Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 14:15, реферат

Краткое описание

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса берілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Агенттік Басқармасының»Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 408 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3991 тіркелген).

Файлы: 1 файл

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге.doc

— 508.00 Кб (Скачать)

   21) «stop-loss» - лимиттерді белгілеу саясаты, қаржы құралдарымен жасалатын операциялар  бойынша  залалдың  шекті түрде жол берілетін деңгейі;

   22) стресс-тестинг - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйіне төтенше, бірақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың әлуетті әсер етуін өлшеу әдістері;

   23) тәуекелдердi басқару жүйесi - бұл процеске төрт негiзгi элемент кiредi: тәуекелдi бағалау, тәуекелдi өлшеу, тәуекелдi бақылау және тәуекел мониторингi;

   24) уәкілетті орган  -  қаржы  нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

   25) ұзақ валюталық позиция - бұл жеке шет мемлекетінің (шет мемлекеттер топтарының) валютасындағы ашық валюталық позиция, оларға қойылатын талаптарды (активтердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелерін) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасындағы міндеттемелеріне (міндеттемелердің  жиынтық  сомасы мен  шартты  міндеттемелеріне) қарағанда күшейтуі;

   26) фронт-офис - негiзгi функциясы қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының бөлiмшесi;

   27) халықаралық қаржы ұйымы – халықаралық шарт (келісім) не жарғы негізінде құрылған және жұмыс істеп тұрған,  халықаралық мәртебесі бар ұйым;

   28) хеджирлеу - жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі хеджирлеу объектісінің әділ құны өзгеруінің ішінара немесе толық өтемі үшін хеджирлеудің бір немесе бірнеше құралдарын немесе бухгалтерлік есептің  стандартына  сәйкес олармен байланысты ақша түсімдерін пайдалану;

   29) хеджирлеу құралдары - қаржы құралдары, оның ішінде осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын туынды қаржы құралдары.

   3. Осы ережелер мақсатында Standard & Poor's агенттігінің рейтингтік бағасынан өзге уәкілетті орган Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің рейтингтік бағаларын таниды(бұдан әрі – басқа рейтинг агенттіктері).   
 

2-тарау.

Инвестициялардың объектілері  

   4. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - Ұйым) және/немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі - Қор) әрбір жеке қордың инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерін осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген қаржы құралдарына орналастырады.

   1-қосымшада көрсетілген қаржы құралдарына зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялардың мөлшерін инвестициялық декларация белгілейді.

   4-1. «Кері Репо» операцияларының мәні болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  бағалы қағаздарына  инвестициялардың жалпы мөлшері ашылған әр жеке жинақтаушы зейнетақы  қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінен 2009 жылғы 1 сәуірден бастап жиырма пайызынан кем еместі құрайды.

   Ұйым (Қор) зейнетақы активтері құрамына кіретін ақшаны «Кері Репо» операцияларының мәні болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын қоса алғанда, ашылған әр жеке жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінен жиырма пайызынан кем емеске жеткенге дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестициялайды.

   4-2. «Кері Репо» операцияларының мәні болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жалпы мөлшері 2009 жылғы 1 қазаннан бастап әр жеке жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінен отыз пайыздан кем еместі құрайды.    
 
 

3-тарау.

Инвестициялау шарттары және тәртібі  

   5. Зейнетақы активтері және меншікті активтер есебінен жасалатын мәмілелерді Ұйым (Қор) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы орган қабылдаған инвестициялық шешім негізінде жасайды.

   Ұйымның (Қордың) мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін бастапқы ұйымдаспаған рынокта (оларды орналастыру кезінде) Ұйым (Қор) дербес жасайды.

   6. Зейнетақы активтері мен меншікті активтері есебінен жасалатын ұйымның (Қордың) мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін Ұйым (Қор) қайталама рынокта тек бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында жасайды, мына жағдайларды қоспағанда:

   1) Ұйымның (Қордың) инвестициялық портфеліндегі эмитентті акциялардағы облигацияларды айырбастау;

   2) басымдығы бар сатып алуға құқықты жүзеге асыру;

   3) осы Ереженің 27-тармағының талаптарын ескере отырып, хеджирлеу құралдарымен мәмілелерді жасау;

   4) Ұйым (Қор) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес эмитенттің инвестициялық портфеліндегі бар акциялары үшін төлем талап етуіне болады.

   5) сауда-саттық ұйымдастырушысы листинг болмаған кездегі тартқан бағалы қағаздарды сату.

   6-1. Ұйымға (Қорға) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығындағы мәмілелерді және осы Ереженің 6-тармағының 1), 2), 4), 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, зейнетақы және  меншікті активтері есебінен аффилиирленген тұлғалармен, Ұйымның (Қордың) ірі акционерлері иеленетін акциялардың сенімгерлік басқарушыларымен және Ұйымның (Қордың) ірі акционерлері иеленетін акциялардың сенімгерлік басқарушыларының аффилиирленген тұлғаларымен қаржы құралдарын сатып алу және/немесе иелігінен шығару бойынша мәмілелерді жасасуға тыйым салынады.

   7. Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті, сондай-ақ клиенттер шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы болған жағдайда Қор тек онда басқаруда болған зейнетақы активтеріне қатысты брокерлік, дилерлік қызмет көрсетеді.

   7-1. Ұйымда инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы болған жағдайда ұйым тек қызмет көрсететін жинақтаушы қордың меншікті активтеріне қатысты ғана инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

   Ұйымда клиенттер шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы болған жағдайда Ұйым тек онда басқаруда болған жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы және меншікті активтеріне, сондай-ақ Ұйымның меншікті активтеріне қатысты ғана брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет көрсетеді.

   8. Зейнетақы және меншікті активтерінің қатысуымен ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында жасалған мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері ашық сауда-саттық әдісімен жасалуы тиіс. Зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын «кері репо» мәмілелері отыз күннен аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін. Ұйым (Қор) зейнетақы және меншікті активтерін қатыстырумен жасайтын «кері репо» операцияларының мәні болып Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары табылады.

   9. Ұйымның (Қордың) бір эмитентінің екінші деңгейдегі банктердің біріндегі салымдарға салған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарының инвестиция мөлшері Ұйым (Қор) үшін белгіленген пруденциалдық нормативтердегі белгіленген нормативтерге сәйкес келуі тиіс.

   Ұйым (Қор) осы бағалы қағаздармен сауда-саттықты сауда-саттық ұйымдастырушы бастапқы рынокта (оларды орналастыру кезінде) уақытша тоқтатқан жағдайда сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып ала алмайды.

   10. Қордың зейнетақы активтерін екінші деңгейдегі банкте салымға орналастыру мерзімі отыз алты айдан аспайды. Осы мерзім өткенге дейін салым сомасы және ол бойынша сыйақы сомасы Қордың инвестициялық шотына есептелуі тиіс. Салымның мерзімін ұзарту қордың инвестициялық шотына салымның және салымның бастапқы мерзімі бойынша осы салым жөніндегі сыйақы сомасы аударылғаннан кейін ғана мүмкін болады.

   11. Зейнетақы активтерін инвестициялауға арналған жинақтаушы зейнетақы қорының ақша қалдығының ең көп мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорының жиынтық ақшасын қосқанда: кастодиан банктегі инвестициялық шоттарындағы; осы жинақтаушы зейнетақы қорының шетелдік кастодиан банктердегі кастодиан банктің корреспонденттік шоттарындағы; халықаралық депозитарлық-есеп айырысу жүйелерінің қатысушылары - шетелдік ұйымдардағы кастодиан банктің шоттарындағы жинақтаушы зейнетақы қорының әрқайсысы бойынша жеке зейнетақы активтерінің мөлшерінің үш процентінен аспауы керек.

   Кастодиан банктегі жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шоттарына, осы жинақтаушы зейнетақы қорының шетелдік кастодиан банктеріндегі кастодиан банктің корреспонденттік шоттарына және халықаралық депозитарлық-есеп айырысу жүйелерінің қатысушылары - шетелдік ұйымдардағы кастодиан банктің шоттарына түсетін зейнетақы активтерін Ұйым (Қор) ұлттық валютаға қатысты он жұмыс күні ішінде, шетел валютасына қатысты отыз күнтізбелік күн ішінде ағымдағы аударымдардың шегергенде толық көлемде инвестициялайды.

   Ұйым (Қор) зейнетақы активтерін инвестициялау мақсатында Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-"ден төмен емес рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар резидент банкке жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотындағы ақша қалдықтарын отыз күнтізбелік күннен астам емес мерзімге орналастырады.

   12. Ұйым (Қор) зейнетақы активтері инвестициялық басқаруға қабылданған жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларының мүдделері үшін ғана әрекет жасайды.

   Ұйым (Қор) бірдей ұлттық бірегейлендіру номері бар бағалы қағаздарды Ұйымның (Қордың) инвестициялық басқаруындағы меншікті активтері есебінен және/немесе зейнетақы активтері есебінен сатып алу (сату) туралы бір күнде инвестициялық шешім қабылдай алмайды.

   13. Егер қандай да болмасын жағдайдың нәтижесінде Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы осы Ереженің 9-тармағында белгіленген жағдайларға сәйкес келмегенде, Ұйым (Қор) мұндай сәйкессіздікті тереңдететін инвестициялық қызметті дереу тоқтатады және бір күннің ішінде уәкілетті органға осы сәйкессіздік фактісі және себептерін оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының қосымшасын қоса ұсыну арқылы хабарлайды.

   13-1. Эмитент борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін шығарылымның талаптарында көзделген мерзімде орындамаған жағдайда, Ұйым (Қор) осындай міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күннен бастап зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен осы бағалы қағаздарды сатып алу бойынша, оның ішінде «кері репо» операциясын жасау жолымен инвестициялық шешім қабылдауға құқығы жоқ.

   14. Борыштық бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушысы (рейтингтік бағаның ең төменгі деңгейі жоқ) листинг өткізілмеген жағдайда не борыштық бағалы қағаздың ең төменгі деңгейден төмен кредиттік рейтингі төмендеген жағдайда Ұйым (Қор) мұндай бағалы қағаздарды жоғарыда аталған оқиға басталған күннен бастап бір жыл ішінде сатады. Оны сату мүмкін болмаған жағдайда Ұйым (Қор) уәкілетті органға осындай бағалы қағаздарды өтеу мерзіміне дейін ұстау туралы ақпарат жібереді.

   15. Акцияларды немесе пайларды сауда-саттық ұйымдастырушысы (рейтингтік бағаның ең төменгі деңгейі жоқ эмитенті) листинг өткізілмеген жағдайда, сондай-ақ акционерлік қоғамның басқа ұйымдық құрылымдық нысанына қайта ұйымдастыру жағдайында, не акциялардың немесе пайлардың эмитентінің кредиттік рейтингі ең төменгі деңгейден де төмендеген жағдайда Ұйым (Қор) осындай акциялар мен пайларды жоғары аталған оқиға басталған күннен бастап бір жыл ішінде сатады. Осы акцияларды және пайларды сату мүмкін болмаған жағдайда Ұйым (Қор) Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес құнсыздану белгілері бар бағалы қағаз ретінде таниды.   

4-тарау.

Инвестициялық шешімді қабылдау тәртібі

   16. Ұйым (Қор) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметін мыналарды (оның ішінде):

Информация о работе Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы