырған сыйақылардың қамсыздандыру үшін жеткіліксіз болуын) қызметкерге жүктеледі.

    Компанияның заңды түрдегі немесе жүктелген міндеттемесі болған жағдайда қорға салуға келісімін берген компания міндеттемесі сомасымен шектелмейтін жағдайға мысал:

    - тек жарналармен ғана байланысты емес зейнетақы жоспары бойынша төлеу формуласымен;

    - зейнетақы жоспарлары арқылы не жанама, төлеуге арналған табыстың нақты мөлшері арқылы не тура кепілдігімен; не

    - жүктелген міндеттеменің пайда болуына әкеліп соқтыратын сол қалыптасқан тәжірибе. Мысалы, тиісті заңды түрдегі міндеттеме болмаса да, инфляцияның ықпалын жою мақсатымен компанияда бұрынғы қызметкерлердің зейнетақысын көтеру дәстүрі қалыптасқан жағдайда жүктелген міндеттеменің пайда болуы мүмкін. 

    Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарларының  талаптары бойынша:

    - компания міндеттемесі жұмыс істеп жүрген немесе бұрынғы қызметкерлерге келісілген сыйақы мөлшерін қамтамасыз етуден тұрады; және

    - актуарлық тәуекел (сыйақы шығындары күтілгеннен көп болғандықтан) және инвестициялық тәуекел мәні бойынша компанияға жүктеледі. Егер актуарлық немесе нивестициялық тәжірибе мәліметтері күтілгеннен нашар болса, компания міндеттемесі ұлғаюы мүмкін.

    Компания  жұмыс берушілер тобының зейнетақы  жоспарларын жоспарға сәйкес (формальды  жағдайлардың шегіне кіретін кез  келген жүктеме міндеттемені қосқанда) белгіленген жарналары бар зейнетақы  жоспары немесе белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары ретінде жіктеу тиіс. Жұмыс берушілер тобының зейнетақы жоспары белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары болып табылған жағдайда компания:

    - өзінің белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттеменің пропорционалды үлесін, жоспар активтерін және осы сияқты кез келген басқа белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша жоспарға кіретін шығындарды есептеуі және мыналарды ашуы тиіс:

    - жоспар белгіленген төлемдері бар жоспар болып табылатын ақпаратты; және

    - белгіленген төлемдері бар жоспар әдісі бойынша есеп әдісін жүргізуге ақпараттың жетіспеу себептерін; және

    - зейнетақы жоспарындағы өсуі немесе тапшылық болашақ төлеу сомасына қаншалықты әсер ету мүмкін болса, соншалықты деңгейде қосымша мыналарды:

    - көрсетілген өсу немесе тапшылық жөніндегі кез келген қолда бар ақпаратты;

    - өсуді немесе тапшылықты анықтау кезінде пайдаланылған базаны; және

    - мұндайлар болған жағдайда компанияға келтірілген зардабын ашу.

    Жұмыс берушілер тобының жоспарлары бірлесіп басқарылатын зейнетақы жоспарларынан өзгеше болады. Бірлесіп басқарылатын зейнетақы жоспарлары – бұл инвестициялау әкімшілік шығыстар мен инвестицияларды басқаруға арналған шығыстарды азайту мақсаттары үшін  активтер пулын құру үшін  біріктірілген, бірақ сонымен бірге  әр түрлі жұмыс берушілердің талап ету құқықтары өз қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру мақсатында бөлінген әр түрлі жұмыс берушілердің зейнетақы жоспарларының жиынтығы. Бірлесіп басқарылатын зейнетақы жоспарлары есепке алу үшін қиындық келтірмейді, өйткені кез келген жеке жұмыс берушіге қолданылатын есепке алу тәртібі сияқты, оларға да осындай есепке алу тәртібін қолдану үшін әдетте олар туралы ақпарат жеткілікті, сондай-ақ көрсетілген бірлесіп басқарылатын жоспарлар қатысушы компанияларды жұмыс істеп жүрген және басқа компаниялардың бұрынғы қызметкерлеріне байланысты актуарлық тәуекелге ұшыратпайды. Осы Стандарттағы анықтамалар компанияның бірлесіп басқарылатын зейнетақы жоспарларын жоспардың талаптарына сәйкес (формальды талаптардың шегінен асатын кез келген жүктелген міндеттемелерді қоса алғанда) жарналары белгіленген жоспарлар және төлемдер белгіленген жоспарлар ретінде жіктеуін талап етеді.

    Компания  еңбек қызметінің аяқталуы бойынша  төлемдер жоспарын қаржыландыру үшін сақтандыру жарналарын төлеуі мүмкін. Компания өзінде мынадай заң жүзіндегі және жүктелген міндеттемелер (тікелей немесе жоспар арқылы жанама) туындаған жағдайдан басқа кездері жарналары белгіленген жоспар сияқты жоспарды қарауға тиіс:

    - зейнетақыны төлеу мерзімдері басталған кезде қызметкерлерге тікелей зейнетақы төлеу; не

    - қызметкердің ағымдағы және алдыңғы кезеңдердегі қызметіне қатысты қызметкерге есептелген болашақтағы зейнетақыны сақтандырушы төлемеген жағдайда қосымша жарналар төлеуге.

    Егер  компания осы сияқты заң жүзіндегі және жүктелген міндеттемелерді сақтайтын болса, төлемдер белгіленген жоспарға ұқсас жоспардың есебін жүргізуге тиіс.

    Белгіленген жарналары бар жоспарды есепке алу  өте қарапайым, өйткені есеп беретін  компанияның міндеттемесі әрбір  кезең үшін осы кезеңдегі жарналардың мөлшерінде айқындалады. Осыған орай міндеттемелерді немесе шығыстарды бағалау үшін  актуарлық жол берулер талап етілмейді және компанияның ешқандай актуарлық пайда немесе залалды алу мүмкіндігі болмайды. Оған қоса міндеттемелер, қызметкерлер тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 айдың ішінде толық көлемде орындауға жатпайтын жағдайларды қоспағанда, дисконтталмаған негізде бағаланады.

    Төлемдер  белгіленген жоспарларды есепке алу барынша күрделі, міндеттемелер  мен шығыстарды бағалау үшін  актуарлық жол берулер талап етіледі, және актуарлық пайдалар немесе залалдар алу мүмкіндігі болады. Бұған қоса,  қызметкер тиісті қызметті көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін көп жылдар өткен соң орындалуы мүмкін болғандықтан, міндеттемелер дисконтталған негізде бағаланады.

    Төлемдер  белгіленген зейнетақы жоспары  фундирленбеген немесе жартылай не толық  фундирленген болуы мүмкін, бұл ретте  жарналарды компания да, сонымен қатар  қызметкерлер де компаниядан заңды  түрде тәуелсіз, қызметкерлерге зейнетақы төленетін ұйымға немесе қорға толық көлемде немесе сол сияқты ішінара төлеуі мүмкін. Олардың мерзімі басталған кезде фундирленген зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру  қордың инвестициялық қызметінің жағдай және нәтижелеріне ғана емес, компанияның қор активтеріндегі кез келген тапшылықтың оның толтыру қабілетіне (қалауына) да байланысты болады. Осылайша, компания іс жүзінде жоспарға байланысты актуарлық немесе инвестициялық тәуекелдерді өзіне қабылдайды. Соның салдарынан  төлемдері белгіленген зейнетақы жоспарына қатысты танылған шығыстардың көлемі осы кезеңдегі жарналардың сомасына бара-бар болмауы мүмкін.

    Компанияда  төлемдері белгіленген бірнеше  зейнетақы жоспары болған кезде  ол әрбір қолданылатын жоспар үшін осы рәсімді бөлек пайдаланады.  
 

    2.5 Қызмет кезеңдері бойынша сыйақыны бөлу 
 

    Міндеттемелердің  дисконтталған құнын және ағымдағы қызметтердің құнын, бұл қолданылатын жерде бұрын көрсетілген қызмет құнын айқындаған кезде компания қызмет кезеңдері бойынша сыйақыны жоспарда белгіленген формула бойынша бөлуге тиіс. Алайда, егер қызметкердің қызметі неғұрлым ерте жылдарға қарағанда соңғы жылдары айтарлықтай жоғары сыйақыға әкелетін болса, компания мына кездерден бастап теңбе-тең негізде сыйақыны бөлуге тиіс:

    - қызметкер сыйақыны алу құқығына ие болған кезден бастап (болашақ қызметі олардың мөлшеріне әсер ету немесе етпеуіне қарамастан);

    - қызметкер жоспарға сәйкес есептелген барлық елеулі сыйақыларды алуға құқылы болған сәтке дейін, жалақы қосымша өскен жағдайларды қоспағанда, бұдан әрі болашақ қызметке тәуелді болмайды.

    Болжанатын  шартты бірлік әдісі компанияның  сыйақыны ағымдағы кезеңге жатқызуын (ағымдағы кезеңдегі қызмет құнын  айқындау үшін), сондай-ақ оны ағымдағы және келесі кезеңдерге бөлуін (төлемдері  белгіленген зейнетақы жоспары  бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнын айқындау үшін) талап етеді.

    Компания  еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі  сыйақы төлеу бойынша осы міндеттеме туындаған кезеңдер бойынша сыйақыны бөледі. Бұл міндеттеме компания болашақ  есепті кезеңдерде төлеуді болжайтын  еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақының орнына қызметкердің қызмет көрсетуіне орай туындайды. Актуарлық қабылдаулар компанияның осы міндеттемені борыштық міндеттемені тануды негіздеу үшін жеткілікті дәрежедегі сенімділікпен бағалауына мүмкіндік береді.

    Сыйақы сомасы зейнетақыға шыққан кездегі әрбір қызмет жылы үшін жалақы мөлшерінің тұрақты үлесі нысанында белгіленген жағдайда, зейнетақыға шыққан кезде жалақының болашақ өсуі  есептік күнге дейінгі қызмет кезеңінде күшінде болған міндеттемелердің орындалуы үшін қажетті қаражат мөлшеріне ықпалын тигізеді, бірақ қосымша міндеттемелер жасамайды.

    Қызметкерлер  зейнет демалысына шығу сәтінде 55 жасқа  жеткенге дейінгі әрбір қызмет жылы үшін жалақы шамасының 3% мөлшерінде сыйақы алуға құқылы.

    Зейнет  демалысына шығу сәтінде жалақы шамасының 3% мөлшеріндегі сыйақы 55 жасқа жеткенге дейінгі әрбір жылға жатқызылады. Қызметкердің осы күннен кейінгі қызметі жоспар бойынша сыйақының айтарлықтай өсуіне әкелмейді. Қызметкер көрсетілген жасқа жеткенде кейінгі қызмет жылдарына сыйақы бөлінбейді.

    Актуарлық жорамал

    Актуарлық жорамал әсіреленбеуі және өзара  сәйкес келуі тиіс.

    Актуарлық жорамал – компания жүргізген, еңбек  қызметінің аяқталуына байланысты сыйақымен  қамтамасыз етуге арналған түпкілікті шығындарды айқындайтын ауыспалыларды ең дұрыс бағалау. Актуарлық жорамалдарға мыналар кіреді:

    - сыйақы алуға құқығы бар, қазіргі уақытта жұмыспен қамтылған және бұрынғы қызметкерлердің (және олардың асырауындағылардың) болашақ мінездемесіне қатысты демографиялық жорамалдар. Демографиялық жол берулер мынадай аспектілерді қарастырады:

    - қызметкерлердің жұмыспен қамтылған кезеңінде және еңбек қызметін аяқтағаннан кейінгі уақытта қайтыс болу көрсеткіші;

    - кадр тұрақсыздығы, мүгедектік және мерзімінен бұрын жұмыстан шығу деңгейі;

    - сыйақы алуға құқығы бар асыраушылармен бірге жоспарға қатысушылардың үлесі және медициналық қамтамасыз ету жоспарын пайдалану нормасы;

    - медициналық қамтамасыз етуге арналған жәрдемақыға қатысты – олардың мәні айтарлықтай болу шартымен, өтінімді ресімдеу және жәрдемақылар төлеуге арналған шығынды қоса алғанда, медициналық қамтамасыз етуге арналған болашақтағы шығындар

    Актуарлық жорамалдар жеткілікті түрде зерделеніп жасалса, әсірелеусіз болады, бірақ  сонымен бірге шамадан тыс  консервативті де болып табылмайды.

    Актуарлық жорамалдар инфляция, жалақының өсу қарқыны, жоспар активіне кіріс және дисконт ставкасы сияқты факторлардың арасындағы экономикалық қатынасты көрсетсе, өзара сәйкес болып табылады. Мысалы, инфляцияның деңгейіне тәуелді барлық жорамалдар (мысалы,  пайыз ставкаларына және жалақының өсуіне және сыйақыларға қатысты жол берулер) болашақтағы кез келген уақыт кезеңіне бірдей инфляция деңгейін болжайды.

    Еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақы беру бойынша міндеттемелерді дисконттау үшін пайдаланылатын ставка (фундирленген, сол сияқты фундирленбеген) жоғары сапалы корпорациялық облигациялардың есепті күнгі жай-күйі бойынша нарықтық кірістілігі негізінде айқындалуы тиіс. Осы түрдегі облигациялар нарығының жеткілікті тереңдігі жоқ елдерде  мемлекеттік облигациялардың нарықтық кірістілігі (есепті күнгі) пайдаланылуы тиіс. Валюта және корпорациялық немесе мемлекеттік облигациялардың талаптары валютаның еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақымен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелердің есептік талаптарына сәйкес келуге тиіс. 
 

Информация о работе Осы стандарттың мақсаты мен қолданылу саласы