Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2015 в 19:11, реферат
Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады.
Дәріс мақсаты: Бухгалтерлік есептің негізгі түсінігі және атқаратын қызметі, қаржылық ақпарат мәліметтерін пайдаланушылар, сонымен бірге өлшем түрлерін оқып танысу.
Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың ролі.
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем
түрлері.
Есеп түрлері.
Бухгалтерлік есептің мәні
Жеке тұлғадан ұсталатын табыс салығы
Есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына еңбекақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары және тағы да басқа табыстары кіреді.
Жеке тұлғалардың мүліктік табысына тек қана активтің келесі түрлерінің құндарына инфляцияға байланысты түзетуді есепке ала отырып өткізуден түскен құнның өсімі жатады: салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, жылжымайтын мүліктің, бағалы қағаздардың, заңды тұлғаларға және басқа материалдық емес активтерге қатысу үлесінен; шетелдік валютадан; асыл тастар және асыл металдардан, олардан жасалған зергерлік бұйымдардан, өнер туындылары мен антиквариаттардан. Жеке тұлғалардың салық төлейтін табыстарының құрамы салық кодексінде қаралады.
Табыс салығының мөлшерін ай сайын бір қалыпта ұстау үшін салық салынатын табыстың есепті сомасы мен одан ұсталатын табыс салығының сомасы есептелетін айлардың санын білдіретін сан мәні бар бірлікке 12 санының қатынасын көрсететін қайта есептеу көрсеткіші белгіленген. Мердігерлік шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғаларға төленетін төлем түрінде берілетін басқа да төлемдерден салық ұстау кезінде бұл есептеу көрсеткіші қолданылмайды. Жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталған уақытта:
Д-т: «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты;
К-т: «Бюджетке төленетін басқадай салықтар, алымдар және міндетті төлемдер» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Дт: 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шоты;
Кт: 3120 «Жеке табыс салығы» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
«Акциздік салықтар»
Акциздік (жанама) салық дегеніміз – сатылатын тауардың бағасына қосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.
Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында (акцизделуге) ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады. Кәсіпорындарда акциз салығ есептегенде:
Д-т: 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» «Алынуға тиісті борыштар» деп аталатын шоты;
К-т: 3140 «Акциз салығы» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдар бұл жоғарыда айтылған салықтардан басқа да өзінің меншігіндегі жерге, көлік құралына және мүлкіне заңда бекітілген мөлшерде салық төлеп тұруы тиіс. Салықтардың бұл түрлері есептелген уақытта кәсіпорынның бухгалтериясында:
Д-т 7210: «Жалпы және әкімшілік шығындар» деп аталатын шоты;
К-т: 3160, 3170, 3180 «Жер салығы»; «Көлік құралына салық»; «Мүлікке салық» деп аталатын шоттар түріндегі екі жақты жазуы жазылады.
Сондай-ақ «Бюджетке төленетін басқадай салықтар мен алымдар» шотында Қазақстан Республикасы заңдарында қаралған басқадай салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер есептеледі.
Негізгі оқу әдебиеттер:
Өз-өзін бақылау сұрақтары
Дәріс-11 Меншікті капитал есебі
Дәріс мақсаты: Ұйымдардың меншікті капиталы, резервтік капитал бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) есебінің жүргізілуімен танысу, бухгалтериялағы есебі.
1.Капитал туралы түсінік
Қазақстан Республикасының
Кәсіпорын мүлкінің құрамы
Ұйымның барлық мүлкі (қызмет
атқарушы капиталы) айналыстан тыс
және айналыстағы активтер
Негізгі (айналымнан тыс) активтер
негізгі құралдардан, материалдық
емес активтерден, қаржылық )ұзақ
мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған
құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан
тыс активтер кәсіпорынның
Ал айналымдағы активтер
Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері
Кәсіпорын мүлкі оның негізгі
құралдары мен айналымдағы
Қосымша төленген капитал – қоғамның өзінің акцияларын олардың аталуы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал – кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнынан өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.
Жарғылық капитал меншік
Ол акцияларды орналастырудың
немесе сатудың, жеке капиталын
салудың, мемлекеттің қаражаттарының
, материалдық емес активтердің
және басқа да мүліктердің
немесе мүліктік құқықтарының
есебінен құрылады. Сонымен қатар
жарғылық капитал жаңадан
Жарғылық қор мөлшері ұйымның
жарғысында және басқа да
Кәсіпорынның жарғылық
Жарғылық капиталды жариялау: Дт 5110 Кт 5000
«Материалдық емес активпен жарғылық капиталға үлес қосылды» операциясына жазылатын жазба: Дт2730 Кт 5110
Жарғылық капиталға бағалы қағаздар салым ретінде алынды:
Құрылтайшылардың жарғылық капиталға ақшалай салымы есеп айырысу шотына келіп түсті Дт 1030 Кт 5110
Жарғылық капиталға үлес ретінде қабылданған негізгі құрал:
3. Резервтік капиталдың есебі
Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарғылық капиталмен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы борлып табылады. 5510 шотында оқылады.
Есепті жылдық зиянын резервтік капитал есебінен жабу:
4. Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі
Бөлінбеген пайда (табыс) – кәсіпорынның жалпы кірісінен барлық жұмсалған шығындарды шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның қорытынды
Жалпы акционерлік қоғамның
Информация о работе Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп