Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 14:15, реферат

Краткое описание

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса берілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Агенттік Басқармасының»Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 408 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3991 тіркелген).

Файлы: 1 файл

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге.doc

— 508.00 Кб (Скачать)
 

 

Зейнетақы активтерін инвестициялық

басқару жөніндегі қызметті жүзеге

асыру ережесінің 4-қосымшасы  

Ұйымның (Қордың) операциялық қызметін, ақпараттық

жүйелерін және басқарма ақпаратының жүйелерін

функциялауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар   

Талаптың атауы Талаптың критерииі
1. Басқарма банк қызметін көрсету және олардың бухгалтерлік есебінің операциялық техникасы бойынша рәсімдерді бекітті. Ішкі рәсімдер мыналарды реттейді:

Ұйымның (Қордың) операциялық қызметін басқаруды қамтамасыз ететін бөлімше;

бағалы қағаздар рыногында операцияларды жүргізудің техникалық тәртібі;

Ұйымның (Қордың) жүргізетін операцияларының бухгалтерлік есебі;

Ұйымның (Қордың) операцияларына және олардың есепке алынуына қосарлы бақылау;

Ұйымның (Қордың) құжат айналымына бақылау;

Ұйымның (Қордың) кастодиан банкке, жинақтаушы зейнетақы қорына берілетін ақпаратын бақылау және куәландыру, оның ішінде ұсынылған ақпараттың сәйкессіздігін анықтаған жағдайда іс-әрекетті куәландыру және реттеу рәсімдері;

ақпаратты беру кезінде тұлғалар жауапкершіліктерінің рәсімдері;

Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына жинақталған зейнетақы қаражаты есептеулерінің алгоритміне сәйкестігін тексеру рәсімдері, оның ішінде шартты бірлік құнының есеп айырысулары, шартты бірліктің саны.

2. Басқарма қаржы құралдарымен жасалған операцияларды есепке алудың дұрыс жүргізілмеуі және шынайы көрсетілмеу мүмкіндігін шектейтін рәсімдерді белгілейді. Ішкі аудит қызметі жарты жылда кемінде бір рет бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың есепке алу журналында сенімді және уақтылы көрсетілуі, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды жүргізудің операциялық техникасын олардың сақтауын бағалау мақсатында бөлімшелерге тексеру жүргізеді.
3. Басқарма Ұйымның (Қордың) операцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдерді бекітті. Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) операцияларын кірістермен операцияларды жүзеге асыру және Ұйымның (Қордың) меншікті капиталымен кіріс мөлшеріне тең емес тәуекелді қабылдау кезіндегі заңсыздық жағдайларын анықтау және алдын алу мақсатында тексереді.
4. Ұйымның (Қордың) деректерді электрондық өңдеу жүйелерін жоспарлау, әзірлеу және функциялау жөніндегі басқару мен ішкі ережелері бар. Ұйымның (Қордың) деректерді электрондық өңдеу жүйелерін жоспарлауға, әзірлеуге және функциялауға қатысты ережелерімен басшылықтары бар.
5. Ұйымның (Қордың) басқармасы электрондық өңдеу жүйесінің ішкі аудитінің рәсімдерін бекітті. Деректерді электрондық өңдеу жүйесін бақылауды жүзеге асыратын және деректерді өңдеу мәселелеріне жауап беретін Ұйым (Қор) қызметкерінің жұмыс профиліне сәйкес біліктілігі және тәжірибесі болады.

Тексерулерді ішкі аудит қызметі басқарма бекіткен тексеру жоспарларына сәйкес жүргізеді.

Ішкі аудит қызметі жүргізілген тексерулер нәтижелері туралы басқарма мен директорлар кеңесіне тұрақты хабарлайды.

Ұйымның (Қордың) жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не сақтандыру ұйымына уақтылы аударуын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық-техникалық құралдары бар.

6. Басқарма компьютерлік және телекоммуникациялық жүйеге рұқсатсыз қол жеткізудің алдын-алу бойынша саясатты бекітті. Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің автоматтандырылған жүйеге кіру және шығу кезінде рұқсаттың деңгейін тексеретін жүйесі бар.

Басқарма маңызды кілттерді, оның ішінде деректердің ақпараттық базасына электрондық кілттерді бақылау бойынша ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің рәсімдерін бекітті және жауапкершілігін белгіледі.

7. Басқарма деректер базасының ақпараттық жүйелерді сақтау, оның ішінде төтенше жағдайлар болған кезде қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлы іс-шараларды орындау рәсімдерін бекітті. Рәсімдер: дайындаушы жабдықтардың мынадай техникалық қызмет көрсетулерін қамтамасыз ететін сертификатталған бағдарламалық қамтамасыз етудің;

өрт қауіпсіздігі мен сейсмологиялық орнықтылықтың талаптарына жауап беретін деректердің ақпарат базасының техникалық кешендеріне арналған оқшау үй-жайлардың;

автономды электр қуатының;

резервтегі компьютерлер мен желілік коммуникациялардың міндетті түрде болуын қарастырады;

Ұйым (Қор) деректердің жүйелік-маңызды бағдарламалық файлдар мен файлдардың резервтік көшірмелерін тұрақты қалыптастырады.

8. Басқарма төтенше жағдайлар болған жағдайда жауапкершілікті және өкілеттілікті табыстау рәсімдерін бекітті. Төтенше жағдайлар рәсімдері компьютер орталығы үшін жүйе жұмысындағы төтенше іркілістер болған жағдайда ережелермен нұсқаулықтарды көздейді.
9. Басқарма зейнетақы активтерінің есебінен қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді есепке алу журналын жүргізу ережесін бекітті. Зейнетақы активтерінің есебінен жасалған қаржы құралдары мен жасалатын мәмілелердің есепке алу журналын жүргізу ережесі мыналар:

мәмілелерді есепке алу журналының саны мен атауы;

журналдарды толтыру тәртібі мен кезеңділігі;

зейнетақы активтерінің қатысуы мен жасалатын мәмілелердің жасауға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар тізбесі бар.

10 Басқарма деректердің және құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау саясатын бекітті. Деректердің және ақпараттың құпиялылығының сақталуын қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау саясаты мыналарды:

құпия санатына жатқызылатын ақпарат тізбесі;

құпия ақпараты бар құжаттарды тіркеу тәртібі, рәсімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау;

құпия ақпаратқа жіберілетін тұлғалардың лауазымдарын көрсете отырып, құпия ақпаратқа рұқсат беру тәртібін көздейді.

11 Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі проблемалардың қайтадан пайда болуын болдырмау мақсатында қауіпсіздік шараларын әзірлеу жөнінде кезек күттірмейтін шаралардың қолданылатынын ескере отырып, нақты жүйелік проблемаларға есеп жүргізеді. Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі техникалық проблемалар есебінің парақтарын толтырады және олар бойынша есеп жүргізеді.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі проблемалардың туу себептерін бақылайды, олар туралы ақпарат жүйесін дайындаушыларға хабарлайды және олардың қайталануын болдырмау үшін түзету шараларын қабылдайды.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі осындай проблемалардың сипатын үнемі талдайды.

12 Басқарма құпия ақпараттың жария болуын және ақпарат деректерінің бұрмалануын болдырмау жөніндегі рәсімдерді бекітті. Рәсімдер:

рұқсаты шектеулі ақпарат деректерінің тізбесін;

рұқсат алу тәртібін;

ақпарат деректеріне рұқсат алуды бақылау тәртібін;

ақпарат деректеріне рұқсаты бар тұлғалар тізбесін көздейді.

13 Басқарма құралдарды үнемі инспекциялау және жұмыс туралы есептерді тексеру арқылы іркілістердің алдын-алу жөніндегі ресімдерді бекітті. Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі кемінде тоқсанына бір рет деректердің автоматтандырылған базасын функциялауын қамтамасыз ететін техникалық кешендерге тексеру жүргізеді.

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына бір рет техникалық кешендердің жай-күйі туралы ақпаратты басқармаға ұсынады.

14. Басқарма деректердің автоматтандырылған базасын басқару терминалдарын рұқсатсыз пайдалануды болдырмау жөнінде рәсімдерді бекітті. Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі деректердің автоматтандырылған базасын басқару терминалдарын пайдаланудың мониторингін жүргізеді және сәйкестендіреді, оның ішінде олар жүргізген операциялардың түрлері мен көлемдерінің пайдаланушының функционалдық міндеттеріне сәйкестігін бақылайды.

Ұйымда (Қорда) пайдаланушының жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жүйесі бар.

 

   

Зейнетақы активтерін инвестициялық

басқару жөніндегі қызметті жүзеге

асыру ережесінің 5-қосымшасы  

Ұйымның (Қордың) орындауы үшін

міндетті талаптардың негізгі критерийлері   

Тәуекелді басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
1. Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін ішкі құжаттарды бекітеді, оның ішінде:

Ұйымның (Қордың) мүдделерінің дауларын реттеу жөніндегі тәртіп;

Функциясы тәуекелдерді басқару рәсімдерін орындауды көздейтін қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын;

тәуекелдерді басқару рәсімдерін;

ішкі аудит жөніндегі тәртіпті;

ішкі бақылау жөніндегі тәртіпті;

есепке алу саясатын;

ақпараттық қауіпсіздік тәртібін;

инвестициялық саясатты;

инвестициялық қызметті реттейтін ішкі құжаттарды.

2. Ішкі аудит жөніндегі құжаттар ішкі аудит қызметінің әрбір тексерудің қорытындыларын директорлар кеңесімен Ұйымның (Қордың) басқармасына ұсынудың оңтайлы мерзімдерін көздейді
3. Ішкі аудит қызметінің өкілеттілігі бөлімше үшін орындауы міндетті болып табылатын жасалған тексерулер қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірлеуді көздейді, сонымен қатар оларды жүзеге асыру тәсілдерімен талаптарын тікелей бөлімшелер белгілейді.
4. Ұйымның (Қордың) бөлімшелері ішкі аудит қорытындысы бойынша қабылданған іс-шараларды және оларды оңтайлы орындау мақсатында жүргізген және жоспарлаған мониторингті жүзеге асырады.
5. Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауға байланысты, қаржылық қызметтің жаңа түрлерін енгізу кезінде Ұйымның (Қордың) қосымша маңызды тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігіне баға береді.
6. Басқарма әрбір тексеру қорытындысы бойынша ішкі аудит қызметінің есебіне талдау жасайды және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау үшін Директорлар кеңесіне ұсыныстар береді
7. Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) ішкі ережелері мен рәсімдерінің сақтауына бақылауды жүзеге асырады және ішкі және сыртқы аудиторлардың есептерін, уәкілетті органның ықпал ету шараларын және өзге талаптарын орындайды.
8. Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) қаржылық жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін тиісінше ақпаратты қажетінше алады, ағымдағы қаржы жылына Ұйымның (Қордың) жоспарлаған қызметінің мән-мақсатына жетуі бойынша Ұйымның (Қордың) қызметіне талдау жасайды және баға береді.
9. Директорлар кеңесі ішкі бақылауды және тәуекелдерді басқаруды жақсарту жөніндегі сыртқы аудиторлардың аудиторлық есебін талдайды
10. Директорлар кеңесі басқарманың Ұйымның (Қордың) ағымдағы қаржы жылына жоспарланған қызметінің орындалуына талдау жасайды.
11. Директорлар кеңесі уәкілетті органның ықпал ету шаралары мен өзге де талаптарының, оның ішінде Ұйымның (Қордың) қызметіндегі кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалмау себептерін анықтай отырып бақылау жүргізеді.
12. Директорлар кеңесі Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінің функционалды міндеттеріндегі мүдделерге байланысты болуы ықтималдауларға талдау жасайды.
13. Директорлар кеңесі егер Ұйымның (Қордың) қызметінің нәтижесі ағымдағы жылдың мақсатты көрсеткіштерімен сәйкес келмеген жағдайда өз өкілеттігі шегінде Ұйымның (Қордың) басқармасының мүшелеріне шара қолдануы мүмкін.
14. Жылдық бюджеттермен стратегиялық жоспарларды құрастыруды басқарма ағымдағы және болашақ бәсекелестік, экономикалық ортаны және нормативтік құқықтық базаны, Ұйым (Қор) капиталының қосымша қажетті мөлшерін ескере отырып, құрастырады.
15. Басқарма Ұйымның (Қордың) директорлары мен акционерлеріне Ұйымның (Қордың) қызметі туралы қаржылық және басқару есептілігі туралы ұсынады.
16. Директорлар кеңесі ай сайын талдау үшін мынадай есептерді алады:

Ұйымның (Қордың) өткен жылдың осы кезеңі мен салыстырғандағы кірістері мен шығыстары туралы жиынтық балансы және есебі, жоспарланған қызмет көрсеткіштері;

инвестициялар туралы есептер:

қаржы құралдарының олардың түрлерін және баланстық құнын, рыноктық құнын, кірістілігін және сатып алу мен сатудың жалпы сомасын көрсету бойынша топталуы.

17. Директорлар кеңесі тоқсан сайын талдау жасау үшін мынадай есептерді алады:

жинақтаушы зейнетақы қорының (гэп-талдау) активтермен міндеттемелерінің көлемін салыстыру туралы есебі;

Ұйымның (Қордың) проценттік тәуекел бойынша позициясын қысқаша талдау;

Ұйымның (Қордың) валюталардың айырбас бағамдарының ауытқуы тәуекеліне душар болуын қысқаша талдау;

Ұйымның (Қордың) меншікті капиталындағы ағымдағы және болжалданып отырған қажеттіліктерін қысқаша талдау.

18. Ұйымның (Қордың) ұйымдастыру-функционалдық құрылымының мәселелері бойынша ішкі құжаттар мыналарды реттейді, оның ішінде:

Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің немесе Ұйымның (Қордың) жүргізіп отырған операцияларына байланысты негізгі тәуекелдерді талдауға және тәуелсіз бағаға жауап беретін тәуекелдерді басқарушы тұлғаның өкілеттігі мен міндеттері;

функционалды міндеттері бойынша сәйкес келетін Ұйымның (Қордың) басқару органдарының құрылымы;

Ұйымның (Қордың) әрбір басшы қызметкерінің лауазымдық міндеттері және өкілеттігі;

есепті жыл ішінде Ұйымның (Қордың) құрылымдық бөлімше басшыларының қызметіне баға беру тәртібі, оның ішінде Ұйымның (Қордың) қызметіндегі мақсатты көрсеткіштерін Ұйымның (Қордың) орындамағаны үшін шара қолдану немесе жауапкершілікке тарту.

19. Тәуекелдерді басқару саясаты:

Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінің өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін реттейтін ережелерді, оның ішінде қаржы құралдарын сатып алу/сату жөніндегі операцияларды жасаудың дұрыстығына қосарлы бақылау жасауды көздейді және соған байланысты тәуекелдерді бақылауды көздейді.

20. Ішкі аудит қызметі басшы қызметкерлердің Ұйымның (Қордың) қызметін басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функциясын топтауды анықтауға, сондай-ақ жүргізілген операциялардың Ұйымның (Қордың) бекітілген корпоративті стратегиясына, саясатына және рәсімдеріне сәйкес келу мәніне тексеру жүргізеді.
21. Тәуекелдерді басқару жөніндегі саясат Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесінің, басқарма мүшелерінің және жауапты қызметкерлердің тәуекелдерді басқару жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін анықтайды.
22. Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесіне және басқармасына ұсынылатын басқарушылық ақпарат тізбесі Ұйымның (Қордың) Директорлар кеңесімен басқармасының тәуекелдерді басқару жөніндегі жеке функционалдық міндеттерін тиісінше орындауы үшін жеткілікті болып табылады.
23. Ұйымның (Қордың) бөлімшесінің тәуекелді басқару жөніндегі және ішкі аудит қызметінің қызметкерінің функционалдық міндеттері олар жүргізіп отырған операцияларға сәйкес келеді.
24. Ұйымның (Қордың) зейнетақы активтерімен жұмыс жөніндегі саясатына мыналар жатады:

салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына қаражаттың, төлемдердің және жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының уақтылы түсуінің есебін алу шынайылығын қамтамасыз ететін рәсімдер;

салымшылардың (алушылардың) зейнетақымен қамсыздандыру шарты бойынша шағымдарын белгіленген мерзімде қарауға кепілдік беретін рәсімдер, жинақталған зейнетақы қаражатын аудару сәтіндегі немесе төлем жасау сәтінде жоғалтуларды уақтылы қалпына келтіру;

зейнетақы активтерін есепке алу сәйкестігі мониторингін қамтамасыз ету және зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сай уақтылы инвестициялау рәсімдері;

қордың комиссиялық сый ақысын есепке алу және төлем жасау дұрыстығын тексеру;

мыналарды енгізетін инвестициялық саясатты:

зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер қабылдау тәртібі;

зейнетақы активтерін қатыстыра отырып мәмілелер жасау тәртібі және олардың жасалуына бақылауды жүзеге асыру;

деректердің бүтіндігімен ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге ішкі бақылау жасау тәртібі;

инвестициялық шешімдер қабылдау рәсімдері, сондай-ақ инвестициялық шешімдер қабылдау үшін ұсынымдар беру;

зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын хеджирлеу саясаты және рәсімдері;

зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістерден алынатын Ұйымның (Қордың) комиссиялық сыйақысының мөлшері, сондай-ақ осы ақпараттың Ұйымның (Қордың) салымшыларына (алушыларына) берілу шарттары.

25. Ұйымның (Қордың) ішкі аудит бойынша саясаты мыналарды анықтайды:

Ұйымның (Қордың) ұшырауы ықтимал барлық тәуекелдерін;

ішкі аудитті жүргізу ауқымын және жиілігін;

ішкі аудитті жүргізу кезінде пайдаланылатын рейтингтік жүйені;

Ұйымның (Қордың) ішкі аудит жүргізу жоспарын жасауға қойылатын талаптарын.

26. Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес функциялары қаржы құралдарымен операциялар жүргізуді көздейтін Ұйымның (Қордың) барлық бөлімшелеріне тұрақты түрде ішкі тексерулер жүргізеді.
27. Ішкі аудит қызметі аудит саясатына сәйкес зейнетақы активтерінің есебінен жасалатын операцияларға, зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелерді жасау дұрыстығына және кастодиан банктермен және қорлармен салыстыруларды жүзеге асырудың, есепке алудың және құжат айналымының дұрыстығына тұрақты ішкі тексерулер жасайды.
28. Ішкі аудит қызметі зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелерді есепке алу журналындағы ақпараттың шынайылығына тұрақты түрде тексеру жүргізеді.
29. Ішкі аудит қызметінің қызметкері Ұйымның (Қордың) біліктілік талаптарына сәйкес келеді, сондай-ақ тексерулер жасалып отырған Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің қызметі туралы жұмыс тәжірибесі және қажетті білімі болады.
30. Ұйымның (Қордың) ішкі саясаты бойынша ішкі аудит қызметі тексеріп отырған бөлімшенің қызметіне байланысты барлық қажетті, оның ішінде коммерциялық немесе өзге де конфиденциалды құпия режимдегі құжаттарды қарау құқығы көзделеді.
31. Ішкі аудит жөніндегі Ұйымның (Қордың) ішкі саясаты мен олардың функционалды міндеттерін орындауы Ұйымның (Қордың) басшы қызметкерлерінен немесе басқа бөлімшелерден тәуелсіздігі және ішкі аудит қызметінің Директорлар кеңесіне есептілігі белгіленеді.
32. Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) сыртқы аудиторы мен бірлесіп, жылына бір реттен кем емес ретпен Ұйымның (Қордың) ішкі бақылау жүйесіндегі ішкі немесе сыртқы аудитор анықтаған кемшіліктерді талқылау үшін бірлескен кездесулер өткізеді.
33. Ішкі саясат бойынша ай сайын Ұйымның (Қордың) кірістерін (шығыстарын), оның ішінде серпінділігі, бөлігі бойынша, қызмет түрлері бойынша, Ұйымның (Қордың) аумақтық және функционалды бөлімшелерін қадағалайтын Ұйымның (Қордың) бөлімшесі белгіленген.
34. Ішкі саясат бойынша Директорлар кеңесі белгілеген жиынтық лимиттер шегіндегі бөлімшенің қызметіне байланысты кірістерді (шығыстарды) басқару жөніндегі Ұйымның (Қордың) бөлімшесінің өкілеттігі көзделген.
35. Басқарма Ұйымның (Қордың) меншікті капиталының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін барынша төмен деңгейге сай келуін қамтамасыз етеді.
36. Басқарма Директорлар кеңесі белгілеген жиынтық лимиттер шегінде Ұйымның (Қордың) қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асыратын әр бөлімшесі үшін тәуекел лимитін белгілейді.
37. Ішкі аудит қызметі жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша Ұйымның (Қордың) қызметкерлер құрамының Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық стандарттарды, зейнетақымен қамсыздандыру аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу деңгейін анықтайды
38. Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауға байланысты, қаржылық қызметтің жаңа түрлерін енгізу кезінде Ұйымда (Қорда) қосымша маңызды тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігіне баға береді.
39. Директорлар кеңесі Басқарманың Директорлар кеңесіне және Ұйымның (Қордың) акционерлеріне Ұйымның (Қордың) қаржылық көрсеткіштеріне баға беру мүмкіндігін қамтамасыз ететін қаржылық және басқару есебін ұсыну нысаны мен мерзімін бекітті.
40. Директорлар кеңесі тұрақты негізде инвестициялық шешімдерді және оларға ұсынымдарды талдап отырады.
41. Директорлар кеңесі ішкі бақылауды жетілдіру және тәуекелдерді басқару жөніндегі сыртқы аудиторлардың қорытындыларына талдау жасайды.
42. Ұйымның (Қордың) есеп және есеп беру саясаты, оның ішінде Ұйымның (Қордың) аудит жүргізу барысында мынадай мәселелерді тексеруді көздейді:

күнделікті балансты өңдеудің дұрыстығы;

Ұйымның (Қордың) есеп саясатының қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес келуі;

қаржылық есептердегі негізсіз бухгалтерлік айла-шарғы фактілерінің болуы;

жеке және зейнетақы активтерінің есебінің дұрыстығы;

Ұйымның (Қордың) есеп саясатында белгіленген талаптар бойынша есеп және есеп беруді жасау әдістерінің сәйкестігі;

Ұйымның (Қордың) жылдық есебінде тәуекелдердің құрылымы мен мөлшерін толық және дұрыс ашу.

43. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:

тәуекелдерді талдауға және бағалауға қажетті ақпаратты жинау процесін ұйымдастырады;

әдістемені әзірлейді және жетілдіреді, тәуекелдерді талдау және бағалау процесін ұйымдастырады;

тәуекелдер деңгейін төмендету бойынша іс-шараларды жоспарлайды;

тәуекелдерді басқару әдістерін әзірлейді, оның ішінде зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдарын хеджирлеу принциптерін;

тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды.

44. Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшенің қызметкерлер құрамына қойылатын біліктілік талаптары тәуекелдерді басқару жөніндегі функционалды міндеттерін жүзеге асыру үшін тиісті біліктілігі мен жұмыс тәжірибесінің болуын көздейді.
45. Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімшесі зейнетақы активтеріне ықпал ету бағасының әдістемесін қаржылық активтердің сыртқы және ішкі рыногында жағымсыз серпінділік орын алу барысында кірістілігі мен өтімділігі жағдайында пайдаланады.
46. Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше мыналарға талдау жасайды:

Ұйымның (Қордың) баланстық есептерін, сондай-ақ кірістер мен шығыстарды;

өтімділіктің төмендеуі, қаржы құралдарына бағаның өзгеруі.

47. Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше зейнетақы активтеріне мынадай факторлардың рентабелділігі мен өтімділігінің әсерін болжайды:

елдік тәуекел;

валюталық тәуекел;

қаржы құралдарын мерзімінен бұрын өтеу тәуекелі;

эмитент рейтингінің өзгеру тәуекелі.

48. Тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше стресс-тестингті жүргізеді және оның нәтижелерін рынокта қолайсыз факторлар көбейген кезде шұғыл іс-қимылдар жоспарында пайдаланады.
Қаржы құралдарымен операциялар жүргізуге қойылатын талаптар
49. Қосарланған бақылау жүйесі:

фронт- және бэк-офистерді бөлуді; бэк-офистің фронт-офистің операцияларының жай-күйін уақтылы тексеру мүмкіндігін;

қосарланған бақылау жүйесі қатысушылар арасындағы ықтимал келісімдерді шектеу шараларын;

тәуекелдер мониторингі мен кастодиан қызметін жүзеге асыратын фронт пен бэк-офистерде және бөлімшелердегі қызметтік міндеттерді бір ғана тұлғаның қатар орындауына тыйым салуды қарастырады.

50. Ұйымда (Қорда) мәмілелерді қамтамасыз етудің техникалық жүйесі бар
51. Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқаруға қажетті ақпаратты жинау жөніндегі жүйесі бар
52. Ұйым (Қор) ақша және қаржы құралдары бойынша есептеулерді жүргізу үшін техникалық жүйесі бар.
53. Ішкі аудит және сыртқы аудиторлар қызметі Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқару бөлімшесіне бухгалтерлік есеп беру мен есептілікті жүргізуге жауапты бөлімшелер ұсынған мәліметтердің нақтылығын тексереді.
54. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі Ұйымның (Қордың) қаржы құралдары бойынша әділ құнын айқындаудың дұрыстығына мониторинг жүзеге асырады
55. Директорлар кеңесі жиі-жиі жиынтық лимитті айқындайды.
56. Жұмыс күні ішінде мәмілелерді жүзеге асыратын Ұйымның (Қордың) бөлімшелері Ұйымның (Қордың) басқармасына қаржы құралдары бойынша Ұйымның (Қордың) позицияларын ұсынады.
57. Директорлар кеңесі қаржы құралдары бойынша лимиттерді айқындау рәсімдерін және "stop-loss" лимиттерін анықтау ережесін белгілейді.
58. Басқарма шетел валюталарының әрбір түрлерімен барлық валюталар бойынша спот, форвард, своп операцияларының халықаралық практикасында қабылданған позициялар бойынша лимиттерді белгілейді.
59. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерінің күн сайынғы кестесін хеджирлеу құралдарын өтеу мерзімдерін басқару үшін пайдаланады.
60. Директорлар кеңесі инвестициялық саясатты бекітті, ол:

инвестициялау мақсатын, инвестициялау операцияларын, сондай-ақ инвестициялаудың жоспарлары мен лимиттерін бекіту жөніндегі өкілеттіктерді;

құпия ақпаратты пайдалану арқылы жүргізілетін операцияларға рұқсат бермеу мақсатында кредиттеу функцияларынан инвестициялық операциялар жүргізу функцияларын бөлу рәсімдерін;

қаржы құралдарының түрлері, инвестициялық қызмет мақсаттары бойынша инвестициялық критерийлерді айқындайды.

61. Басқарма Ұйымның (Қордың) инвестициялық операцияларының күнделікті мониторингінің рәсімдерін бекітті.
62. инвестициялар портфелі бойынша кірістер/шығыстар туралы есеппен бірге мониторинг нәтижелері Ұйымның (Қордың) басқарма мен директорлар кеңесіне ай сайын ұсынылады.
63. тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдарының, эмитенттің түрі, айналыс мерзімдері, валюта түрлері және инвестициялау мақсаттары бойынша банктің инвестициялық портфеліне мониторингті жүзеге асырады.
64. Құрылымдау рәсімдері:

айына кемінде бір рет рыноктық құны бойынша инвестициялар портфеліне қайта бағалау жүргізуді;

жарты жылда кемінде бір рет әрбір есепті кезең үшін қаражаттарды, кірістерді/шығыстарды тарту құнын ескере отырып, инвестициялардың қаржы нәтижелеріне бағалау жүргізуді қарастырады.

65. Ұйым (Қор) олардың рыноктық құнының динамикасын ескере отырып, қаржы құралдарымен жасалған операциялардан болған кірістердің/шығыстардың өзгерістеріне талдау жүргізеді.
66. Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын Инвестициялық кеңес/комитет құрамына кем дегенде үш адам кіреді.

Осы кеңес/комитет құрамына тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше қызметкері кіруі тиіс.

67. Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын Инвестициялық кеңес/комитет құрамына кем дегенде сәйкесінше санаттағы біліктілік куәліктеріне ие үш адам кіреді.

Осы кеңес/комитет құрамына тәуекелдерді басқару жөніндегі бөлімше қызметкері кіруі тиіс.

Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын Инвестициялық кеңес/комитет:

Өтеу мерзімі бойынша кірістілік деңгейін, VАR үлгісі және басқа пайдаланылатын әдістемені ескере отырып, айқындалады:

тәуекелдер көрсеткіштерінің мониторингін жүргізеді;

ақша ағынының кестесін жасайды және таяудағы гэп-позиция өтімділігінің мониторингін жүргізеді;

валюта бағамдарының өзгеруіне талдау жасау үшін қосымша жүйесі бар;

валюта бағамдарының өзгеруіне сезімталдықты анықтау үшін валюта құралдары құнына бағалау жүргізілетін ашық валюта позициясы мен модельдер талданады;

қаржы құралдары мен операциялар бойынша шектен тыс шығыстарды болдырмау жөнінде шұғыл операцияларды, оның ішінде қаржы құралдары рыногында бағаның күрт өзгеруі мен байланысты операцияларды айқындайды (stop-loss).

68. Басқарма өтімді активтерді мобилизациялау мүмкіндігін ескере отырып, жоғары өтімді активтер бойынша гэп-позицияға лимиттерді белгілейді.
69. Активтер мен міндеттемелерді басқару бөлімшесі тұрақты түрде Ұйымның (Қордың) өтімді активтерді мобилизациялау мүмкіндігін ескере отырып, қолма-қол ақша жөніндегі гэп-позициялар бойынша лимиттерге шолу жасайды.
70. Ұйым (Қор) тұрақты түрде шетел валютасындағы міндеттемелерді өтеуге қажетті шетел валютасындағы өтімді активтерді қалыптастыруға қабілеттілік мониторингін жүргізеді
71. Функциясына зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімді қабылдау жататын бөлімше:

проценттік тәуекелді, проценттік тәуекелдің негізгі дерек көздеріне (өтеу мерзіміндегі айырмашылықтар, заем капиталы рыногының мөлшерлемелері, құрастырма опциондар) мониторинг жүргізеді.

72. Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесі валюталық бағамды өзгертуін жан-жақты талдау үшін қосымша жүйесі бар.
Ұйымның (Қордың) операциялық қызметін, ақпараттық жүйелерін және басқарма

ақпаратының жүйелерін функциялауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

73. Ішкі рәсімдер мыналарды реттейді:

Ұйымның (Қордың) операциялық қызметін басқаруды қамтамасыз ететін бөлімше;

бағалы қағаздар рыногында операцияларды жүргізудің техникалық тәртібі;

Ұйымның (Қордың) жүргізетін операцияларының бухгалтерлік есебі;

Ұйымның (Қордың) операцияларына және олардың есепке алынуына қосарлы бақылау;

Ұйымның (Қордың) құжат айналымына бақылау;

Ұйымның (Қордың) кастодиан банкке, жинақтаушы зейнетақы қорына берілетін ақпаратын бақылау және куәландыру, оның ішінде ұсынылған ақпараттың сәйкессіздігін анықтаған жағдайда іс-әрекетті куәландыру және реттеу рәсімдері;

ақпаратты беру кезінде тұлғалар жауапкершіліктерінің рәсімдері;

Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына жинақталған зейнетақы қаражаты есептеулерінің алгоритміне сәйкестігін тексеру рәсімдері, оның ішінде шартты бірлік құнының есеп айырысулары, шартты бірліктің саны.

74. Ішкі аудит қызметі жарты жылда кемінде бір рет бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың есепке алу журналында сенімді және уақтылы көрсетілуі, бағалы қағаздар мен жасалатын операцияларды жүргізудің операциялық техникасын олардың сақтауын бағалау мақсатында бөлімшелерге тексеру жүргізеді.
75. Ішкі аудит қызметі Ұйымның (Қордың) операцияларын кірістермен операцияларды жүзеге асыру және Ұйымның (Қордың) меншікті капиталы мен кіріс мөлшеріне тең емес тәуекелді қабылдау кезіндегі заңсыздық жағдайларын анықтау және алдын алу мақсатында тексереді.
76. Ұйымның (Қордың) деректерді электрондық өңдеу жүйелерін жоспарлау, әзірлеу және функциялау жөніндегі басқару мен ішкі ережелері бар.
77. Деректерді электрондық өңдеу жүйесін бақылауды жүзеге асыратын және деректерді өңдеу мәселелеріне жауап беретін Ұйым (Қор) қызметкерінің жұмыс профиліне сәйкес біліктілігі және тәжірибесі болады.
78. Тексерулерді ішкі аудит қызметі басқарма бекіткен тексеру жоспарларына сәйкес жүргізеді.
79. Ішкі аудит қызметі жүргізілген тексерулер нәтижелері туралы басқарма мен директорлар кеңесіне тұрақты хабарлайды.
80. Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің автоматтандырылған жүйеге кіру және шығу кезінде рұқсаттың деңгейін тексеретін жүйесі бар.
81. Басқарма маңызды кілттерді, оның ішінде деректердің ақпараттық базасына электрондық кілттерді бақылау бойынша ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесінің рәсімдерін бекітті және жауапкершілігін белгіледі.
82. Рәсімдер: дайындаушы жабдықтардың мынадай техникалық қызмет көрсетулерін қамтамасыз ететін сертификатталған бағдарламалық қамтамасыз етудің;

өрт қауіпсіздігі мен сейсмологиялық орнықтылықтың талаптарына жауап беретін деректердің ақпарат базасының техникалық кешендеріне арналған оқшау үй-жайлардың;

автономды электр қуатының;

резервтегі компьютерлер мен желілік коммуникациялардың міндетті түрде болуын қарастырады;

Ұйым (Қор) деректердің жүйелік-маңызды бағдарламалық файлдармен файлдардың резервтік көшірмелерін тұрақты қалыптастырады.

83. Төтенше жағдайлар рәсімдері компьютер орталығы үшін жүйе жұмысындағы төтенше іркілістер болған жағдайда ережелер мен нұсқаулықтарды көздейді.
84. Зейнетақы активтерінің есебінен жасалған қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелердің есепке алу журналын жүргізу ережесі мыналар:

мәмілелерді есепке алу журналының саны мен атауы;

журналдары толтыру тәртібі мен кезеңділігі;

зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын мәмілелердің жасауға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар тізбесі бар.

85. Деректердің және ақпараттың құпиялылығының сақталуын қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау саясаты мыналарды:

құпия санатына жатқызылатын ақпарат тізбесі;

құпия ақпараты бар құжаттарды тіркеу тәртібі, рәсімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау;

құпия ақпаратқа жіберілетін тұлғалардың лауазымдарын көрсете отырып, құпия ақпаратқа рұқсат беру тәртібін көздейді.

86. Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі техникалық проблемалар есебінің парақтарын толтырады және олар бойынша есеп жүргізеді.
87. Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі проблемалардың туу себептерін бақылайды, олар туралы ақпарат жүйесін дайындаушыларға хабарлайды және олардың қайталануын болдырмау үшін түзету шараларын қабылдайды.
88. Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі осындай проблемалардың сипатын үнемі талдайды.
89. Рәсімдер:

рұқсаты шектеулі ақпарат деректерінің тізбесін;

рұқсат алу тәртібін;

ақпарат деректеріне рұқсат алуды бақылау тәртібін;

ақпарат деректеріне рұқсаты бар тұлғалар тізбесін көздейді.

90. Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі кемінде тоқсанына бір рет деректердің автоматтандырылған базасын функциялауын қамтамасыз ететін техникалық кешендерге тексеру жүргізеді.
91. Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі тоқсанына бір рет техникалық кешендердің жай-күйі туралы ақпаратты басқармаға ұсынады.
92. Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшесі деректердің автоматтандырылған базасын басқару терминалдарын пайдаланудың мониторингін жүргізеді және сәйкестендіреді, оның ішінде олар жүргізген операциялардың түрлері мен көлемдерінің пайдаланушының функционалдық міндеттеріне сәйкестігін бақылайды.
93. Ұйымда (Қорда) пайдаланушының жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жүйесі бар.
 

 

Зейнетақы активтерін инвестициялық

басқару жөніндегі қызметті жүзеге

асыру ережесінің 6-қосымшасы  

Ұйымның (Қордың) орындауы үшін міндетті талаптардың

қосымша критерийлері   

Тәуекелдерді басқару жүйесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
1. Директорлар кеңесі ұзақ мерзімді корпоративтік стратегияны, инвестициялық саясатты және инвестициялық стратегияны қалыптастырды
2.   Ұйымның (Қордың) ұзақ мерзімді стратегиясы жасалған және Ұйым (Қор) қызметіне бұрын жағымсыз әсер еткен факторларды алып тастау мақсатында үнемі жетілдіріліп отырады.
3.   Инвестициялық саясат жылына/үш жылда бір реттен кем емес әзірленеді.
4.   Инвестициялық стратегия тоқсан сайын әзірленеді және оған мыналар кіреді: қаржылық талдау нәтижелері, болжамдық мәндер, күтілетін макро және микро-экономикалық көрсеткіштер, ұсынымдылық сипаттағы инвестициялау стратегиясын қалыптастыру.
5.   Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқару функциясын жүзеге асыратын бөлімшесі қаржы құралдарының сыртқы және ішкі рыноктарының теріс серпінділігі жағдайында оның зейнетақы активтеріне, кірістілікке және өтімділік ықпалына баға беру әдісін пайдаланады.
6.   Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқару функциясын жүзеге асыратын бөлімшесі әлуетті және ықтимал тәуекелді беретін ішкі және сыртқы экономикалық факторларды бірегейлендіреді және оған талдау жасайды, олардың Ұйымның (Қордың) қаржылық көрсеткіштеріне әсер ету дәрежесіне баға береді.
7.   Директорлар кеңесі бекіткен жиынтық лимиттер бөлігінде басқарма жеке-жеке жүргізіліп отырған операциялар түрлері бойынша тәуекелдің жол берілетін мөлшеріне лимиттер белгілейді, Ұйымның (Қордың) аталған лимиттерді сақтауы үшін бақылаудың тиімді шараларын қабылдайды.
8.   Басқарма жиынтық лимиттердің сақталуын тәуекел түрлері бойынша олардың ай сайынғы есебі негізінде бақылайды.
9.   Басқарма ықтимал және әлеуетті тәуекелдерді басқарудағы саясатты Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің сақтауын бақылайды, Ұйымның (Қордың) бөлімшелерінің олар үшін белгіленген лимиттер шегіндегі тәуекелдер мөлшерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады.
10.   Басқарма жүргізіп отырған операциялар түрлері бойынша тәуекелдерді бөлу, яғни меншікті капиталдың жеткіліктілігі мен төлем қабілетінің қажетті деңгейін сақтау мақсатындағы тәуекелді ескеріп, қаржы құралдарымен жүргізілген операциялардың құрылымы мен көлемін қалыптастыру саясатын қолданады және оларды Ұйымның (Қордың) жауапты бөлімшелерінің орындауына бақылау жасайды.
11.   Ұйым (Қор) әр тараптандыру саясатын іске асыруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген әртараптандыру нормаларын сақтайтын мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұйымдастыру-функционалдық және операциялық құрылымы бар.
12.   Ұйымның (Қордың) ағымдағы қаржылық жай-күйі туралы ақпараттар форматы және ол қабылдаған тәуекелдер белгілі бір басқарудың есеп беру нысаны түрінде стандартталған, оның ішінде кредиттік, проценттік тәуекелдерді, өтімділікті жоғалту тәуекелін, валюталық, ел (трансферттік) тәуекелдерін, сондай-ақ тәуекелдерге душар болу дәрежесін анықтайды, олардың белгіленген лимиттер шегінде сақталуын бірегейлендіреді және өлшем жасайды.
13.   Бөлімшелер Ұйымның (Қордың) күтілетін кірісіне қабылданып отырған тәуекелді ескере отырып баға береді.
Қаржы құралдарымен операциялар жүргізуге қойылатын талаптар
14.   Мәмілелерді басқарудың ішкі саясаты мыналарды реттейді:

Ұйым (Қор) активтерінің (міндеттемелерінің) құрылымына байланысты өтімділік шығыны тәуекелін айқындауды;

Ұйым (Қор) активтерінің (міндеттемелерінің) құрылымы мен байланысты валюта тәуекелін айқындауды;

туынды қаржы құралдарының операцияларына тән тәуекелдерді айқындауды;

Ұйым (Қор) рыноктық тәуекелін өлшеу кезінде пайдаланылатын модельдерді;

тәуекелдерді басқару бөлімшесінің директорлар кеңесі мен басқармаға рынок тәуекелі бойынша Ұйымның (Қордың) позициялары туралы есепті ұсынуының кезеңділігін;

қаржы рыногы жағдайымен байланысты баға тәуекелін айқындауды;

тәуекелдердің басқа түрлерін айқындауды реттейді.

15.   Инвестициялық талдау бөлімшесі:

активтерді және міндеттемелерді басқару мәселелерін қарастарды;

тәуекелдерді басқару бөлімшесі мен өзара іс-қимыл жасайды;

өтімділік шығыны тәуекелін, қаржы құралдарымен операциялар жөніндегі валюталық тәуекелдерді бақылайды;

Ұйым (Қор) позициясы бойынша басқарманы және директорлар кеңесін Ұйымның (Қордың) өтімділіктің жоғалу тәуекелі бойынша, валюталық тәуекел бойынша, сатып алу/сату операцияларының түрлері және динамикасының позициялары бойынша хабардар етіп отырады;

сатып алынатын қаржы құралдарының кірістілігінің жарамды деңгейі бойынша ұсынымдар береді.

16.   Ұйым (Қор) қаржы құралдары мен операцияларды өңдеуді жүргізеді.
17. Ұйым (Қор) кірістерді/шығыстарды және баға тәуекеліне ұшырауға бейім активтермен міндеттемелерді қадағалайды және олардың құнына күн сайынғы бағалау жүргізеді.
18. Ұйымның (Қордың) қаржы құралының рыноктық құнының болмаған жағдайда қаржылық есеп беру жағдайында, қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес осы қаржы құралының құнсыздануына тест жүргізді.
19. Ұйым (Қор) әрбір операциялық күн ішінде қаржы құралдары мен жасалатын кірістерді/шығыстарды бағалауды тұрақты жүргізеді.
20. Ұйымның (Қордың) директорлар кеңесі баға тәуекелін ескере отырып қаржы құралдарының құнын айқындау рәсімдерін бекітті.
21. Ұйым (Қор) қаржы құралының құнын бағалауды тәуекелді бағалау моделінің және ағымдағы бағаларды рыноктық бағаға келтіру негізінде жүргізеді, сонымен бірге стресс-тестинг (stress-testing) және бэк-тестинг (back-testing) өткізеді.
22. Ұйым (Қор) тәуекелді бағалау нәтижелерін және қаржы құралдары мен операцияларды жасауға шешім қабылдау барысында тұрақты стресс-тестингтерді пайдаланады.
23. Басқарма қаржы құралдары үшін "stор-loss" лимиттерінің диапазонын белгілейді.
24. Ішкі аудит қызметі "stор-loss" лимиттерін айқындау ережелерін банктің дұрыс қолдануын тексереді.
25. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдары бойынша лимиттердің теңбе-теңдігіне, яғни қаржы құралдарының рыногымен қаржы құралдары өтімділігінің ауқымы мен динамикасына сәйкес талдау жүргізеді.
26 Директорлар кеңесі валюталық бағамның өзгеру талдамасына сәйкес валюталық позициялар бойынша шешімдерді қабылдау саясатын бекітті.
27.   Тәуекелдерді басқару бөлімшесі:

әртүрлі талдама әдістерді пайдалану арқылы тәуекелдерді кешенді басқаруды;

проценттік сезімталдықты бағалауды, тәуекел құнын бағалау жүргізетін гэпті талдауды, модельді талдауды;

проценттік тәуекелді хеджирлеу рәсімдерін, оның ішінде туынды қаржы құралдарымен немесе басқа рыноктық операциялардың көмегімен жүргізеді.

гэп бойынша лимиттерді және тәуекелдер бойынша меншікті капиталдың бірдейлігін ескере отырып, проценттік тәуекелді белгілейді.

28. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі жарты жылда кемінде бір рет стресс-тестинг жүргізеді және тәуекелді қабылдау және тәуекелге бақылау кезінде стратегиялық шешімдер қабылдау да олардың нәтижелерін пайдаланады.
29. Ұйым (Қор) активтерді және міндеттемелерді басқару саясатына сәйкес туынды құралдармен немесе басқа рыноктық операциялармен мәмілелердің көмегі арқылы валюта тәуекелін теңбе-тең және уақтылы хеджирлеу рәсімдерін пайдаланады.
30. Директорлар кеңесі ашық валюта позициялары бойынша лимиттерді және валюталық нетто-позицияларды белгілейді.
 

     
 

Информация о работе Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы