Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2015 в 19:11, реферат
Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады.
Дәріс мақсаты: Бухгалтерлік есептің негізгі түсінігі және атқаратын қызметі, қаржылық ақпарат мәліметтерін пайдаланушылар, сонымен бірге өлшем түрлерін оқып танысу.
Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың ролі.
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем
түрлері.
Есеп түрлері.
Бухгалтерлік есептің мәні
6212 – шоты «Негізгі
құралдардың шығуынан түсетін
кірістер» негізгі құралдарды
сатудан түскен кірістерді
6213 – шоты «Бағалы
қағаздарды сатудан түскен
6120 – «Дивидендтер бойынша
Табыстың белгілерін ашу. Субъекті қаржылық есептілікті тапсырған кезде түсіндірме жазбасын бірге тапсырады, онда: көрсетелген қызметтен түсетін табыстарды анықтаудың жолдары; дивидендтер, рояльти, пайыздан алынатын табыс, көрсетілетін қызмет, тауарды сатудың нәтижесінде пайда болатын табыстар мен қоса есептік кезең үшін танылатын, табыс түрінің әрбір мәнді сомасы ашылуы тиіс. Тауарды айырбастау немесе қызмет көрсету нәтижесінде пайда болатын табыстар сомасы бөлек ашып көрсетіледі.
Қоғамның негізгі емес қызметінің мәліметтері 12 журнал–ордерде жинақталынады. Кезең соңында жинақталған шығындар 5610 «Қорытынды пайда (залал)» шотының дебетіне көшіріледі.
Жоғарыда аталған қызметтерді белгілі бір мөлшерде шығындар сомасын ала жүретіні анық. Осы негізгі емес қызметтің шығындары есепке алу үшін 7400 «Негізгі емес қызметтің шығындары» бөлімшесінің шоттары арналған. Бұл бөлімшенің шоттары өткізілген активтердің барлық түрлерінің өткізілген активтердің барлық түрлерінің өзіндік құны туралы ақпараттарды жинақтайды.
Қоғамдармен ұйымдардың сатқан өнімдерінің, тауарларының басқа да активтерінің өзіндік құны, сондай-ақ оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын шығындар сомасының жиынтығы ұйымның шығыстары болып табылады
Шаруашылық қоғамындағы шығыстардың есебі
7010 - «Сатылған өнімнің және
7200 - «Әкімшілік шығыстар»,
7300 - «Қаржыландыруға арналған
7400 – «Басқа да шығыстар»,(
7500 – «Тоқтатылатын қызметпен байланысты шығыстар»
7600 – «Үлестік қатысу әдісімен
ескерілетін ұйымдардың
7700 - «Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар», деп аталатын бөлімше шоттарында есептеледі.
7010 – «Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны»
Бұл шот өнім өндіретін, жұмыстар істейтін және қызметтер көрсететін материалдық өндіріс салаларында қолданылады және босатылған өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнын есепке алуға арналған.
Тауарларды дайын өнімдерді сатқан кезде 7010 шотының дебетімен, 1320, «Дайын өнім», 1330 - «Тауарлар» шотың кредиті, ал жұмыстардың орындалуы, қызметтердің көрсетілуі барысында 8110 - «Негізгі өндіріс» және 8310 - «Көмекші өндіріс» деп аталатын шоттар кредиттеледі.
7110 - «Өнімдерді сату және қызмет көрсету бойынша шығыстар»,
Бұл шотта дайын өнімдерді сату кезіндегі және қызмет көрсету бойынша шығыстар бейнеленеді. Шығыстар өткізу бойынша жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда болғандықтан, шаруашылық операция 1310-1317 шоттардың кредитінен 7110 шотының дебитіне жазылады.
(Бұл шоттар
бойынша бірнеше субшоттар
Негізгі емес қызметтердің шығысын есептеу үшін 7400 «Басқада шығыстар» шоттар бөлішмесі арналған.
Бұл бөлімшенің шоттары өткізілген активтердің барлық түрлерінің өзіндік құны, сондай ақ бағам айырмашылықтарынан алынған сомалар туралы ақпаратты жинақтауға арналған.
7410 «Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар» шоты сатылған материалдық емес активтердің құны тауарлы ақпаратты жинақтауға арналған.
7430 – «Бағамдық айырма бойынша шығыстар» шоты бағам айырмасы (теріс) бойынша шығыстар сомасы туралы ақпаратты жинақтауға арналған. Бұл шетелдің конверттелетін валюталарына теңгенің қатынасы бойынша өзгерістер кезінде пайда болады.
7470 – «Басқа да шығыстар» шоты басқа да қызметтер бойынша шыққан шығындардың сомалары туралы ақпаратты жинақтауға арналған. 7470 – шотта қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларының күдікті құнының өзгеруінен шыққан залалдары, облигацияның сатып алынған және номиналдық құндарының айырмасы, әртүрлі валютаны пайдаланудан болған, теріс сомалық айырма, тіркелген активтерді ағымдағы жалға берген кезде болатын амортизациялық аударымдар және т.б негізгі қызметттермен байланысты шығыстар есепкеа алынады.
Жалпы және әкімшілік шығыстар. Шығыстың бүл түріне бүкіл және өндірістік-шаруашылық қызметің басқаруға байланысты кезеңдік шығыстар жатады. Бұл шығыстардың есебі 7210 «Әкімшілік шығыстар» деп аталатын активтік шотта жүргізіледі.
Дәлірек айтқанда, 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындары» шотында келесі шығындар көрініс табады:
және қызмет көрсету шығындары;
Жалпы шаруашылық мақсаттағы негізгі құралдардың амортизациясы;
Қоғамда 7210 «Әкімшілік шығындары» шотының дебеті және төмендегі шоттардың кредиті бойынша көрсетіледі:
«Жұмысшылармен демалыстары бойынша есептелген қарыздар» шоттары - еңбек ақы, сый ақы, демалыс ақысын есептегенде;
салыктарды есептегенде;
3310 «Жеткізушілер мен
Негізгі оқу әдебиеттер:
Өз-өзін бақылау сұрақтары
Дәріс-12 Кірістер мен шығыстар есебі
Дәріс мақсаты: Ұйымдардағы кірістер мен шығыстардың құрамы бухгалтериядағы есебі, және оларды салыстырмалы шот ретінде қарастыру.
Нарықтық экономика шарты бойынша кәсіпорынның экономикалық мақсаты табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы нақты және салыстырмалы көрсеткіштері арқылы сипатталады. Нақты табыс көрсеткіші – бұл табыспен пайданың жиынтығы. Шет елдерде «табыс» ұғымы келесі мағынада анықталады: «Табыс – бұл экономикалық пайданың өсуі есеп беру мерзіміндегі активтердің ұлғаюы немесе акционерлердің жарналарын қоспағанда пассивтердің азаюынан капиталдың өсуі».
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп туралы» заңдық күші бар жарғысында бұл түсінікке өте қысқаша анықтама берілген: «Табыстар – бұл есеп беру кезеңіндегі активтердің өсуі немесе міндеттердің кемуі». Ереже бойынша сәйкесінше шығын шығармай, тілеген табысын алу мүмкін емес. Ал, табыс болмаған жағдайда, кәсіпорынның дамуы және әлеуметтік сұрақтарды сәтті шешуі мүмкін емес.
Нарықтық қатынастардың дамуы ұйымдарға өз қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін басқарушылық шешімдерін жасау және қабылдау жауапкершілігін жүктейді.Үйымның өндірстік, нвестициялық және қаржылық қызметтерінің тиімділігі қол жеткізген нәтижелерімен сипатталады. Ал ұйымның қызметінің экономикалық мәнділігі оң қаржылық нәтижеге қол жеткізуімен айқындалары сөзсіз.
Ұйымның оң қаржылық нәтижесі-табыс, ол ұйымның өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі көзі болғандықтан, біріншіден жұмысшылардың ресурстарды тиімдірек пайдалануға экономикалық мүдделілігін көтереді, екінші жағынан, ол мемлекеттік бюджеттің қалыптасу көзі болып табылады. Осылайша, табыстың өсуіне ұйыммен қатар мемлекетте көңіл бөледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық нәтижелерін сипаттайтын қаржылық есеп берудің маңызды элементтері шығыстар мен табыстар болып табылады.
Шығыс шығармай, бәрімізге белгілі, сәйкесінше табыс алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс таппай, ұйымның өркен жаюы және әлеуметтік мәселелерін шешу мүмкін емес.
Нарықтық экономика жағдайында кез келген ұйымның алға қоятын ең басты мақсаты табыс алу болатындығы бәрімізге аян.
Табыстың өсуі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жемісті өркендеуінің міндеттері алғышарты болып табылатын өзін-өзі қаржыландырудың қаржылық базасын жасайды. Осы принцип өнімді өндіруге жұмсалған шығындарды толық ақтауға, кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын кеңейтуге негізделеді. Бұл әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті капиталы есебінен жабатыны білдіреді.
Табыс есебінен, сондай-ақ, кәсіпорынның бюджет алдындағы, банк және өзгедей мекемелер мен кәсіпорындар алдындағы міндеттемелердің бір бөлігі қайтарылады. Осылайша, табыс «Компания «Лидер-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудың маңызды көрсеткішіне айналады. Ол оның іскерлік белсенділігімен қаржылық дербестігінің деңгейін сипаттайды.
Табыс дайын өнімдерден сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады; олардың сатылу құны талаптар аясында жасалған келісім-шартта (контрактіде) анықталады. Ал мәміледен шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төленген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісім-шартында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі: есептеу, шындық, алаламау, яғни екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т.б.
Табыс көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржы нәтижелерінің нақты көрсеткіштерінен тұрады. Оған мыналар жатады:
Информация о работе Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп