Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 14:15, реферат
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса берілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Агенттік Басқармасының»Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 408 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3991 тіркелген).
2.
Мынадай қаржы құралдарына салынатын
инвестициялардың жиынтық көлемі әрбір
қордың зейнетақы активтерінің 5 %-нан
аспауы тиіс
1. | Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған, қор биржасының ресми тізіміндегі «рейтинг бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» шағын санаты бойынша енгізілген борыштық бағалы қағаздар, инфрақұрылымдық облигацияларды қоспағанда; | | |
2. | Басқарушы компаниясы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық пай инвестициялық қорларының пайлары. | ||
3. | Базалық активтері Standard & Poor's агенттігінің «ВВ-»ден төмен халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар қаржы құралдары болып табылатын фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар | ||
4. | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келетін жылжымайтын мүлік қорларының акциялары |
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару
жөніндегі қызметті жүзеге асыру
ережесіне 1-1-қосымша
Консервативті инвестициялық портфельдің
зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат берілген
қаржы
құралдарының тізбесі
№ | Қаржы құралдарының атауы |
1. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда), сондай-ақ мемлекет кепілімен шығарған бағалы қағаздар. |
2. | Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар. |
3. | Ұлттық басқарушы холдинг шығарған борыштық бағалы қағаздар. |
4. | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар. |
5. | Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар
мынадай талаптардың біріне сәйкес келген
жағдайда:
1) банктердің халықаралық шәкіл бойынша «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-» төмен емес рейтинг бағасы бар болса; 2) банктер «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес сабақтас банктің еншілес резидент банктері болып табылса; 3) банктер кор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторындағы бірінші санатқа енгізілген эмитент банктер болып табылса. |
6. | «Standard & Poor's»
агенттігінің «ВВВ-» төмен емес халықаралық
рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингі бар халықаралық
қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы
қағаздар, мына халықаралық қаржы ұйымдары
шығарған:
Халықаралық қайта құру және даму банкі; Еуропа қайта құру және даму банкi; Америка аралық даму банкі; Халықаралық есеп-айырысу банкі; Азия даму банкі; Африка даму банкі; Халықаралық қаржы корпорациясы; Ислам даму банкі; Еуропа инвестициялық банкі; Еуразиялық даму банкі. |
7. | «Standard & Poor's» агенттігінің «А-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар. |
8. | «Standard & Poor's» агенттігінің «А-»-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар. |
9. | Қазақстан Республикасының
және басқа мемлекеттердің заңнамасына
сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары
шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары:
1) «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-» ден төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе «Standard & Poor's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-» төмен емес рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар; 2) қор биржасының ресми тізіміндегі «бірінші санатшаның рейтинг бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатшасына енгізілген борыштық бағалы қағаздар. |
10. | Лондонның қымбат металдар рыногы қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін және «Лондондық сапалы жеткізу» стандарты ретінде («London good delivery») осы қауымдастықтың құжаттарында белгіленген тазартылған қымбат металдар және он екі айдан астам емес мерзімге салынған металл депозиттері, оның ішінде «Standard & Poor's» агенттігінің «АА» ден төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктеріндегі. |
11. | «Standard & Poor's» агенттігінің «АА-» төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттігінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің қолма-қол шетел валютасы. |
Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру
ережесіне 1-2-қосымша
Орташа инвестициялық портфельдің
зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат берілген
қаржы
құралдарының тізбесі
1.
Ұйым (Қор) жеке әр Қордың орташа инвестициялық
портфельінің инвестициялық басқаруындағы
зейнетақы активтерін орналастыруларына
болатын қаржы құралдарының тізбесі және
оларға қойылатын талаптар
№ | Қаржы құралдарының атауы |
1. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда), сондай-ақ мемлекет кепілімен шығарған бағалы қағаздар. |
2. | Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар. |
3. | Ұлттық басқарушы холдинг шығарған борыштық бағалы қағаздар. |
4. | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар. |
5. | Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар
мынадай талаптардың біріне сәйкес келген
жағдайда:
1) банктердің халықаралық шәкіл бойынша «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-» төмен емес рейтинг бағасы бар болса; 2) банктер «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес сабақтас банктің еншілес резидент банктері болып табылса; 3) банктер кор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторындағы бірінші санатқа енгізілген эмитент банктер болып табылса. |
6. | «Standard & Poor's»
агенттігінің «ВВВ-» төмен емес халықаралық
рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингі бар халықаралық
қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы
қағаздар, мына халықаралық қаржы ұйымдары
шығарған:
Халықаралық қайта құру және даму банкі; Еуропа қайта құру және даму банкi; Америка аралық даму банкі; Халықаралық есеп-айырысу банкі; Азия даму банкі; Африка даму банкі; Халықаралық қаржы корпорациясы; Ислам даму банкі; Еуропа инвестициялық банкі; Еуразиялық даму банкі. |
7. | «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ-» төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар. |
8. | Шетел ұйымдары
шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
«Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар; «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ-»-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары; қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген, Қазақстан Республикасы резиденті болып табылатын шетел ұйымдарының акциялары. |
9. | «Standard & Poor's principal stability fund ratings» «BBBm-»-тен төмен емес не «Standard & Poor's Fund credit quality ratings» «BBBf-» төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары. |
10. | Қазақстан Республикасының
және басқа мемлекеттердің заңнамасына
сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары
шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
1) «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»ден төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе «Standard & Poor's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар ұйымдардың акциялары; 2) қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші немесе екінші санатына енгізілген ұйымдардың акциялары; 3) «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі «В-» тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzВ-» төмен емес рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар; 4) қор биржасының ресми тізіміндегі «рейтинг бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар; 5) Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары; 6) басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген аралық инвестициялық пай қорларының пайлары. |
11. | Лондонның қымбат металдар рыногы қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін және «Лондондық сапалы жеткізу» стандарты ретінде ("London good delivery") осы қауымдастықтың құжаттарында белгіленген тазартылған қымбат металдар және 12 айдан астам емес мерзімге металл депозиттері, оның ішінде, «Standard & Poor's агенттігінің» «АА» дан төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар резидент емес банктердегі. |
12. | «Standard & Poor's» агенттігінің «BBB-» төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған Principal protected notes және олар бойынша негізгі борыш сомасын толық қайтару жөніндегі эмитенттің кепілдемесі белгіленген. |
13. | Депозитарлық қолхаттар
осы тізбеде көрсетілген базалық активтері
акциялар болып табылатын депозитарлық
қолхаттар, базалық активтері болып зейнетақы
активтері есебінен сатып алуға рұқсат
етілген қаржы құралдары табылатын фьючерстер,
опциондар, своптар, форвардтар;
шетел валютасы; мынадай есеп айырысу көрсеткіштері (индекстер): 1) MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index); 2) DAX (Deutscher Aktienindex); 3. CAC40 (Compagniedes Agentsde Change 40 Index); 4. NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index); 5. TOPIX (Tokyo Price Index); 6. HSI (Hang Seng Index); 7. ENXT 100 (Euronext 100); 8. RTSI (Russian Trade System Index); 9. DJIA (Dow Jones Industrial Average); 10. S&P 500 (Standardand & Poor's 500 Index); 11. FT-SE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index); 12. KASE (Kazahstan Stock Ехсhange); 13. MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index). |
14. | «Standard & Poor's» агенттігінің «BBB-» төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттігінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валютасындағы қолма-қол валютасы. |
2.
Мынадай қаржы құралдарына салынатын
инвестициялардың жиынтық көлемі орташа
инвестициялық портфельдің зейнетақы
активтерінің 5%-нан аспауы тиіс:
1. | Инфрақұрылымдық облигацияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған, қор биржасының ресми тізіміндегі «екінші шағын санатының рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» шағын санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар. |
2. | Басқарушы компаниясы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық инвестициялық пай қорларының пайлары. |
3. | Базалық активтері болып «Standard & Poor's агенттігінің» халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-» төмен рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар қаржы құралдары табылатын фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар. |
Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыру ережесіне
1-3-қосымша
Агрессивті инвестициялық портфельдің
есебінен сатып алуға рұқсат берілген
қаржы
құралдарының тізбесі
№ | Қаржы құралдарының атауы | |
1. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда), сондай-ақ мемлекет кепілімен шығарған бағалы қағаздар. | |
2. | Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар. | |
3. | Ұлттық басқарушы холдинг шығарған борыштық бағалы қағаздар. | |
4. | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар. | |
5. | Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар
мынадай талаптардың біріне сәйкес келген
жағдайда:
1) банктердің халықаралық шәкіл бойынша «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-» төмен емес рейтинг бағасы бар болса; 2) банктер «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес сабақтас банктің еншілес резидент банктері болып табылса; 3) банктер кор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторындағы бірінші санатқа енгізілген эмитент банктер болып табылса. |
|
6. | «Standard & Poor's»
агенттігінің «ВВВ-» төмен емес халықаралық
рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингі бар халықаралық
қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы
қағаздар, мына халықаралық қаржы ұйымдары
шығарған:
Халықаралық қайта құру және даму банкі; Еуропа қайта құру және даму банкi; Америка аралық даму банкі; Халықаралық есеп-айырысу банкі; Азия даму банкі; Африка даму банкі; Халықаралық қаржы корпорациясы; Ислам даму банкі; Еуропа инвестициялық банкі; Еуразиялық даму банкі. |
|
7. | «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ-» төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар. | |
8. | Шетел ұйымдары
шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
1) «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ-» ден төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар; 2) «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ-» ден төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары; 3) қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген, Қазақстан Республикасы резиденті болып табылатын шетел ұйымдарының акциялары. |
|
9. | «Standard & Poor's principal stability fund ratings» «BBBm-»-тен төмен емес не «Standard & Poor's Fund credit quality ratings» «BBBf-» төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары. | |
10. | Қазақстан Республикасының
және басқа мемлекеттердің заңнамасына
сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары
шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:
1) «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»ден төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе «Standard & Poor's» агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар ұйымдардың акциялары; 2) қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші, екінші немесе үшінші санатына енгізілген ұйымдардың акциялары; 3) «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі «В-» төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzВ-» төмен емес рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар; 4) қор биржасының ресми тізіміндегі «рейтинг бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар; 5) Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары; 6) басқарушы компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген аралық инвестициялық пай қорларының пайлары. |
|
11. | Лондонның қымбат металдар рыногы қауымдастығы (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін және «Лондондық сапалы жеткізу» стандарты ретінде («London good delivery») осы қауымдастықтың құжаттарында белгіленген тазартылған қымбат металдар және 12 айдан астам емес мерзімге металл депозиттері, оның ішінде, «Standard & Poor's агенттігінің» «АА» дан төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар резидент емес банктердегі. | |
12. | «Standard & Poor's» агенттігінің «BB-» төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған Principal protected notes және олар бойынша негізгі борыш сомасын толық қайтару жөніндегі эмитенттің кепілдемесі белгіленген. | |
13. | Депозитарлық қолхаттар
осы тізбеде көрсетілген базалық активтері
акциялар болып табылатын депозитарлық
қолхаттар, базалық активтері болып зейнетақы
активтері есебінен сатып алуға рұқсат
етілген қаржы құралдары табылатын фьючерстер,
опциондар, своптар, форвардтар;
шетел валютасы; мынадай есеп айырысу көрсеткіштері (индекстер): 1) MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index); 2) DAX (Deutscher Aktienindex); 3. CAC40 (Compagniedes Agentsde Change 40 Index); 4. NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index); 5. TOPIX (Tokyo Price Index); 6. HSI (Hang Seng Index); 7. ENXT 100 (Euronext 100); 8. RTSI (Russian Trade System Index); 9. DJIA (Dow Jones Industrial Average); 10. S&P 500 (Standardand & Poor's 500 Index); 11. FT-SE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index); 12. KASE (Kazahstan Stock Ехсhange); 13. MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index) |
|
14. | Базалық активтері болып «Standard & Poor's агенттігінің» халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-» төмен рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар қаржы құралдары табылатын фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар. | |
15. | «Standard & Poor's» агенттігінің «BBB-» төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттігінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валютасындағы қолма-қол валютасы. | |
Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыру ережесінің 2-қосымшасы
Тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыруға
қойылатын
талаптар
№ | Талаптардың атауы | Қосымша талаптар |
1. | Директорлар кеңесі ұзақ мерзімді корпоративтік стратегияны, инвестициялық саясатты және инвестициялық стратегияны қалыптастырды | Ұйымның (Қордың)
корпоративтік стратегиясында Ұйым (Қор)
қызметінің қысқа мерзімді (бір жылға
дейін) және ұзақ мерзімді (бір жылдан
он жылға дейін) мақсаттары айқындалды;
Ұйымның (Қордың) ұзақ мерзімді стратегиясы жасалған және Ұйым (Қор) қызметіне бұрын жағымсыз әсер еткен факторларды алып тастау мақсатында үнемі жетілдіріліп отырады. Инвестициялық саясат жылына/үш жылда бір реттен кем емес әзірленеді. Инвестициялық стратегия тоқсан сайын әзірленеді және оған мыналар кіреді: қаржылық талдау нәтижелері, болжамдық мәндер, күтілетін макро және микро-экономикалық көрсеткіштер, ұсынымдылық сипаттағы инвестициялау стратегиясын қалыптастыру. |
2. | Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін ішкі құжаттарды бекітеді | Директорлар кеңесі
Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін ішкі
құжаттарды бекітеді, оның ішінде:
Ұйымның (Қордың) мүдделерінің дауларын реттеу жөніндегі тәртіп; Функциясы тәуекелдерді басқару рәсімдерін орындауды көздейтін қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын; тәуекелдерді басқару рәсімдерін; ішкі аудит жөніндегі тәртіпті; ішкі бақылау жөніндегі тәртіпті; есепке алу саясатын; ақпараттық қауіпсіздік тәртібін; инвестициялық саясатты; инвестициялық қызметті реттейтін ішкі құжаттарды. |
3. | Директорлар кеңесі ішкі аудитті өткізу тәртібін бекітеді | Ішкі аудит жөніндегі
құжаттар ішкі аудит қызметінің әрбір
тексерудің қорытындыларын директорлар
кеңесімен Ұйымның (Қордың) басқармасына
ұсынудың оңтайлы мерзімдерін көздейді.
Ішкі аудит қызметінің өкілеттілігі бөлімше үшін орындауы міндетті болып табылатын жасалған тексерулер қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірлеуді көздейді, сонымен қатар оларды жүзеге асыру тәсілдерімен талаптарын тікелей бөлімшелер белгілейді. Ұйымның (Қордың) бөлімшелері ішкі аудит қорытындысы бойынша қабылданған іс-шараларды және оларды оңтайлы орындау мақсатында жүргізген және жоспарлаған мониторингті жүзеге асырады. Ішкі аудит қызметі жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауға байланысты, қаржылық қызметтің жаңа түрлерін енгізу кезінде жинақтаушы зейнетақы қорында қосымша маңызды тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігіне баға береді. Басқарма әрбір тексеру қорытындысы бойынша ішкі аудит қызметінің есебіне талдау жасайды және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау үшін Директорлар кеңесіне ұсыныстар береді. |
4. | Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) қызметіне ішкі аудит қызметі, басқару есептілігі, сондай-ақ сыртқы аудиторлардың аудиторлық есебі ұсынған есептер арқылы мониторинг жүргізеді | Ішкі аудит қызметі
Ұйымның (Қордың) ішкі ережелері мен рәсімдерінің
сақтауына бақылауды жүзеге асырады және
ішкі және сыртқы аудиторлардың есептерін,
уәкілетті органның ықпал ету шараларын
және өзге талаптарын орындайды.
Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) қаржылық жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін тиісінше ақпаратты қажетінше алады, ағымдағы қаржы жылына Ұйымның (Қордың) жоспарлаған қызметінің мән-мақсатына жетуі бойынша Ұйымның (Қордың) қызметіне талдау жасайды және баға береді. Директорлар кеңесі ішкі бақылауды және тәуекелдерді басқаруды жақсарту жөніндегі сыртқы аудиторлардың аудиторлық есебін талдайды. |
5. | Директорлар кеңесі жыл сайын Ұйымның (Қордың) басқармасының қызметіне бақылауды жүзеге асырады. | Директорлар кеңесі
басқарманың Ұйымның (Қордың) ағымдағы
қаржы жылына жоспарланған қызметінің
орындалуына талдау жасайды.
Директорлар кеңесі уәкілетті органның ықпал ету шараларымен өзге де талаптарының, оның ішінде Ұйымның (Қордың) қызметіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалмау себептерін анықтай отырып бақылау жүргізеді. Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінің функционалды міндеттеріндегі мүдделерге байланысты болуы ықтималдауларға талдау жасайды. Директорлар кеңесі егер Ұйымның (Қордың) қызметінің нәтижесі ағымдағы жылдың мақсатты көрсеткіштерімен сәйкес келмеген жағдайда өз өкілеттігі шегінде Ұйымның (Қордың) басқармасының мүшелеріне шара қолдануы мүмкін. |
6. | Директорлар кеңесі қысқа мерзімді кезеңге жасалған жылдық бюджет/қаржылық жоспар жасау тәртібін және ұзақ мерзімді кезеңге стратегиялық жоспарлауды және басқару есептілігін ұсыну нысандарымен мерзімдерін бекітеді. | Жылдық бюджеттермен
стратегиялық жоспарларды құрастыруды
басқарма ағымдағы және болашақ бәсекелестік,
экономикалық ортаны және нормативтік
құқықтық базаны, Ұйым (Қор) капиталының
қосымша қажетті мөлшерін ескере отырып,
құрастырады.
Басқарма Ұйымның (Қордың) директорларымен акционерлеріне Ұйымның (Қордың) қызметі туралы қаржылық және басқару есептілігі туралы ұсынады. |
7. | Директорлар кеңесі жиі-жиі Ұйымның (Қордың) қаржылық жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін қажетті ақпаратты алып отырады, есепті кезең ішіндегі Ұйымның (Қордың) қызметіне талдау жасайды және баға береді. | Директорлар кеңесі
ай сайын талдау үшін мынадай есептерді
алады:
Ұйымның (Қордың) өткен жылдың осы кезеңі мен салыстырғандағы кірістері мен шығыстары туралы жиынтық балансы және есебі, жоспарланған қызмет көрсеткіштері; инвестициялар туралы есептер: қаржы құралдарының олардың түрлерін және баланстық құнын, рыноктық құнын, кірістілігін және сатып алу мен сатудың жалпы сомасын көрсету бойынша топталуы; Директорлар кеңесі тоқсан сайын талдау жасау үшін мынадай есептерді алады: жинақтаушы зейнетақы қорының (гэп-талдау) активтермен міндеттемелерінің көлемін салыстыру туралы есебі; Ұйымның (Қордың) проценттік тәуекел бойынша позициясын қысқаша талдау; Ұйымның (Қордың) валюталардың айырбас бағамдарының ауытқуы тәуекеліне душар болуын қысқаша талдау; Ұйымның (Қордың) меншікті капиталындағы ағымдағы және болжалданып отырған қажеттіліктерін қысқаша талдау. |
8. | Басқарма Ұйымның
(Қордың) басқармасының ұйымдастыру-функционалдық
құрылымының қалыптасу рәсімдерін белгілейді.
|
Ұйымның (Қордың)
ұйымдастыру-функционалдық құрылымының
мәселелері бойынша ішкі құжаттар мыналарды
реттейді, оның ішінде:
Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің немесе Ұйымның (Қордың) жүргізіп отырған операцияларына байланысты негізгі тәуекелдерді талдауға және тәуелсіз бағаға жауап беретін тәуекелдерді басқарушы тұлғаның өкілеттігі мен міндеттері; функционалды міндеттері бойынша сәйкес келетін Ұйымның (Қордың) басқару органдарының құрылымы; Ұйымның (Қордың) әрбір басшы қызметкерінің лауазымдық міндеттері және өкілеттігі; есепті жыл ішінде Ұйымның (Қордың) құрылымдық бөлімше басшыларының қызметіне баға беру тәртібі, оның ішінде Ұйымның (Қордың) қызметіндегі мақсатты көрсеткіштерін Ұйымның (Қордың) орындамағаны үшін шара қолдану немесе жауапкершілікке тарту. |
9. | Басқарма Ұйымның (Қордың) жүргізген әлеуеттік және ықтимал тәуекелдерді бірегейлендіреді және бағалайды, тәуекелдерді басқарудың реттелген рәсімдерін қолданады. | Ұйымның (Қордың)
тәуекелдерді басқару функциясын жүзеге
асыратын бөлімшесі қаржы құралдарының
сыртқы және ішкі рыноктарының теріс серпінділігі
жағдайында оның зейнетақы активтеріне,
кірістілікке және өтімділік ықпалына
баға беру әдісін пайдаланады.
Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқару функциясын жүзеге асыратын бөлімшесі әлуетті және ықтимал тәуекелді беретін ішкі және сыртқы экономикалық факторларды бірегейлендіреді және оған талдау жасайды, олардың Ұйымның (Қордың) қаржылық көрсеткіштеріне әсер ету дәрежесіне баға береді. Директорлар кеңесі бекіткен жиынтық лимиттер бөлігінде басқарма жеке-жеке жүргізіліп отырған операциялар түрлері бойынша тәуекелдің жол берілетін мөлшеріне лимиттер белгілейді, Ұйымның (Қордың) аталған лимиттерді сақтауы үшін бақылаудың тиімді шараларын қабылдайды. |
10. | Басқарма Ұйымның (Қордың) ықтимал және әлуетті тәуекелдерін бақылауды жүзеге асырады. | Басқарма жиынтық
лимиттердің сақталуын тәуекел түрлері
бойынша олардың ай сайынғы есебі негізінде
бақылайды.
Басқарма ықтимал және әлуетті тәуекелдерді басқарудағы саясатты Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің сақтауын бақылайды, Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің олар үшін белгіленген лимиттер шегіндегі тәуекелдер мөлшерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады. |
11. | Ұйымда (Қорда) бағалы қағаздар рыногындағы болуы мүмкін тәуекелдерді әртараптандыру (бөлу) саясаты бар. | Басқарма жүргізіп
отырған операциялар түрлері бойынша
тәуекелдерді бөлу, яғни меншікті капиталдың
жеткіліктілігі мен төлем қабілетінің
қажетті деңгейін сақтау мақсатындағы
тәуекелді ескеріп, қаржы құралдары мен
жүргізілген операциялардың құрылымы
мен көлемін қалыптастыру саясатын қолданады
және оларды Ұйымның (Қордың) жауапты бөлімшелерінің
орындауына бақылау жасайды.
Ұйым (Қор) әртараптандыру саясатын іске асыруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген әр тараптандыру нормаларын сақтайтын мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұйымдастыру-функционалдық және операциялық құрылымы бар. |
12. | Ұйымның (Қордың) ұйымдастыру және функционалды құрылымы, Ұйымның (Қордың) қаржылық қызметі бойынша шешімдер қабылдау рәсімдері Ұйымның (Қордың) ішкі саясатымен реттеледі. | Тәуекелдерді басқару
саясаты:
Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінің өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін реттейтін ережелерді, оның ішінде қаржы құралдарын сатып алу/сату жөніндегі операцияларды жасаудың дұрыстығына қосарлы бақылау жасауды көздейді және соған байланысты тәуекелдерді бақылауды көздейді. Ішкі аудит қызметі басшы қызметкерлердің Ұйымның (Қордың) қызметін басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функциясын топтауды анықтауға, сондай-ақ жүргізілген операциялардың Ұйымның (Қордың) бекітілген корпоративті стратегиясына, саясатына және рәсімдеріне сәйкес келу мәніне тексеру жүргізеді. Тәуекелдерді басқару жөніндегі саясат Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесінің, басқарма мүшелерінің және жауапты қызметкерлердің тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін анықтайды. |
13. | Ұйымда (Қорда) кезең-кезеңімен директорлар кеңесіне, басқармаға Ұйымның (Қордың) ағымдағы қаржылық қызметі туралы және Ұйымның (Қордың) қабылдаған тәуекелдер мөлшері туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін басқарудың есеп және есеп беру жүйесі бар | Ұйымның (Қордың)
ағымдағы қаржылық жай-күйі туралы ақпараттар
форматы және ол қабылдаған тәуекелдер
белгілі бір басқарудың есеп беру нысаны
түрінде стандартталған, оның ішінде кредиттік,
проценттік тәуекелдерді, өтімділікті
жоғалту тәуекелін, валюталық, ел (трансферттік)
тәуекелдерін, сондай-ақ тәуекелдерге
душар болу дәрежесін анықтайды, олардың
белгіленген лимиттер шегінде сақталуын
бірегейлендіреді және өлшем жасайды.
Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесіне және басқармасына ұсынылатын басқарушылық ақпарат тізбесі Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесімен басқармасының тәуекелдерді басқару жөніндегі жеке функционалдық міндеттерін тиісінше орындауы үшін жеткілікті болып табылады. |
14. | Ұйымның (Қордың) тәуекелді басқару жөніндегі ішкі саясаты, оның ішінде функциясы тәуекелдерді басқару жөніндегі рәсімдерді орындауды көздейтін қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары белгіленеді. | Ұйымның (Қордың) бөлімшесінің тәуекелді басқару жөніндегі және ішкі аудит қызметінің қызметкерінің функционалдық міндеттері олар жүргізіп отырған операцияларға сәйкес келеді. |
15. | Директорлар кеңесі салымшылар (алушылар) активтерімен, жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алу, инвестиция саясатымен, хеджирлеу әдістерін пайдалану саясаты мен жұмысты ұйымдастыруды реттейтін ішкі саясатты бекітеді. | Ұйымның (Қордың)
зейнетақы активтері мен жұмыс жөніндегі
саясатына мыналар жатады:
салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына қаражаттың, төлемдердің және жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының уақтылы түсуінің есебін алу шынайылығын қамтамасыз ететін рәсімдер; салымшылардың (алушылардың) зейнетақымен қамсыздандыру шарты бойынша шағымдарын белгіленген мерзімде қарауға кепілдік беретін рәсімдер, жинақталған зейнетақы қаражатын аудару сәтіндегі немесе төлем жасау сәтінде жоғалтуларды уақтылы қалпына келтіру; зейнетақы активтерін есепке алу сәйкестігі мониторингін қамтамасыз ету және зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сай уақтылы инвестициялау рәсімдері; қордың комиссиялық сыйақысын есепке алу және төлем жасау дұрыстығын тексеру; мыналарды енгізетін инвестициялық саясатты: зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі; зейнетақы активтерін қатыстыра отырып мәмілелер жасау тәртібі және олардың жасалуына бақылауды жүзеге асыру; деректердің бүтіндігі мен ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге ішкі бақылау жасау тәртібі; инвестициялық шешімдер қабылдау рәсімдері, сондай-ақ инвестициялық шешімдер қабылдау үшін ұсынымдар беру; зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын хеджирлеу саясаты және рәсімдері; зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістерден алынатын Ұйымның (Қордың) комиссиялық сыйақысының мөлшері, сондай-ақ осы ақпараттың Ұйымның (Қордың) салымшыларына (алушыларына) берілу шарттары. |
16. | Ішкі аудит қызметі қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыратын Ұйымның (Қордың) бөлімшелеріне мерзімді түрде, бірақ жылына бір реттен кем емес ішкі аудиторлық тексеру жүргізеді, оның ішінде тәуекелді басқару жүйесін және ішкі бақылауды жақсарту мақсатында. | Ұйымның (Қордың)
ішкі аудит бойынша саясаты мыналарды
анықтайды:
Ұйымның (Қордың) ұшырауы ықтимал барлық тәуекелдерін; ішкі аудитті жүргізу ауқымын және жиілігін; ішкі аудитті жүргізу кезінде пайдаланылатын рейтингтік жүйені; Ұйымның (Қордың) ішкі аудит жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарын. Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес функциялары қаржы құралдарымен операциялар жүргізуді көздейтін Ұйымның (Қордың) барлық бөлімшелеріне тұрақты түрде ішкі тексерулер жүргізеді. Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес зейнетақы активтерінің есебінен жасалатын операцияларға, зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелерді жасау дұрыстығына және кастодиан банктермен және қорлармен салыстыруларды жүзеге асырудың, есепке алудың және құжат айналымының дұрыстығына тұрақты ішкі тексерулер жасайды. Ішкі аудит қызметі зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелерді есепке алу журналындағы ақпараттың шынайылығына тұрақты түрде тексеру жүргізеді. Ішкі аудит қызметінің қызметкері Ұйымның (Қордың) біліктілік талаптарына сәйкес келеді, сондай-ақ тексерулер жасалып отырған Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің қызметі туралы жұмыс тәжірибесі және қажетті білімі болады. Ұйымның (Қордың) ішкі саясаты бойынша ішкі аудит қызметі тексеріп отырған бөлімшенің қызметіне байланысты барлық қажетті, оның ішінде коммерциялық немесе өзгеде конфиденциалды құпия режимдегі құжаттарды қарау құқығы көзделеді. Ішкі аудит жөніндегі Ұйымның (Қордың) ішкі саясатымен олардың функционалды міндеттерін орындауы Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінен немесе басқа бөлімшелерден тәуелсіздігі және ішкі аудит қызметінің Директорлар кеңесіне есептілігі белгіленеді. Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) сыртқы аудиторы мен бірлесіп, жылына бір реттен кем емес ретпен Ұйымның (Қордың) ішкі бақылау жүйесіндегі ішкі немесе сыртқы аудитор анықтаған кемшіліктерді талқылау үшін бірлескен кездесулер өткізеді. |
17. | Басқарма және қаржы құралдары мен операцияларды жүзеге асыруға жауап беретін Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің басшылары Ұйымның (Қордың) ай сайынғы кірістер (шығыстар) мониторингін Директорлар кеңесі бекіткен лимит шегінде сақтау мақсатында жүргізеді. | Ішкі саясат бойынша
ай сайын Ұйымның (Қордың) кірістерін (шығыстарын),
оның ішінде серпінділігі, бөлігі бойынша,
қызмет түрлері бойынша, Ұйымның (Қордың)
аумақтық және функционалды бөлімшелерін
қадағалайтын Ұйымның (Қордың) бөлімшесі
белгіленген.
Ішкі саясат бойынша Директорлар кеңесі белгілеген жиынтық лимиттер шегіндегі бөлімшенің қызметіне байланысты кірістерді (шығыстарды) басқару жөніндегі Ұйымның (Қордың) бөлімшесінің өкілеттігі көзделген. Бөлімшелер Ұйымның (Қордың) күтілетін кірісіне қабылданып отырған тәуекелді ескере отырып баға береді. |
18. | Басқарма қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыруға жауапты Ұйымның (Қордың) бөлімшелері бойынша қаржы ресурстарын бөлу мониторингін Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесі белгілеп, жол берген лимитін сақтай отырып, оның ішінде тәуекелге және кірістілікке және Ұйымның (Қордың) тәуекелімен меншікті капиталына қатысты етіп жүргізеді. | Басқарма Ұйымның
(Қордың) меншікті капиталының Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес талап
етілетін барынша төмен деңгейге сай келуін
қамтамасыз етеді.
Басқарма Директорлар кеңесі белгілеген жиынтық лимиттер шегінде Ұйымның (Қордың) қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыратын әр бөлімшесі үшін тәуекел лимитін белгілейді. |
19. | Басқарма Ұйымның (Қордың) шарт жасау қатынастарын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын, зейнетақы активтері есебінен қаржы құралдарымен операциялар жүргізу жөніндегі ішкі саясатты сақтауға және жүргізуге бақылау жасайды. | Ішкі аудит қызметі
жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша
Ұйымның (Қордың) қызметкерлер құрамының
Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық
актілерін, халықаралық стандарттарды,
зейнетақымен қамсыздандыру аумағындағы
Қазақстан Республикасының заңнамаларын
білу деңгейін анықтайды.
Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауға байланысты, қаржылық қызметтің жаңа түрлерін енгізу кезінде Ұйымда (Қорда) қосымша маңызды тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігіне баға береді. |
20. | Басқарма Директорлар кеңесіне және Ұйымның (Қордың) акционерлеріне Ұйымның (Қордың) қызметі туралы қаржылық және басқару есебін, инвестициялық шешімдер бойынша есепті береді. | Директорлар кеңесі
Басқарманың Директорлар кеңесіне және
Ұйымның (Қордың) акционерлеріне Ұйымның
(Қордың) қаржылық көрсеткіштеріне баға
беру мүмкіндігін қамтамасыз ететін қаржылық
және басқару есебін ұсыну нысанымен мерзімін
бекітті.
Директорлар кеңесі тұрақты негізде инвестициялық шешімдерді және оларға ұсынымдарды талдап отырады. Директорлар кеңесі ішкі бақылауды жетілдіру және тәуекелдерді басқару жөніндегі сыртқы аудиторлардың қорытындыларына талдау жасайды. |
21. | Басқарма тұрақты түрде тәуелсіз халықаралық аудиторлық ұйымдардың қорытындылары негізінде Ұйымның (Қордың) есеп және есеп беру жүйесін жақсартуды жүзеге асырады. | Ұйымның (Қордың)
есеп және есеп беру саясаты, оның ішінде
Ұйымның (Қордың) аудит жүргізу барысында
мынадай мәселелерді тексеруді көздейді:
күнделікті балансты өңдеудің дұрыстығы; Ұйымның (Қордың) есеп саясатының қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес келуі; қаржылық есептердегі негізсіз бухгалтерлік айла-шарғы фактілерінің болуы; жеке және зейнетақы активтерінің есебінің дұрыстығы; Ұйымның (Қордың) есеп саясатында белгіленген талаптар бойынша есеп және есеп беруді жасау әдістерінің сәйкестігі; Ұйымның (Қордың) жылдық есебінде тәуекелдердің құрылымымен мөлшерін толық және дұрыс ашу. |
22. | Тәуекелдерді басқару бөлімшесі Ұйымның (Қордың) қызметіне мониторингті жүзеге асырады, тәуекелдерді бағалауды жүргізеді және тәуекелдер деңгейін төмендету бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады | Тәуекелдерді басқару
бөлімшесі:
тәуекелдерді талдауға және бағалауға қажетті ақпаратты жинау процесін ұйымдастырады; әдістемені әзірлейді және жетілдіреді, тәуекелдерді талдау және бағалау процесін ұйымдастырады; тәуекелдер деңгейін төмендету бойынша іс-шараларды жоспарлайды; тәуекелдерді басқару әдістерін әзірлейді, оның ішінде зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын хеджирлеу принциптерін; тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды. Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қызметкерлер құрамына қойылатын біліктілік талаптары тәуекелдерді басқару жөніндегі функционалды міндеттерін жүзеге асыру үшін тиісті біліктілігімен жұмыс тәжірибесінің болуын көздейді. Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі зейнетақы активтеріне ықпал ету бағасының әдістемесін қаржылық активтердің сыртқы және ішкі рыногында жағымсыз серпінділік орын алу барысында кірістілігі мен өтімділігі жағдайында пайдаланады. Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше мыналарға талдау жасайды: Ұйымның (Қордың) баланстық есептерін, сондай-ақ кірістер мен шығыстарды; өтімділіктің төмендеуі, қаржы құралдарына бағаның өзгеруі; Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше зейнетақы активтеріне мынадай факторлардың рентабелділігі мен өтімділігінің әсерін болжайды: елдік тәуекел; валюталық тәуекел; қаржы құралдарын мерзімінен бұрын өтеу тәуекелі; эмитент рейтингінің өзгеру тәуекелі; Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше стресс-тестингті жүргізеді және оның нәтижелерін рынокта қолайсыз факторлар көбейген кезде шұғыл іс-қимылдар жоспарында пайдаланады. |
Зейнетақы активтерін инвестициялық
басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыру ережесінің 3-қосымшасы
Қаржы құралдарымен операциялар жүргізуге
қойылатын
талаптар
№ | Талаптың атауы | Талаптардың критерииі |
1. | Директорлар кеңесі мәмілелерді басқарудың ішкі саясатын және баға тәуекелін бекітті. | Мәмілелерді басқарудың
ішкі саясаты мыналарды реттейді:
Ұйым (Қор) активтерінің (міндеттемелерінің) құрылымына байланысты өтімділік шығыны тәуекелін айқындауды; Ұйым (Қор) активтерінің (міндеттемелерінің) құрылымымен байланысты валюта тәуекелін айқындауды; туынды қаржы құралдарының операцияларына тән тәуекелдерді айқындауды; Ұйым (Қор) рыноктық тәуекелін өлшеу кезінде пайдаланылатын модельдерді; тәуекелдерді басқару бөлімшесінің директорлар кеңесімен басқармаға рынок тәуекелі бойынша Ұйымның (Қордың) позициялары туралы есепті ұсынуының кезеңділігін; қаржы рыногы жағдайымен байланысты баға тәуекелін айқындауды; тәуекелдердің басқа түрлерін айқындауды реттейді. |
2. | Инвестициялық талдау бөлімшесі өтімділік шығыны тәуекел, валюталық тәуекел мониторингін жүзеге асырады | Инвестициялық
талдау бөлімшесі:
активтерді және міндеттемелерді басқару мәселелерін қарастырады; тәуекелдерді басқару бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасайды; өтімділік шығыны тәуекелін, қаржы құралдарымен операциялар жөніндегі валюталық тәуекелдерді бақылайды; Ұйым (Қор) позициясы бойынша басқарманы және директорлар кеңесін Ұйымның (Қордың) өтімділіктің жоғалу тәуекелі бойынша, валюталық тәуекел бойынша, сатып алу/сату операцияларының түрлері және динамикасының позициялары бойынша хабардар етіп отырады; сатып алынатын қаржы құралдарының кірістілігінің жарамды деңгейі бойынша ұсынымдар береді. |
3. | Директорлар кеңесі фронт- және бэк-офистердің функционалды міндеттерін бөлуге негізделген, нақты айтқанда мәмілені жүзеге асыратын фронт-офиспен аталған операциялардың есебін көрсетумен айналысатын бэк-офис арасындағы қосарлы бақылау саясатын бекітті. | Қосарланған бақылау
жүйесі:
фронт- және бэк-офистерді бөлуді; бэк-офистің фронт-офистің операцияларының жай-күйін уақтылы тексеру мүмкіндігін; қосарланған бақылау жүйесі қатысушылар арасындағы ықтимал келісімдерді шектеу шараларын; тәуекелдер мониторингі мен кастодиан қызметін жүзеге асыратын фронтпен бэк-офистерде және бөлімшелердегі қызметтік міндеттерді бір ғана тұлғаның қатар орындауына тыйым салуды қарастырады. |
4. | Ұйымның (Қордың) автоматтандырылған жүйесі (қаржы құралдарының портфелін басқару, операцияларды қамтамасыз ету, шоттарды өңдеу және есеп айырысуларды жүргізу, тәуекелдерді басқару) бар | Ұйымда (Қорда)
мәмілелерді қамтамасыз етудің техникалық
жүйесі бар.
Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқаруға қажетті ақпаратты жинау жөніндегі жүйесі бар. Ұйым (Қор) ақша және қаржы құралдары бойынша есептеулерді жүргізу үшін техникалық жүйесі бар. Ішкі аудит және сыртқы аудиторлар қызметі Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқару бөлімшесіне бухгалтерлік есеп берумен есептілікті жүргізуге жауапты бөлімшелер ұсынған мәліметтердің нақтылығын тексереді. |
5. | Ұйым (Қор) нақты уақыт режимінде тәуекелдерді бақылауды қамтамасыз ететін қаржы құралдарымен операциялар жөніндегі тәуекелдерді басқару жүйесі бар | Ұйым (Қор) қаржы
құралдарымен операцияларды өңдеуді жүргізеді.
Ұйым (Қор) кірістерді/шығыстарды және баға тәуекеліне ұшырауға бейім активтермен міндеттемелерді қадағалайды және олардың құнына күн сайынғы бағалау жүргізеді. |
6. | Ұйым (Қор) жиі-жиі әлуетті рыноктық тәуекелді, сондай-ақ қаржы құралдарына ағымдағы рынок құнының бағасын ескерілген кірістер/шығыстарды бағалайды | Ұйымның (Қордың)
қаржы құралының рыноктық құнының болмаған
жағдайда қаржылық есеп беру жағдайында,
қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына
сәйкес осы қаржы құралының құнсыздануына
тест жүргізді.
Ұйым (Қор) әрбір операциялық күн ішінде қаржы құралдарымен жасалатын кірістерді/шығыстарды бағалауды тұрақты жүргізеді. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі Ұйымның (Қордың) қаржы құралдары бойынша әділ құнын айқындаудың дұрыстығына мониторинг жүзеге асырады. Ұйымның (Қордың) директорлар кеңесі баға тәуекелін ескере отырып қаржы құралдарының құнын айқындау рәсімдерін бекітті. Ұйым (Қор) қаржы құралының құнын бағалауды тәуекелді бағалау моделінің және ағымдағы бағаларды рыноктық бағаға келтіру негізінде жүргізеді, сонымен бірге стресс-тестинг (stress-testing) және бэк-тестинг (back-testing) өткізеді. Ұйым (Қор) тәуекелді бағалау нәтижелерін және қаржы құралдарымен операцияларды жасауға шешім қабылдау барысында тұрақты стресс-тестингтерді пайдаланады. |
7. | Директорлар кеңесі қаржы құралдары мен операциялар бойынша жиынтық лимитті белгіледі, басқарма-жекелеген қаржы құралдары бойынша лимиттерді, сондай-ақ "stop-loss" ережесі бойынша халықаралық практикада қабылданған лимиттерді белгіледі | Директорлар кеңесі
жиі-жиі жиынтық лимитті айқындайды.
Жұмыс күні ішінде мәмілелерді жүзеге асыратын Ұйымның (Қордың) бөлімшелері Ұйымның (Қордың) басқармасына қаржы құралдары бойынша Ұйымның (Қордың) позицияларын ұсынады. Директорлар кеңесі қаржы құралдары бойынша лимиттерді айқындау рәсімдерін және "stop-loss" лимиттерін анықтау ережесін белгілейді. |
8. | Басқарма әрбір қаржы құралдары бойынша тәуекелдерді басқару рәсімдерін бекітті. | Басқарма шетел
валюталарының әрбір түрлерімен барлық
валюталар бойынша спот, форвард, своп
операцияларының халықаралық практикасында
қабылданған позициялар бойынша лимиттерді
белгілейді;
Тәуекелдерді басқару бөлімшесі активтермен міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің күн сайынғы кестесін хеджирлеу құралдарын өтеу мерзімдерін басқару үшін пайдаланады. басқарма қаржы құралдары үшін "stор-loss" лимиттерінің диапазонын белгілейді; ішкі аудит қызметі "stор-loss" лимиттерін айқындау ережелерін банктің дұрыс қолдануын тексереді. |
9. | Директорлар кеңесі баға тәуекелі, оның ішінде қаржы құралдарына рынокпен қаржы рыногы өтімділігінің мөлшерін ескере отырып бөлу бойынша позицияны айқындау жөніндегі шешімдерді қабылдау саясатын бекітті. | Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдары бойынша лимиттердің теңбе-теңдігіне, яғни қаржы құралдарының рыногымен қаржы құралдары өтімділігінің ауқымымен динамикасына сәйкес талдау жүргізеді. |
10. | Директорлар кеңесі инвестициялық саясатты бекітті. | Директорлар кеңесі
инвестициялық саясатты бекітті, ол:
инвестициялау мақсатын, инвестициялау операцияларын, сондай-ақ инвестициялаудың жоспарларымен лимиттерін бекіту жөніндегі өкілеттіктерді; құпия ақпаратты пайдалану арқылы жүргізілетін операцияларға рұқсат бермеу мақсатында кредиттеу функцияларынан инвестициялық операциялар жүргізу функцияларын бөлу рәсімдерін; қаржы құралдарының түрлері, инвестициялық қызмет мақсаттары бойынша инвестициялық критерийлерді айқындайды. |
11. | Тәуекелдерді басқару бөлімшесі тоқсанына кемінде бір рет нәтижелері басқармаға тоқсанына кемінде бір рет, директорлар кеңесіне жарты жылда кемінде бір рет нәтижелері кезең-кезеңмен ұсынылатын, инвестициялардың көлемін талдайды. | Басқарма Ұйымның
(Қордың) инвестициялық операцияларының
күнделікті мониторингінің рәсімдерін
бекітті;
инвестициялар портфелі бойынша кірістер/шығыстар туралы есеп пен бірге мониторинг нәтижелері Ұйымның (Қордың) басқарма мен директорлар кеңесіне ай сайын ұсынылады; тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдарының, эмитенттің түрі, айналыс мерзімдері, валюта түрлері және инвестициялау мақсаттары бойынша банктің инвестициялық портфеліне мониторингті жүзеге асырады. |
12. | Басқарма инвестициялар портфелін құрылымдау рәсімдерін орта және ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық тиімділіктің тұрақты көрсеткіштерін ұстап тұратындай етіп бекітті. | Құрылымдау рәсімдері:
айына кемінде бір рет рыноктық құны бойынша инвестициялар портфеліне қайта бағалау жүргізуді; жарты жылда кемінде бір рет әрбір есепті кезең үшін қаражаттарды, кірістерді/шығыстарды тарту құнын ескере отырып, инвестициялардың қаржы нәтижелеріне бағалау жүргізуді қарастырады. |
13. | Директорлар кеңесі қаржы құралдарын сатып алу/сатудан болған шамадан тыс шығыстарды ескерту және көрсетілген саясатты банктің сақтауын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі саясатты бекітті. | Ұйым (Қор) олардың рыноктық құнының динамикасын ескере отырып, қаржы құралдары мен жасалған операциялардан болған кірістердің/шығыстардың өзгерістеріне талдау жүргізеді. |
14. | Функциясына зейнетақы
активтеріне қатысты инвестициялық шешімді
қабылдау кіретін инвестициялық кеңес/комитет
ақша ағыны кестесінің және активтермен
міндеттемелерді өтеу мерзімдері кестесінің
көмегімен тиісті ақшаларға бақылау жасайды
|
Функциясына зейнетақы
активтеріне қатысты инвестициялық шешімді
қабылдау жататын Инвестициялық кеңес/комитет
құрамына кем дегенде үш адам кіреді.
Осы кеңес/комитет құрамына тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше қызметкері кіруі тиіс. Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын Инвестициялық кеңес/комитет: Өтеу мерзімі бойынша кірістілік деңгейін, VАR үлгісі және басқа пайдаланылатын әдістемені ескере отырып, айқындалады: тәуекелдер көрсеткіштерінің мониторингін жүргізеді; ақша ағынының кестесін жасайды және таяудағы гэп-позиция өтімділігінің мониторингін жүргізеді; валюта бағамдарының өзгеруіне талдау жасау үшін қосымша жүйесі бар; валюта бағамдарының өзгеруіне сезімталдықты анықтау үшін валюта құралдары құнына бағалау жүргізілетін ашық валюта позициясымен модельдер талданады; қаржы құралдары мен операциялар бойынша шектен тыс шығыстарды болдырмау жөнінде шұғыл операцияларды, оның ішінде қаржы құралдары рыногында бағаның күрт өзгеруімен байланысты операцияларды айқындайды (stop-loss). |
15. | Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау кіретін бөлімше лимиттерді белгілеу арқылы қолма-қол ақша бойынша гэп-позицияны бақылайды | Басқарма өтімді
активтерді мобилизациялау мүмкіндігін
ескере отырып, жоғары өтімді активтер
бойынша гэп-позицияға лимиттерді белгілейді.
Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі тұрақты түрде Ұйымның (Қордың) өтімді активтерді мобилизациялау мүмкіндігін ескере отырып, қолма-қол ақша жөніндегі гэп-позициялар бойынша лимиттерге шолу жасайды |
16. | Ұйым (Қор) өтімділік
шығыны тәуекелін сондай-ақ бағалы қағаздарға
инвестициялау барысында кредиттік тәуекелді
ұстау қажеттілігін ескере отырып,
Күн сайынғы операцияларды жасайды |
Ұйым (Қор) тұрақты түрде шетел валютасындағы міндеттемелерді өтеуге қажетті шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыруға қабілеттілік мониторингін жүргізеді. |
17. | Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау кіретін бөлімшеде пайыздық тәуекелдерді бағалау үшін деректерді жинау және талдау жүйесі бар | Функциясына зейнетақы
активтеріне қатысты инвестициялық шешімді
қабылдау жататын бөлімше:
проценттік тәуекелді, проценттік тәуекелдің негізгі дерек көздеріне (өтеу мерзіміндегі айырмашылықтар, заем капиталы рыногының мөлшерлемелері, құрастырма опциондар) мониторинг жүргізеді. Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесі валюталық бағамды өзгертуін жан-жақты талдау үшін қосымша жүйесі бар. Директорлар кеңесі валюталық бағамның өзгеру талдамасына сәйкес валюталық позициялар бойынша шешімдерді қабылдау саясатын бекітті. |
18. | Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау кіретін бөлімше және тәуекелдерді басқару бөлімшесі Ұйымның (Қордың) капиталы мен кірістерімен салыстырғанда тәуекелдер сандық қатынаста шамадан тыс болған жағдайларда тәуекелдің төмендеуі бойынша шараларды қабылдайды. | Тәуекелдерді басқару
бөлімшесі:
әртүрлі талдама әдістерді пайдалану арқылы тәуекелдерді кешенді басқаруды; проценттік сезімталдықты бағалауды, тәуекел құнын бағалау жүргізетін гэпті талдауды, модельді талдауды; проценттік тәуекелді хеджирлеу рәсімдерін, оның ішінде туынды қаржы құралдарымен немесе басқа рыноктық операциялардың көмегімен жүргізеді. гэп бойынша лимиттерді және тәуекелдер бойынша меншікті капиталдың бірдейлігін ескере отырып, проценттік тәуекелді белгілейді. |
19. | Директорлар кеңесі валюта тәуекелінің сандық қатынаста меншікті капитал мен банк кірістерінің мөлшерінен асып түсетін жағдайларында тәуекелдің төмендеуі жөніндегі саясатты бекітті. | Тәуекелдерді басқару
бөлімшесі жарты жылда кемінде бір рет
стресс-тестинг жүргізеді және тәуекелді
қабылдау және тәуекелге бақылау кезінде
стратегиялық шешімдер қабылдауда олардың
нәтижелерін пайдаланады;
Ұйым (Қор) активтерді және міндеттемелерді басқару саясатына сәйкес туынды құралдармен немесе басқа рыноктық операциялар мен мәмілелердің көмегі арқылы валюта тәуекелін теңбе-тең және уақтылы хеджирлеу рәсімдерін пайдаланады; Директорлар кеңесі ашық валюта позициялары бойынша лимиттерді және валюталық нетто-позицияларды белгілейді. |