Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2015 в 19:11, реферат

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады.

Оглавление

Дәріс мақсаты: Бухгалтерлік есептің негізгі түсінігі және атқаратын қызметі, қаржылық ақпарат мәліметтерін пайдаланушылар, сонымен бірге өлшем түрлерін оқып танысу.
Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың ролі.
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем
түрлері.
Есеп түрлері.
Бухгалтерлік есептің мәні

Файлы: 1 файл

дарис.docx

— 356.49 Кб (Скачать)

Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Кірістер шоттары қай бөлім шоттарында жатады?
  2. Шығыстар шоттары қай шоттар бөлімінде жатады?
  3. Кірісте мен шығыстар қандай шоттар болып табылады?
  4. Бұл шоттарда сальдо есептелеме?

 

Дәріс-12      Кірістер мен шығыстар есебі

Дәріс мақсаты: Ұйымдардағы кірістер мен шығыстардың құрамы бухгалтериядағы есебі, және оларды салыстырмалы шот ретінде қарастыру.

    1. Қаржылық нәтиженің түсінігі, маңызы, мазмұны.
    2. Негізгі қызметтің табыстары есебі
    3. Негізгі емес қызметтің табыстары есебі
    4. Негізгі қызметтің шығыстары есебі.
    5. Негізі емес қызметтер бойынша шығыстардың есебі.

 

Нарықтық экономика шарты бойынша кәсіпорынның экономикалық мақсаты табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы нақты және салыстырмалы көрсеткіштері арқылы сипатталады. Нақты табыс көрсеткіші – бұл табыспен пайданың жиынтығы. Шет елдерде «табыс» ұғымы келесі мағынада анықталады: «Табыс – бұл экономикалық пайданың өсуі есеп беру мерзіміндегі активтердің ұлғаюы немесе акционерлердің жарналарын қоспағанда пассивтердің азаюынан капиталдың өсуі».

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп туралы» заңдық күші бар жарғысында бұл түсінікке өте қысқаша анықтама берілген: «Табыстар – бұл есеп беру кезеңіндегі активтердің өсуі немесе міндеттердің кемуі». Ереже бойынша сәйкесінше шығын шығармай, тілеген табысын алу мүмкін емес. Ал, табыс болмаған жағдайда, кәсіпорынның дамуы және әлеуметтік сұрақтарды сәтті шешуі мүмкін емес.

Нарықтық қатынастардың дамуы ұйымдарға өз қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін басқарушылық шешімдерін жасау және қабылдау жауапкершілігін жүктейді.Үйымның өндірстік, нвестициялық және қаржылық қызметтерінің тиімділігі қол жеткізген нәтижелерімен сипатталады. Ал ұйымның қызметінің экономикалық мәнділігі оң қаржылық нәтижеге қол жеткізуімен айқындалары сөзсіз.

      Ұйымның оң қаржылық нәтижесі-табыс, ол ұйымның өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі көзі болғандықтан, біріншіден жұмысшылардың ресурстарды тиімдірек пайдалануға экономикалық мүдделілігін көтереді, екінші жағынан, ол мемлекеттік бюджеттің қалыптасу көзі болып табылады. Осылайша, табыстың өсуіне ұйыммен қатар мемлекетте көңіл бөледі.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық нәтижелерін сипаттайтын қаржылық есеп берудің маңызды элементтері шығыстар мен табыстар болып табылады.

      Шығыс шығармай, бәрімізге белгілі, сәйкесінше табыс алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс таппай, ұйымның өркен жаюы және әлеуметтік мәселелерін шешу мүмкін емес.

      Нарықтық экономика жағдайында кез келген ұйымның алға қоятын ең басты мақсаты табыс алу болатындығы бәрімізге аян.

Табыстың өсуі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жемісті өркендеуінің міндеттері алғышарты болып табылатын өзін-өзі қаржыландырудың қаржылық базасын жасайды. Осы принцип өнімді өндіруге жұмсалған шығындарды толық ақтауға, кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын кеңейтуге негізделеді. Бұл әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті капиталы есебінен жабатыны білдіреді.

Табыс есебінен, сондай-ақ, кәсіпорынның бюджет алдындағы, банк және өзгедей мекемелер мен кәсіпорындар алдындағы міндеттемелердің бір бөлігі қайтарылады. Осылайша, табыс «Компания «Лидер-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудың маңызды көрсеткішіне айналады. Ол оның іскерлік белсенділігімен қаржылық дербестігінің деңгейін сипаттайды.

Табыс дайын өнімдерден сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады; олардың сатылу құны талаптар аясында жасалған келісім-шартта (контрактіде) анықталады. Ал мәміледен шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төленген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісім-шартында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі: есептеу, шындық, алаламау, яғни екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т.б.

Табыс көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржы нәтижелерінің нақты көрсеткіштерінен тұрады. Оған мыналар жатады:

  • дайын өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан алынатын табыс;
  • жалпы табыс;
  • негізгі қызметтің табысы;
  • негізгі емес қызметтен алынатын табыс;
  • салық салынғанға дейінгі табыс;
  • салық салынғаннан кейінгі жай қызметтен түскен табыс;
  • төтенше жағдайлардан болатын табыстар;
  • кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып танылатын таза табыс.

Табыс, нарықтық экономикада өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі көзі болғандықтан, кез келген кәсіпорын қызметінің мақсаты табыс табу болып табылады. Табыстың көлемі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сәтті болуына, өз өзін қаржыландыруына әсерін тигізуде. Әр кәсіпорын ағымдағы және қаржылық шығындарын өздерінің меншікті көздері арқылы жабады. Уақытша жетіспеушілік кезінде қысқа мерзімдік банк қарызы және коммерциялық несие бойынша қамтамасыз етеді.

Осы табыс бойынша кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар алдындағы міндеттері орындалады. Сондықтан табыс, өндірістік және қаржы қызметіне баға берудің маңызды көрсеткіші болып есептеледі.

Нарықтық экономикада табыстың қызметі оның атқаратын функциялары арқылы анықталады. Біздің ойымыз бойынша, ол екі функцияны орындайды: мемлекеттік бюджет кіріс көздерін бірлестіктер мен кәсіпорындардың өндірістік және әлеуметтік даму көздері функцияларын.

Табыс өзінің функцияларын тиімді орындау үшін, келесі негізгі шарттардың орындалуы қажет.

Өнімнің бағасы еңбек шығындарына сәйкес болуын, сонымен бірге еңбек өнімділігінің жоғарылауын және өзіндік құнының төмендеуін ескеру қажет. Бұйымдардың есептелген жүйесі және өнімнің өзіндік құнын анықтау ғылыми негізделген болуы керек.

Шаруашылық процесі барысында серіктестікке неғұрлым рентабельді өнім өткізілсе, соғұрлым алынатын табыстың мөлшері де көбеймек, бұл оның қаржылық жағдайын нығайтады.

 

2.  Негізгі қызметтің табыстары  есебі

Қоғамда табыстардың бухгалтерлік есебі мен қаржы шаруашылық қызметі есептерінің бас шоттар жоспарындағы алтыншы «табыс» деп аталатын бөлімінің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімнің шоттары тауарларды және басқадай активтерді сатудан, қызмет көрсетуден тағы да басқа операциялардан алынған табыстарды, сонымен қатар сатылған тауарларды қайтару және тауарларға берілген сату жетілдіктері мен баға жетілдіктері туралы ақпараттарды жинақтап қорытындылауға арналған. Жыл соңында бұл бөлімнің шоттары бесінші «меншікті капитал» бөліміндегі 5610 - «Қорытынды пайда (залал)» шотына апарылып жабылады.

Қоғамдағы негізгі қызметтен алынатын табыстар - ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, қызметтерді көрсетуден, сондай ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады. Негізгі қызметтерден түскен табыстардың есебі 60-бөлімшесінің «Негізгі қызметтен түскен табыстар» шоттарында ұйымдастырылады. Бұл топқа мына төмендегі синтетикалық, әрі пассивтік шоттар жатады: .

      6010 шот - «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс». Бұл шотты өнімді сатудан, орындалған жұмыстардан және сыртқа көрсетілген қызметтерден түсетін табыстар көрсетіледі. Шотты өнім, жұмыстар мен қызмет жасайтын материалдық өндіріс саласындағы қоғамдар пайдаланады. Есепті кезең бойы 6010 - шоттың кредитінде дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтерді өткізуден түскен табыс сомалары жинақталады. Қоғам қызметінің мақсаты қызметтің мәні мен мақсатына жауап берерліктей барлық қызмет түрінен таза пайда табу, оны акционерлердің мүддесіне пайдалану, сондай-ақ осы қоғамның жартысымен белгіленген міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді.

Қоғам қызметінің мәні ол қоғамдарда жөндеу-құрылыс жұмыстарын атқару; халық тұтынатын тауарларды өндіру; халыққа және қоғамдарға ақылы қызмет көрсету сыртқы экономикалық қызмет, Қазақстан Республикасының қолданыстығы заңдарға сәйкес экспорт-импорт операцияларын жасау; коммерциялық және делдалдық қызмет; Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да қызметпен айналысу.

Өнімдерді, тауарларды және атқарылған қызметтерді өткізуден түскен табыс қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді және басқадай салықтар мен міндетті төлемдерді, сондай-ақ сатып алушылардың ұсынылған сату жеңілдіктерін, қайтарылған тауарлардың құнын шегерумен көрсетіледі.

Өткізілген өнімдер, тауарлар және көрсетілген қызметтер шот-фактуралар, орындалған қызметтердің актісі, кәсіпорындар арасындағы мәмілелер арқылы рәсімделеді. Осы алғашқы құжаттардың негізінде негіәзгі қызметтен түскен табыс №11 журнал-ордерге түсіріліп отырады.

6010 шотының  кредиті және төмендегі шоттардың  дебеті бойынша өткізілген өнімдердің, көрсетілген қызметтердің құны  көрініс табады:

  • 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді

дебиторлық берешегі», 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;

  • 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»;
  • 1010 «Кассадағы ұлттық валютадағы қолма қол ақша».

Кезең соңында жинақталған табыс сомасы 6000 бөлімше шоттарының дебетінен 5610 «Қорытынды пайда  (залал)» шотының кредитіне көшіріледі.

Дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен табыс сомасы есепті кезеңнің аяғында 5610 «Қорытынды пайда (зиян)» шотына көшіріліп жазылады. Бұл кезде 6010 шоты дебеттеледі де, 5610 шоты кредиттеледі. Дт 6010  Кт 5610

6012 – «Алынған тауарларды сатудан  түскен табыс» шоты. Бұл шотта алынған тауарларды сатудан түскен табыстар көрініс табады. Бұл шотты сауда, сондай-ақ жабдықтау, делдалдық саласында және сыртқы сауда жұмысын ұйымдастыруда қолданады. Саудамен, делдалдық қызмет пен экспорт, импорттық операциялармен айналысатын кез-келген өнеркәсіптік, ауыл шарушылықтық және басқа кәсіпорындар олардың жарғысында алдын-ала ескерілген болса ғана, бұл аталған шотты қолдана алады.

 

3.   Негізгі емес қызметтің табыстары  есебі

Негізгі емес қызметтен түскен табыстың есебін есептеу үшін үлгілік  жоспарының «Кірістер» деп аталатын бөлімшесі арналған және оған келесі пассивтік күрделі шоттар жатады. 6211 шоты «Материалдық емес активтердің шығуынан түсетін кірістер» материалдық емес активтерді сатудан келген кірістерді жинақтауға арналған.

6212 – шоты «Негізгі  құралдардың шығуынан түсетін  кірістер» негізгі құралдарды  сатудан түскен кірістерді жинақтауға  арналған.

6213 – шоты «Бағалы  қағаздарды сатудан түскен кіріс»  бағалы қағаздарды сатудан алынған  кірістер туралы ақпаратты жинақтауға  арналған.

6120 – «Дивидендтер бойынша кірістер» шоты ұзақ мерзімді жалға берліген қарыздарды сатып алынған бағалы қағаздарды, пайыз түрінде алынған кірістерді, акция бойынша алынған дивидендтерді есептеуге арналған.

Табыстың белгілерін ашу. Субъекті қаржылық есептілікті тапсырған кезде түсіндірме жазбасын бірге тапсырады, онда: көрсетелген қызметтен түсетін табыстарды анықтаудың жолдары; дивидендтер, рояльти, пайыздан алынатын табыс, көрсетілетін қызмет, тауарды сатудың нәтижесінде пайда болатын табыстар мен қоса есептік кезең үшін танылатын, табыс түрінің әрбір мәнді сомасы ашылуы тиіс. Тауарды айырбастау немесе қызмет көрсету нәтижесінде пайда болатын табыстар сомасы бөлек ашып көрсетіледі.

Қоғамның негізгі емес қызметінің мәліметтері 12  журнал–ордерде жинақталынады. Кезең соңында жинақталған шығындар 5610 «Қорытынды пайда  (залал)» шотының дебетіне көшіріледі.

      Жоғарыда аталған қызметтерді белгілі бір мөлшерде шығындар сомасын ала жүретіні анық. Осы негізгі емес қызметтің шығындары есепке алу үшін 7400 «Негізгі емес қызметтің шығындары» бөлімшесінің шоттары арналған. Бұл бөлімшенің шоттары өткізілген активтердің барлық түрлерінің өткізілген активтердің барлық түрлерінің өзіндік құны туралы ақпараттарды жинақтайды.

 

  1. Негізгі қызметтің шығыстары есебі.

      Қоғамдармен ұйымдардың сатқан өнімдерінің, тауарларының басқа да активтерінің өзіндік құны, сондай-ақ оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын шығындар сомасының жиынтығы ұйымның шығыстары болып табылады

Шаруашылық қоғамындағы шығыстардың есебі

7010 - «Сатылған өнімнің және көрсетілген  қызметтердің өзіндік құны», 7110 - «Өнімдерді сату және қызмет көрсету   бойынша шығыстар»,

7200 - «Әкімшілік шығыстар»,

7300 - «Қаржыландыруға арналған шығыстар»,

7400 – «Басқа да шығыстар»,(Негізгі  емес қызметтер бойынша шығыстар)

7500 – «Тоқтатылатын қызметпен  байланысты шығыстар»

7600 – «Үлестік қатысу әдісімен  ескерілетін ұйымдардың залалындағы  үлес»,

7700 - «Корпоративтік табыс салығы  бойынша шығындар», деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.

Информация о работе Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп