Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2015 в 19:11, реферат
Бухгалтерлік есеп – ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын ғылым. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті жүйе болып табылады.
Дәріс мақсаты: Бухгалтерлік есептің негізгі түсінігі және атқаратын қызметі, қаржылық ақпарат мәліметтерін пайдаланушылар, сонымен бірге өлшем түрлерін оқып танысу.
Бухгалтерлік есеп туралы түсінік және оның атқаратын қызметі.
Бухгалтерлік есеп мәліметтерін пайдаланушылар және олардың ролі.
Бухгалтерлік есептің міндеті мен мақсаты.
Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын өлшем
түрлері.
Есеп түрлері.
Бухгалтерлік есептің мәні
Қысқа мерзімді қарыздарды алу мен өтеуге байланысты есептеу операциялары 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыз», 3020 «Қысқа мерзімді алынған қарыз» шоттарында ескеріледі. Бұл шоттар пассивті, олардың сальдосы есепті кезең басындағы өтелмеген берешек сомасын, дебет бойынша айналым – қарызды өтеуге аударылған соманы, кредит бойынша айналым – қарызға алынған соманы көрсетеді.
Алынған қарыздар сомасы 1050 «Жинақ шоттарындағы ақша қаражаты», 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты», 1040 «Карт-шоттардағы ақша қаражаттары», 1060 «Өзге ақша қаражаттар», 3320 «Еншілес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кретиторлық берешек», 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» және т.б. шоттарымен корреспонденцияда көрсетіледі.
Өтелген кредиттер сомасына қарыздар бойынша тиісті шоттары дебеттеледі.
Қысқа мерзімді қарыздардың аналитикалық есебінің несиесін берген банк түрлері және жеке кредиторлар бойынша жүргізіледі.
а) қарыз проценттерін төлеу мен оларды кезең шығыстарына жатқызудың дұрыстығы;
ә) қарыздар шоттары бойынша синтетикалық және аналитикалық есебін 4 журнал-ордерде және бухгалтерлік баланста жүргізудің дұрыстығы;
б) баланста «Ағымдағы міндеттемелер» бөлімшесінде «Ұзақ мерзімді қарыздардың ағымдағы бөлігі» бабы келтіріледі;
в) қарыздарды өтеу мерзімі осы бап бойынша соманың негізділігін анықтау қажет;
г) овердрафт, сенімді клиентке оның шотындағы қалдықтан тыс берілетін қысқа мерзімді қарыз түрін білдіреді, сондай-ақ жеке есептелетін, мерзімінде төленбеген банк қарыздары.
4020 «Ұзақ
мерзімді алынған қарыздар»
Банктен тыс мекемелерен алынған қысқа мерзімдік қарыздар көбінесе вексельмен коммерциялық кредит және берешек міндеттемелерге «серіктестік» кредит түрінде болады.
Несие дегеніміз бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте пайыз төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді. Нарық экономикасы жағдайында коммерциялық және банк несиелері деп бөледі.
Коммерциялық несиені шаруашылық субъектілері сатылған тауарлар, өнімдер, қызметтер үшін ақша төлеу мерзімін созу түрінде бір-біріне береді.
Банк несиесін өндірісті кеңейту үшін және ағымдағы қызметі үшін төлем қаражаттарының көзі ретінде пайдаланылатын ақша қарызы (ссудасы) түрінде несие мекемелері береді. Несиелерді беру мен өтеудің тәртібі тиісті заңдармен белгіленеді және субъект пен банк арасындағы несие шартымен реттеледі.
Банктердің несиелерін есепке алу ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Үлттық Банкі бекіткен «ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылады.
Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық Банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банктер арқылы жүзеге асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі.
Несие өтеу қабілеті болып кәсіпорынның борышты міндеттерін толығымен және уақытында есептесе алу қабілеті деп түсінеміз. Кәсіпорындарға кредит басымды түрде өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғары жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызмет көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсатгарға беріледі. Артықшылықтар шартты міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттерінде және шоттарында сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.
Несие мерзімділік, қайтарымдылык, төлену шарттарымен коммерциялық және келісім-шарт негізінде беріледі.
Ұзақ. мерзімді кредит берудің ерекшеліктері. Банктер кредитгі кәсіпорындарға күрделі қаржы бөлу үшін: қүрылыс, қайта қалпына келтіру және өнеркәсіптік және әлеуметтік-түрмыстық бағыттағы обьектілерді техникамен қайта жабдықтау; техника, жабдық, көлік саймандарын, ғимараттар және қүрылыстар алуға; бірлескен кәсіпорындар қүруға; ғылыми-техникалық өнімдер және басқа да меншіктік обьектілер бойынша шығындар жасауға береді.
Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық-қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.
Осы жоғарыда аталған ұйымды керекті материалдармен және басқа да құндылықтармен жабдықтайтын кәсіпорындармен есеп айырысуының есебі 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта есеп айырысу сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы бөлшектер, олардың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептелінген қарыз сомалардың есебі жүргізіледі. 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» деп аталатын шоттың кредитінде тиісіті материалдық-қорлар, шығындар бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасына сәйкес есептелген сомалар, ал бұл шоттың дебеті бойынша «Ақшалар» деп аталатын шотының және басқа да шоттардың кредитінен (төленген жерлеріне байланысты) оларға төленген сомалар жазылады. «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты бойынша есеп №6 журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің әр бір шот-фактурасы бойынша бөлек жүргізіледі. Бұл журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің шот-фактураларының акцептелуі, материалдық құндылықтардың, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы, олардың құнының төленуі жайлы мәліметтер жазылады.
Келіп түскен шот-фактураларды алдымен үлгілі түрі М-1 «Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Бұл журнал бойынша ұйымда материалдық құндылықтардың уақтылы келіп түсуіне бақылау жасалады. Журналға жазылуға тиісіті мәліметтерді жабдықтау бөлімі тауар-көлік жүкқұжаттарды (накладнойлары), кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілер негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың келіп түсуіне қарай жазып отырады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады. ал ол үш кезең бойынша жүреді.
Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот-фактура және басқа да есеп айырысу құжаттары келіп түскен кездегі жазулары жазылады. Бұл ретте тіркеу нөмірі мен төлем-тапсырмаларының (шот-фактура) нөмері, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы акцептің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының шот фактурасын жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан (айлақтан) өзге қаларадан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.
Екінші кезеңде журналға қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары (кіріс ордерлері, тауарлы-көліктік құжаттары (накладнойлары), материалдар қабілдау туралы актілері) негізінде жазылады. Журналда осы құжаттардың нөмірлері келіп түскен құндылықтардың есептік немесе келісім-шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны және тауарлы-материалдық құндылықтар немесе өндіріс шығындары есебі бойынша жекелеген шоттар шегінде төлем-тапсырмаларына (шот-фактураға) сәйкес алынған нақты құны бойынша көрсетіледі.
Кіріс құжаттары мұқият тексерілуі және төлем-тапсырмаларындағы (шот-фактурадағы) материалдық құндылықтар санына сәйкес келуі тиіс. егер жүктерді қабылдау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бұзылуы анықталса, актінің негізінде талап сомасын 3310-шотың кредитінен 1280-шоттың дебетіне есептен шығарады. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеуін есеп айрысуға дейін, яғни төлем құжаттарын акцептеуге дейін анықтайтын болса, онда оның сомасына тиісті есеп-айрысу төлем құжаттарында акцепті азайтады.
Сондай-ақ журналда жұмыстар мен қызметтер (негізгі құрал жабдықтарды жөндеу, жүктерді тасымалдау, су, электр энергиясы) берушілермен есеп айырысулар есебі бойынша операциялар да көрсетіледі. Жұмысты орындағаны немесе қызметті көрсеткені үшін берілген шот-фактура мәліметтері журналға жазылған кезде, оның не үшін берілгені көрсетіледі.
Үшінші кезеңде журналда шот-фактурасының төленгені көрсетіледі. Төлем туралы берілген банктегі есеп айырысу және басқа да шотар бойынша үзінділері (көшірмелері) бойынша расталады. Бұл орайда, шоттың қай күні төленгені және төлемнің қай шоттан жасалғаны (1030, 1040, 1050, 1060) көрсетіледі.
Айдың аяғында журналдың жиынтығы есептелінеді және төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.
Журналдың қортындысы төрт қатар бойынша шығарылады; ай ішіндегі жиынтығы, айдың басындағы, жол үстіндегі материалдар шегеріліп тасталынады; айдың аяғындағы жол үстіндегі материалдар және журнал бойынша барлығы рет-ретімен көрініс табады.
Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысулар есебі бойынша мынадай шоттар корреспонденциясы беріледі.
Кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатып алынған тауарлық-материалдық қорлар үшін (қосылған құнға салынған салық есебінсіз) акцептелген шот-фактурасына:
Д-т: 1310 «Материалдар» немесе 1330 «Тауарлар» деп аталатын шоттардың тиістісі;
К-т: 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» деп аталатын шот.
Ал бұл тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығы сомасына:
Д-т: 1420 «Қосылған құнға салынған салық» деп талатын шоты;
К-т: 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» деп аталатын шоты түріндегі екі жақты жазу жазылады.
Жабдықтаушылардың шот фактурасының қай шоттан төленгеніне қарай:
Дт: 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» деп аталатын шоты,
Кт: 1010, 1030 «Ақшалар» деп аталатын шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Шот-фактура бойынша кәсіпорынның жабдықтаушыларға тауарларды сатып алу барысында төленген қосылған құнға салынған салықтың сомасы ұйымның тауарларды (қызметтерді) сату барысында есептелген бюджетке төленетін қосылған құнға салынған салықтың сомасынан шегерілгенде:
Дт: 3130 «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шот;
Кт: 1420 «Орны толтырылатын қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шот түріндегі жазуы жазылады.
Бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп (бекітіліп) пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.
ҚР-ның салық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұқлғалардан алынатын салықтар, Мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Әлеуметтік салық – заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқаратын қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты б.т. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.
Шаруашылық жүргізуші
ДТ: 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар»
КТ: 3150 «Әлеуметтік салық»
Ал ол сома бюджетке есеп айырысу шотынан төленгенде:
ДТ: 3150 «Әлеуметтік салық»
КТ: 1030 «Ақшалар»
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы
Есепті жылда салық салынатын табыстары бар заңды тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады. Табыс салығын төлеушілер қатарына заңды тұлғалар, олардың филиалдары және оқшауланған (дербестелген) бөлімшелер кіреді.
Әрбір салық төлеуші салық салынатын табысты анытау үшін, жылдық табыстың жинақталған сомасынан табыс табу мақсатында жұмсалған шығындар мен шеккен зияндардың сомасын шегереді.
Кәсіпорынның жылдық табысына, яғни жыл бойы кіріс еткен сомаларының жиынтығына сатылған немесе өткізілген өнімдер, атқарылған жұмысы мен көрсетілген қызметі және басқа да операциялар үшін салық төлеушінің алуға (алған) тиісті ақшалай немесе басқа да қаражаттары, сондай-ақ сатып алушыдан алуға тиісті сомалардың есебінен өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген қаржылар жатады.
Салық салынатын табыстардың және одан шегерілетін шегерімдер мен жеңілдіктердің құрамы, сондай-ақ салынатын табыс салығының мөлшері салық кодексінде қаралады.
Салық төлеуші кәсіпорын тиісті салық органына «Заңды тұлғаның салық салынатын табысының декларациясын» ұсынуға тиіс.
Ұйым өзінің есепті жылдағы алған табысы бойынша табыс салығы сомасын есептеу барысында бухгалтерік есепте мына түрдегі екі жақты жазу жазылады:
Дт: 7710 «Копоративті табыс салығы бойынша шығыстар» шоты;
Кт: 3110 «Төленуге тиісті корпорациялық табыс салығы» шоты.
Ал бұл сома бюджетке аударылғанда:
Дт: 3110 «Төленуге тиісті корпорациялық табыс салығы» деп аталатын шот;
Кт: 1030 «Ақшалар» деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады
Қосылған құнға салынатын салық тауарларды өндіру, жұмысты орындау немесе қызмет көрсету және олардың айналысы барысында қосылған құн өсімінің бір бөлігін аудару, сондай-ақ осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым б.т. Бұл ретте салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт салық объектісі б.т. Қосылған құнға салынатын салық «Қосылған құнға салынатын салық» шотында есептеледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитіне салынған салық сомасы, ал дебитіне бюджетке аударылған және субъектінің жабдықтаушыларға тиісті түрде ресімделген салық шоты бойынша төлеген сомалары жазылады. Бюджетке төленуге тиісті қосылған құнға салынатын салық өткізілген өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін есептелген қосылған құнға салынатын салықтың сомасы мен сатып алынған тауарлар, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі, орындаған жұмысы үшін төленген (есептелген) қосылған құнға салынатын салық сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қосылған құнға салынатын салық мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңында белгіленеді.
Информация о работе Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп