Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 14:15, реферат

Краткое описание

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса берілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Агенттік Басқармасының»Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 408 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3991 тіркелген).

Файлы: 1 файл

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге.doc

— 508.00 Кб (Скачать)

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге

асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу

мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы № 225 Қаулысы  

   Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

   1. Қоса берілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

   2. Агенттік Басқармасының»Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 408 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3991 тіркелген).

   3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   4. ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.05. № 80 Қаулысымен алып тасталды

   5. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорларына:

   1) 2007 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін Ереженің 38-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келтірсін.

   2) 2008 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін Ереженің 39-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келтірсін.

   6. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):

   1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

   2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы Заңды тұлғалар бірлестігіне, «Активтерді басқарушылар қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы Заңды тұлғалар бірлестігіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына жіберсін.

   7. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

   8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.  

Төраға А. Дунаев
 

 

   Бекітілді

   Қазақстан Республикасы

   Қаржы нарығын және қаржы

   ұйымдарын реттеу мен қадағалау

   агенттігі Басқармасының

   2006 жылғы 27 қазандағы

   № 225 қаулысымен   

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі

қызметті жүзеге асыру ережесі  

1-тарау.

Жалпы ережелер  

   1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына және 55-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 10-тармақшасына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

   2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

   1) ашық валюталық позиция - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жеке шет мемлекет (шет мемлекеттер топтары) валютасына қойылатын (талаптарды) міндеттемелерді зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасына қойылатын міндеттемелеріне (талаптарына) қарағанда күшейтуі;

   2) әртараптандыру - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін Қазақстан Республикасы заңнамасында рұқсат берілген әр түрлі қаржы құралдарына орналастыру;

   3) баға тәуекелі - қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы нарығындағы талаптар өзгерген  жағдайда туындайтын қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан болатын шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;

   4) бэк-офис - негiзгi функциясы қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді орындау, фронт-офистен алынған бастапқы құжаттар негiзiнде қосалқы есепте жасалған операцияларды тiркеу, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы құралдары мен ақшасын есепке алу болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының бөлiмшесi;

   5) бэк-тестинг - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға  лицензиясы бар   жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша тарихи деректерді пайдалана және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы  (нақты)  нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;

   6) валюталық тәуекел  -  зейнетақы  активтерін  инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруімен байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі құндылық түріндегі валюталар бойынша позицияларды қайта бағалаудан туындайды;

   7) гэп - сыйақы мөлшерлемелерінің өзгерiсiне ұшыраған немесе белгiлi бiр мерзiм iшiнде өтеуге жататын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының активтерi мен мiндеттемелерiнiң  көлемiн  салыстыру  негiзiнде  пайыз тәуекелiн және өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелiн өлшеу әдiстерi;

   8) елдiң (трансферт) тәуекелi - шет мемлекеттiң немесе шет мемлекет резидентiнiң зейнетақы  активтерін  инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының алдындағы мiндеттемелері бойынша төлем қабiлетсiздiгi немесе жауап беру ниетiнiң болмауы салдарынан  болған  шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

   9) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның валюталық  нетто-позициясы  - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның барлық шетел валюталары бойынша ұзақ позициясының жиынтық сомасының және барлық шетел валюталары бойынша қысқа позицияның жиынтық сомасының арасындағы айырмашылық;

   10) инвестициялық декларация - активтері инвестициялық басқаруда болатын жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі бекіткен және Қазақстан Республикасының барлық аумағында он бес мыңнан кем емес данамен таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған инвестициялау  объектілерінің тізбесін, мақсатын, стратегияларын, шарттарын және зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің шектеулерін, хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын белгілейтін құжат;

   11) қор биржасы - Қазақстан Республикасының аумағында қызмет жасайтын қор биржасы;

   12) қор тәуекелі - акциялардың нарықтық құнына әсер ететін қаржы нарығының талаптары өзгерген жағдайда туындайтын акциялар құнының өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;

   13) кредиттік тәуекел - бағалы қағаз (облигациялар, мемлекеттік міндеттемелер және басқалар) шығару талаптарымен белгіленген мерзімде негізгі борышты және (немесе) кредиторға (инвесторға) тиесілі сыйақыны заемшының  (эмитенттің)  төлемеуі  салдарынан  шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Сондай-ақ кредиттік тәуекелге серіктестің своптар, опциондар бойынша және бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуларды реттеу кезеңінде міндеттемелерді орындамауына байланысты туындайтын залал тәуекелі кіреді;

   14) құқықтық  тәуекел  -  зейнетақы  активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы не зейнетақы активтерін инвестициялық  басқаруды жүзеге  асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры тәжiрибесiнiң олардың iшкi құжаттарына сәйкес келмеуi, ал Қазақстан Республикасы резидент еместерiне қатысты басқа мемлекеттердің заңнамасының талаптарын бұзуы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;

   15) қысқа валюталық позиция  -  жеке шет мемлекетінің (шет мемлекеттер топтарының)  валютасындағы  ашық валюталық позициясы, оларға қойылатын талаптарды (активтердің жиынтық сомасы мен шартты талаптарды)  зейнетақы  активтерін  инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасындағы міндеттемелеріне (міндеттемелердің  жиынтық  сомасы  мен  шартты міндеттемелеріне) қарағанда күшейтуі;

   16) нарықтық тәуекел - қаржы нарығының қолайсыз қозғалыстарымен байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Нарықтық тәуекелдің макроэкономикалық табиғаты бар, яғни қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері нарықтық тәуекелдің көздері болып табылады. Нарықтық тәуекел проценттік, валюталық және қор тәуекелдерінің сомасы ретінде сипатталады;

   17) операциялық тәуекел - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі бақылау ұйымына қойылатын талаптарды бұзуы (сақтамауы) салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Операция тәуекелiне сондай-ақ  операция  (компьютер)  жүйелеріндегі елеулі іркілістердің туындауына байланысты тәуекелдер, белгіленген лимиттердің асып кетуі, бағалы қағаздармен немесе бэк-офис жұмысы барысында операторлардың қателерімен операциялар жасаған кездегі алаяқтық жатады;

   18) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелi - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының өз мiндеттемелерiн орындамауы не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретіндегі өтімділігінің тәуекелі олардың төмен шығыстарымен және қолайлы бағалары бойынша тез сатылу қабілеттілігімен айқындалады;

   19) principal protected notes – негізгі борыштың сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілі белгіленген борыштық бағалы қағаздар;

   20) проценттiк тәуекел - сыйақы мөлшерлемелерінің қолайсыз өзгеруi салдарынан  туындаған шығыстардың  (шығындардың)  туындау тәуекелi,  оның iшiнде:

   орналастырған активтер (белгiленген сыйақы мөлшерлемелері кезiнде) өтеу  мерзiмдерiнiң  сәйкес  келмеуімен  байланысты жалпы проценттік тәуекел;

   өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаты бар құралдардың бiрқатары бойынша алынатын және төленетiн сыйақыны есептеу және түзетудiң түрлi әдiстерiн қолдануға байланысты ерекше проценттік тәуекел;

Информация о работе Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы