Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2015 в 19:11, реферат
Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады.
Дәріс мақсаты: Бухгалтерлік есептің негізгі түсінігі және атқаратын қызметі, қаржылық ақпарат мәліметтерін пайдаланушылар, сонымен бірге өлшем түрлерін оқып танысу.
Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың ролі.
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем
түрлері.
Есеп түрлері.
Бухгалтерлік есептің мәні
Түгендеу белгіленген
3. Бағалау – бухгалтерлік есепте материалдық құндылықтар ақшалай өлшеммен есептелінеді. Кәсіпорындағы мүліктердің (активтердің) және міндеттемелердің құнын ақшалай өлшемге айналдырып есептеу әдісін бухгалтерлік есептің бағалау әдісі деп атайды.
4.Калькуляциялау – шығындарды топтастыру мен сатып алынған материалдық құндылықтардың, әзірленген өнімдер мен атқарылған жұмыстардың өзіндік құнын анықтау әдісі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау нормативтік құжаттармен реттелінеді.
5. Шоттар – Бухгалтерлік есеп шоттары дегеніміз, шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына және маңызы мен көрсеткіштеріне сәйкес жинақтап топтау құралдары болып табылады. Шоттар ұйымның шаруашылық үдерістерінің, сондай-ақ активтермен олардың қорлану көздерінің түрлеріне қарай ашылады. Жалпы айтқанда ұйымның активтерімен міндеттемелеріндегі және меншікті капиталындағы әрдайым болып отыратын операцияларды бір жүйеге келтіріп топтап, ақшалай түрде есептеу үшін бухгалтерлік есепте қолданылатын әдісті шоттар деп атайды. М-ы: 1010 «Касса», 1030 «Ағымдағы есеп айырысу шоты», 3010 «Банк несиесі», 3350 «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу»
6. Екі жақты жазу әдісі – Шаруашылық үдерістері барысында орындалатын әрбір операция негізінде кәсіпорынның қаржылары мен олардың пайда болу көздерінде екі жақты және тең өзгерістер болып отырады. Олар екі жақты жазуды керек етеді, яғни бір шоттың дебитінде, екінші шоттың кредитінде бірдей сомада көрсетілуі қажет. Ұйымдардағы мұндай күнделікті болып отыратын операцияларды, үдерістерді бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазып есептеп отыру үшін қолданылатын әдіс бухгалтерлік есепте екі жақты жазу әдісі деп аталады.
М-ы: Банктен алынған несие есеп шотқа келіп түсті (Дт 1030 Кт 3010), Кассадан жұмысшыларға еңбек ақы берілді (Дт 3350 Кт 1010)
7. Бухгалтерлік баланс. Кәсіпорынның активтерімен (шаруашылық қорларымен) олардың қорлану көздерінің белгілі бір мерзімге бір жүйеге келтіріліп, ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп екі жақты кестеде бейнеленуін бухгалтерлік баланс деп атаймыз. Оның сол жағында кәсіпорынның активтері, ал оң жағында қорлану көздері, яғни міндеттемелері мен меншікті капиталы бейнеленеді.
8. Қорытынды есеп. Ұйымның қандайда бір өткен уақыт аралығындағы, есепті кезеңдегі операцияларының, шаруашылық үдерістерінің қорытындыланып, белгілі бір есеп беретін күнге бір жүйеге келтірілуі қорытынды есеп деп аталады. Қорытынды есептің құрамына кәсіпорынның бухгалтерлік балансы, меншікті капиталының өзгерісі туралы есебі, қаржы нәтижесі туралы есебі, ақшаларының қозғалысы туралы есебі, түсініктемелік хаты және басқа да бухгалтерлік есеп стандарттарында көрсетілген ақпараттық мәліметтері кіреді.
Негізгі оқу әдебиеттер:
Өз-өзін бақылау сұрақтары
Дәріс-3
Дәріс мақсаты: Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұнын және шаруашылық операциялардың баланс баптарына өзгеріске ұшырауының негізгі формулаларын анықтау.
Бухгалтерлік есептің негізгі
және басты міндетінің, атқаратын
қызметі мен функциясының бірі
– пайдаланушыларға
Бухгалтерлік баланс – кәсіпорынның мүлкін ақшалай өлшеммен белгілі бір мерзімге екі топпен: түрлері мен орналасуы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.
Сыртқы түрі бойынша
Бухгалтерлік есеп
Кәсіпорынның бухгалтерлік
«Береке» фирмасының 2015 жылдың 1 қаңтарына
БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСЫ (өлшем бірлігі мың тг)
Активтері |
сомасы |
Пассивтері |
сомасы |
1 |
2 |
3 |
4 |
Қысқа мерзімді активтер: |
Қысқа мерзімді міндеттемелер: |
||
Материалдық қор |
35000 |
Бюджетпен есеп айырысу |
25000 |
Дайын өнімдер |
70000 |
Бюджеттен тыс төлемдермен есеп айырысу |
150000 |
Тауарлар |
25000 |
Жабдықтаушылармен есеп айырысу |
70000 |
Аяқталмаған өндіріс |
100000 |
Жұмысшылармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу |
20000 |
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар |
65000 |
Жиыны |
265000 |
Қысқа мерзімді қаржы салымы |
50000 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер: |
|
Алдағы уақыт шығындары |
10000 |
Ұзақ мерзімді несие |
90000 |
Берілген аванс |
15000 |
Ұзақ мерзімді қарыз |
20000 |
Ақша қаражаттары |
95000 |
Жиыны |
110000 |
Жиыны |
465000 |
Меншікті капитал: |
|
Ұзақ мерзімді активтер: |
Жарғылық қор |
500000 | |
Материалдық емес активтер |
20000 |
Резервтік қор |
55000 |
Негізгі құралдар |
270000 |
Бөлінбеген пайда немесе зиян |
35000 |
Ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестиция) |
165000 |
Жиыны |
590000 |
Ұзақ мерзімді дебиторлық борыш |
45000 |
||
Жиыны |
500000 |
||
БАЛАНС ВАЛЮТАСЫ |
965000 |
БАЛАНС ВАЛЮТАСЫ |
965000 |
Кәсіпорын мүлкінің жекелеген
түрлерін, оның пайда болу көздерін,
міндеттемелерін сипаттайтын
Баланстың активі мен пассиві бойынша жиынтықтар баланс валютасы деп аталады.
БАЛАНСТЫҚ ТЕҢДЕУ
АКТИВ = МЕНШІКТІ КАПИТАЛ + МІНДЕТТЕМЕ
2. Бухгалтерлік баланстың түрлері
Бухгалтерлік баланс өзінің
актив = меншікті капитал
Бұл теңдік егер кәсіпорын
құрылуы барысында ешқандай
Кәсіпорынның өз қызметі
Кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметін тоқтатар уақытта жасалады. Жойылу балансын екі түрге бөлуге болады, ұйымның жабылуына байланысты және ұйымның жабылғандығын қорытындысын бағалау үшін құрастырылатын баланс.
3. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы.
Кәсіпорындағы күнделікті
Бухгалтерлік есепте шаруашылық операцияларын баланс баптарының сомасына әсер етуіне қарай төрт типке бөледі.
1 – типке жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тен қана актив бөліміне әсер етеді. Бұл жағдайда актив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайса, екінші бір бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасы мен баланстың жиынтық сомасы ешқандай өзгермейді.
Мысалы: Кәсіпорынның банктегі есеп айырысу шотынан жұмысшы-қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін кассаға 500 000 теңге алынды.
Актив |
сома |
Пассив |
сома |
Айдың басындағы жиынтық сома
Кассадағы қолма-қол ақша (1010) Ағымдағы есеп айырысу шоты (1030) |
900 000
+500000
-500000 |
Айдың басындағы жиынтық сома |
900000 |
Айдың соңындағы жиынтық сома |
900 000 |
Айдың соңындағы жиынтық сома |
900 000 |
А+ А – ; баланс сомасы өзгермейді; А = МКМ
2 – типке жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана пассив бөліміне әсер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайып, екінші бап тура сондай сомаға артады. Ал пассивтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгеріске ұшырамайды.
Мысалы: Ұйым өзінің жабдықтаушы-мердігерлердің алдындағы 700 000 теңге қарызын банк мекемесінен алынған несие арқылы қайтарды делік.
Актив |
сома |
Пассив |
сома |
Айдың басындағы жиынтық сома
Кассадағы қолма-қол ақша (1010)
Ағымдағы есеп айырысу шоты (1030) |
900 000
+500000
-500000 |
Айдың басындағы жиынтық сома
Жабдықтаушы-мерд-мен есеп айырысу (3310)
Банк несиесі (3010) |
900000
-700000
+700000 |
Айдың соңындағы жиынтық сома |
900 000 |
Айдың соңындағы жиынтық сома |
900 000 |
П+П – ; баланс сомасы өзгермейді; А = МКМ
3 – типке жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екі түрден айырмашылығы, бұл операциялар барысында баланстың активі мен пассиві бірдей сомаға артады. Яғни бұл жағдайда операция әсерінен баланстың актив бөліміндегі бір баптың сомасы қандайда сомаға көбейсе, пассив бөліміндегі баптың да сомасы осындай сомаға артады.
Информация о работе Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп