Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2014 в 13:23, реферат
Оқыту әдістері әр қашанда бір бірімен үйлесе отырып, оқытушы мен оқушының қарым қатынасын сипаттайды. Яғни, бір оқыту әдісін ерекше атап қолдану, ол оның сол кездегі дидактикалық міндетті шешудегі орны ерекше деп білеміз. Сонымен қатар, әр оқыту әдісі басқада әдістермен бірігіп қолданылады. Мысалы: репродуктивті, проблемалы ішінара іздену әдістері – сӛз, кӛрнекілік, практикалық әдістер арқылы жүзеге асырылады. Оқыту әдісі ол - оқыту процесін жүргізудегі негізгі тәсілі және құралы болып табаылса, онда оқыту әдістері, бір жағынан – оқытушының іс-әрекеті
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Кәсіпке оқытудың әдістері мен құралдары.
2. Әдістерді классификациялау. Репродуктивті және проблемалық - ізденіс әдістері. Оларды сабақта тиімді пайдалану.
1. Оқу әдістері. Оқыту әдістері.
2. Оқытудың белсенді және интерактивті әдістері.
3. Проблемалық оқыту.
Қорытынды
Пайдаланылған дебиеттер тізімі
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған дебиеттер тізімі
Кіріспе
Оқыту әдістері әр қашанда бір бірімен үйлесе отырып, оқытушы мен оқушының қарым қатынасын сипаттайды. Яғни, бір оқыту әдісін ерекше атап қолдану, ол оның сол кездегі дидактикалық міндетті шешудегі орны ерекше деп білеміз. Сонымен қатар, әр оқыту әдісі басқада әдістермен бірігіп қолданылады. Мысалы: репродуктивті, проблемалы ішінара іздену әдістері – сӛз, кӛрнекілік, практикалық әдістер арқылы жүзеге асырылады. Оқыту әдісі ол - оқыту процесін жүргізудегі негізгі тәсілі және құралы болып табаылса, онда оқыту әдістері, бір жағынан – оқытушының іс-әрекеті
Оқыту әдісі - дидактиканың
ең басты құрамды бөлігінің
бірі. Оқыту әдістері, білім берудің
мазмұны сияқты, оқытудың жалпы
мақсаттары және міндеттерімен
анықталады. Әр пәнді оқытуды
ғылыми тұрғыда жетілдіру, соның
нәтижесінде білім сапасының
жаңаша көзқарасын
Оқулықтарда оқыту әдісінің топтары, олардың жіктелуі туралы әртүрлі пікірлерді кездестіруге болады.
Оқыту әдістері туралы әр түрлі анықтамаларға тоқталып өтейік:
Оқыту әдістері дегеніміз – оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады. (Педагогикалық энциклопедия. И., 1965).
Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті. (Г.И.Шукина. 1979).
Оқыту әдістері дегеніміз – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары. (И.Д.Зверев. М., 1980).
Оқыту әдістері дегеніміз – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру. (Ю.к.Бабанский: И., 1985).
Дегенмен осындай анықтамалардың көптілігіне қарамастан олардың арасында принциптік қарама - қайшылық жоқ.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттердің оқыту әдістерінің басқа да анықтамалары кездеседі. Бұл әдебиеттерде оқыту әдістері оқытушының оқушыларға оқу материалынан білім беру тәсілдерінің жиынтығы немесе оқытудың құралдары ретінде, сонымен қатар, оқыту әдісі мұғалімнің оқу материалдарын оқушыға жеткізу тұрғысында ғана қарастырылған. Мұндай анықтамалар оқыту әдістерінің сипаттамасын толық бере алмайды. Сондықтан оқу процесі барысында мұғалім мен оқушылардың өзара қарым -қатынасын білген дұрыс. Дидактика теориясында оқыту процесінің мәні мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынас екі жақтылық негізде қарастырылады. Дәлірек айтқанда, қарым - қатынас субьекті - обьекті түрінде болады.
Ал, соңғы оқыту әдісіне берілген анықтамада мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынас көрсетілмейді. Сондықтан оқыту әдісінің субьективті - субьективтілік ішкі заңдылық негізі ашылмаған. Бұл жағдайда оқыту процесі барысында оқушы пассивті позицияда қалады. Ал, оқушының оқыту процесінде белсенді рөлі болу үшін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынас субьекті - субьективтілік негізде құрылуы керек.
Сонымен қазіргі педагогикада оқыту әдісі оқушылардың білімді меңгеру және олардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған оқушы және мұғалім арасындағы бірлесіп жүргізілетін іс - әрекеттің субьекті - субьектілік қарым – қатынас құралдары ретінде анықталады.
2.
Әдістерді классификациялау. Репродуктивті
және проблемалық - ізденіс әдістері.
Оларды сабақта тиімді
Оқытушы оқыту әдістерінің жіктелуіне түрлі жол таба білуі керек.
Ғылыми әдебиеттерде жіктелудің жиырмадан астам түрі бар.
Осылардың ішіндегі ең кең тарағаны – И.Т.Огордников, Н.А.Сорокин, Ю.К.Бабанский, Р.Г.Лемберг, т.б ұсынған оқыту әдісінің жүйеленуі. Олар оқыту әдістерін үш топқа бөлген.
Оқыту әдістері
Ауызша |
Көрнекілік |
Практикалық |
Әңгіме |
Суретпен сипаттау |
Лабораториялық жұмыстар |
Әңгіме әдіс |
Демонстрация |
Практикалық жұмыстар |
Лекция |
||
Кітаппен жұмыс |
Бұл жүйе білім алудың негізінде, түп нұсқаға негізделген. Бір жағдайда сөзге сүйенсе, екіншісінде көркемдік бейнеге, ал үшіншісінде қимылға сүйенген.
Ұсынылап отырған жүйенің тиімділігі – оқытушының шеберлігіне, осы үш әдісті оқыту негізінде тұтас қолдануға тікелей байланысты.
Одан кейін практикалық оқыту әдісі қамтылады. Оған қоса тірек сигналдарының жоғары сатыға көтеретін жұмыстарының түрлері де ойластырылған.
Жіктелудің тағы бір кең тараған түрі – оқыту әдісін оқушылардың таным белсенділігі деңгейіне сай құру. Дидактикалық әдісті ұстанған педагогтар И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин оқыту әдісінің бес түрін ұсынады:
Оқыту әдістері
Түсіндіру |
сипаттау әдісі, әңгіме, лекция көрсету. оқулықпен жұмыс істеу, жазба жаттығулар |
Қайталау |
жаттығу, әңгіме, өз сөзімен қайта айту |
Проблемалық баяндау әдісі |
оқытушының дәлелді түрде баяндауы, экскурсия, демонстрация |
Ізденіс түрлері |
эвристикалық әңгіме, байқау, жоспар жасау |
Зерттеушілік |
тәжірибе, байқау, сыныппен жұмыс,
құжаттармен жұмыс, сурет салу |
Демек, бұл жердегі негізгі әдістің түсіндіру-сипаттау әдісі екенін көреміз. Әрине, негізгі ауыртпалық оқытушыға түседі, ал оқушылар тыңдаушы ролін атқарады. Алдын-ала белгілі дәрежеде дайындық алған оқушылар тарихи сценарийлер, фильмдер жазып, қиялдан туған алыс саяхаттардың қолбасшысы да болады.
Оқыту әдістеріне сипаттама
Теориямен практикада оқыту әдісінің 200-ден астам түрлері бар. Бұлардың ішіндегі негізгі әдістер профессор Р.Г.Лембергтің «Оқыту әдістері» деген кітабында айтылған. Ол оқыту әдістерінің танымға барар жолдағы бір-бірімен сабақтастығын айта келіп, олардың ішкі дидактикалық бірлігі мен жеке ерекшеліктерінің байланысын көрсетеді.
Оқыту әдістеріне мінездеме бере отырып, Р.Г.Лемберг әр әдістің психологиялық құрылымына ерекше көңіл бөледі. «Әр таным құрамының, әр таным әдісінің өзіндік психологиялық құрылысы болады. Қайталап айтып беру әдісі, дұрысын айтсақ, тыңдау процесі адамда ойлау мен елестетудің белсенділігін көрсетеді, бірақ түйсіну мен сезінуге сүйене алмайды. Сонымен қатар сөйлеу қызметінің (және тыңдаушының) төмендеуіне әкеледі. Көрсету бақылау әдісі, керісінше, қабылдау мен түйсінудің жарты қызметіне негізделеді және нақты ойлауға сүйенеді. Бұл – абстрактілі ойлаудың ойлаудың алғашқы баспалдағы ғана. Лабораториялық сабақтар қозғалтушы орталықтарды да қызметке қосады».
Бұдан әрі берілген үлгі конспектіге сүйене отырып, студенттердің өздеріне жеке әдістерді жан-жақты зерттеу тапсырылады. Бұл жерде оқыту әдісінің біреуі ретінде «ауызша қайталап айту» талданады, сонымен қатар біздің ойымызша, бұл әдістің ішкі мазмұнының ең негізгі кезеңдері мүшеленеді. 1 – кестені қараңыз:
Әрбір әдіс жеке элементтерден тұрады, оларды тәсілдер деп атайды (мысалы, кітаппен жұмыс істеу әдісінің тәсілдеріне оқыған кітапқа жоспар жасау, қайта айтып беру, конспект жасау т.б. жатады).
Әр тәсілдің тиімділігін күшейту үшін толы бір жүйеге түскен құралдар керек. Оқыту құралдары оқыту процесін жақсартуға көмектеседі.
Демек, оқыту құралдарына кең тұрғыдан алғанда мыналар жатады: оқу кітаптары (оқулықтар, сөздіктер, анықтамалар, әр пәннің тапсырмалар жинағы, программалық көмекші құралдар); көрнекілік құралдары (таблицалар, сызбалар, кестелер, географиялық және тарихи пәннің карталары, муляждар, модельдер мен оқытуға арналған суреттер); - арнайы жабдықтар (лингофондық кабинеттер, лабораториялық жұмыстар мен тәжірибелер жасауға болатын жабдықтары бар физика, химия кабинеттері); техникалық құралдар (киноапараттар, телевизорлар, магнитофондар, операторлық машиналар, программаланған радиоқондарғылар, видеомагнитофондар және т.б).
Ауызша баяндау әдісі
Мектептегі ең кең тараған оқыту әдісі – ауызша баяндау. Бұл әдіс сабақ беру кезеңінде мектепте жүргізілетін барлық пәндерде, оқу-таным процесінің барлық «сатысында» және сабақтың барлық бөлігінде қолданылады.
Ауызша баяндаудың тәрбиелік мәні мен білімді әрі қарай дамыту рөлі өте жоғары: «түсіндіру» оқып отырған материалға терең мағына береді, ішкі логикаға сүйене отырып сапалы түрде түсіндіріп беру дәлелдікке алып келеді, негізгі пікірдің қорытылуына сенімділік туғызады, жанды сөз білім беру жұмысына жаңа леп алып келіп, тыңдаушының жүрек сезіміне әсер етеді, қозғалысқа шақырады, оқытушы сөзі тыңдаушыға үлгі болады, сөйлемді қалай құру керек екенін, дәлелді ойлар мен сындарлы пікірлерге қалай жету керек екенін көрсетеді.
Ең негізгі
және ең маңызды тәсілдердің
бірі – ауызша баяндау әдісі
мен басқа әдістердің
Тыңдау кезінде қабылдау қызметінің кейбір тежеліп тұратын естен шығармай отырып, оқытушы тыңдауды сол оқушылардың өздігімен жұмыс істеуіне жақындатқысы келеді. Сондықтанда сабақтың мазмұнына пікір таластыратын кейбір мәселелерді кіргізеді, алған білімді пайдалануға болатындай практикалық ұсыныстар жасайды, оқушылар тыңдай отырып қосымша жұмыс істейді, жоспар жасайды, түсініксіз сөздерді тереді, сұрақтарды жазады және т.б.
Тәжірибелі оқытушылар тыңдаушылардың ойлау қызметіне көмегін тигізетін біршама сынақ тәсілдерін ойлап тапқан. Бұл тәсілдерге мыналар жатады: негізгі сұрақты анықтап алу, жалпы мазмұнды логикалық бірлігін сақтай отырып бірнеше бөлшекке бөлу; белгілі бір ізбен сол бөліктердің бірінен екіншісіне өту; қайталау элементтерін енгізу; мағыналы қорытынды жасай білу; терминдермен жүйелі түрде жұмыс істеу т.б.
Осындай түрлі тәсілдердің арқасында ғана оқытушы ауызша айту әдісінің психологиялық қиындықтарын біршама жеңілдете алады.
Кез келген басқа да әдістер сияқты, ауызша баяндаудың өзіне тән негізгі талаптар жүйесі бар. Бұл талаптарға мыналар жатады: әдеттегідей, бірақ баланың есінде қалатындай қызықты да жарқын нақты материалды тауып жинақтау, сөз бен образдың жарасымдылығы, көрсету материалы ретінде өнерді кең қолдану, жинақтауға асықпай, «сатылай» келу. Сөйлемнің мағыналы да көркем болып шығу үшін сөздерді дұрыс таңдап пайдалану және дауыс ырғағын, мимика мен дене қимылын қолдану.
Кітаппен жүргізілетін жұмыстар
Бүгінгі мектеп практикасында кітаппен жұмыс істеу «толық теңдік алған» әдіс деп айтсақ ешкім күмән келтірмейді. Бұл әдістің оқушыларды дамытуға және тәрбиелеуге әсер ететін, ғылыми жұмыстың кейбір формаларына байланысты, өзіне тән психологиялық мәнді ерекшелігі болады. Кітаппен жұмыс істеу әдісі психологиялық тұрғыдан қарағанда, ол басқа әдістің ешқайсысын қайталамайды. Мұнда мұғалімінің ауызша баяндау әдісінің ортақ белгілері бар, алайда одан айырмашылығы – қолданылып жүрген белгілерінің сақталуы.