Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Сентября 2013 в 10:08, доклад
Қазіргі таңда Қазақстанның экономикасында туризмнің рөлі біртіндеп арта түсуде және туристік қызметтер қалыптасу үстінде.
Жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Қазақстан облысында өте маңызды тарихи есерткіштердің, тарихи қалалардың ерекшелігін анықтап, географиялық орналасуын картада көрсету;
Жұмыстың міндеті: қойылған мақсатқа орай мәліметтер жинау;
Жұмыс өзектілігі: Оңтүстік Қазақстан облысында өте маңызды тарихи есерткіштерімізді, тарихи қалаларымызды ескере отырып, тарихи-мәдени туризмді дамыту.
Жұмыс жаналығы: Оңтүстік Қазақстанда орналасқан тарихи орындардың картаға бейнеленуі
Оңтүстік Қазақстан облысының туристік рекреациялық әлеуеті
Кіріспе
Жалпы туризм дегеніміз - ол адамдардың өздерінің тұрақты жерінен, демалу, емделу, сауығу, танымдық, тарихи-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында басқа жерлерге уақытша кетуі.
Туризм қазіргі таңда әлемдік
экономикада маңызды салалардың
бірі болып отыр. Дүниежүзілік Туристік
Ұйымның мағлұматы бойынша
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттiң
экономикасына үш оң нәтиже бередi:
1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз
етедi және төлем теңгерiмi мен жиынтық
экспорт сияқты экономикалық көрсеткiштерге
оң ықпал жасайды.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге
көмектеседi. ДТҰ мен Дүниежүзiлiк туризм
және саяхат кеңесiнiң бағалауы бойынша
туризм өндiрiсiнде құрылатын әрбiр жұмыс
орнына басқа салаларда пайда болатын
5-тен 9-ға дейiн жұмыс орны келедi екен.
Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың
32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3. Елдiң инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседi.
Қазақстан – ежелгі цивилизацияның жері. Ежелгі дәуірден бастап қазақ жерінің тұрғындары тұрмыстық мәдениетті құраған болатын.
Tәуелсіз алғанға дейін
Қазіргі таңда Қазақстанның экономикасында туризмнің рөлі біртіндеп арта түсуде және туристік қызметтер қалыптасу үстінде.
Жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Қазақстан облысында өте маңызды тарихи есерткіштердің, тарихи қалалардың ерекшелігін анықтап, географиялық орналасуын картада көрсету;
Жұмыстың міндеті: қойылған мақсатқа орай мәліметтер жинау;
Жұмыс өзектілігі: Оңтүстік Қазақстан облысында өте маңызды тарихи есерткіштерімізді, тарихи қалаларымызды ескере отырып, тарихи-мәдени туризмді дамыту.
Жұмыс жаналығы: Оңтүстік Қазақстанда орналасқан тарихи орындардың картаға бейнеленуі
Негізгі бөлім
Оңтүстік Қазақстандағы туризмді дамытуға қолайлы аймақтар
Оңтүстік Қазақстан – ежелгі цивилизацияның жері. Ежелгі дәуірден бастап қазақ жерінің тұрғындары тұрмыстық мәдениетті құраған болатын.
Ұлы жібек жолы жерінің қиылысында Оңтүстік Қазақстан облысының жері қазақ мемлекетінің бесігі болып есептеледі. Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи ескерткіштерімен әйгілі – қорғандар, бекіністер, ежелгі қалалық кесенелер, тұрғындардың қоныс қалдықтары жетерлік.
Оңтүстік Қазақстан облысының 802 тарихи және мәдени ескерткіштердің ішінен 528 археология ескерткіштері, 42 тарихи ескерткіштері, 226 архитектулық ескерткіштер.
Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларының ішінде Түркістан қаласы ерекше орын ерекше орын алады. XVI-XIX ғасырдағы Ұлы Жібек жолында орналасқан Түркістан қаласы Қазақ хандығының астанасы және түрік тілді халықты адамдардың орталығы.
Бұл жерде Қазақстанның архитектураның монументалды ескерткіштердің, қасиетті орны болып есептеледі.
Түркістан қаласы діни орталықтардың бірі, екінші Мекке ретінде маңызды болып есептеледі.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
XIV-XV ғ.ғ. Тамерланның бұрығымен
құрылған ЮНЕСКО әлем
Барлық қалалық орталық Қазірет сұлтанының тарихи-мәдени ордасы. Қожа Ахмет кесенесінен басқа шығыс моншаны, кесене Тимур Рабидің немересі -Сұлтан Бегім тұрған және басқа ескерткіштер Құмшық ата үшін жер асты үй болған жерді де қамтиды.
Арыстан баб кесенесі
Арыстан баб кесенесі – көне Отырар шаһарының жанында орналасқан.
Арыстан баб кесенесі ХХ ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен (ауданы – 35 х 12 м, биіктігі – 12 м,) бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, солтүстік жағы кесене, оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жөнделеді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген. Кесене мемлекеттің қорғауына алынған. Арыстан баб кесенесі дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кешеннің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі ХІІ ғасыр шамасында салынған.
Отырар
Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі.
Қазіргі уақытта Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе. Өлшемдері: оңтүстік жағы – 380 м, оңтүстік-батысы – 145 м, батысы – 400 м, солтүстік-шығысы – 380 м және шығысы – 350 м. Төбенің ең биік жері іргесінен 18 м. Жалпы аумағы 200 га. Қала дуалмен қоршалған. Оның солтүстік-шығыс және шығыс жақтағы құрылыстары жақсы сақталған. Негізгі төбені айналдыра қазған орлардың орны бар. Қаланың үш қақпасы болған. Орталық қақпа оңтүстік жағына орналасқан. Археологиялық қазба жұмыстары қала орнындағы мәдени қабаттарды анықтап, олардың қай уақытта болғанын, құрылыс орындарын кезеңге бөліп, талдау жасауға мүмкіндік берді. Қаланың мәдени қабаты 16 м. Ол 7 мәдени қабаттан тұрады.
Айша-бибі кесенесі
Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы, Тараз қаласынан батысқа қарай 18 шақырым жерде Айша бибі ауылында орналасқан.
Сырты керамикалық плиталармен
қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты
мен сан түрлілігі жағынан Қаза
Айша бибі тарихи тұлға – Қараханның (Әулие атаның) зайыбы. Күмбезді де Қарахан өзі салдырған. Кесене аумағы 7,6х7,6м. Бұрыштары ою-өрнекті бағана тіреулермен көтерілген, шаршы пішіндегі ғимарат.
Кесене қабырғаларының қалыңдығы - 80 см. Ішкі жағы кірпіштен қаланған да, сырты ойылып әшекейленген плиталармен қапталған. Бұл ұсақ плиталардың өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған.
Айша-бибі кесенесі – бұл жер бала көтере алмайтын және мықты жанұя сұрайтын әйел адамдар аса киелі тұтатын жер болып саналады.
Шығыс моншасы
Шығыс моншасы – Түркістан қаласындағ
Жуантөбе
Ерте орта ғасырлық Жуантөбе
қалашығы жұрты Шымкент-Арыс тас
жолының Көлтоған (Мамаевка) ауылы
маңындағы бұрылысынан жақсы
көрініп тұр. Қаланың орны Арыс өзенінің
сол жағалауынан оңтүстікке қарай
1 км жерде орналасқан. Ал одан бірнеше
жүз метр жерде Арыстың сол
террасасын бойлай Бөріжар қорымы (Жуантөбе
зираты да) созылып жатыр. Қала цитаделі
іргесінің шетін алған
Бұл деңгейдегі цитадельдің биіктігі 16 м, табаны бойынша өлшемі 165х130 м, бетіндегі солтүстіктен оңтүстікке (дәлірек айтсақ оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа) созылып жатқан тікбұрыш алаңның аумағы 85х75 м.
Хызыр мұнарасы
Хызыр мұнарасы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам қаласында орналасқан. Сайрам қалашығы Оңтүстік Қазақстанда орналасқан ежелгі елдімекеннің бірі болып табылады. Сайрамсу өзенінің бойында, Шымкент қаласынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Ерте орта ғасыр заманында (ІХ – ХІІ ғасырлар) Сайрам қаласының орнында – Испиджаб қаласы болған. Испиджабтың алғаш аталуы, 629 жылы қытай авторы Сюань-Цзяннің географиялық еңбегінде кездеседі.
Мірәлі баб кесенесі
Мірәлі баб кесенесі Оңтүстік Қазақстан
облысы Сайрам елдімекенінде орналасқан.
ХІ-ХІІ ғасырларда ислам дінін
күшейту мақсатында Исфиджап (Сайрам)
қаласында, феодалдардың танымал адамдарына
арналып салынған ескерткіш. Мірәлі
баб кесенесі ХІ ғасырдың соңы мен
ХІІ-ғасырдың басында өмір сүрген қасиетті
адамның құрметіне арналып
Мірәлі баб кесенесі ежелгі Сайрамның көне құрылыстарының бірегейі. Жергілікті тұрғындардың бұл ескерткішті күтіп ұстауы арқасында бастапқы кейпі болмаса да, біздің уақытымызға дейін сақталған. Әрине, бірнеше жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қабырғалары күйдірілген кірпіштен қаланған.
Абділ Әзіз баб кесенесі
Абділ Әзіз баб кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауылында орналасқан. Бұл көп күмбезді ескерткіш ХII ғасырда Исфиджаб (қазіргі Сайрам ) қаласында тұрғызылған.
Бұл ғимарат үш жартылай сферикалық күмбезбен жабылған: біреуі ортада және енді шетінде. Портал шеті аркамен жабылған. Портал бұрыштарында доғал келген бағаналар бар. Порталдың жоғарғы жағы карнизбен аяқталған. Қабырғалары күйдірілген кірпіштен салынған. Порталдың бүйір тұсынан солтүстік фасадында 0,820 белгідегі баспалдаққа шығар жол бар.Орталық кіреберіс қақпаға қарама қарсы михраб орналасқан.
Қажы Талиға кесенесі
Қажы Талиға кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам елді мекенінде орналасқан. Кесене сол заманның белгілі адамы Қажы Талиғаның құрметіне салынған XVII ғасырдың дәстүрлі монументті сәулет ескерткіші. Осы кезге дейін кесененің бастапқы қалпын сақталмаған.
Алғашқы оюлары жоғалған. Кесене көлемі 6400 х 6300 және биіктігі 7,2 м квадрат үлгісінде салынған. Қабырғалары гипсті қоспамен жасалған квадрат кірпіштермен қаланған. Кесененің барлық бұрыштарында доғал бағаналар бар. Оңтүстік фасадтың сылағында сары, көгілдір, қара түсті бояулы суреттер үлгісі сақталған. Кесене күмбезбен көмкеріліп салынған. Күмбез біртүрлі кірпішпен қаланып, сырты 1,1м кішкене күмбездермен аяқталады. Барлық периметрлері бойынша кесенеде екі ағаштан жасалған сейсмопояс бекітілген.
Қорытынды
Елімізде тарихи-мәдени туризм түрін дамыту үлкен маңызы бар.
Оңтүстік Қазақстан біздің мемлекеттің қалалық мәдениетінің бесігі болып есептеледі. Нақ осы жерде қазақ тарихындағы ең маңызды қалалар орналасқан. Олардың аттары түрік, парсы және араб тарих жазу беттерінде кездеседі, ал ең атақтылары әлемдік тарихта кездеседі.
Оңтүстік Қазақстан облысында бағдарламамыз туризмді дамыту мақсатын жүзеге асыру үшін, қажетті бірегей туристік рекрациондық ресурстар бар.
Ұсыныс:
- мәдени-тарихи және табиғи
рекреациялық ресурстарды
- халық арасында туризмнің
- Оңтүстік Қазақстандағы
1-қосымша
Оңтүстік Қазақстанның тарихи орындары