Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2015 в 19:11, реферат

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады.

Оглавление

Дәріс мақсаты: Бухгалтерлік есептің негізгі түсінігі және атқаратын қызметі, қаржылық ақпарат мәліметтерін пайдаланушылар, сонымен бірге өлшем түрлерін оқып танысу.
Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың ролі.
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем
түрлері.
Есеп түрлері.
Бухгалтерлік есептің мәні

Файлы: 1 файл

дарис.docx

— 356.49 Кб (Скачать)

3. Негізгі  құралдардың  тозуы және амортизациясын есептеу.

    Негізгі құрал  өндіріс  процесіне қатысуымен, жылдар мерзімінің  әсерімен, табиғаты күшінің әсер  етуімен пайдалану процесінде  біртіндеп тозады. Тозудың екі  түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман талабына сай келмеуі).

Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. НҚ-дың табиғи тозуы олардың көп өндіріс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескеруінен (тозудың табиғи нысаны) пайда болады.

Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үдерісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі - өндіріс салаларында ғылыми-техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі б.т. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты және тағы да басқаларды өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді. Екінші себебі ғылыми-техниканың өркендеуіне байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдардың пайда болуына байланысты.

        Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде  пайдаланылған кезде өздерінің  бірте-бірте тозуына байланысты  құндарын өздерінің көмегімен  өндіріліп шығарылатын, жаңадан  жасалған өнімдерге біртіндеп  ауыстырып отырады. Бұл үдеріс «амортизация» деп аталады.

Амортизация сөзі латын тілінен аударғанда «өтеу» деген мағынаны білдіреді. Амортизация белгіленген бір мөлшерде өнімнің өзіндік құнына қосылып отырады. Ал мұны амортизациялық аударым деп атайды.

Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.

Ұйымдарда негізгі құралдағы ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылып отырады.

Негізгі құралдардың амортизациясын есептеудің әртүрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар:

1. құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;

2. құнын орындалған жұмыстың  өндірілген өнімнің көлеміне  тепе-тең мөлшерде  есептен шығару (өндірістік әдіс);

3. жылдамдатып  есептен шығару;

а) қалдық құнының кему әдісі;

б) құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару.

 

       1. Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі

        Құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен  шығару әдісі бойынша объектінің  амортизацияланатын құны негізгі  құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің  ішінде шаруашылық субъектісінің  шығындарына бір қалыпты қосылып  отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық  аударым мөлшері тек қана объектнің  жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына  байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті  жылда  негізгі құралдарға есептелетін  амортизациялық аударым сомасы  осы негізгі құралдарының барлық  пайдалану мерзімінде  амортизацияланатын  сомасын, яғни бастапқы құн мен  қалдық құнының айырмасын объектінің  пайдалану кезеңіндегі есеп беретін  жылдардың санына бөлу арқылы  есептеліп шығарылады. Бұл әдіс  бойынша, яғни құнды бірқалыпты  есептен шығару әдісі қолданылғанда  негізгі құралдарға есептелетін  амортизациялық аударым сомалары  жыл сайын тұрақты мөлшерде  жүргізіледі.

         Мысалы: станоктың бастапқы құны бір миллион (1000000) теңге, ал қалдық құны жүз мың (100000) теңгені құрайды. Бұл станоктың пайдалану мерзімін бес (5) жыл деп алып, осы жоғарыда айтылған әдіс бойынша бір жылдық амортизациялық аударымды есептейтін болсақ, ол жүз сексен мың (180000) теңгені құрайды. Яғни

 

 

         Бұл станоктың  барлық амортизацияланатын сомасы 900000 теңге ((1000000-100000), яғни бастапқы құны мен қалдық құнының айырмасы , ал оны пайдалану мерзіміне бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым сомасы табылады. Бұл станоктың пайдалану мерзімі 5 жыл болғандықтан барлық амортизациялануға тиісті соманы 100% (пайыз) деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым мөлшерін (100/5=20%) сол соманың 20% (пайыз) деп те табуға болады. Бұл жағдайда жоғарыдағы көрсеткішке тең сома табылады.

 

                              900 000 20%= 180 000

 

осыған сәйкес ай сайынғы амортизация сомасы 150 мың теңгеге тең болады (18 000 : 12).

Төменде негізгі құралдардың амортизациясын (тозуын) бірқалыпты (түзу сызықты) әдіс бойынша есептеу жолы көрсетілген.

Станокка амортизациялық аударым сомасының бес жыл

бойы есептелуін төмендегі кестеден көруге болады

          Мерзімі

Бастапқы

   құны

Амортизацияның

жылдық сомасы

Жинақталған тозу сомасы

Қалдық құны

Сатып алынған мерзімі:

1-ші жылдың аяғында

2-ші жылдың аяғында

3-ші жылдың аяғында

4-ші жылдың аяғында

5-ші жылдың аяғында

1 000 000

1 000 000

1 000 000

1 000 000

1 000 000

1 000 000

            -

        180 000

        180 000

        180 000

        180 000

        180 000

         -

      180 000

      360 000

      540 000

      720 000

      900 000

  1000 000

    820 000

    640 000

    460 000

    280 000

    100 000


      

Бұл кестеден үш жағдайды көруге болады:

  1. негізгі құралдардың падалану мерзімі ішінде, яғни 5 (бес) жыл бойы оған есептелетін амортизациялық аударым сомасы өзгермейді (тұрақты);
  2. жинақталған тозу сомасы бірқалыпты өсіп (көбейіп) отырады;
  3. негізгі құралдардың қалдық құны бірқалыпты азайып отырады.

       2.  Құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс)

         Бұл әдіс  объектінің пайдаланылғын уақытына  емес, оны пайдалану нәтижесіне  негізделген. Егер жоғарыда, яғни алдыңғы әдісте қарастырылған станок өзінің 5 (бес) жыл ішінде пайдаланатын уақыты аралығында 10 (он) миллион дана өнімді жасауға негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы өндірілетін бір дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.

 

 

 

 

         Станоктың бір дана өнім өндіруге есептелетін амортизациялық аударым мөлшері бұл әдіс бойынша жоғарыда табылғандай 0.09 теңгені құрайды, яғни тоғыз (9) тиын.

         Егер станок

         бірінші жылы 3 миллион

         екінші жылы 3 миллион

         үшінші жылы 2 миллион

         төртінші жылы 1 миллион

         бесінші жылы 1 миллион

         өнім өндірсе, онда оған әр  жылда есептелетін амортизациялық  аударым мөлшері

         бірінші жылы 270000тг = 3 миллион х 0.09=270000

         екінші жылы 270000тг = 3миллион х 0.09= 270000

         үшінші жылы 180000тг=2миллион х 0.09=180000

         төртінші жылы 90000тг=1миллион х 0.09= 90000

         бесінші жылы 90000тг=1миллион х 0.09=90000

         сомаларына тең болады.

Станокқа құнды орындалған жұмыстың көлеміне тепе-тең мөлшерде

есептен шығару (өндірістік әдіс) әдісі бойынша амортизациялық

аударым есептеу кестесі

 

Станоктың бастапқы құны (теңге)

Өндіріл-

ген өнім көлемі

(дана)

Бір

жылдық амортиза

циялық аударым сомасы (теңге)

Жинақ-

талған  тозу

сомасы

(теңге)

Станок-

тың қалдық құны

(теңге)

Сатып алынған кездегі

 

1000000

 

-

 

-

 

-

 

1000000

1-жылдың соңында

1000000

3000000

270000

270000

730000

2-жылдың соңында

1000000

3000000

270000

540000

460000

3-жылдың соңында

1000000

2000000

180000

720000

280000

4-жылдың соңында

1000000

1000000

90000

810000

190000

5-жылдың соңында

1000000

1000000

90000

900000

100000


 

         Бұл әдісті (өндірістік әдісті) қолдануда әр жылғы амортизациялық аударым сомасымен орындалған жұмыс көлемінің, яғни станок арқылы өндірілген өнім санының арасында тікелей байланыс бар. Бұл әдісті қолдану барысында жинақталған тозу сомасы жыл сайын орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына қарай өсіп, көбейіп отырады. Ал объектінің қалдық құны амортизацияланатын құнның соңына жеткенше орындалған жұмыстың көлеміне, өндірілген өнімнің санына тікелей үйлесімді түрде азайып отырады. Жалпы бұл әдісті объектінің пайдалану кезіндегі оның істейтін жұмысының көлемін, ол арқылы өндірілетін өнімнің санын айтарлықтай дәлдікпен анықтауға болатын жағдайда ғана қолдануға болады.

    3.     Жылдамдатып есептен шығару әдісі

   а)   Сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару әдісі (коммулятивтік әдіс)

         Бұл әдістің коммулятивтік, яғни  сандардың қосынды жиынтық сомасы  деп айтылуының (аталуының) себебі  осы әдіс бойынша негізгі құралдарға  амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандардың қосындысына тең болуына байланысты. Бұл формула мына түрде жазылады:

 

 

                    

         Мысалы: станоктың пайдалану мерзімі 5 (бес) жыл деп қарастыратын болсақ, онда станоктың пайдаланатын  жыл сандарының қосындысы 15-ке (он  бес) тең, яғни (1+2+3+4+5). Бұл 15 саны- коммулятивтік сан. Әр жыл үшін есептік көрсеткіш коэффиценті өзгеріп отырады, яғни осы мысалымызда:

         бірінші жылы 5/15

         еінші жылы 4/15

         үшінші жылы 3/15

         төртінші жылы 2/15

         бесінші жылы 1/15-ге тең болады.

         Станоктың бастапқы құны 1000000 (бір  миллион) теңге, қалдық құны 100000 (жүз  мың) теңге болған жағдайда оның  амортизацияланатын аударым мөлшері 900 000 (тоғыз жүз мың) теңгені құрайды (1000000-100000). Ал жылдық амортизациялық  аударым мөлшері былайша анықталады:

         1-жыл АА=5/15х (1000000-100000)=300000тг.

         2-жылАА=4/15х (1000000-100000)=240000тг.

         3-жылАА=3/15х (1000000-100000)=180000тг.

         4-жылАА=2/15х (1000000-100000)=120000тг.

         5-жылАА=1/15х (1000000-100000)=60000тг.       

         Сандардың қосындысын, яғни коммулятивтік  санын неғұрлым жылдам анықтап  табу үшін мына формула қолданылады:

 

                                           

мұндағы,

S-сандардың қосындысы,

N – негізгі құралдардың пайдалану  мерзімі (жыл).

Информация о работе Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп