Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2015 в 19:11, реферат
Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады.
Дәріс мақсаты: Бухгалтерлік есептің негізгі түсінігі және атқаратын қызметі, қаржылық ақпарат мәліметтерін пайдаланушылар, сонымен бірге өлшем түрлерін оқып танысу.
Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың ролі.
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем
түрлері.
Есеп түрлері.
Бухгалтерлік есептің мәні
Орташа өлшенген құндық әдісі
Орташа өлшенген құндық әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының (түрінің) орташа өлшенген құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құныменай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын (қосындысын) материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысынабөлу арқылы анықталады.
Мысалы: А – түрлі материалдар тобы
Күні |
Саны (дана) |
Бағасы (тенге) |
Сомасы (тенге) |
Ай басындағы қалдық |
50 |
100 |
5000 |
Ай бойғы кіріске алынған материалдар қоры |
|||
1-топтама 2-топтама 3-топтама 4-топтама 5-топтама |
100 80 90 100 70 |
110 120 130 140 150 |
11000 9600 11700 14000 10500 |
Ай бойғы ЖИЫНЫ |
440 |
- |
56800 |
барлығы |
490 |
- |
61800 |
Есепті кезеңде өндірістің есебіне жіберіледі |
|||
Орташа өлшенген құндық әдісі |
31530,5 | ||
ФИФО әдісі бойынша |
250 |
28200 | |
ЛИФО әдісі бойынша |
250 |
34900 | |
Ай соңындағы қорлар қалдығы |
|||
Орташа өлшенген құндық әдісі |
30269,28 | ||
ФИФО әдісі бойынша |
240 |
33600 | |
ЛИФО әдісі бойынша |
240 |
26900 |
Мұндағы:
- ай басындағы қалған материалдардың қалдық құны;
Км.к. – ай басындағы қалған материалдардың қалдық саны;
- алынған материалдардың құны;
Калын – алынған материалдардың саны.
Біздің мысалымызда материалдардың орташа өлшенген құны мынаны құрайды:
(орташа өлшем құны)
Орташа өлшем құнын, жұмсалған материалдар санына көбейтсек
126,122 х 250 = 31530,5онда біз жұмсалған материалдардың құнын аламыз, ал ай соңындағы материалдардың қалдық санын орташа өлшем құнына көбейтіп – қалдық құнын аламыз.
240 х 126,122 = 30269,28
ФИФО – бұл материалдық құндылықтарды олардың бастапқы құны бойынша бағалау әдісі. Мұндай әдісте мынадай қағида қолданылады:
«Бірінші топтама – кіріске, бірінші болып – шығысқа», яғни материалдық құндылықтардың шығынын оларды сатып алу құны бойынша белгілі бір кезектілікпен бағалайды: Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.
Мысалы:ФИФО әдісі бойынша:
Бірінші кіріс етілгендер, соның ішінде: айдың басындағы кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдық саны 50 дана сомасы 5000 теңге, бірінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана сомасы 11000 теңге, екінші топтамада кіріске алынғаны 80 дана сомасы 9600 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған материалдардың тек қана 20 данасы сомасы 2600 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (50+100+80+20) дана, сомасы 28200 (5000+11000+ +9600+2600) теңгенің материалдары.
ЛИФО – бұл материалдық құндылықтарды «Соңғы топтама – кіріске, біріншісі – шығысқа» қағидасына орай ағымдағы бағалар бойынша бағалау әдісі. Материалдық құндылықтардың есебі соңғы сатып алудың құны бойынша, одан кейінгісі – алдыңғысы бойынша бағаланады және т.б.
Мысалы: ЛИФО әдісі бойынша:
Соңғы кіріс етілгендер, соның ішінде: бесінші топтамада кіріске алынғаны 70 дана, сомасы 10500 теңге, төртінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана, сомасы 14000 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған 90 дана материалдың сомасы 11700 теңге, 80 данасы сомасы10400 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (70+100+80) дана сомасы 34900 (10500+14000+10400) теңгенің материалдары.
Қорлардың есебін жүргізу үшін мына құжаттар қолданылады:
Егер кінәлі тұлғалар анықталса, кем шыққан және талап-таражға салынған материалдық қорлар нарықтық баға бойынша өндіріледі, нақты кінәлі тұлғалар анықталмаса – ұйымның жалпы және әкімшілік шығындырына жатқызылып (КТС салынғанда алынып тасталмайды), есептік баға бойынша есептен шығарылады.
Қорлардың соңғы
бағасын есептеу орташа баға
есептеу тәсілін қолдану
Мекеме қорларының сақталуын қамтамасыз етіп, тексеру үшін түгендеу жүргізіледі. Түгендеу операциялары толық және таңдамалы, жоспарлы және кенеттен жасалуы мүмкін.
Бухгалтерлік
есеп бойынша берушілерден
Өз-өзін бақылау сұрақтары
Әдебиеттер тізімі:
Дәріс-9 Ұзақ мерзімді активтер есебі
Дәріс мақсаты: Ұйымдардағы негізгі құралдардың жіктелінуі, олардың кіріске алынуының есебі, амортизациясы, жөндеу және жалдау есебі, және бухгалтериядағы есебін жүргізуді үйрену.
1. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырылып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Кез келген өндіріс өз қызметіне кұрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада енбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады; ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта сатуға алса, онда ол тауар болып табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигателдер, құрал-саймандар және т.б.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар — тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар, яғни қолданыстағы болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар — бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уакытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке (заттай) көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.
2. Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.
1. Бастапқы (тарихи) құны — негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса сатып алу барысында төленген салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т.б.), сондай-ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар, және т.б. шығындарынан тұрады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны өзгертілуі мүмкін; қосымша салынған күрделі салымдар немесе негізгі құралдардың жарым-жартылай жойылуы, объектіні демонтаждау негізгі құралдардың жағдайына әсер ететін болса, онда, бірінші кезекте, пайдалы қызмет ету мерзімі кысқартылуы немесе ұзартылуы мүмкін.
2. Ағымды құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.
3. Баланстық құн — бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.
4. Сату (өткізу, келісілген) құны — бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.
5. Жойылу құны — тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
6. Амортизацияланған құн — негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеніне субъектінің шығысы ретінде таратылады
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігін; негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін; негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасауын және олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етуі керек.
Информация о работе Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп