Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2015 в 19:11, реферат
Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады.
Дәріс мақсаты: Бухгалтерлік есептің негізгі түсінігі және атқаратын қызметі, қаржылық ақпарат мәліметтерін пайдаланушылар, сонымен бірге өлшем түрлерін оқып танысу.
Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың ролі.
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем
түрлері.
Есеп түрлері.
Бухгалтерлік есептің мәні
Біздің мысалымыз бойынша
егер негізгі құралдардың
Негізгі құрал-дардың бастарқы құны (теңге) |
Жылдық амортизациялық аударым сомасы (теңге) |
Жинақталған тозу сомасы (теңге) |
Негізгі құрал-дардың қалдық құны (теңге) | |
Сатып алынған кездегі |
1000000 |
- |
- |
1000000 |
1-жылдың соңында |
1000000 |
5/15х9000000=300000 |
300000 |
700000 |
2-жылдың соңында |
1000000 |
4/15х900000=240000 |
540000 |
460000 |
3-жылдың соңында |
1000000 |
3/15х900000=180000 |
720000 |
280000 |
4-жылдың соңында |
1000000 |
2/15х900000=120000 |
840000 |
160000 |
5-жылдың соңында |
1000000 |
1/15х900000=600000 |
900000 |
100000 |
4. Қалдық құнының кему (қалдықты) әдісі
Бұл әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу алдымен құнды бір қалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісімен жүргізіледі. Ол үшін негізгі құралдардың бастапқы құны оның жұмыс істейтін мерзімінің, яғни пайдаланатын уақыт жылы санына бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы құнын 100% деп аламыз. Одан кейін табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі құралдардың бастапқы құнына емес, әр есепті жыл басындағы әлі амортизацияланбаған қалдық құнына емес, яғни баланстық құнына көбейтіледі.
Осыған дейінгі әдістерде
Қалдық құнының кемуі (қалдықты азайту) әдісі бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу кестесі
Негізгі құралдардың |
Жылдық амортизациялық аударым сомасы (теңге) |
Жинақталған тозу сомасы (теңге) |
Негізгі құралдардың қалдық құны | |
Сатып алынған кездегі |
1000000 |
-------- |
------- |
1000000 |
1-жылдың соңында |
1000000 |
40%х1000000 =
400000 |
400000 |
600000 |
2-жылдың соңында |
1000000 |
40%x (1000000-400000) = 240000 |
640000 |
360000 |
3-жылдың соңында |
1000000 |
40%x (1000000-640000) = 144000 |
784000 |
216000 |
4-жылдың соңында |
1000000 |
40%x (1000000-784000) = 86400 |
870400 |
129600 |
5-жылдың соңында |
1000000 |
129600-100000 = 29600 |
900000 |
100000 |
Кестеде көрсетілгендей есеп беретін жылы екі еселеніп алынған амортизациялық аударым сомасының мөлшері әр уақытта өткен (алдыңғы) жылдың аяғындағы негізгі құралдардың қалдық құнының сомасына көбейтіліп табылады. Жинақталған тозу сомасы осылайша белгіленген пайыз (процент) арқылы табылған сомаға өсіп отырып, тек соңғы жылы ғана негізгі құралдардың қалдық құны сомасына тең болатындай, шектеліп алынады. Негізгі құралдардың қалдық құнының мөлшері 100000 теңге болғандықтан, бұл кестеде соңғы, яғни бесінші жылы амортизациялық аударым сомасы 29600 теңгемен ғана шектелген.
Амортизациялық аударым негізгі құралдарды қайта құру мен техникалық қайта жарақтау кезінде және ол толық тоқтап тұрған жағдайда, сондай-ақ толық амортизацияланған негізгі құралға есептелмейді.
2410 шотында есептелген негізгі құралдар ай сайын амортизацияланады. Амортизация есептеу кезінде 2410 шоты дебеттеледі және 2420 «Негізгі құралдардың тозуы» шоты кредиттеледі.
5. Материалдық емес активтер деп – белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы қосымша табыс әкеліп тұратын активтерді айтамыз.
Кәсіпорындағы материалдық емес активтердің қатарына Лицензиялық келісімдер, Программалық жабдықтар, Патенттер, Ұйымдастыру шығындары, Гудвилл, Сауда маркалары, Авторлық құқықты жатқызуға болады.
Материалды
емес активтер кәсіпорынның
Бұл материалдық
емес активтердің баланстық
«Ноу-Хау» деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында субьектіге табыс беретін жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады.
«Лицензиялық келісімдер». Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші бір заңды тұлғаға беруі болып табылады. Ал бұл құқыққа ие болған кәсіпорын оның иесіне, яғни лицензиялық келісімдерді берушіге ол материалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерлерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттерін орындайды.
МЕА-дің «Программамен жабдықтау» деп аталатын түрі кәсіпорынның алдағы уақыттарда істелінетін жұмыстарына қатысты табыс әкелетін ақпараттармен мәліметтерді айтады.
«Патент» деп аталатын МЕА жеке адамның немесе топтың, сондай-ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ашқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға жаңалығын өз пайдасына (жұмысына, қызметіне) қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады. Сонымен қатар «Патент» - деп кәсіпкерліктің кейбір түрімен (саудамен, сатып алумен тағыда басқа) айналысу үшін берілген құқықты куәландыратын құжатты айтады. Кәсіпкер патентті алар уақытында патенттік (алымдар) баж төлеуі керек.
«Ұйымдастыру шығындарына» - кәсіпорынды жаңадан ашу, құру кезінде жұмсалған шығындар, яғни ұйымды тіркеуден өткізуге және оны тіркеуден өткізу үшін заң орындарына төленген төлемдер, банктерден есеп айырысу немесе валюталық, басқадай шоттар ашу үшін жұмсалған шығындар, жарнамалар үшін төленген төлемдер және басқа да жұмсалған шығындар жатқызылады.
МЕА-дің «Гудвилл» деп аталатын түрін кейде «Фирма бағасы» - деп те атайды. «Гудвилл» немесе «фирма бағасы» МЕА шотында есептелініп және сонымен қатар ол бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынды толығымен, яғни түгелдей сатып алған кезде немесе екі кәсіпорын қосылған уақытта ғана пайда болады. «Фирма бағасы» болып сатылып алынған кәсіпорынның нақты нарықтық (сатып алынған) бағасымен оның барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептелінеді. Егерде сатылып алынған ұйымның барлық активтерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық «жағымды гудвилл», ал кем болған жағдайда «жағымсыз гудвилл» деп аталады.
Негізгі оқу әдебиеттер:
Өз-өзін бақылау сұрақтары
Дәріс-10 Міндеттемелер есебі
Дәріс мақсаты: Ұйымның міндеттемелер есебі, банк несиесі, дивиденттер бойынша есеп айырысу бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысу, жабдықтаушылармен есеп айырысу операцияларын жүргізу, бухгалтериядағы есебімен танысу.
1. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады.
Кез келген өндіріспен
Міндеттемелер – өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың нәтижесі. Олар ұзақ мерзімді және ағымдағы болып жіктеледі.
Ағымдағы міндеттемелерге банктердің қысқа мерзімді қарыздары, банктен тыс мекемелерден алынған қарыздар және кредиторлық берешек жатады. Банктердің қысқа мерзімді қарыздары бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Информация о работе Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп