Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2015 в 19:11, реферат
Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады.
Дәріс мақсаты: Бухгалтерлік есептің негізгі түсінігі және атқаратын қызметі, қаржылық ақпарат мәліметтерін пайдаланушылар, сонымен бірге өлшем түрлерін оқып танысу.
Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың ролі.
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем
түрлері.
Есеп түрлері.
Бухгалтерлік есептің мәні
Өнімнің бір ғана түрін өндіретін кәсіпорындардың бухгалтерлік балансында аяқталмаған өндіріс нақты жұмсалған шығындар бойынша есептелінеді.
«Бухгалтерлік
есеп және қаржылық есеп беру
туралы» Қазақстан
3. Есеп саясатын дайындау
Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытына дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.
Бұйрықтың құрамына есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пунктерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.
Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттармен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен ресімделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп
саясатының дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйымның филиалдарының еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы да басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа да есеп саясатын таңдауына құқығы жоқ.
Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлімшелерін есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етуі қажет.
Ұйымның түсініктеме жазуларында (пояснительная записка) жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылданған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.
Құжаттар арналымы бойынша мына топтарға бөлінеді:
шаруашылық операциясын жасауға берілген бұйрық болып танылады, бірақ ол жасалған операцияның фактісін растамайды, сондықтан операцияның ол кезеңі бухгалтерлік есепте көрініс таппайды.
Көптеген жарлық ретіндегі құжаттыр, операция жасалғаннан кейін барып, ақтаушы құжаттарға айналады;
ларының фактісін растайды, яғни жасалған операция ретінде рәсімделеді. Құжаттырдың бұндай типі шаруашылық операциялары ретінде бухгалтерлік есепте көрсетуга негіз болып табылады;
тардың негізінде жасалатын құжаттар, бірақ олардың дербестік мағынасы болмайды;
тардың бірнеше түріне тән қызметті, бір мезгілде атқаратын құжаттауларды құрастырылған құжаттау деп атайды; олардың пайдалануын жеңілдетеді, ықшамдайды және есептік құжаттауды аса көрнекті етіп көрсетеді.
Құжаттар жасау бойынша мына топтарға бөлінеді:
операцияларын рәсімдеу кезінде пайдаланады;
жасап біткеннен кейін, оларды рәсімдеу үшін пайдаланады. Олардың бір жолғыдан айырмашылығы құжаттарды рәсімдеу уақытын және олардың санын қысқартады. Олар есепке тек ең соңғы операциясы жасалғаннан кейін барып көрініс табады және барлық жазулар осы жерде қосылып жинақталады.
Құжаттар мазмұндық көлемі бойынша мына топтарға бөлінеді:
тікелей рәсімделеді;
барлық алғашқы құжаттарды біріктіріп және есепке алынған операциялардан қосымша мәлімет алу мақсатында сол мәліметтерді топтастырады.
Құжаттар жасалу орны бойынша мына топтарға бөлінеді:
- сыртқы – басқа кәсіпорындардан, ұйымдардан, жеке тұлға-
лардан түседі.
Құжаттар толтырылуы бойынша бөлінеді:
өзгеріссіз және қосымшасыз пайдаланады;
кәсіпорын үшін жеке әзірленген жағдайында пайдаланады.
Шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін қолдан алғашқы құжаттардың нысаны кәсіпорынның өзінде әзірленіп бекітіледі, егер де оларға аса үлкен талаптар қойылмаса. Алғашқы құжаттар мынадай міндетті реквизиттерден тұрады:
білдіреді;
көрсетіледі).
операцияға және оныің дұрыс рәсімделуіне жауапты тұлға;
Құқықтық актілердің нормативтік талабына және операцияның сипатына, сондай-ақ есеп ақпараттарының өңделу тәсіліне байланысты алғашқы құжаттардың реквизиттері енгізілуі мүмкін.
Бухгалтерлік құжаттарды жүргізу әдісіне біршама талаптар қойылады, олардың негіздері болып: құжаттылығы, жазулардың қысқа әрі түсініктілігі, жазуларды өзара бақылау жасау мүмкіндігі және т.б. жатады (жазуды корреспонденцияланған шоттары бойынша тексереді).
Құжаттардағы жазулар, цифрлар бойынша анық, әрі түсінікті болуы тиіс. Ондағы мәліметтердің дұрыстығына, оған қол қоятын тұлғалар жауап береді.
Бухгалтерияға келіп түсетін құжаттардың көпшілігі тек шаруашылық операцияларының натуралды өлшеуіштерінен ғана тұрады. Бухгалтерияда құжаттар тексеріледі (таксировка жасалынады) және соған сәйкес қорытындылар есептелініп шығарылады.
Құжаттардағы қателерді түзету дегеніміз – арифметикалық және мән-мағынасы бойынша түзетулер нәтижесінде анықталған қателер бухгалтерлік есептің талаптарына сәйкес түзету деген сөз. құжаттардағы анықталған олқылықтар оны құрастырушы жауапты адамдарға кері қайтарылады.
Есептік регистрлердің жітемесі
Есептік регистрлер өз арналымы бойынша мына топтарға бөлінеді:
- хронологиялық – шаруашылық операцияларының жүзеге асуына қарап тіркеледі (бухгалтерияға келіп түсетін жүктерді есепке алу журналы бойынша). Мұндай регистрлерге касса кітабы, келіп түсетін жүктерді есепке алу журналы және т.б.;
- жүйелі регистрлерінде – шаруашылық операциялары экономикалық мазмұны бойынша топтастырылып тіркеледі. Мысалға, Бас кітапты, журнал-ордерлерді атауға болады;
- құрастырмалы – бұл хронологиялық және жүйелі жазбалары бір мезгілді өзара үйлесім табатын регисторлар. Бұлар неғұрлым оңтайлы нысана ретінде бағалы, сол себепті де ол кеңінен қолданылады. Құрастырмалы регистрлерге журнал-ордерлер және ведомостер жатады. Құрастырмалы регистрлер – есептік регистрлдердің неғұрлым қолайлы экономикалық нысаны болып табылады. Оларды қолдану синтетикалық және аналитикалық есеп аралығындағы мәліметтердің жазбаларын салыстыруға көп уақыт жұмсауға деген қажеттіліктен арылады; есептеудің дұрыстығы мен көрнектілігі арта түседі. Бұған журнал-ордерлер мен машинограммалардың көп бөлігі жатады.
Регистрлер мазмұндылық көлемі бойынша аналитикалық, синтетикалық болып бөлінеді.
- аналитикалық регистрлер жекелеген талдау есептері (карточка, кітаптар, тізімдеулер) бойынша есеп жүргізуге арналған.
- синтетикалық регистрлер – бұл шаруашылық қаражаттарын және олардың көздерін жалпылама түрде анықтауға арналған регистрлер. Синтетикалық регистрлерге Бас кітап және синтетикалық есептері бойынша жазбалары жазылатын айналым ведомосы жатады.
Есеп регистрлері сыртқы түрі бойынша мына топтарға бөлінеді:
- карточкалар бұл аналитикалық есептің бірдей форматтағы регистрі, олардың арнайы сызба жолдары болады. Ол әртүрлі объектінің есебін ұйымдастыруға арналған;
- кітаптар бұл да аналитикалық есептің нөмірленген арнайы сызба жолдары бар регистр. Олар касса ктабы мен Бас кітап ретінде көп таралған;
- бос парақтар – жекелеген парақтарда әзірленетін регистрлер және онда есептік жазулар (жазбалар) үшін арналған, олардың сызба жолдары мен нысаны парақтардың арналымына байланысты болып келеді;
- машинограммалар (басылған қағаздар) бухгалтерлік есептің іс жүзінде қолданатын бағдарламасы бойынша әзірленген аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлері, оны толтыру (рәсімдеу) тапсырыс берушінің мүддесіне және берілген карточканың, журнал-ордердің параметрлеріне (көрсеткіштеріне) тәуелді болып келеді.
Кітаптарда аналитикалық есебін жүргізер кезде жазбалар жазбай тұрып, оның барлық беттерін беттеу керек, сосын оған мөр басып, бас бухгалтерлер қол қояды.
Регистрлерді ашқан кезде оларға регистрлерден өткен айдың бастапқы қалдықтары, ал қажетті жерлерде – аналитикалық есептің баптары бойынша жыл басынан бергі кезеңдегі айналымдар көшіріледі. Ай сайынғы операцияны регистрге жазу кезінде оның мазмұны, мерзімі және құжат нөмірі көрсетіледі. Операцияның сомасы өзінің сәйкес келетін есептеулердің графасына жазылады. Жалпылама сипаттағы операцияларды алдын ала дайындалған кестелерде (жинақтық ведомостілерінде) жинақтады. Айдың соңында кестедегі мәліметтердің жиынтығы аналитикалық және синтетикалық есептің регистрлеріне жазылады.
Ай біткен соң барлық аналитикалық және синтетикалық шоттар бойынша дебеттік және кредиттік жиынтық есептелінеді.
Ай соңындағы жиынтық айналымы айналым ведомосын жасау үшін және ағымдағы бақылау үшін пайдаланады.
Есеп регистрларының мәліметтері салыстырылады. Бұл үшін шоттар корреспонденциясы бойынша жазбалар жасалады, ал бұл балансты жасағанға дейін қатені табуды және түзетуді және олардың дұрыстығын қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есептің регистрлеріндегі мәліметтер топтастырылған түрінде қаржылық есеп беруге көшіріліп жазылады.
Негізгі оқу әдебиеттер:
Информация о работе Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп