Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2015 в 19:11, реферат

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады.

Оглавление

Дәріс мақсаты: Бухгалтерлік есептің негізгі түсінігі және атқаратын қызметі, қаржылық ақпарат мәліметтерін пайдаланушылар, сонымен бірге өлшем түрлерін оқып танысу.
Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың ролі.
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем
түрлері.
Есеп түрлері.
Бухгалтерлік есептің мәні

Файлы: 1 файл

дарис.docx

— 356.49 Кб (Скачать)

Құжаттар мазмұндық көлемі бойынша мына топтарға бөлінеді:

  • алғашқы   –     шаруашылық    операциялары    жасалған       кезде

тікелей рәсімделеді;

  • жиынтық  –   алғашқы   құжаттардың  негізінде   жасалады;  олар

барлық алғашқы құжаттарды біріктіріп және есепке алынған операциялардан қосымша мәлімет алу мақсатында сол мәліметтерді топтастырады.

Құжаттар жасалу орны бойынша мына топтарға бөлінеді:

  • ішкі – кәсіпорынның өзі жасайды;

-    сыртқы    –     басқа    кәсіпорындардан,    ұйымдардан,  жеке  тұлға-

лардан  түседі.

Құжаттар толтырылуы бойынша бөлінеді:

  • типтік     –    халық    шаруашылығының   барлық    салаларында,

өзгеріссіз және қосымшасыз пайдаланады;

  • арнайы   – халық   шаруашылығының кейбір салаларында, нақты

кәсіпорын үшін жеке әзірленген жағдайында пайдаланады.

Шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін қолдан алғашқы құжаттардың нысаны кәсіпорынның өзінде әзірленіп бекітіледі, егер де оларға аса  үлкен талаптар қойылмаса. Алғашқы құжаттар мынадай міндетті реквизиттерден тұрады:

  • құжаттың атауы (нысаны);
  • жасаған күні;
  • субъектінің атауы,   яғни кімнің атынан құжаттардың жасалғанын

білдіреді;

  • шаруашылық  операциялардың   мазмұны   (ақшалай  және заттай

көрсетіледі).

  • қызмет  бабындағы  тұлғаның   атқаратын қызметі, яғни жасалған

операцияға және оныің дұрыс рәсімделуіне жауапты тұлға;

  • жеке қолдары және олардың аты-жөні, қызметі.

Құқықтық актілердің нормативтік талабына және операцияның сипатына, сондай-ақ есеп ақпараттарының өңделу тәсіліне  байланысты алғашқы құжаттардың реквизиттері  енгізілуі мүмкін.

Бухгалтерлік құжаттарды жүргізу әдісіне біршама талаптар қойылады, олардың негіздері болып: құжаттылығы, жазулардың қысқа әрі  түсініктілігі, жазуларды өзара бақылау жасау мүмкіндігі және т.б. жатады (жазуды корреспонденцияланған шоттары бойынша тексереді).

Құжаттардағы жазулар, цифрлар бойынша анық, әрі түсінікті  болуы тиіс. Ондағы мәліметтердің дұрыстығына, оған қол қоятын тұлғалар жауап береді.

Бухгалтерияға келіп түсетін құжаттардың көпшілігі тек шаруашылық операцияларының натуралды өлшеуіштерінен ғана тұрады. Бухгалтерияда құжаттар тексеріледі (таксировка жасалынады) және соған сәйкес қорытындылар есептелініп шығарылады.

Құжаттардағы қателерді түзету дегеніміз – арифметикалық және мән-мағынасы бойынша түзетулер нәтижесінде анықталған қателер бухгалтерлік есептің талаптарына сәйкес түзету деген сөз. құжаттардағы анықталған олқылықтар оны құрастырушы жауапты адамдарға кері қайтарылады.

 

Есептік регистрлердің жітемесі

 

Есептік  регистрлер  өз арналымы бойынша мына топтарға бөлінеді:

- хронологиялық – шаруашылық операцияларының жүзеге асуына қарап тіркеледі (бухгалтерияға келіп түсетін жүктерді есепке алу журналы бойынша). Мұндай регистрлерге касса кітабы, келіп түсетін жүктерді есепке алу журналы және т.б.;

- жүйелі регистрлерінде – шаруашылық  операциялары экономикалық мазмұны бойынша топтастырылып тіркеледі. Мысалға, Бас кітапты, журнал-ордерлерді атауға болады;

- құрастырмалы – бұл хронологиялық және жүйелі жазбалары бір мезгілді өзара үйлесім табатын регисторлар. Бұлар неғұрлым оңтайлы нысана ретінде бағалы, сол себепті де ол кеңінен қолданылады. Құрастырмалы регистрлерге журнал-ордерлер және ведомостер жатады. Құрастырмалы регистрлер – есептік регистрлдердің неғұрлым қолайлы экономикалық нысаны болып табылады. Оларды қолдану синтетикалық және аналитикалық есеп аралығындағы мәліметтердің жазбаларын салыстыруға көп уақыт жұмсауға деген қажеттіліктен арылады; есептеудің дұрыстығы мен көрнектілігі арта түседі. Бұған журнал-ордерлер мен машинограммалардың көп бөлігі жатады.

Регистрлер мазмұндылық көлемі бойынша аналитикалық, синтетикалық болып бөлінеді.

- аналитикалық регистрлер жекелеген талдау есептері (карточка, кітаптар, тізімдеулер) бойынша есеп жүргізуге арналған.

- синтетикалық регистрлер – бұл шаруашылық қаражаттарын және олардың көздерін жалпылама түрде анықтауға арналған регистрлер. Синтетикалық регистрлерге Бас кітап және синтетикалық есептері бойынша жазбалары жазылатын айналым ведомосы жатады.

Есеп регистрлері сыртқы түрі бойынша мына топтарға бөлінеді:

- карточкалар  бұл аналитикалық есептің бірдей форматтағы регистрі, олардың арнайы сызба жолдары болады. Ол әртүрлі объектінің есебін ұйымдастыруға арналған;

- кітаптар  бұл да аналитикалық есептің нөмірленген арнайы сызба жолдары бар регистр. Олар касса ктабы мен Бас кітап ретінде көп таралған;

- бос парақтар – жекелеген парақтарда әзірленетін регистрлер және онда есептік жазулар (жазбалар) үшін арналған, олардың сызба жолдары мен нысаны парақтардың арналымына байланысты болып келеді;

- машинограммалар (басылған қағаздар) бухгалтерлік есептің іс жүзінде қолданатын бағдарламасы бойынша әзірленген аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлері, оны толтыру (рәсімдеу) тапсырыс берушінің мүддесіне және берілген карточканың, журнал-ордердің параметрлеріне (көрсеткіштеріне) тәуелді болып келеді.

Кітаптарда аналитикалық есебін жүргізер кезде жазбалар жазбай тұрып, оның барлық беттерін беттеу керек, сосын оған мөр басып, бас бухгалтерлер қол қояды.

Регистрлерді ашқан кезде оларға регистрлерден өткен айдың бастапқы қалдықтары, ал қажетті жерлерде – аналитикалық есептің баптары бойынша жыл басынан бергі кезеңдегі айналымдар көшіріледі. Ай сайынғы операцияны регистрге жазу кезінде  оның мазмұны, мерзімі және құжат нөмірі көрсетіледі. Операцияның сомасы өзінің сәйкес келетін есептеулердің графасына жазылады. Жалпылама сипаттағы операцияларды алдын ала дайындалған кестелерде (жинақтық ведомостілерінде) жинақтады. Айдың соңында кестедегі мәліметтердің жиынтығы аналитикалық және синтетикалық есептің  регистрлеріне жазылады.

Ай біткен соң барлық аналитикалық және синтетикалық шоттар бойынша дебеттік және кредиттік жиынтық есептелінеді.

Ай соңындағы жиынтық айналымы айналым ведомосын жасау үшін және ағымдағы бақылау үшін пайдаланады.

Есеп регистрларының мәліметтері салыстырылады. Бұл үшін шоттар корреспонденциясы бойынша жазбалар жасалады, ал бұл  балансты жасағанға дейін қатені табуды және түзетуді және олардың дұрыстығын қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есептің регистрлеріндегі мәліметтер топтастырылған түрінде қаржылық есеп беруге көшіріліп жазылады.

 

Негізгі оқу әдебиеттер:

  1. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет Учебное пособие. Алматы 2005
  2. Радостовец В.К., Радостовец В.В  Ғабдуллин Т.Ғ. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп»   Алматы 2003.
  3. Радастовец В.В. Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета. Алматы 2000
  4. Назарова В.Л., «Шаруашылық жүргізуші субьектілердегі бухгалтерлік есеп» - Алматы: Экономика, 2006 ж.
  5. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет в отраслях. Алматы Экономика 2005
  6. Баймуханова С.Б. „Бухгалтерлік есеп". Алматы; Экономика, 2005 ж.
  7. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А., «Бухгалтерлік есеп теориясы
  8. және негіздері»  Алматы, Экономика 2006ж.
  9. Мырзалиев Б.С., Сәтмурзаев А.А., Әбдішүкіров Р.С.  «Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі» Алматы: Экономика 2008 ж.
  10. Әбдіманапов Ә. «Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері»
  11. Алматы, 2006 ж.

Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Ұйымның есеп саясаты деген не?
  2. Есеп саясатына қандай талаптар қойылады?
  3. Есеп саясатының мазмұны қандай?
  4. Есеп саясатын кім дайындайды?

 

 

Дәріс-5             Бухгалтерлік есептегі құжат айналымын ұйымдастыру

Дәріс мақсаты: Ұйымның есеп саясатын түсіндіру, есеп саясатына қойылатын талаптар мен оның мазмұны. Есеп саясатының дайындалуын ашып көрсету

  1. Есеп саясаты туралы түсінік
  2. Есеп саясатының мазмұны 
  3. Есеп саясатын дайындау
  4. Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру
  5. Құжаттау және есептік регистрлер

 

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.

Бухгалтерлің есепті  жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістерінің, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.

 Ұйымның  өзінің есеп саясатын өңдеу  мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік  есеп пен басқа екінші деңгейлі  нормативтік құжаттар бойынша  баптарда (стандарттарда) қарастырылған  бухгалтерлік есептің кез келген  мәселелерін шешудің көп түрлілігімен  анықталады. «Бухгалтерлік есеп  және қаржылық есеп  беру туралы»  Қазақстан Республикасының заңы  мен Бухгалтерлік есеп принциптерінде  кәсіпорын өзінің есеп саясатын  құруы барысында бұйрық немесе  жарлық бойынша қажетті құжаттар  тізімін бекітуі керек екендігі  көрсетілген.

Кез келген ұйымның қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.

Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық.

Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.

Уақыттылық. Кәспорынның шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.

Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.

Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері  – әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.

Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

 

2. Есеп саясатының мазмұны 

Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорынның қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесін тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.

Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.

Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.

Өндірістік шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі

Өндірістің технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, өндірістік циклдің ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің түрі мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялаудың келесі негізгі әдістерін қолдана алады:

  • нормативтік әдіс (нормативный),
  • өндірістік өңдеу сатысы (попередельный),
  • тапсырыстық әдіс (позаказный),

Жанама шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі

Жанама (қосымша) шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына төменде аталған әдістерді пайдалана алады:

  • нақты немесе нормативті (жоспарланған) өндірістік құн бойынша;
  • тікелей шығындар бойынша;
  • жұмсалынған шығындар шикізаттар мен материалдардың құндары бойынша.

Информация о работе Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп