Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 11:37, реферат

Краткое описание

Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын жүзеге асыру үшін жағдай жасау Шығыс Қазақстан облысының білім беруін дамытудың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Мүгедек балаларды және мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту нормативтік актілермен реттеледі, соған сәйкес арнайы (түзету) мектепке дейінгі мекемелерде, мектептер мен мектеп-интернаттарда тиісті көрсеткіштер бар болғанда осы санаттағы балалар медико-психологиялық ілесіп жүрумен, жалпы үлгідегі білім беру мекемелерінде оқыту үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етіледі.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 108.32 Кб (Скачать)

3. Мүмкүндігі шектеулі  балаларды оқыту 
 
Денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын жүзеге асыру үшін жағдай жасау Шығыс Қазақстан облысының білім беруін дамытудың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Мүгедек балаларды және мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту нормативтік актілермен реттеледі, соған сәйкес арнайы (түзету) мектепке дейінгі мекемелерде, мектептер мен мектеп-интернаттарда тиісті көрсеткіштер бар болғанда осы санаттағы балалар медико-психологиялық ілесіп жүрумен, жалпы үлгідегі білім беру мекемелерінде оқыту үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етіледі.  
 
2010 жылы облыста 16 мекеме қызмет істейді: нашар еститін балаларға арналған 2 мектеп-интернат, саңырау балаларға арналған 1 мектеп-интернат, нашар көретін балаларға арналған 1 мектеп-интернат, 6 қосалқы мектеп-интернаттар, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған 1 мектеп-интернат, 3 мектеп-бала бақша(нашар көретін, психикалық дамуы тежелген, сөйлеу мәнері бұзылған). Осы кезеңге анықталған 0-ден 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар саны 11489 баланы құрайды, оның ішінде 7200 бала психоневрологиялық патологияларымен. Мүмкіндігі шектеулі балалар оқытумен қамтылды арнайы бала бақшаларда 419, арнайы топтарда-161, арнайы мектептерде -2044, арнайы сыныптарда-712, инклюзивті оқыту-994, үйде-788, КМ, колледждарда-121. Өткен жылдармен салыстырғанда мүмкіндігі шектеулі балалар деңгейінің болмашы төмендеуі байқалады. Облыста мүгедек балалар-1983 адам. Оның ішінде 1624 бала оқытуға жатады, соның ішінде 371 –интернат ұйымдарында, 671-облыстың жалпы білім беру мекемелерінде, 524 бала үйде оқытылады, 359 адам оқытуға жатпайды және 86 бала оқытумен қамтылмаған. 
 
Әлеуметтік өмірге тарту және оның тұлғасын дамытуға қол жеткізу мақсатында, облыста арнайы (түзету) білім беру ұйымдары қызмет істейді. Өскемен, Риддер қалаларының, Шемонаиха, Глубокое, Зырян, Аягөз аудандарының жалпы білім беретін мекемелерінің жанындағы түзету мекемелерімен қатар сөйлеу, есту, көруі бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған түзету сыныптары мен топтары қызмет істейді. 2010-2011 оқу жылы 76 анайы сыныптар жұмыс істейді, (2009-2010 оқу жылы 74), өткен жылдармен салыстырғанда ПДТ сыныптардың болмашы азаюы байқалады(2009-2010 оқу жылы 601 баланы қамтыған 59 сынып). Жаппай мектептер жанында 712 баланы қамтыған 13 логопед пункттері жұмыс істейді. 
 
Барлығы облыс бойынша 7 психолого-медико-педагогикалық кеңес берулер қызмет істейді(ары қарай -ПМПК), соның ішінде 1 облыстық кеңес беру. 11 психолого-педагогикалық түзету кабинеттері жұмыс істейді(ары қарай ППТК). 
 
2008-ші жылдан 2010 жылға дейінгі арнайы білім беру ұйымдарының желісі 
 
 
Диаграмма

 
Облыстардың атауы

 
Оңалту орталығы

 
Психолого-педагогикалық түзету кабинеті

 
Логопед пункті

 
Түзету және инклюзивті білім беру кабинеті

 
2008

 
2009

 
2010

 
2008

 
2009

 
2010

 
2008

 
2009

 
2010

 
2008

 
2009

 
2010

 
ШҚО

 
2

 
2*

 
1

 
11

 
11

 
11

 
13

 
16

 
16

 
9

 
9

 
9

 
Барлығы

 
2

 
2*

 
1

 
11

 
11

 
11

 
13

 
16

 
16

 
9

 
9

 
9


 
Пайыздары есептелсін 
 
2010 жылы барлығы 7530 ПМПК тексерілді(2009 ж.-7340 бала) және түзету мекемелеріне 1584 бала жіберілді(2009ж.-1744 бала), түзету –педагогикалық қолдау бар және жеке тәсілді жалпы білім беру мектептерінде оқу үшін-2044 бала жіберілді(2009ж.-1294), үйде оқытуға-788(2009ж.-850), логопед пункттарына-551(2009 ж.-243 бала).  
 
ПМПК маңызды міндеті-тек медициналық және білім беру емес, сонымен қатар әлеуметтік қызмет көрсетуге бала құқығын анықтау болып табылады. Және де ПМПК қорытындысының негізінде бала есту аппаратын, арнайы арба және басқа да әлеуметтік қорғану құралдарын сұрап бара алады. Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат аясында арнайы түзету білім беру мекемелері арнайы техникалық және қосалқы оқыту құралдарымен қамтамасыз етіледі.  
 
Дамуда ауытқушылығы бар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу жүйесін жетілдірудің өзекті бағыттарының бірі түзету ықпал етудің тиімді формаларын іздестіру болып табылады. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында дамуда ауытқушылығы бар мектеп жасына дейінгі балаларға түзету көмек көрсетудің аса кең тараған формасы –оларды жалпы білім беру бала бақшаларының жанындағы арнайы мектепке дейінгі мекемелерде және арнайы топтарда тәрбиелеу және оқыту. Облыста олармен нашар көретін және ПДТ, сөйлеу мәнері бұзылған балаларға арналған 3 түзету балалар мекемелері және 4 санаторлық бала бақшалар қамтылған.  
 
Облыста Өскемен және Семей қалаларында есту, көру, сөйлеу мәнері бұзылған, психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын ашу қажеттілігі бар.  
 
Мүмкіндігі шектеулі балалардың өз бетімен өмір сүру дайындығына байланысты өзекті сұрақты шешу мақсатында, түзету білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілердің интеллектуалды, психофизикалық мүмкіндіктерін есепке ала отырыпкәсіби бағдар бойынша жұмыс жүргізіледі. Мектептерде еңбек шеберханалары бар: тігін, аяқ-киім, декоративті-қолданбалы іс, ағашты көркемдеп жасау. Арнайы білім беру ұйымдарының түлектері «Психикалық дамуы тежелген және мүгедек балаларға арналған кәсіби оқыту орталығы» ММ оқытылады, онда 5 жыл көлемінде мүмкіндігі шектеулі балаларды сварщик, хатшы, шебер-құрылысшы, тігінші, столяр, автомашиналарға техникалық қызмет көрсету шебері мамандықтары бойынша оқытады. Түлектерді жұмысқа орналастыру сұрақтары педагогикалық ұжымдардың жұмысында маңызды болып табылады. Оқыту мекемелері өздерінің түлектерімен байланыс үзбейді, олар профориентациялық жұмыстың қатысушылары болып табылады, олармен үнемі жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өткізіледі.  
 
Бірақ жұмыс таңдауының шектелуі, нашар кәсіби даярлық түзету ұйымдарының түлектеріне еңбек нарығында бәсекелестік қабілетті болуға рұқсат бермейді. Ал мемлекеттік және жеке кәсіпорындар еңбекке жарамдығы шектеулі тұлғаларды жұмысқа қабылдауға үнемі қызығушылық танытпайды. Мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға үзілмейтін, көп деңгейлі кәсіби білім берудің мемлекеттік бағдарламасын құру қажеттілігі туындады.  
 
Түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының арнайы мектеп білім беру зертханасының ғылыми зерттеулері аясында өткізілген оқу жетістіктері монитоингінің қорытындылары оқушылардың көпшілігі сенсорлы, қозғалмалы және сөйлеу мәнері бұзылған сақтаулы интеллекті екенін көрсетті.  
 
Мысалы, 2010 жылы Уржар ауылында «Шапағат» аумақтық орталығының базасында 30 орынға күндізгі бөлімше ашылды. Бұндай бөлімшелер Мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсету бойынша аумақтық орталық жанында Семей қаласында, «Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған медико-әлеуметтік мекеме» ММ жанында Өскемен қаласында, халыққа қызмет көрсету орталығы жанында Аягөз қаласында, жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанында Зырян қаласында жұмыс істейді. Осы мақсаттарда облыста тәрбие беру және оқытудың жаңа ұйымдастыру формаларын іздестіру жүзеге асырылады, жаңа түзету технологияларын құру жүргізіледі, психикалық дамуы бұзылған балаларға арналған жаңа мекемелер ашылуда. Облыста инклюзивті оқытумен 994 бала қамтылған. Тек Өскемен қаласында 11 мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу үшін инклюзивті топтар ашылған, онда осы санаттағы балаларды бір мезгілде дені сау және науқас балаларды түзету-дамыту оқытумен жалпы білім беру үрдісіне қосу бойынша педагогикалық технологиялар енгізілді.  
 
«Тірек –қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған медико-әлеуметтік мекеме» ММ (ары қарай ТҚАБ балаларға арналған МӘМ ММ) балалар контингенті қалыптасуда. Мекеме қызметінің негізгі мақсаты –оларды қоғамға біріктіру мақсатында психологиялық, медициналық, физикалық түзетудің жаңа заман әдістерімен әлеуметтік-оңалту көмегін алуға мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын іске асыру. «ТҚАБ балаларға арналған МӘМ» ММ –бұл 10- сыныпқа дейін оқытатын бала-бақша-мектеп.  
 
Бірақ, сонымен бірге қиыншылықтар да бар. Біріншіден, жалпы білім беру мектептері көбінесе дамуында олқылықтар бар балаларға кешенді көмек көрсетуге дайын емес. Біріктіру баланың даму деңгейін есепке алмай жүзеге асырылады, оқыту бейімделмеген. Жаппай мектептерде оқушының психикалық дамуының бұзылуын түзету үшін тиісті база құрылған жоқ.  
 
Мүгедектердің инфрақұрылым объектілеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, облыста мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған ұстамалары бар пандустер орнату белгіленген.  
 
Мүмкіндігі шектеулі балалардың, олардың отбасы жағдайлары туралы түрлі зерттеулер өткізуге үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар белсенді қатыстырылады.  
 
Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуының негізгі мақсаты қажет ететін азаматтарға жан-жақты әлеуметтік-психологиялық көмек және қолдау көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар ортасы мен қоғамда мәдениет пен төзімділікті қалыптастыру.  
 
Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасы 18-ден асқан тұлғаларға қызмет көрсету бойынша «Көмек» мүгедектер ассоциациясының негізінде Семей қаласында және 25 адамға арналған Өскемен қаласында «Алтын-ай» мүгедек -әйелдердің үкіметтік емес ұйымдарының базасында күндізгі келу бөлімшелері қызмет істей бастады.  
 
2010 жылы Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы Заңын іске асыруға қатысатын үкіметтік емес ұйымдар ортасы кеңейді. «Психоневрологиялық патологиясы бар балалар мен жасы 18-ден асқан тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша» мемлекеттік тапсырысты іске асыруға «Зубр» әлеуметтік-корпоративтік қоры, «Алтын Ай» ҚБ, Өскемен қ. «Берегиня» ПҚО, Шемонаиха ауданының «Первомайка оқыту-өндірістік комбинаты», «Исток» балалар мен жастар шығармашылығының орталығы, «Көмек» ОЮЛ, Семей қ. «Асыл» ҚБ, Риддер қ. «Незабудка» УПЦЖ.  
 
Үкіметтік емес ұйымдармен 650 бала қамтылды. 
 
Облыста жаңа креативті әдістемелер құрылды, түрлі профильдегі мамандар, соның ішінде еріктілер де қатыстырылды.  
 
Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Семей қ. «ИСТОК» жастар және балалар шығармашылығының орталығы» ҚБ бірлесіп ерекше қажеттіліктері бар балалар шығармашылығының «Солнечный мир» денсаулық төртінші қалалық фестивалі өткізілді. 
 
Фестиваль бағдарламасымен әрқашан мектепке бару, секциялар мен үйірмелерге қатысу мүмкіндігі бола бермейтін денсаулығының ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, үстел теннисі, армрестлинг, шашкалар бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың қалалық жарысы қарастырылған. 36 бала спорт жарыстарына қатысқан, оларға ақшалай сыйақылар табыс етілген. 65 бала суреттер конкурсында естелік сыйлықтарын алды. 45 бала көркем қолданбалы шығармашылық конкурсының жүлдегерлері болды.  
 
«Инвалидам-достойную жизнь» жобасының аясында Семейдің мүгедектер қоғамына Volkswagen Caddy Kombi Basis және Volkswagen Transporter Kombi екі автосын қайтарусыз тапсырған Семей қ. «Сәби» жеке қайырымдылық қорының жетекшісі неоценимый қызмет көрсетті. Жеке кәсіпкерлік тарапынан бұндай қайырымдылық қадам алыс шақырымдарға бару үшін тірек-қозғалысы аппаратының функциялары бұзылған балаларға, арбамен жүретіндерге, мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған «Инватакси» қызметін құруға ықпал етті. Екі машина да мүгедек арбаларына арналған арнайы көтермелермен жабдықталған, ал салоны жүру кезінде қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз ететін берік бекіту құралдарымен жасақталған. 
 
Сонымен қатар, Семей қаласында 2012 жылға қарай Сауд Аравия Патшалығымен 80 орынға жаңа технологиясымен 5 028 мың евро сомасына балалар түберкүлезге қарсы ауруханасы салынатын болады. 
 
Әлеуметтік қызметтер жүйесінде жұмыс істейтін база балалар «церебральный паралич» ауруымен ауратын балалар қажеттіліктеріне толық көлемде жауап бермейді(ары қарай -ДЦП). Өңірде тірек-қозғалыс аппаратының бұзылу медико-әлеуметтік мекеме орталығын ашу қажеттілігі бар. 
 
Туа біткен патологиясы бар балаларды басынан анықтау мақсатында, облыстық медициналық бірлестік базасында ШҚО және Павлодар облыстары үшін Республикалық генетикалық регистр аумақтық орталығы болып табылатын медико-генетикалық зертхана құрылып, жұмыс істейді. Бірақ, ерекше қажеттіліктері бар балалардың қоғамға бейімделу және дамытуға жәрдемдесу үшін отбасына және балаға көмек көрсету бойынша қызметтер бұрынғыдай нашар дамыған.  
 
Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті денсаулығына ерекше қажеттіліктері бар балалардың қоғамға оңалту және біріктіру, әлеуметтік бейімделу, салауатты өмір салтын қамтамасыз ету бойынша «Special Olympics» бағдарламасын жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатында, жасы 8 –де және одан жоғары менталды бұзушылықтары бар балаларға арналған жыл сайынғы спорт жаттықтырулары мен жарыстарының халықаралық бағдарламасы аясында СОК(Спешиал Олимпикс Казахстан) және Шығыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп белгілі жұмыс жүргізеді.  
 
Барлығы Шығыс Қазақстан облысы бойынша денсаулығына ерекше қажеттіліктері бар 1102 бала спортпен қамтылған. Түзету ұйымдарының ең күшті спортшылары келесі спорт түрлерінде өздерінің қабілеттерін көрсетуде: шаңғы жарыстары- 87 бала, жердегі хоккей -54 бала, конькимен жүгіру спорты-107 бала, жеңіл атлетика-204 бала, баскетбол-109 бала, жүзу-70 бала, футбол-1200 бала, ролик конькилері-18 бала, үстел теннисі-107 бала, волейбол-40 бала, боулинг-54 бала, бадминтон-52 бала.  
 
Болашақта облыста жасы 8 –де және одан жоғары менталды бұзушылықтары бар балаларға арналған жыл сайынғы спорт жаттықтырулары мен жарыстарының «Special Olympics» отбасылық бағдарламасын кеңейту қажет. «Special Olympics» қатысу оларға тек физикалық дамуына, өздерінің қабілеттерін көрсетуге, өз достарын тауып, қарым –қатынас қуанышына боленуге ғана ықпал етпей, сонымен қатар олардың отбасыларын нығайтып, жақсы болашаққа үміт береді.  
 
 
4. Кәсіптік білім жүйесі 
 
 
Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру жүйесі 2008-2012 жылдарға арналған ҚР техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы және өңірлік бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады.  
 
2010-2011 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысында орта буындағы көпшілік жұмысшы кәсіптері мен мамандар бойынша кадрларды даярлау 99 техникалық және кәсіптік (ТжКБ) білім беру ұйымдарымен жүзеге асырылады, соның ішінде 43 кәсіптік лицейлер, 56 колледждер.  
 
Өткен оқу жылымен салыстырғанда Өскемен қаласында ашылған стоматологиялық колледжі, Шығыс Қазақстан технология және менеджмент колледжі және Семей қаласындағы Семей колледжі есебінен ТжКБ желісі көбейді. 
 
Облыстың барлық аудандары кәсіптік біліммен қамтылған. 2010 жылғы 1 қазанда облыс колледждерінің желісі 56 колледжбен ұсынылған, олардың 22-і мемлекеттік және 34-і мемлекеттік емес колледждер. 
 
К әсіптік лицейлер (мектептер) желісі 43 ұйымды құрайды, соның ішінде – 32-і мемлекеттік (соның ішінде 7 КМ қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті мекемелері жанында), 11-і мемлекеттік емес.  
 
2010 жылдың 1 қазанында ТжКБ 47.033 мың адам қамтылған, ол өткен оқу жылғы көрсеткіштен 3,2% төмен. Көрсеткіштердің төмендеуі демографиялық құлдырау және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілер санының артуымен байланысты.  
 
1999 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысының колледждері мемлекеттік тапсырыс негізінде топтастырылуда. Мемлекеттік тапсырыс екі көзден – облыстық және республикалық бюджеттен түседі. Жалпы айтқанда, өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдау 875-ке артты және барлығы 19213 оқушыны құрады, (өткен оқу жылы 18338). Бұл техникалық және кәсіптік білім беру қолжетімділігін 4,5% кеңейтуді қамтамасыз етеді.  
 
Орта кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқушылар санына жасалған сараптама 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік тілде білім алушылар саны сол деңгейде, яғни өткен жылғы көрсеткіш (13305 адам), ол 28% құрайды, соның ішінде КЛ бойынша бұл көрсеткіш 26% (2766 адам), колледждер бойынша – 28,9% (10539 адам). Кадрларды мемлекеттік тілде дайындау кеңейтіліп, колледждерде 82 (өткен жылы 70 мамандық), ал кәсіптік лицейлерлерде 44 (өткен жылы – 38) мамандық бойынша жүзеге асырылуда. 
 
2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1021 жетім балалар білім алуда (өткен жылы – 1026 бала). І-ІІ топтағы мүгедек балалар саны 2 есеге артып 136 адамды құрады. Орта кәсіптік білім беру жүйесінде 402 оралман оқып жатыр.  
 
Мемлекеттік тапсырыс бойынша кәсіптік лицейлерде 1 оқушыға жұмсалатын шығын 175,3 мың теңгеден 205 мыңға өсті, колледждерде өткен оқу жылы 206 мың болса, ағымдағы жылы 249,8 мың тегені құрады.  
 
ТжКБ ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, күрделі және ағымдағы жөндеуге бағытталған бюджетінің серпінді өсуін оң көзқарас деп атап өткен жөн. 2010 жылы кәсіптік мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 55,7 млн. теңге бағытталған. Соның ішінде: 43,672 млн. теңге сомасына 5 бірлік ауыл шаруашылығы және арнайы техникасын (1 трактор, 2 комбайн, 2 жеңіл көлік), 11,892 млн. теңге сомасына 5 асханаға құрал жабдықтар алуға және басқа да тауарларға (ұлттық елтаңба) – 0,140 млн. теңге жұмсалды. Колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1,4 млн. теңге, өзін-өзі тану бөлмесін алу үшін республикалық бюджет қаражаттары есебінен қаражат бөлінді.  
 
 
 
 
2010 жылы облыстың кәсіптік лицейлерін (мектептерін) 4429 адам аяқтады, өткен жылмен салыстырғанда 9,3% азайған. Мемлекеттік тапсырыс бойынша колледждерді 1571 адам аяқтады, өткен жылмен салыстырғанда 12% азайған.  
 
Жоғарғы оқу орындарында оқуын жалғастырып жатқан колледж түлектерінің саны 13,8% құрады (өткен жылы – 24,9%, 2008 жылы – 20,4% , 2007 жылы – 28,74%, 2006 жылы – 26,6%).  
 
 
 
 
2010 жылы колледж түлектерін жұмысқа орналастыру мониторингі келесі нәтижелерді көрсетті: жұмысты қажет ететіндер 15,6% , (2009 жылы – 13,1%, 2008 жылы – 11,6% , 2007 жылы – 13,4% , 2006 жылы - 10% түлектер), мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылғандар 42,8%, өткен жылы – 46,2%. Жоғарғы оқу орындарында оқитындар үлесі төмендеген.  
 
 
 
 
КЛ түлектерін жұмысқа орналастыру 81% құрады. Колледждер мен жоғарғы оқу орындарында оқуыларын жалғастырып жатқандар саны екі есеге артты. Алып шыққан біліктілігі бойынша жұмысқа орналастырылғандар 42,3% құрайды, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 15% төмен.  
 
Жұмысқа орналастырудың жоғарғы көрсеткішіне (облыстық орташадан жоғары) ШҚ өнер колледжі, Өскемен политехникалық колледжі, Риддер аграрлық-техникалық колледжі, бизнес колледжі қол жеткізді. «Санжар» колледжінде, Гуманитарлық-экономикалық колледжінде, Бизнес және заң колледжінде, № 3 КЛ, № 13 КЛ жұмысқа орналастыру 40% төмен көрсеткіш көрсетті. 
 
Еңбек нарығында неғұрлым қажет мамандықтар: құрылыс және коммуналдық шаруашылық, тағам өнімдерін өндіру технологиясы, энергетика.  
 
Әлеуметтік серіктестермен үш жақты келісімдерді енгізу 13,4% оқушының жұмысқа орналасуының кепілі болды. Ынтымақтастық туралы келісім-шарттар негізінде 216 түлек 43 кәсіпорында 10 – 20 мың теңге көлемінде жалақысы бар ақылы өндірістік тәжірибеден өтті. 2010-2011 оқу жылының міндеттерінің бірі – еңбек нарығында сұранысқа ие болмай отырған және түлектер жұмысқа орналасуда қиыншылық көретін мамандықтарға мониторинг жүргізу және алдағы уақытта қабылдауды қысқарту.  
 
Ауылды жерлердегі оқушылар үшін техникалық және кәсіптік білім алудағы басты қиыншылық жатақханалардың жеткіліксіз болуы. Бұл лицей мен колледж оқушыларының да қажеттілігі. 19 колледж бен 16 кәсіптік лицейдің оқушылар жатақханасы бар, онда 5392 оқушы тұрып жатыр. Жатақханалармен қамтамасыз ету көрсеткіші 35,9% төмен болып отыр.  
 
«КазЦИНК» АҚ, «ҮМЗ» АҚ, «Қорғасын-мырыш комбинаты» АҚ, «Алтай Пауэр» АҚ, «Топаз» АҚ ПАТП, АТП өнеркәсіптеріне, аудандық (қалалық) медициналық мекемелер ҚБ, азық-түлік саласындағы кәсіпорындарға, құрылыс компанияларына жас мамандарды тарту бойынша саясатты белсенді жүргізеді. 
 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, ШҚО әкімдігі мен «АЗИЯ АВТО» АҚ компаниялар тобы, Рогаланд (Норвегия) округының білім беру және даярлау орталығы, геологиялық барлау колледжі мен «Шлюмберже» (Франция) компаниясы арасында кадрларды даярлау мәселесі бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімдердің хаттамаларына қол қойылып, Меморандумдар қабылданған. ШҚО әкімдігі, Өскемен политехникалық колледжі мен «Қазақстандағы АЕS» компаниялар тобы арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы Меморандум үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылып келеді. Қ. Нұрғалиев атындағы колледж бен «Востокмолоко» кәсіпорны арасында үш жақты келісімге қол қойылған.  
 
Қазақстандық-норвегиялық жоба жұмысының нәтижесі 2010 жылғы 2 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының техникалық-кәсіптік білім берудің Қоғамдық қорын құру және 2010 жылғы 22 қарашада Өскемен қаласында Рогаланд (RKK, Норвегия) округінің Білім беру және даярлау орталығы филиалының ашылуы болды.  
 
Өткен оқу жылында білім басқармасы, кәсіптік және техникалық білім беретін мекемелер ШҚО өнеркәсіп иелерінің ассоциациясымен, агроөнеркәсіп секторының кәсіпорындарымен және құрылыс саласымен әлеуметтік серіктестікті дамытуды жетілдіру бойынша сұрақтарды қарады. Ассоциация, білім басқармасы және білім мекемелерінің өзара әрекеттесу бағдарламасы жасалды және бекітілді. 
 
Кәсіптік және техникалық білім кәсіби стандарттарға негізделген және еңбек нарығында сұранысқа ие болуы тиіс. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарын іске асыру үшін материалдық-техникалық базаны жаңаша құрал-жабдықтармен және материалдармен жетілдіру қажет. 
 
Т ехникалық, кәсіптік және жоғары оқу орындарында оқуларын жалғастырып жүрген балалар үйлерінің түлектерін қолдау мақсатында, тіпті дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызының бастамасымен балалардың құқықтарын қорғау департаментімен 2008 жылдан бастап «Бөбек» Қорының қайырымдылық материалдық көмегін тоқсан сайын төлеу бойынша жұмыстар жалғасуда. 
 
Шығыс Қазақстан облысының техникалық, кәсіптік және жоғары оқу орындарында оқитын, «Бөбек» Қорының қайырымдылық материалдық көмегін алатын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйлері мен интернаттық ұйымдарының түлектерінің саны жыл сайын көбеюде, 2007-2008 оқу жылында ол 300 адамды, ал ағымдағы оқу жылы 560 оқушыны (студентті) құрады. 
 
2009-2010 оқу жылының басында «Бөбек» Қорының ҚМК алушылар саны 578 оқушыны (студентті) құрады, ал 2010 жылғы наурыздан бастап 7 оқушының Астана қаласындағы № 6 КЛ ауысуына байланысты 571 адамды құрады.  
 
2 оқу жылы ішінде (2008-2010 жж.) «Бөбек» Қорының ҚМК тоқсан сайын 9000 теңге сомасында төленген. 2010 жылғы 28 маусымнан департаментпен «Бөбек» Қорымен қосымша келісімге қол қойылған болатын, оған сәйкес «Бөбек» Қорының ҚМК тоқсан сайынғы көлемі 2010 жылғы маусым-тамыз кезеңінде көмекті алушы 571 оқушыға (студентке) 15 (он бес) мың теңгеге дейін (айына бес мыңнан) көбейді.  
 
Сонымен, соңғы 4 оқу жылында «Бөбек» Қорының ҚМК төлеумен 58 млн. 470 мың теңге сомасында балалар үйінің 1700 астам түлектері қамтылды.


Информация о работе Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту