Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 14:15, реферат

Краткое описание

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса берілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Агенттік Басқармасының»Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 408 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3991 тіркелген).

Файлы: 1 файл

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге.doc

— 508.00 Кб (Скачать)

   6) зейнетақы активтерін өткізіп беру күніне қолданылып жүрген,  зейнетақы активтерінің есебінен екінші деңгейдегі банктермен жасасқан (сатып алынған) банк салымы шарттарының (екінші деңгейдегі банктердің депозиттік сертификаттарының) түпнұсқалары;

   7) зейнетақы активтерін өткізіп беру күніне мерзімдері өтіп кеткен зейнетақы активтерінің есебінен екінші деңгейдегі банктермен жасасқан банк салымы шарттарының көшірмелері;

   8) шартты бұзу күнінің алдындағы айлардағы зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің орташа құны туралы анықтамалардың уәкілетті органға ұсынылған көшірмелері;

   9) өткізіп беруші ұйымның зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруына қатысты өзге де құжаттар (келісу комиссиясы мүшелерінің келісімдері бойынша).

   31-6. Келісу комиссиясы жұмысының нәтижелері бойынша мазмұнында мынадай мәліметтері бар зейнетақы активтерін қабылдау-өткізу актісі ресімделеді:

   1) жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші ұйымның, қабылдаушы ұйымның және жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің толық атауы (аталған ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктеріне сәйкес);

   2) жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші ұйымның және қабылдаушы ұйымның тіркелген (мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктеріне немесе статистикалық карточкаларына сәйкес) және нақты орналасқан жері;

   3) жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші ұйымның және қабылдаушы ұйымның банктік деректемелері;

   4) тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыруға жинақтаушы зейнетақы қорына, өткізіп беруші ұйымға және қабылдаушы ұйымға берілген лицензияның нөмірі және берілген күні;

   5) жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші ұйымның және қабылдаушы ұйымның бірінші басшысының және бас бухгалтерінің фамилиясы, аты, бар болса әкесінің аты;

   6) зейнетақы активтерінің есебінен жасалған инвестициялардың ағымдағы құн (есептелген кірісті қоса) бойынша жиынтық мөлшері;

   7) жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотынан оның шотына жүргізілген зейнетақы төлемдері аударымдарының сомасы (инвестициялық шотқа қайта келіп түскен ақшаны есепке ала отырып);

   8) инвестициялық шоттардағы ұлттық және шетелдік валютамен көрсетілген ақша қалдығы;

   9) ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін, санын (данамен), сатып алу бағасын, бір бағалы қағаз бойынша есептелген кірісті, бір бағалы қағаздың ағымдағы құнын, бағалы қағаздардың жалпы санын, есептелген кірістің жалпы сомасын, бағалы қағаздарға жасалған инвестициялардың ағымдағы құнын, зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған бағалы қағаздарға қатысты өзге де ықтимал мәліметтерін көрсете отырып өткізіп берілетін бағалы қағаздардың тізбесі;

   10) депонент банктердің атаулары, салымдардың сомалары, банктік салымы туралы шарт жасасқан күні, салымдар мерзімі, олар бойынша жылдық пайызбен сыйақы мөлшерлемелері, есептелген сыйақы сомалары, алынған сыйақы сомалары, зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған салымдарға қатысты өзге де ықтимал мәліметтері көрсетіле отырып, екінші деңгейдегі банктердегі өткізіп берілетін салымдардың тізбесі;

   11) міндеттемелердің сомалары, оның ішінде қателесіп есепке алынған сомалар, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы төлемдері шотына аударуға жататын сома, өзге де кредиторлық берешек сомасы, жинақтаушы зейнетақы қорының және өткізіп беруші ұйымның зейнетақы активтерінің және инвестициялық кірістің есебінен төленуге жататын комиссиялық сыйақы сомасы, өзге ықтимал міндеттемелердің сомасы;

   12) өткізіп беруші ұйымның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша барлық кезеңдегі есептелген комиссиялық сыйақысының жалпы сомасы;

   13) өткізіп беруші ұйымның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша барлық кезеңдегі инвестициялық кірістің және зейнетақы активтерінің есебінен төленген және төлеуге жататын жинақтаушы зейнетақы қорының және өткізіп беруші ұйымның комиссиялық сыйақыларының сомалары;

   14) шартты бұзу күнінің алдындағы күннің соңына зейнетақы активтерінің бір шартты бірлігінің құнын есептеудің нәтижелері;

   15) осы Ереженің 31-5-тармағына сәйкес көлемін көрсете отырып өткізіп берілетін құжаттардың тізбесі;

   16) келісу комиссия мүшелерінің анықтауы бойынша өткізіп беруші ұйымнан қабылдаушы ұйымға өткізілетін қордың зейнетақы активтеріне қатысты өзге де ықтимал мәліметтер;

   31-7. Келісу комиссиясы өзінің жұмысын шартты бұзу күніне аяқтайды.

   31-8. Зейнетақы активтерін қабылдау-өткізу актісі келісу комиссиясымен шартты бұзу күніне жинақтаушы зейнетақы қоры, өткізіп беруші ұйым, қабылдаушы ұйым, жинақтаушы зейнетақы қордың кастодиан банкі, уәкілетті орган үшін бір-бір данадан бес данада жасалады, жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші және қабылдап алушы ұйымның келісу комиссиясы мүшелерінің, бірінші басшының және бас бухгалтердің қолы қойылып және жинақтаушы зейнетақы қорының, өткізіп беруші және қабылдап алушы ұйымның мөр бедерімен расталады.

   Зейнетақы активтерін қабылдау - өткізу актісінде жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банкінің осы қабылдау - өткізу актісі деректерінің дұрыстығы туралы, кастодиан банктің бірінші басшысы немесе оның жинақтаушы зейнетақы қорға кастодиандық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын бөлімшесіне жетекшілік жасайтын басшы қызметкерінің қолымен және кастодиан банкі мөрінің бедерімен расталған белгісі болуы тиіс;

   Зейнетақы активтерін қабылдау - өткізу актісін шартты бұзуға бастамашы ұйымның бірінші басшысы бекітеді.

   31-9. Зейнетақы активтерін қабылдау - өткізу актісі ол бекітілген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде уәкілетті органға ұсынылады.

   31-10. Зейнетақы активтерін қабылдаушы ұйымға инвестициялық басқаруға өткізіп беру күні - зейнетақы активтерін қабылдау - өткізу актінің бекітілген күні болып танылады.

   31-11. ұйымның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуы тоқтата тұрылған не қайтарып алған жағдайда, ұйым лицензияның қолданылуын тоқтата тұрылған не оны қайтарған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде жинақтаушы зейнетақы қорына шарт бойынша міндеттемелердің тоқтатылғаны туралы хабарлама жібереді және ұйымның бірінші басшысының бұйрығы негізінде келісу комиссиясын құрады. Келісу комиссияның құрамы осы Ереженің 31-3-тармағымен белгіленеді.

   Келісу комиссиясы он күн ішінде осы Ереженің 31-4 - 31-6, 31-8 - 3-10-тармағына сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады.   
 

5-тарау.

Тәуекелдерді басқару жүйесі  

   32. Ұйым (Қор) өз қызметі процесінде Ұйымдағы (Қордағы) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын қамтамасыз етеді.

   33. Ұйымдағы (Қордағы) тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы корпоративтік басқаруға, қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүргізу тәжірибесіне, ақпарат жүйелерінің және басқару ақпараты жүйелерінің қызмет етуіне қойылатын осы Ереже белгілеген талаптарға сәйкестікті көздейді.

   34. Тәуекелдерді басқару жүйесін және ішкі бақылауды ұйымдастыру Ұйымның (Қордың) осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкестігімен қамтамасыз етіледі.

   35. Тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүргізу тәжірибесінің болуы осы Ереженің 4-қосымшасында көрсетілген талаптарға Ұйымның (Қордың) сәйкестігімен қамтамасыз етіледі.

   36. Тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде Ұйымның (Қордың) операциялық қызметінің болуына, ақпарат жүйелері мен басқару ақпараты жүйелерінің қызмет етуіне осы Ереженің 4-қосымшасында көрсетілген талаптарға Ұйым (Қор) сәйкес келген кезде жол беріледі.

   37. Ұйым (Қор) жыл сайын, есептіден кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей, осы Ереженің 2, 4-қосымшасында көрсетілген талаптардың орындалуын бағалау жөніндегі олар дайындаған есепті уәкілетті органға береді. Осы есепте:

   1) тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылаудың болуына қойылатын талаптар мен талап критерийлерінің толық тізбесі;

   2) тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылаудың болуына қойылатын әрбір талап пен талап критерийіне Ұйымның (Қордың) сәйкестігі бойынша бағалау, оның ішінде көрсетілген талаптарға Ұйымның (Қордың) жан-жақты айқындайтын сәйкестігі;

   3) Ұйымның (Қордың) тәуекелдерді басқару жүйесіндегі, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылаудың болуына қойылатын талаптар мен талап критерийлері бойынша кемшіліктер;

   4) тәуекелдерді басқару жүйесіндегі және ішкі бақылаудағы кемшіліктерді жою жөніндегі қажетті іс-шаралар болуы тиіс.

   38. Ұйымдар (Қорлар) орындауға міндетті талаптардың негізгі критерийлері осы Ереженің 5-қосымшасында айқындалған.

   39. Ұйымдар (Қорлар) орындауға міндетті талаптардың қосымша критерийлері осы Ереженің 6-қосымшасында айқындалған.   

 

   Зейнетақы активтерін инвестициялық

   басқару жөніндегі қызметті жүзеге

   асыру ережесінің 1-қосымшасы  

Зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат

берілген қаржы құралдарының тізбесі   

   1. Ұйым (Қор) қаржы құралдарының тізбесіне әрбір жеке Қордың инвестициялық басқаруындағы зейнетақы активтерін зейнетақы активтерінің және оларға қойылатын талаптардың жалпы көлеміне байланысты орналастыра алады.   

Қаржы құралдарының атауы
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда), сондай-ақ мемлекет кепілімен шығарған бағалы қағаздар
2. Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар
2-1 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар
4. Қазақстан Республикасының екіншіден деңгейдегі банктеріндегі салымдар мынадай талаптардың біріне сәйкес келген жағдайда:

банктердің халықаралық шәкіл бойынша Standard & Poor's агенттігінің «ВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-» төмен емес рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар болса;

банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкіл бойынша «А-» төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес сабақтас банктің еншілес резидент банктері болып табылса;

банктер кор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторындағы бірінші санатқа енгізілген эмитент банктер болып табылса.

5. «Standard & Poor's» агенттігінің «ВВВ-» төмен емес халықаралық рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар, мына халықаралық қаржы ұйымдары шығарған:

Халықаралық қайта құру және даму банкі;

Еуропа қайта құру және даму банкi;

Америка аралық даму банкі;

Халықаралық есеп-айырысу банкі;

Азия даму банкі;

Африка даму банкі;

Халықаралық қаржы корпорациясы;

Ислам даму банкі;

Еуропа инвестициялық банкі;

Еуразиялық даму банкі

6. Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ"-дан кем емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар
7. Шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:

Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-" ден төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздары;

Standard & Poor's агенттігінің "ВВВ-" ден төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары

Қазақстан Республикасы резиденті болып табылатын, қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына кіргізілген шетел ұйымдардың акциялары.

8. "Standard & Poor's principal stability fund ratings" "BBBm-"-ден төмен емес не "Standard & Poor's Fund credit quality ratings" "BBBf-"-төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары
9. Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары:

1) Standard & Poor's агенттігінің «ВВ-»ден төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша «kz ВВ» төмен емес рейтингтік бағасы бар, оның ішінде кор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторындағы бірінші немесе екінші санатқа енгізілген ұйымдардың акциялары;

2) кор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторындағы бірінші немесе екінші санатқа енгізілген ұйымдар акциялары;

3) Standard & Poor's агенттігінің «В -» ден төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша «kz В-» төмен емес рейтингі бар, оның ішінде қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар;

4) қор биржасының ресми тізіміндегі «рейтинг бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар;

5) Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары;

6) басқарушы компаниясы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық пай инвестициялық қорларының пайлары. 

9-1 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар не қор биржасының «Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары» ресми тізіміне енгізілген, мына талаптарға сәйкес келетін жылжымайтын мүлік қорларының акциялары:

шығарылған бағалы қағаздар және/немесе басқа міндеттемелер бойынша жылжымайтын мүлік қоры міндеттемелерінің мөлшері жиынтығында жылжымайтын мүлік қорының меншікті капиталының он пайызынан аспайды;

жылжымайтын мүлік қорының инвестициялық кірістерінің жетпіс бес пайызынан аспайтынын жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде алынған кіріс құрайды;

жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясынан және оның аффилиирленген тұлғаларынан сатып алынбаған;

жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлікке ауыртпалық салынбаған не ол сенімгерлік басқаруға өткізілген;

жалға беру шартымен белгіленген жылжымайтын мүлік қорының активтеріне кіретін жылжымайтын мүлік объектілерін жалға беру мерзімі бір жылдан кем еместі құрауы тиіс;

жылжымайтын мүлік қорының активтерінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектілері оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу жөніндегі өтініш берілген күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға беріледі  

10. Лондонның қымбат металдар рыногы қауымдастығының (London bullion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін тазартылған қымбат металдар және "Лондондық сапалы жеткізу" стандарты ретінде ("London good delivery") осы қауымдастықтың құжаттарында белгіленген металл депозиттері, оның ішінде, Standard & Poor's агенттігінің "АА-" ден төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар резидент банктердің акциялары 12 айдан астам емес мерзімде
11. "Standard & Poor's" агенттігінің "BBB-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар ие ұйымдар шығарған Principal protected notes және олар бойынша негізгі борыш сомасын толық қайтару жөніндегі эмитенттің кепілдемесі белгіленген
12. Депозитарлық қолхаттар:

Осы тізбеде көрсетілген базалық активтері акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар, фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар, базалық активтері мыналар болып табылатын:  

зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары; 

шетел валютасы;  

мынадай есеп айырысу көрсеткіштері (индекстер):  

1. MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index) 

2. DAX (Deutscher Aktienindex) 

3. CAC40 (Compagniedes Agentsde Change 40 Index) 

4. NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index) 

5. TOPIX (Tokyo Price Index) 

6. HSI (Hang Seng Index) 

7. ENXT 100 (Euronext 100) 

8. RTSI (Russian Trade System Index) 

9. DJIA (Dow Jones Industrial Average) 

10. S&P 500 (Standardand & Poor's 500 Index) 

11. FT-SE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index) 

12. KASE (Kazakhstan Stock Exchange) 

13. ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.22.08. № 116 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

13. Алматы қаласының Өңірлік Қаржы Орталығының арнаулы сауда-саттық алаңын далистинг рәсімдері өткен борыштық бағалы қағаздар
15. "Standard & Poor's" агенттігінің "BBB-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттігінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валютасындағы қолма-қол ақшасы

Информация о работе Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы