Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2015 в 19:11, реферат

Краткое описание

Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады.

Оглавление

Дәріс мақсаты: Бухгалтерлік есептің негізгі түсінігі және атқаратын қызметі, қаржылық ақпарат мәліметтерін пайдаланушылар, сонымен бірге өлшем түрлерін оқып танысу.
Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың ролі.
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем
түрлері.
Есеп түрлері.
Бухгалтерлік есептің мәні

Файлы: 1 файл

дарис.docx

— 356.49 Кб (Скачать)

Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Ұйымның есеп саясаты деген не?
  2. Есеп саясатына қандай талаптар қойылады?
  3. Есеп саясатының мазмұны қандай?
  4. Есеп саясатын кім дайындайды?

 

Дәріс-7.    Дебиторлық борыштардың есебі

Дәріс мақсаты: Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышы, және сонымен бірге күмәнді дебиторлық борыштардың пайда болуының есебін жүргізуді оқып үйрену, басқа да дебиторлық борыштарт есебі.

1. Сатып алушылар мен тапсырысшылардың  берешектерін есепке алу

2. Күмәнді талаптар бойынша резервтерді  есепке алу

3. Жауапты тұлғалармен есептесу

 

1. Сатып алушылар мен тапсырысшылардың  берешектерін есепке алу

 

Мекеме басқа мекемелермен өзара есеп айырысулар қарым-қатынасы барысында дебиторлық берешек пайда болады. Дебиторлық берешек бұл басқа мекемелердің мекеменің алдындағы ақшалай шаққандағы қарыздық міндеттемелері болып табылады. Мекемелердің дебиторлық берешегінің негізгі түрі болып сатып алушылардың оларға жөнелтілген немесе сол жерде босатылған тауарлық-материалдық қорлар, тапсырысшылардың көрсеткен қызметтері үшін қарыздық міндеттемелер танылады.

Сатып алушылардың берешектерін есепке алуды ұйымдастырудың маңызды шарты ретінде мекеменің тиісті қызметтері  жөнелтілген немесе сол жерде сатып алушыға босатылған тауарлық-материалдық қорларға тауарлық ілеспе құжаттарды дұрыс рәсімдеу және оларды сатып алушыларға есеп айырысу шоттарын ұсыну үшін бухгалтерияға уақытында өткізу болып табылады.

Тауарлық-материалдық қорларды тиеп жөнелту, сауда мекемесі мен сатып алушының арасындағы жасалған келісім-шарттар негізінде жүргізіледі. Келісім-шарттарда төлемдер түрі мен тәсілі және есеп айырысулар тәртібі қарастырылады.

Сатып алушылардан төлемдерді алу үшін қолданылатын құжаттар болып төлем талап-тапсырмалар, төлем тапсырмалар, чектер, вексельдер саналады да, олар қаржылық құжаттар болып табылады және олар арқылы жабдықтаушының сатып алушыға ұсынылған есеп айырысу құжаттары төленеді.

Сатып алушылар мен тапсырушылардың дебиторлық берешегін есепке алу үшін олармен есеп айырысу қарай бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын келесі шоттар қарастырылған: бір жылға дейінгі мерзімде есеп айырысу операциялары үшін 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты; 2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі».

1210 «Сатып  алушылар мен тапсырысшылардың  қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»  және 2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың  ұзақ мерзімді берешегі»  Бұл шоттарында жөнелтілген немесе босатылған өнімдер мен тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылар мен тапсырысшыларға ұсынылған және банктің төлеуге қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша есептесу туралы ақпарат есепке алынады.

1210 «Сатып  алушылар мен тапсырысшылардың  қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»  және 2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың  ұзақ мерзімді берешегі» шоттарының дебиті бойынша сатып алушыларға жөнетілген немесе босатылған өнімдер мен тауарлар және көрсетілген қызметтер сомасы және осы тауарлар мен қызметтер бойынша есептелген есеп айырысу құжаттарының төлеуге ұсынылған сомалары көрсетіледі.

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» және 2110 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі» шоттарының кредиті бойынша сатып алушылардан оларға жөнелтілген немесе босатылған тауарлық-материалдық қорлар және көрсетілген қызметтер үшін банктегі есеп шоттарға түскен төлемдер мен қолма-қол ақшалар сомалары көрсетіледі. Бұл шотта сондай-ақ тауарлық-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін сатып алушылардың берешектерін азайту және жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы жасалған келісім-шарттарында қарастырылған талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке алу сомалары көрсетіледі.

 

Сатып алушылар мен тапсырысшылардың берешектерін есепке алу бойынша шоттардың негізгі корреспонденцияларын қарастырайық.

 

1. Жөнетілген өнімдер мен тауарлар  және көрсетілген қызметтер үшін  сатып алушылар мен тапсырысшыларға төлеуге есеп айырысу-төлем құжаттары (шот-фактуралар, тауар-көліктік жүк құжаттары және т.б.) негізінде бухгалтерлік есеп шотарында келесі жазулар жасалады:

ДТ: 1210 «Сатып   алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» (бір жылға дейінгі мерзім)

ДТ: 2110 «Сатып алушылар  мен тапсырышылардың ұзақ  мерзімді берешегі» (бір жылдан асатын  мерзім)  –  сатып  алушылар  мен  тапсырысшыларға төлеуге  саналған  есеп айырысу-төлем құжаттарының сомасына

КТ: 6010 «Өнімдерді  сатудан   және  қызметтер  көрсетуден  алынатын  кіріс»  – қосымша құнға   салынатын   салықсыз   сату   бағасы  бойынша  босатылған  өнімдер  мен тауарлар сомасына

КТ: 3130 «Қосылған құн салығы»  – осы өнімдер  мен  тауарлар бойынша  есептелген қосымша құнға салынатын салық сомасына

 

2. Төлеуге ұсынылған есеп айырысу-төлем құжаттары бойынша сатып алушылар мен тапсырысшылардан төлемдердің түсуіне қарай банктің жазбаша үзінділері немесе кассалық кіріс ордерлері негізінде келесі бухгалтерлік жазу жүргізіледі:

ДТ: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

ДТ: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»

КТ: 1210 «Сатып алушылар мен тапсырышлырадың қысқа мерзімді дебторлық берешегі»

КТ: 2110 «Сатып алушылар мен тапсырышылардың ұзақ мерзімді берешегі»

                 

3. Егер жеткізіп беруге жасалған  келісім-шартқа сәйкес сатып алушылар  мен тапсырысшылар өнімдер мен  тауарларды жеткізу және қызметтер  көрсету үшін алдын-ала аванстар  аударса, онда мекеменің бухгалтериясы сатып алушылар мен тапсырысшылардың оларға жөнелтілген өнімдер мен тауарлар үшін берешектеріне бұрын алынған аванстар есебінен өтеуді бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулармен көрсетеді:

ДТ: 3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» шотының дебеті

КТ: 1210 «Сатып  алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді    дебиторлық берешегі» шотының кредиті

Егер өнімдер мен тауарларды жеткізуге сатып алушылармен жасалған келісім-шартында талаптар мен міндеттемелерді өзара есепке алу қарастырылса, онда мекеменің бухгалтериясы есеп айырысу нәтижелерін келесі бухгалтерлік жазбамен көрсетеді:

1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді    дебиторлық  берешегі» және 2110 «Сатып алушылар  мен тапсырышылардың ұзақ  мерзімді берешегі» шоттары бойынша айдың аяғындағы сальдо тек қана дебиторлық болады да, ол сатып алушылар мен тапсырысшылардың оларға жөнелтілген тауарлық-материалдық қорлар үшін берешектерін көрсетеді. 

Енді 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының «Алынған вексельдер» субшоты бойынша жасалатын шоттардың негізгі корреспонденцияларын қарастырамыз.

Сатып алушылар мен тапсырысшыларға жөнелтілген өнімдер мен тауарлар үшін төлеуге есеп айырысу-төлем құжаттарын ұсынғанда және олардың берешектері жеткізу келісім-шарты бойынша алынған вексельдермен қамтамасыз етілген жағдайда тауар ілеспе құжаттары (шот-фактуралар, тауар-көлік жүк құжаттары және т.б.) негізінде бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазулар жүргізіледі:

ДТ: 1280 «Өзге қысқа  мерзімді  дебиторлық  берешек»  шотының  «Алынған  вексельдер» субшотының   дебеті  –   сатып   алушыға   төлеуге   ұсынылған   есеп   айырысу  құжатының сомасына (бір жылға дейінгі мерзім)

КТ: 6010 «Өнімдерді  сатудан  және  қызметтер көрсетуден алынатын кіріс» – өнімдер мен тауарлардың   қосымша   құнға    салынатын   салықсыз   сату   бағасы   бойынша есептелген сомасына

КТ: 3130 «Қосылған   құн   салығы»    осы    өнімдер   мен   тауарлар  бойынша  есептелген қосымша құнға салынатын салық сомасына

 

2. Күмәнді талаптар бойынша резервтерді  есепке алу

 

Өнімдер мен тауарлар кейін төлеу (төлеудің мерзімін ұзарту) арқылы сату барысында мекемеде сатып алушылардың келісім-шартта қарастырылған мерзімде өтелмеген және тиісті кепілдіктер мен қамтамасыз етілмеген дебиторлық берешек пайда болу мүмкін, ол күмәнді берешек немесе күмәнді талап деп аталады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарға сәйкес талап қою мерзімі өткен дебиторлық берешек күмәнді борыш деп танылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 178 - бабына сәйкес жалпы талап қою мерзімі үш жылға белгіленген.

Күмәнді талаптарды өтеу үшін алғашқы жылдары мекеме есепті жылдың соңында жүргізілген дебиторлық берешектерді түгендеу нәтижесі бойынша түгендеу комиссиясының шешімі негізінде резерв құрады да, хаттамамен рәсімделеді және мекеменің жетекшісі бекітеді. Мұнда құрылатын резрвтің көлемі әрбір күмәнді талап бойынша борышкердің төлеу қабілетіне және талапты толық немесе ішінара өтеу мүмкіндігіне қарай жеке анықталады.

Келесі жылдары мекеме күмәнді талаптар бойынша құрылатын резервтің сомасын келесі әдістердің бірін қолдана отырып анықтауына болады:

  • сақталған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілге қызметтер көлеміне пайыз әдіс;
  • төлем мерзімдері бойынша шоттарды есепке алу әдісі.

Тауарды сату көлемінен пайыз әдісінің мәні мынада: өткен бірінші жылдардағы / кемінде үш жыл / сатылған тауарлар көлемі мен төленбеген шоттарды сомаларын талдау негізінде мекеме үмітсіз қарыздар сомасын сатылған тауарлар көлеміне бөліп және 100% көбейту арқылы есепті мерзіміндегі күмәнді талаптар бойынша құрылатын резервтің орташа пайызын шығарады.

Мысал: «РИАЛ» ЖШС бойынша 2008 жылы сатылған тауарлар көлемі 900 мың теңге болды. 15 мың теңге сатудан түсетін жеңілдік берілді. Өткен үш мерзімдегі сатылған тауарлардың жалпы көлеміндегі үмітсіз қарыздардың орташа пайызын анықтау үшін келесі кестені жасаймыз.

 

Сатылған тауарлардың жалпы көлеміндегі үмітсіз қарыздардың орташа пайызын есептеу

Жылдар

Сатылған көлем

Үмітсіз қарыздар сомасы

Пайыз (3 бағ : 2 бағ) х 100%

1

2

3

4

2005

600

14,0

2,33

2006

700

16,5

2,36

2007

800

14,5

1,81

Жиыны

2100

45,0

2,14


 

Үш жылғы шығынға жатқызылған үмітсіз қарыздардың пайызы орташа 2,14% болды. Бұның нәтижесінде 2008 жылғы күмәнді талаптар бойынша резерв сомасы келесі амалмен анықталады:

 

[ ( 900 мың  теңге – 15 мың теңге) * 2,14%] : 100% = 18,9мың  теңге

 

Осы есептеудің негізінде есепті жылдың соңында күмәнді талаптар бойынша резерв сомасына бухгалтерлік есеп шоттарына келесі жазулар жүргізіледі: 

ДТ: 7210 «Әкімшілік шығыстар» -18,9  мың теңге

КТ: 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» - 18,9 мың теңге

Төлем мерзімі бойынша шоттарды есепке алу әдісінің мәні - күмәнді талаптардың пайызын берешектерді төлеу мерзімдері бойынша анықтау болып табылады. Бұл әдісті пайдаланған кезде мекемеге алынатын шоттар бойынша берешектердің қалдықтарын төлеу мерзімдеріне қарай талдау жасау қажет және алынатын барлық шоттарды келесі санаттар бойынша жіктеу ұсынылады:

  • төлеу мерзімі келмеген шоттар;
  • төлеу мерзімі 1 күннен 30 күнге дейінгі шоттар;
  • төлеу мерзімі 31 күннен 60 күнге дейінгі шоттар;
  • төлеу мерзімі 61 күннен 90 күнге дейінгі шоттар;
  • төлеу мерзімі 90 күннен көп шоттар және т.б.

Өткен жылдарды талдау негізінде мекеме әрбір санат үшін күмәнді талаптарын болжамдық пайызын анықтайды. Мысалы, былай болжайық, есепті мерзімде төленбейтін дебиторлық берешек мынандай төлем мерзімімен:

  • бірінші санат - төлеу мерзімі келмеген шоттар - 2%;
  • екінші санат - 1 күннен  30 күнге дейін - 5%;
  • үшінші санат - 31 күннен 60 күнге дейін - 20%;
  • төртінші санат - 61 күннен 90 күнге дейін - 50%;
  • бесінші санат - 90 күннен көп - 80%.

Мысал. «РИАЛ» ЖШС бойынша есепті мерзімдегі алынатын шоттарды 2010 жылғы 31-желтоқсанға жүргізілген түгендеудің нәтижесінде төленбеген дебиторлық берешектің сомасы 100 мың теңгені құрады, оның ішінде төлеу мерзімдері бойынша:

  • бірінші санат - төлеу мерзімі келмеген шоттар бойынша - 20 мың тенге;
  • екінші санат - 1 күннен 30 күнге дейін -20 мың тенге;
  • үшінші санат - 31 күннен 60 күнге дейін - 30 мың тенге;
  • төртінші санат - 61 күннен 90 күнге дейін - 20 мың тенге;
  • бесінші санат - 90 күннен көп - 10 мың тенге.

Информация о работе Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп