Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2015 в 19:11, реферат

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады.

Оглавление

Дәріс мақсаты: Бухгалтерлік есептің негізгі түсінігі және атқаратын қызметі, қаржылық ақпарат мәліметтерін пайдаланушылар, сонымен бірге өлшем түрлерін оқып танысу.
Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың ролі.
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем
түрлері.
Есеп түрлері.
Бухгалтерлік есептің мәні

Файлы: 1 файл

дарис.docx

— 356.49 Кб (Скачать)

Табыс, нарықтық экономикада өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі көзі болғандықтан, кез келген кәсіпорын қызметінің мақсаты табыс табу болып табылады. Табыстың көлемі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сәтті болуына, өз өзін қаржыландыруына әсерін тигізуде. Әр кәсіпорын ағымдағы және қаржылық шығындарын өздерінің меншікті көздері арқылы жабады. Уақытша жетіспеушілік кезінде қысқа мерзімдік банк қарызы және коммерциялық несие бойынша қамтамасыз етеді.

Осы табыс бойынша кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар алдындағы міндеттері орындалады. Сондықтан табыс, өндірістік және қаржы қызметіне баға берудің маңызды көрсеткіші болып есептеледі.

Нарықтық экономикада табыстың қызметі оның атқаратын функциялары арқылы анықталады. Біздің ойымыз бойынша, ол екі функцияны орындайды: мемлекеттік бюджет кіріс көздерін бірлестіктер мен кәсіпорындардың өндірістік және әлеуметтік даму көздері функцияларын.

Табыс өзінің функцияларын тиімді орындау үшін, келесі негізгі шарттардың орындалуы қажет.

Өнімнің бағасы еңбек шығындарына сәйкес болуын, сонымен бірге еңбек өнімділігінің жоғарылауын және өзіндік құнының төмендеуін ескеру қажет. Бұйымдардың есептелген жүйесі және өнімнің өзіндік құнын анықтау ғылыми негізделген болуы керек.

Шаруашылық процесі барысында серіктестікке неғұрлым рентабельді өнім өткізілсе, соғұрлым алынатын табыстың мөлшері де көбеймек, бұл оның қаржылық жағдайын нығайтады.

 

2.  Негізгі қызметтің табыстары  есебі

Қоғамда табыстардың бухгалтерлік есебі мен қаржы шаруашылық қызметі есептерінің бас шоттар жоспарындағы алтыншы «табыс» деп аталатын бөлімінің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімнің шоттары тауарларды және басқадай активтерді сатудан, қызмет көрсетуден тағы да басқа операциялардан алынған табыстарды, сонымен қатар сатылған тауарларды қайтару және тауарларға берілген сату жетілдіктері мен баға жетілдіктері туралы ақпараттарды жинақтап қорытындылауға арналған. Жыл соңында бұл бөлімнің шоттары бесінші «меншікті капитал» бөліміндегі 5610 - «Қорытынды пайда (залал)» шотына апарылып жабылады.

Қоғамдағы негізгі қызметтен алынатын табыстар - ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, қызметтерді көрсетуден, сондай ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады. Негізгі қызметтерден түскен табыстардың есебі 60-бөлімшесінің «Негізгі қызметтен түскен табыстар» шоттарында ұйымдастырылады. Бұл топқа мына төмендегі синтетикалық, әрі пассивтік шоттар жатады: .

      6010 шот - «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс». Бұл шотты өнімді сатудан, орындалған жұмыстардан және сыртқа көрсетілген қызметтерден түсетін табыстар көрсетіледі. Шотты өнім, жұмыстар мен қызмет жасайтын материалдық өндіріс саласындағы қоғамдар пайдаланады. Есепті кезең бойы 6010 - шоттың кредитінде дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден түскен табыс сомалары жинақталады. Қоғам қызметінің мақсаты қызметтің мәні мен мақсатына жауап берерліктей барлық қызмет түрінен таза пайда табу, оны акционерлердің мүддесіне пайдалану, сондай-ақ осы қоғамның жартысымен белгіленген міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді.

Қоғам қызметінің мәні ол қоғамдарда жөндеу-құрылыс жұмыстарын атқару; халық тұтынатын тауарларды өндіру; халыққа және қоғамдарға ақылы қызмет көрсету сыртқы экономикалық қызмет, Қазақстан Республикасының қолданыстығы заңдарға сәйкес экспорт-импорт операцияларын жасау; коммерциялық және делдалдық қызмет; Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да қызметпен айналысу.

Өнімдерді, тауарларды және атқарылған қызметтерді өткізуден түскен табыс қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді және басқадай салықтар мен міндетті төлемдерді, сондай-ақ сатып алушылардың ұсынылған сату жеңілдіктерін, қайтарылған тауарлардың құнын шегерумен көрсетіледі.

Өткізілген өнімдер, тауарлар және көрсетілген қызметтер шот-фактуралар, орындалған қызметтердің актісі, кәсіпорындар арасындағы мәмілелер арқылы рәсімделеді. Осы алғашқы құжаттардың негізінде негіәзгі қызметтен түскен табыс №11 журнал-ордерге түсіріліп отырады.

6010 шотының  кредиті және төмендегі шоттардың  дебеті бойынша өткізілген өнімдердің, көрсетілген қызметтердің құны  көрініс табады:

  • 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді

дебиторлық берешегі», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;

  • 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»;
  • 1010 «Кассадағы ұлттық валютадағы қолма қол ақша».

Кезең соңында жинақталған табыс сомасы 6000 бөлімше шоттарының дебетінен 5610 «Қорытынды пайда  (залал)» шотының кредитіне көшіріледі.

Дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен табыс сомасы есепті кезеңнің аяғында 5610 «Қорытынды пайда (зиян)» шотына көшіріліп жазылады. Бұл кезде 6010 шоты дебеттеледі де, 5610 шоты кредиттеледі. Дт 6010  Кт 5610

6012 – «Алынған тауарларды сатудан  түскен табыс» шоты. Бұл шотта алынған тауарларды сатудан түскен табыстар көрініс табады. Бұл шотты сауда, сондай-ақ жабдықтау, делдалдық саласында және сыртқы сауда жұмысын ұйымдастыруда қолданады. Саудамен, делдалдық қызмет пен экспорт, импорттық операциялармен айналысатын кез-келген өнеркәсіптік, ауыл шарушылықтық және басқа кәсіпорындар олардың жарғысында алдын-ала ескерілген болса ғана, бұл аталған шотты қолдана алады.

 

3.   Негізгі емес қызметтің табыстары  есебі

Негізгі емес қызметтен түскен табыстың есебін есептеу үшін үлгілік  жоспарының «Кірістер» деп аталатын бөлімшесі арналған және оған келесі пассивтік күрделі шоттар жатады. 6211 шоты «Материалдық емес активтердің шығуынан түсетін кірістер» материалдық емес активтерді сатудан келген кірістерді жинақтауға арналған.

6212 – шоты «Негізгі  құралдардың шығуынан түсетін  кірістер» негізгі құралдарды  сатудан түскен кірістерді жинақтауға  арналған.

6213 – шоты «Бағалы  қағаздарды сатудан түскен кіріс»  бағалы қағаздарды сатудан алынған  кірістер туралы ақпаратты жинақтауға  арналған.

6120 – «Дивидендтер бойынша кірістер» шоты ұзақ мерзімді жалға берліген қарыздарды сатып алынған бағалы қағаздарды, пайыз түрінде алынған кірістерді, акция бойынша алынған дивидендтерді есептеуге арналған.

Табыстың белгілерін ашу. Субъекті қаржылық есептілікті тапсырған кезде түсіндірме жазбасын бірге тапсырады, онда: көрсетелген қызметтен түсетін табыстарды анықтаудың жолдары; дивидендтер, рояльти, пайыздан алынатын табыс, көрсетілетін қызмет, тауарды сатудың нәтижесінде пайда болатын табыстар мен қоса есептік кезең үшін танылатын, табыс түрінің әрбір мәнді сомасы ашылуы тиіс. Тауарды айырбастау немесе қызмет көрсету нәтижесінде пайда болатын табыстар сомасы бөлек ашып көрсетіледі.

Қоғамның негізгі емес қызметінің мәліметтері 12  журнал–ордерде жинақталынады. Кезең соңында жинақталған шығындар 5610 «Қорытынды пайда  (залал)» шотының дебетіне көшіріледі.

      Жоғарыда аталған қызметтерді белгілі бір мөлшерде шығындар сомасын ала жүретіні анық. Осы негізгі емес қызметтің шығындары есепке алу үшін 7400 «Негізгі емес қызметтің шығындары» бөлімшесінің шоттары арналған. Бұл бөлімшенің шоттары өткізілген активтердің барлық түрлерінің өткізілген активтердің барлық түрлерінің өзіндік құны туралы ақпараттарды жинақтайды.

 

  1. Негізгі қызметтің шығыстары есебі.

      Қоғамдармен ұйымдардың сатқан өнімдерінің, тауарларының басқа да активтерінің өзіндік құны, сондай-ақ оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын шығындар сомасының жиынтығы ұйымның шығыстары болып табылады

Шаруашылық қоғамындағы шығыстардың есебі

7010 - «Сатылған өнімнің және көрсетілген  қызметтердің өзіндік құны», 7110 - «Өнімдерді сату және қызмет көрсету   бойынша шығыстар»,

7200 - «Әкімшілік шығыстар»,

7300 - «Қаржыландыруға арналған шығыстар»,

7400 – «Басқа да шығыстар»,(Негізгі  емес қызметтер бойынша шығыстар)

7500 – «Тоқтатылатын қызметпен  байланысты шығыстар»

7600 – «Үлестік қатысу әдісімен  ескерілетін ұйымдардың залалындағы  үлес»,

7700 - «Корпоративтік табыс салығы  бойынша шығындар», деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.

 

7010 – «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны»

Бұл шот өнім өндіретін, жұмыстар істейтін және қызметтер көрсететін материалдық өндіріс салаларында қолданылады және босатылған өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнын есепке алуға арналған.

      Тауарларды дайын өнімдерді сатқан кезде 7010 шотының дебетімен, 1320, «Дайын өнім», 1330 - «Тауарлар» шотың кредиті, ал жұмыстардың орындалуы, қызметтердің көрсетілуі барысында 8110 - «Негізгі өндіріс» және 8310 - «Көмекші өндіріс» деп аталатын шоттар кредиттеледі.

7110 - «Өнімдерді сату және қызмет  көрсету   бойынша шығыстар»,

Бұл шотта дайын өнімдерді сату кезіндегі және қызмет көрсету бойынша шығыстар бейнеленеді. Шығыстар өткізу бойынша жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда болғандықтан, шаруашылық операция 1310-1317 шоттардың кредитінен 7110 шотының дебитіне жазылады. 

(Бұл шоттар  бойынша бірнеше субшоттар ашылады.)

 

  1. Негізі емес қызметтер бойынша шығыстардың есебі.

 

Негізгі емес қызметтердің шығысын есептеу үшін 7400 «Басқада шығыстар» шоттар бөлішмесі арналған.

Бұл бөлімшенің шоттары өткізілген активтердің барлық түрлерінің өзіндік құны, сондай ақ бағам айырмашылықтарынан алынған сомалар туралы ақпаратты жинақтауға арналған.

7410 «Активтердің істен  шығуы бойынша шығыстар» шоты сатылған материалдық емес активтердің құны тауарлы ақпаратты жинақтауға арналған.

7430 – «Бағамдық айырма  бойынша шығыстар» шоты бағам айырмасы (теріс) бойынша шығыстар сомасы туралы ақпаратты жинақтауға арналған. Бұл шетелдің конверттелетін валюталарына теңгенің қатынасы бойынша өзгерістер кезінде пайда болады.

7470 – «Басқа да шығыстар» шоты басқа да қызметтер бойынша шыққан шығындардың сомалары туралы ақпаратты жинақтауға арналған. 7470 – шотта қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларының күдікті құнының өзгеруінен шыққан залалдары, облигацияның сатып алынған және номиналдық құндарының айырмасы, әртүрлі валютаны пайдаланудан болған, теріс сомалық айырма, тіркелген активтерді ағымдағы жалға берген кезде болатын амортизациялық аударымдар және т.б негізгі қызметттермен байланысты шығыстар есепкеа алынады. 

Жалпы және әкімшілік шығыстар. Шығыстың бүл түріне бүкіл және өндірістік-шаруашылық қызметің басқаруға байланысты кезеңдік шығыстар жатады. Бұл шығыстардың есебі 7210 «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын активтік шотта жүргізіледі.

Дәлірек айтқанда, 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындары» шотында келесі шығындар көрініс табады:

  • Әкімшілік персоналдардың еңбек ақысы;
  • Әкімшілік персоналдардың еңбек ақысынан аударымдар;
  • Өндіріске қатысты емес басқарманың техникалық құралдарын ұстау

және қызмет көрсету шығындары;

Жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдардың амортизациясы;

  • Әкімшілік персоналдардың іс-сапар шығындары;
  • Коммуналдық қызметтерге жұмсалған шығындар;
  • Күзет, өрт және сауықтыру шараларын өткізу бойынша шығындар;
  • Айыппұл мен өсімпұл;
  • Кадрларды дайындау бойынша шығындар.

Қоғамда 7210 «Әкімшілік шығындары» шотының дебеті және төмендегі шоттардың кредиті бойынша көрсетіледі:

    • 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек», 3430

«Жұмысшылармен демалыстары бойынша есептелген қарыздар» шоттары - еңбек ақы, сый ақы, демалыс ақысын есептегенде;

    • 3150 «Әлеуметтік салықтар» шоттары - бюджетпен әлеуметтік

салыктарды есептегенде;

3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге  қысқа мерзімді берешек» шоты

 

Негізгі оқу әдебиеттер:

  1. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет Учебное пособие. Алматы 2005
  2. Радостовец В.К., Радостовец В.В  Ғабдуллин Т.Ғ. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп»   Алматы 2003.
  3. Радастовец В.В. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. Алматы 2000
  4. Назарова В.Л., «Шаруашылық жүргізуші субьектілердегі бухгалтерлік есеп» - Алматы: Экономика, 2006 ж.
  5. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет в отраслях. Алматы Экономика 2005
  6. Баймуханова С.Б. „Бухгалтерлік есеп". Алматы; Экономика, 2005 ж.
  7. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А., «Бухгалтерлік есеп теориясы
  8. және негіздері»  Алматы, Экономика 2006ж.
  9. Мырзалиев Б.С., Сәтмурзаев А.А., Әбдішүкіров Р.С.  «Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі» Алматы: Экономика 2008 ж.
  10. Әбдіманапов Ә. «Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері»
  11. Алматы, 2006 ж.

Информация о работе Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп