Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп
Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2015 в 19:11, реферат
Краткое описание
Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады.
Оглавление
Дәріс мақсаты: Бухгалтерлік есептің негізгі түсінігі және атқаратын қызметі, қаржылық ақпарат мәліметтерін пайдаланушылар, сонымен бірге өлшем түрлерін оқып танысу.
Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың ролі.
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем
түрлері.
Есеп түрлері.
Бухгалтерлік есептің мәні
Файлы: 1 файл
дарис.docx
— 356.49 Кб (Скачать)Дәріс-1 Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп
Дәріс мақсаты: Бухгалтерлік есептің негізгі түсінігі және атқаратын қызметі, қаржылық ақпарат мәліметтерін пайдаланушылар, сонымен бірге өлшем түрлерін оқып танысу.
- Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
- Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың ролі.
- Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты.
- Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем
- түрлері.
- Есеп түрлері.
- Бухгалтерлік есептің мәні
- Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі
Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады.
Кез
келген ұйымда бухгалтерлік
Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:
- болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;
- ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;
- қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.
2. Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың ролі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-ақпараттық мәліметін пайдаланушыларды төмендегідей екі топқа бөліп қарастырады:
- ішкі пайдаланушылар;
- сыртқы пайдаланушылар
Кәсіпорынды ішкі пайдаланушылар яғни басқарушыларға осы ұйымның алдына қойған мақсатына жетуіне және оның қызметіне толықтай жауапты адамдар жатқызылады. Бұндай адамдарға: кәсіпорынның иесі, кәсіпорынның басшысы, директорлар кеңесінің мүшелері, менеджерлер, бөлім басшылары, және тағы да басқалар жатқызылады. Бұл аталған санатқа жататын адамдарды кәсіпорынның:
- соңғы есепті жылдағы таза пайдасының көлемі;
- нақты алынған табыс көлемінің жоспармен сәйкестігі;
- өндірген әрбір түрлі өнімнің өзіндік құны;
- қызметтің қандай түрінен табыс көбірек алынатындығы және тағы да басқа жағдайлар қызықтырады.
Сыртқы пайдаланушылар екіге бөлінеді:
- кәсіпорыннан тыс орналасқан бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей қызығушылығы бар тұлғалар;
- кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама қызығушылығы бар тұлғалар.
Тікелей мүдделі тұлғалар болып: қаржы салымшылары (инвесторлар), несие берушілер, жабдықтаушылар және басқалар есептелінеді. Бұл тұлғалар өздерінің салған салымдары мен сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ берген несиелерінің уақтылы қайтарылатындығын білу үшін ұйымның қаржы тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін зерттейді.
Ал кәсіпорынның қаржылық
Қаржылық
ақпараттық мәліметтерді дер
кезінде пайдаланушыларға
3. Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты
Кәсіпорындар
мен ұйымдардағы болып
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты – барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақтылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі, ол тек қана бастапқы және арнайы құжаттарға жазылып тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі.
Кәсіпорындағы
шаруашылық операциялардың
Қорыта келгенде, бухгалтерлік есептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзін-өзі қаржыландыруы мен табыс (пайда) табуы жатқызылады.
4. Бухгалтерлік
есеп жұмысын жүргізуде
Кәсіпорындар
мен ұйымдардағы күнделікті
- Сандық (натуралдық) өлшем.
- Еңбек өлшем.
- Ақшалай өлшем.
Сандық өлшем кәсіпорынның кіріске алынуға, есептен шығаруға және сонымен қатар түгендеуге тиісті өнімдері мен заттарын, материалдары мен негізгі құралдарын өлшеу, санау, көлемін анықтау үшін қолданылады. Бұл сандық өлшемнің өзі өлшенетін шаруашылық құралдарының түріне қарай әр түрлі болып келеді.
Мысалы: ағашты өлшеу үшін – текше метр (куб/м), жерді өлшеу үшін – гектар, астықты өлшеу үшін – центнер және тағы да басқа өлшемдер қолданылады.
Еңбек өлшемі өнім өндіруге және қызмет көрсетуге жұмсалынған жұмыс уақытын өлшеуге арналған. Басқаша айтатын болсақ еңбек өлшемі бір дана өнімді өндіруге қажетті уақытты анықтауға немесе белгілі бір уақыт аралығында өндіріліп шығарылатын өнім санын анықтауға арналған. Бұл еңбек өлшемі жұмыс күнінің саны, сағаты және минуты сияқты уақыт өлшемдерін қолдану арқылы жүргізіледі. Жұмыс уақытының көрсеткіштері кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге тиесілі еңбекақы сомаларын және еңбек нормалары мен оның өнімділігін есептеу үшін қажет. Алайда еңбек өлшемі жұмсалынған еңбек күшінің нақты санын анықтауға немесе өлшеуге толық түрде нәтиже бере бермейді. Олар көп жағдайда сандық өлшеммен бірге қосылып қолданылады.
Ақшалай өлшем кәсіпорындағы жұмсалған шығындар мен алынған табысты, өндірілген өнімдер мен тағы да басқалардың есебін жүргізу үшін қажет. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында ақшалай өлшем көбіне сандық өлшем және еңбек өлшемімен бірігіп барлық мәліметтерді жинақтап қорытындылау үшін қолданылады.
Мысалы: құрылысты салуға кеткен барлық шығынның құнын анықтау үшін, сонымен қатар өндірілген өнімдерді, сатылып алынған тауарларды сату, бағалау және тағы басқалары үшін ақшалай өлшем көп һолданылады. Кәсіпорынның балансын құру барысында да тек қана ақшалай өлшем қолданылады.
5. Есеп түрлері
Шаруашылық есептің жүйесі есептің өзара байланысты үш түрінен: жедел, бухгалтерлік және статистикалық есептерден тұрады.
Жедел есеп шаруашылық процестері мен құбылыстарына оларды тікелей жүзеге асыру барысында бақылау жасауға арналған.
Оның ерекшелігі – басшылық пен басқарманы деректермен қамтамасыз етудің жылдамдығы, жеделдігі. Жедел есептің көмегімен басқару қызметкерлеріне кәсіпорындағы материалдық ресурстардың қозғалысы туралы, шығарылған өнімнің көлемі, оның тиеп-жөнелтілуі және сатылуы жайында, өндірістік қорлардың қолда бары, шарттың тәртібін жеткізушілер мен сатып алушылардың сақтауы туралы және т.с.с. ақпараттар келіп түседі.
Бұл
есептің басқаларына қарағанда (техникасы
жағынан) ең қарапайым түрі. Жедел
есеп әр түрлі процестер мен
құбылыстарды әр түрлі
Оны бөлім, цех, қойма сияқты бөлімшелердің қызметкерлері жүргізеді.
Оның
деректері міндетті түрде
Статистикалық есеп немесе статистика экономика, мәдениет, білім беру және т.б. салалардағы көпшілік сипаттағы құбылыстарды зерттейді.
Статистика экономикалың жағдайы, оның дамуының үрдістері, жұмыс күшінің қозғалысы, тауарлар, бағалы қағаздар, халықтың саны мен құрамы туралы ақпараттарды қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау және жорамал жасау мақсатында әзірлейді және жинақтайды.
Халық
шаруашылығы есебінің
Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстарының сандық жағын сапалық жағымен байланыстыра отырып, заттық көрсеткіштермен, сондай-ақ ақшалай түрде шаруашылық фактілерін жалпылама, үздіксіз, құжатты негізделген және өзара байланыстыра тіркеу жолымен зерттейді.
6. Бухгалтерлік есептің мәні
Бухгалтерлік
есеп кәсіпорынның қызметін
Жекелеген құрамдас бөліктері
бухгалтерлік есептің объектіле
- қамтамасыз ету (дайындау), кәсіпорын алған шикізат, материалдар, отын және басқа материалдық қорлар, сонымен қатар мұндайда жабдықтаушылармен, транспорттық ұйымдармен арадатуындаған қарым-қатынастар бухгалтерлік есептің объектілері болып саналады;
- өндірістік, өнім дайындауда пайдаланылатын өндіріс құралдары, оларға байланысты шығындар бухгалтерлік есептежалақы, амортизация есептеу, еңбек құралдарын есептен шығару мен өнімнің өзіндік құнын анықтау жолдарымен бейнеленуі;
- өткізу, мұнда сатуға арналған өндіріс өнімдері, өткізу жөніндегі шығындар (буып-түю, орау іріктеу, тасымалдау), субъектінің сатылған тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін алған ақшалай түсімі есептеледі.
Қолда
бар құралдарды ұтымды
Кәсіпорынның шаруашылық құралдары құрамы мен орналасуы бойынша, және пайда болу көзі бойынша жіктеледі.
Негізгі құралдар – өндіріс процесстерін жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайтын (құнына қарамастан) еңбек құралдары олар ұзақ уақыт бойы сыртқы түрі мен формасын сақтап, өндіріс барысына (бір жылдан астам) қатысады. Өндіріс барысында олар бірте-бірте тозады, жөндеуді немесе толығымен ауыстыруды талап етеді. Сондықтан негізгі құралдар құнының бөлігін дайын өнімнің өзіндік құнына ай сайынғы ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте-бірте төмендету (амортизация) жолымен қосылады.
Материалдық емес активтер – бұ
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар – субъектінің басқа субъектілердің жарғы капиталына сол субъектілерге үлестік қатысудан алатын кірістер және дивидент немесе процент түрінде қосымша экономикалық пайда алу мақсатымен қаржы салуы.