Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2014 в 13:23, реферат
Оқыту әдістері әр қашанда бір бірімен үйлесе отырып, оқытушы мен оқушының қарым қатынасын сипаттайды. Яғни, бір оқыту әдісін ерекше атап қолдану, ол оның сол кездегі дидактикалық міндетті шешудегі орны ерекше деп білеміз. Сонымен қатар, әр оқыту әдісі басқада әдістермен бірігіп қолданылады. Мысалы: репродуктивті, проблемалы ішінара іздену әдістері – сӛз, кӛрнекілік, практикалық әдістер арқылы жүзеге асырылады. Оқыту әдісі ол - оқыту процесін жүргізудегі негізгі тәсілі және құралы болып табаылса, онда оқыту әдістері, бір жағынан – оқытушының іс-әрекеті
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Кәсіпке оқытудың әдістері мен құралдары.
2. Әдістерді классификациялау. Репродуктивті және проблемалық - ізденіс әдістері. Оларды сабақта тиімді пайдалану.
1. Оқу әдістері. Оқыту әдістері.
2. Оқытудың белсенді және интерактивті әдістері.
3. Проблемалық оқыту.
Қорытынды
Пайдаланылған дебиеттер тізімі
Кітаппен, текстпен жұмыс істеу және мұғалімнің ауызша баяндауда белгілі бір нәрсенің негізінде жүргізіледі. Кітапты оқу баяндаумен салыстырғанда, көпшілік жағдайда өткен көріністерді тез еске түсіреді. Кітап фантазияға толы, ол баланың ойлауын, іс-әрекетін жандандыра түседі. Кітап оқу тыңдаумен салыстырғанда оқушының ақыл ойының күшін, еркін көп керек етеді. Кітап білімнің мазмұнын ашады, оқушылардың ой дәрежесін дамытады, олардың мұғалімнің сөзін тез түсінуге бейімділігін туғызады. Кітап беттерін оқығанда, ондағы сөзбен айтылатын ойдың түсінігін, мазмұнын аша білу қажет. Тексті оқығанда аса бір зейін қойып баспа әріптерін «жанды» сөз ретінде, асқан эмоциялық пен интеллектуалдықпен қабылдау басты шарт.
Лабораториялық жұмыстар
Тәжірибеде дәлелденгендей, лабораториялық жұмыстар әдісіне қойылатын талаптарды қанағаттандыра алады. Оқушы жұмыстың бұл тәсілі арқылы айнала өмір шындығын және айналадағы құбылыстарды, олардың арасындағы өзара байланысты, көпшілік жағдайда, олардың арасындағы ішкі тартысты, байланысты, ұқсастықты түсінеді және бұл әдіс онымен жұмыс істеуге үйретеді.
Лабораториялық жұмыстың әр түрлілігі, оның психологиялы өзіндік ерекшелігі оқу-танымдық әсері болуы ешбір талас туғызбайды. Кейбір жағдайларда байқау әдісінің өзі оқушылардың өз бетінше қорытынды жасауына, ой қорытуына, тіпті нақтылы ойлау процесін түсінуге кедергі келтіреді. Лабораториялық жұмыс көбінесе нақтылы ой операциясының компоненттері ретінде қызмет атқарады. Байқау айналада болып жатқан құбылыстың нақты бір белгілерімен анықтауға көмектеседі. Ал, эксперимент сол құбылыстың ішкі байланысын, оның сыртқы әсерін қабылдауын, онымен арақатынасын оқушыларға ашып береді. Эксперимент оқушыны нақты ойлауға үйретеді. Бұл әдістің өзіне тән бір ерекшелігі актілі болуы, бұл акті таным құралының қызметін атқарады.
Әңгіме әдісі
Оқыту процесінде әңгіме әр түрлі әдістерді қолданған кезде тәсіл ретінде ғана қолданылмайды. Әңгіме әдісі педагогикалық процестің көптеген салаларынан орын алады. Оқыту әдістері жүйесінде жеке әдіс түрін қолданады. Әңгіме кезінде мұғалімнің сөзімен бірге, оқушының да сөйлеуі пікірлесуі жиі пайдаланады. Мұғалімнің сөзі көп ретте сұрақ түрінде беріледі және түсіндіру мен толықтырылады. Ал, оқушылардың сөзі көбінесе жауап түрінде болады. Мұғалім жүйелі сұрақтар қою арқылы тиісті түсініктер қорын ашады және пікір таласын туғызады. Содан кейін оқушылардың сұрағын пайдалана отырып, мұғалім бұрынғы белгілі құбылыстармен ережелердің арасындағы жаңа байланыстарға оқушылардың ойын бұрады және соған бағыттайды.
Әңгіме, барлық әдіс секілді, негізгі тәсілдер тізбегін құрайды. Бұл әдісті шеберлікпен пайдалану, әдісті қолданғанда мұғалімнің қиындыққа соқпай өтіп кетуіне көмектеседі. Әңгімені қолданғандағы негізгі тәсіл – оқушылардың бойындағы білімдердің есептелуі. Бұл әңгімен қолданудағы «шикі зат» ретіндегі материал болып табылады. Әдетте мұғалім әңгімені қолданғанда алдын-ала сұрақ-жауап өткізеді. Соның ізінше материал оқушылардың есіне сақталып тұрған сәтте әңгіме әдісін қолдану қажет. Әр түрлі әдістерді пайдаланып, бірден оқушыға жаңа материалды пайдаланып, бірден оқушыларға жаңа материалды түсіндіретін жағдайларда кездеседі. Мұғалімнің шеберлігіне байланысты әңгіме әдісін түрлендіре түсуге болады.
Есеп шығару әдісі
Бұл әдісті физика немесе математика пәндеріне ғана байланысты деп қарамауымыз керек. Маман мұғалімдер есеп шығаруды барлық пәнде қолданады.
Бұл әдісті бағалағанда, оның ғылыми таным тәсілдерімен байланысын арнайы талдап жатудың қажеті жоқ. Сонымен бірге әдістің психологиялық құрылысының өзіне тән белгілерін ойластыру да шартты емес. Психологиялық тұрғыдан, ол «тазалығымен» ерекшелене түсетінін, ой толғандыратын және ойлауға үлкен күш түсіретінін ұмытпаған жөн.
4.
Оқытудың белсенді және
- Оқыту мен үйрету арасындағы айырмашылық.
- Іскерлікке үйрету тренингтері.
- Interafrtive Learning- cтихиялық немесе арнайы ұйымдастырылған үйрету, өзара байланысқа негізделген үйрету, өзара байланысқа негізделген оқыту.
- Оқыту-арнайы ұйымдастырылған үрдіс.
- Тәжірибемен өзара байланыс.
- Оқушылардың білім ортасымен тікелей байланысты.
- Оқыту шындыққа негізделген , оқушылар меңгерілетін тәжірибе саласын табады.
- Оқушылардың тәжірибесі
- Дәстүрлі оқытуда мұғалім
фильтр-ақпаратты өзі арқылы
-Мұғалім белсенділігі
- Мұғалім дайын білім бермейді, оқушыны өз бетінше ізденуіне итермелейді.
- Бұрынғы тәжірибені өзгерту , құрылым
жасау, белгілі логикамен құру, бұрынғы
тәжірибемен жұмыс жасау,-
- Оқушыларды түрлі тәсілдермен белсенді қылуға болады, бірақ оқушылар жай ғана көрермен немесе тыңдаушы болып қала беруі мүмкін.
- Физикалық белсенділік: жұмыс орнын ауыстыру, сөйлеу, жазу, тыңдау, сурет салу, т.б.
- Әлеуметтік белсенділік: сұрақ қою, сұраққа жауап беру, пікір алысу, т.б.
-Танымдық белсенділік: мұғалім сқөзін толықтыру, проблеманың шешімін табу.
- Белсенділіктің 3 түрі бір-бірімен байланыста болуы шарт.
- Мұғалім лектор-эксперт позициясында болса жаңа материалды түсіндіреді, сұрақтарға жауап береді, т. б.
- Мұғалім ұйымдастврушы
- Мұғалім кеңесші позициясында болса, оқушы тәжірибесіне сүйенеді, оқушының өз бетінше мәлімет жинауына , қойылған міндеттердің шешімін іздеуге өз бетінше міндеттер қоюға итермелейді.
- Оқушының ойы- мұғалім біз білмейтін
нәрсені біледі. Мұғалім барлы
ың жауабын білуі міндетті
ме, мұғалім тәжірибесі оқушының
әлі айқын емес жолынан
- Фасилитация- көмек.
- Мұғалім белгілі бір уақытқа білім әкелуші рөлінен шығады, бұл рөлге оқушының өзін қояды. Эксперт рөлінен шығып, көмекші рөлін атқарады.
Оқушыға білім беру емес, оқушыны білім ала білуге үйрету, бағыт көрсету, әдіс-тәсілдерін үйрету мұғалім бүкіл сұрақтың жауаптарын білуі міндетті емес, бірақ оларды талқылай білуі, жауапты қалай іздеу керек екенін білуі
керек.
- Мұғалім кез-келген мәселені талқылауға дайын болуы керек.
Интерактивтік оқытудың әдіс-тәсілдері.
- Сынып келісімі
- Миға шабуыл
- Жобалау техникасы
- Әркім-әркімді оқытады
- Аквариум
- Имандылық туралы
- Маңыздысын табу
- Тізбек
- Шығармаларды оқу
- Медиация
- Рөлдік ойын
- Сынып сүрлеуі
- Пікір –талас.
Біз өз зерттеуімзіде ойын әдісін таңдап алдық.
5. Проблемалық оқыту әдісі.
Проблемалық оқыту - бұл абсолюттік жаңа педагогикалық көрініс емес. Проблемалық оқытудың элементтері сократтық эвристикалық әңгімелерде көрініс тапқан.
Проблемалық оқытудың идеялары мен қағидаларын орыс ғалымдары СП.Рубинштейн, Н.А.Менчинская, А.М.Матюшкин, Т.В.Кудрявцев сондай ақ көрнекті дидакттар М.А.Данилов, М.Н.Скаткин т.б. қарастырды. Соңғы жылдары бұл проблемалармен көптеген ғалымдар айналысуда. Атап айтқанда, М.Г.Гарунов, М.И.Махмутов, М.Ж. Арстанов, Ж.С.Хайдаров және т.б.
Бүгінгі танда проблемалық оқыту идеясы мен ғылыми тұжырымдамасы арнайы түсіндіруді қажет ететін бірқатар ұғымдарды қарастыруды қамтиды. Проблемалық жағдаят қажетті әрекеттің орындалу барысында білімнің жетісуінен немесе белгілі әрекет ету әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдау қабілетіміз жетіспегенде пайда болады яғни, білім мен білімсіздік арасындағы қарама-қайшылықтардың пайда болуымен көрінеді.
Проблемалық оқыту мәселесін мынадай түсініктер қамтиды:
а) білу мен білмеу арасындағы қарама-қайшылықтар;
б) дайындықтың жоқтығы (үйреншікті әдіс-тәсілдер, оның қолданылуы).
Кез-келген оқу материалы оқыту процесінде проблемалық ситуацияны жағдаятты тұрғызуға жарайды деп есептеуге болмайды. Оқыту материалының проблемалық емес элементтерін дәстүрлі нақтылы мәлімет ретінде береміз. Олар сандар мен саналық фактілер, даталар, атаулар т.6.
ПС1. "Әдіп"- дегеніміз не?
Жауап: Құйма немесе қалыпталған дайындамалардың сырт пішіні болашақ тетікке ұқсас болғанымен оның сыртқы, ішкі беттерінде және жиектерінде "әдіп" деп аталатын металл қабаты болады. Сол металл қабаты металл кескіш аспаптар жәрдемімен сылынып алынады.
ПС2. Жетек - дегеніміз не?
Жауап: Тігін машинасын қозғалыска келтіретін механизмдер жиынтығын жетек деп атайды. Жетек арқылы жеке электрқозғалтқыш қозғалысқа келтіреді. Электр-қозғалтқыш қайысты, шынжырлы немесе тісті берілістер арқылы станоктың жетекші білігін қозғалысқа келтіреді.
ПС3. Кинематикалык, сұлбаны жасудың негізі неде?
ПС4. Кинематикалық сұлба неден құралады.
ПС5. Кинематикалық сұлбаның қандай қарапайым түрлері бар?
ПС6. Кинематикалық қосақ - дегеніміз не?
ПС7. Кинематикалық тізбек - дегеніміз не?
Студенттердің өздігінен және дербес орындайтын жұмыстары
а) Бақылау сұрақтары:
ә) Реферат тақырыптары.
б) Педагогикалық ситуациялар.
1 – ситуация. Соңғы жалдары жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар, мектептер ашылып келеді.
Мұғалімдер өз тәжірибелерін ортаға салып пікірлесуде.
мазмұнын екі түрлі бағытта екенін ұғынамын. Біріншісі – күні бұрын дайындалаған оқу программасындағы сабақтар тақырыбын мұғалімнің өзінің өз әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, жаңа мәліметтермен байыта отырып оқытуды, екіншісі – тереңдетіп оқытылатын сыныпқа қатысты лайықты деген жаңа тақырыптармен қатар бұрынғы кезеңдердегі (сыныптардағы) оқу программасында еленбей қалған, не уақыт аз бөлінген тақырыптарды тауып қайта оқыту немесе өздігінен жұмыстар арқылы пысықтау болмақ», - деп тұжырымдайды.
Сұрақ. Тереңдеріп оқытуды қалай түсінесіз? Оқыту әдістерін тереңдетіп оқыту пәндеріне қолданудың қандай ерекшеліктері бар деп есептейсіз? Мұғалімнің пікірі туралы не айтасыз?
2 – ситуация. Әрбір адам дене бітімінің сымбатты, жан дүниесінің
сергек болуына ұмтылады. Бұл орайда ұлттық ойындардың ролі зор.
Республиканың барлық мектептері үшін дене тәрбиесі пәнінің
программасына бәйге, жорға жарыс, қыз қуу, теңге алу, тоғыз құмалақ, қазақша күрес т.б. ұлт ойынының түрлерін енгізу қажет деген ұсыныстарға сіздің пікіріңіз, оны немен дәлелдейсіз?
Дене тәрбиесі пәнінде қолданылатын әдістерді түсіндіріңіз? Дене
тәрбиесіне байланысты қандай проблемелар туындап отыр?
Қорытынды
Оқыту (дидактика) педагогика ғылымының саласы. Didaktikos – бұл ежелгі грек сӛзі – үйретуші, мұғалім деген ұғымды білдіреді. Оқыту процесі – бұл мұғаліммен оқушылардың мақсатқа бағытталған ӛзара әрекеттесуінің барысында шәкірттергі білім бері міндеттерін шешу болып табылады. Оқыту процесінің жалпы мәселелері, олар:
1. оқытудың мақсаты- не үшін оқыту;
2. оқытудың мазмұны- нені оқыту керек;
3. оқыту процесін қалай ұйымдастыру – ол оқыту процесінің формалары;
4. оқыту процесінде нені қолдану- ол оқыту құралдары;
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі