Қаржыны басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 20:10, реферат

Краткое описание

Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
басқарудағы демократизм;
қаржылық мәселелерге саяси тәсілдеме;
басқаруда экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі;
басқарудың ғылымилығы;
орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудын келісімдігі;
басқарудағы жауапкершілік;
шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.

Файлы: 1 файл

Karjyny baskaru.docx

— 16.41 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қаржыны басқару

 

 

 

 

 

                                                                                        Тексерген:_____________

                                                                                       Орындаған:_____________

 

 

 

 

 

Алматы 2013ж

Қаржыны басқару

Қаржыны басқару. Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржылық қызметке де тән нәрсе. Қаржыны басқару – бұл қаржыға және шектес экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау үдерісі және қаржылық қатынастардың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржылық саясатты жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Бұл ретте белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде басқару қаржылық механизм арқылы оның әдістері, тұтқалары, ынталандырмалары мен санкциялары көмегімен жүзеге асырылады. Сөйтіп, қаржыны басқару – бұл тиісті қаржылық саясатқа жетудің мақсаты; қаржылық механизм бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржылық саясат – қаржыны басқарудың тиісті үдерісінің түпкілікті қорытынды нәтижесі.

Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретінде басқару экономикалық заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістер, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.

Қаржыны басқарудың мақсаты  макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржылық тұрақтылық пен қаржылық тәуелсіздік болып табылады.

Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

 басқарудағы демократизм;

 қаржылық мәселелерге  саяси тәсілдеме;

 басқаруда экономикалық  және әкімшілік әдістердің оңтайлы  үйлесуі;

 басқарудың ғылымилығы;

 орталықтандырылған, салалық  және аумақтық басқарудын келісімдігі;

 басқарудағы жауапкершілік;

 шаруашылық шешімдерінің  сабақтастығы.

Қаржылық қатынастардың  әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын пайдаланады. Қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элементтерді айырады: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау.

Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржылық үдерісті оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау үдерісінде басқару шешімдері қаржылық ақпаратқа талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақикат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақтылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделген.

Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл – жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорлар арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бөліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.

Үйымдастыру – басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржылық ақпараттың жоғары нәтижелігін, басқару жұмыскерлерінің  жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.

Қаржылық реттеу – бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржылық ресурстарды икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; бұл резервтік (сақтық) қорлар, жоспардан тыс қаржылық ресурстар, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынаспен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.

Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау үдерісінде де, сонымен бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржылық үдерістерді (операцияларды) жүргізудің дұрыстығы мен заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржылық құқықтың нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржылық аппараттың қызметін қамтиды. Бақылау қаржылық ресурстарды пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлық көрсеткіштермен салыстыруға, қаржылық ресурстарды өсірудің резервтерін айқындауға, шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.


Информация о работе Қаржыны басқару