Инвестициялық жобаларды басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 09:10, реферат

Краткое описание

Отандық және шетелдік тәжірибеде инвестицияның жіктелуі келесідей:
Қаржыландыру көздеріне байланысты: мемлекеттік; салалық; жекеменшік; аралас немесе бірлескен; меншікті; қарызға немесе несиеге алынған.
Инвестицияның қолдануына байланысты: материалдық өндіріс салалары; қоржынды(портфельді); интеллектуалды.
Инвестициялардың негізгі бағыттарына байланысты: өндірістік; әлеуметтік; қоршаған ортаны қорғау.
Инвестицияның пайдалану мерзіміне байланысты: қысқа мерзімді; орта мерзімді; ұзақ мерзімді.

Файлы: 1 файл

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ.docx

— 27.47 Кб (Скачать)

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ  ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ

 

 

 

 

 

                                               ОРЫНДАҒАН: МАХСОТОВА М

                                                         Ф10К4

                                           ТЕКСЕРГЕН: АХМЕТОВ Ә.А

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2012 Ж

 

Кіріспе

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық  байлығы мен бейматериалдық сипаттағы  қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер  салатын инвестициялық қаражат.

Инвестиция құрамына: мүліктер, байлықтар, материалдық және интеллектуалдық  құндылықтар кіреді.

Отандық және шетелдік тәжірибеде инвестицияның жіктелуі келесідей:

    1. Қаржыландыру көздеріне байланысты: мемлекеттік; салалық; жекеменшік; аралас немесе бірлескен; меншікті; қарызға немесе несиеге алынған.
    2. Инвестицияның қолдануына байланысты: материалдық өндіріс салалары; қоржынды(портфельді); интеллектуалды.
    3. Инвестициялардың негізгі бағыттарына байланысты: өндірістік; әлеуметтік; қоршаған ортаны қорғау.
    4. Инвестицияның пайдалану мерзіміне байланысты: қысқа мерзімді; орта мерзімді; ұзақ мерзімді.

Корпорацияның инвестиция қызметі дегеніміз- сол инвестицияны белгілі мақсаттар мен салаларға пайдалану. Қазақстан Республикасының тиісті заңына сәйкес шетелдік заңды және жеке тұлғаларда инвестиция сала алады. Олар: бірлескен компаниялар, шетелдік компаниялардың бөлімшелері.

Инвестицияның негізгі түрлері:

    • Нақты(тікелей) инвестиция экономиканың негізгі өндірістік салаларына бағытталады. Ол өндіріс құралдарымен материалдық байлықтарды және құндылықтарды молайтуға жұмсалынады.
    • Қаржылық инвестиция түрлі құнды қағаздар мен қаржы құралдарын жасауға қолданылады. Қаржылық инвестицияның түрлері: қоржынды(портфельдік); венчурлық (тәуекелдік); аннуитет.
    • Адам капиталына салынатын инвестиция
    • Мемлекеттік инвестиция

Қоржынды(портфельдік) инвестиция- кәсіпорынның портфеліндегі(қоржынында) түрлі бағалы қағаздар жиынтығы.

Венчурлық(тәуекелдік) кәсіпорынның өзінің акциясын және қаржыларын жаңадан  ашылатын өндіріске салады, яғни жаңа бағытқа инвестиция салады, өйткені  жаңа өнімдерге сұраныс көп болады.

Аннуитет дегеніміз- түрлі  инвестициялық қорларға, сақтандыру қорлары, зейнетақы қорлары т.б  қорларға салу арқылы салушының белгілі  бір кезеңнен кейін алатын табысы.

Инвестициялық саясат дегеніміз- кәсіпорынның стратегиялық жоспарының құрамдас бөлігі. Инвестиция саясатының мақсаты мыналарды көздейді: атқарылатын шаралардың экономикалық ғылыми- техникалық және әлеуметтік тиімділігін қамтамасыз ету; қор салынған инвестициялардан мол пайда табу және тиісті шығындарға жұмсау; инвестиция тартуда мемлекеттік тарапынан қолдау табу; шетелдік, халықаралық қаржы, несие ұйымдарынан несие алу; инвестициялық жобаларды іске асыруда минималды тәуекелділікті қамтамасыз ету.

Инвестиция саясатын іске асыруда мынадай факторларды  ескеру қажет:

    • Кәсіпорынның қаржылық жағдайы;
    • Өндірістің техникалық жағдайы;
    • Кәсіпорынның меншікті капиталы мен қарыз қаражаттарының тиімді арасалмағы;
    • Инвестициялық жобаларды іске асырудың тиімділігін қарастыру.

Инвестицияның капитал жұмсалымынан айырмашылығы капитал салымы бұл  негізгі қорлардың ұдайы өнімдеріне қарастырылған шығындардың жиынтығын сипаттаса, ал инвестициялау бұл ұғымның сыртындаа сол кәсіпорынның негізгі өнім алумен байланысты болатын шығындарының барлығын бірдей қамтиды.

Негізгі  қорларға инвестиция салу. Негізгі қорларды инвестициялаудың негізгі көздері мыналар:

    1. Меншікті қаржы ресурстары және ішкі шаруашылық резервтері таза пайда, амортизациялық төлемдер.
    2. Қарыз қаражат көздері, яғни банктердің несиесі, займдар т.б тартылатын қаржы ресурстары.
    3. Жеке және заңды тұлғалардың үлестік жарналары, яғни кәсіпорынның жарғылық капиталына қосқан үлес жарналары.
    4. Орталықтан берілетін ақша қаражаттары.
    5. Мемлекеттік бюджеттен берілетін қайтарылатын және қайтарылмайтын қаражаттар.

Мемлекеттік бюджеттен қаражаттар нақты экономиканың салаларын (мұнай, газ, түсті металлургия, ауыл шарушалығы) инвестициялау.

Келесі бір көзі- қарыз  қаражаттары. Оның негізгі қорлардан  айырмашылығы- ұзақ мерзімді пайдалылығы  және оларды сатуға болмайды. Материалдық  емес активтерге мыналар жатады: жер  учаскелері, патенттер, лицензиялар, түрлі  жаңалықтар, товардың маркалары, «ноу-хау», интеллектуалдық құндылықтар. Материалдық  емес активтердің ерекшеліктері: пайдалылығы, пайдалылық мерзімінің белгіленбеуі, сатуға болмайтындығы.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І. Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау

Инвестициялық жобаны қаржылық талдау қаржылық пайда не зиян әкелетін жобаны қабылдау, не қабылдамау жөнінде  шешім қабылдау үшін қажетті мәліметтер алуға арналған.

Инвестициялардың тиімділігін  анықтау жөніндегі мәселе- іс жүзіне келгенде әрбір компания мен әрбір  инвесторлардың алдында тұрған үлкен  мәселе. Капитал салу немесе өз кәсіпорнына  басқа капитал енгізу жөнінде  шешім қабылдамас бұрын инвестицияны жоспарлау және талдау әдісін білу шарт.

Барлық дамыған елдер  үшін қабылданып, бүгінгі таңда қолданып отырған инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау белгілері  мен жоспарлау әдістері әртүрлі  елдердің инвесторлары мен кәсіпкерлерінің  ортақ түсінісу әдісіне, тіліне айналған. Бұларға VNIDO, Дүниежүзілік банк, Еуропалық банк секілді ірі халықаралық ұйымдардың, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемелерін жатқызуға болады. Олардың барлығы да ақша ағымын талдау әдісіне негізделген, инвестициялық жобаларды қаржылық талдау принциптеріне сүйенеді.

Ағылшын тіліндегі «Cash -Flow» деген түсінік барлық дамыған елдердің экономистерінің лексиконына еніп отыр әрі «маркетинг» және «контроллингтен» де көбірек пайдаланылады.

Бүгінгі таңда «Кэш-Флоу»  талдауын өз инвестициялық қызметінде қолданбайтын ұйым жоқ. Бұл ақша ағымын талдау инвестицияларды талдаудың  «классикалық» әдістеріне негіз  және инвестициялық жобалардың тиімділігін  бағалау мен жоспарлаудың танымал  әдістемелерінде қолданылатындығында  байланысты болып отыр.

Кэш-Флоу дәл айтқанда «бар ақша ағымы» деген мағынаны береді. «Табыстар мен шығындар туралы есепте кәсіпорын қызметі үш негізгі  салаға бөлінген:

    1. Операциялық
    2. Инвестициялық
    3. Қаржылық.

«Инвестициялық қызметтен  болатын ақша қаражаттарының қозғалысы» бөлімінде сатып алынған активтер үшін төленген барлық төлемдер көрсетіледі, ал түсу көздері ретінде өндірісте  қолданылмай тұрған, ұзақ мерздімді  активтерді сатудан түскен түсім  болып табылады.

Инвестициялық жобаның тиімділік  көрсеткіштерін екі негізгі топқа  бөлуге болады:

Біріншісі- өндірістік қызмет тиімділігінің және жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпорынның ағымдық және болашақтағы қаржылық жағдайының көрсеткштері.

Екіншісі- инвестиция тиімділігінің көрсеткіштері немесе Клэш-Флоу дисконтталған белгілері.

Инвестициялық жобаларды  талдауда белгілі бір өндіріске, оның дамуы мен жаңартылуына салынған капитал салымының тиімділігін  есептейді. Компания зауыт ашу, жабдық сатып алу жөнінде шешім қабылдар кезде, бүгінгі күрделі салымын  келешектегі табыстылық нормасымен салыстыруы тиіс.

Мұндай салыстыруды жасау  үшін болашақтағы табыстың бүгін  қанша тұратындығын айқындап алу  қажет. Бұл үшін инвестициялардан түсетін  табыс құнын есептеп, оны инвестиция мөлшерімен салыстыру қажет. Инвестициялардың болашақ құны дегеніміз- бүгін инвестицияланған ақшаның белгілі бір уақыттан соң пайыздық мөлшерлемесіне қарай  айналатын сомасы.

Бүгінгі таңда инвестициялық  жобаны тұрақты бағамен есептемейді.  Бұл үлкен қателіктерге әкеліп соқтырады, өйткені тауарлар мен қызметтердің әртүрлі топтары бойынша инфляция индекстері 1 жыл ішінде елеулі мөлшерде ауытқып отырады. Соған орай, есептеулер  инфляция көрсеткіштерін  ескере отырып жүргізіледі. Бүгінгі ақша бірлігінің ертеңгі ақшаға тек еместігі, тек  инфляцияға ғана байланысты емес. Есептеу  барысында төлемдерді кешеуілдету, өнімді өндіру және өткіз уақыты, өндірістік қорларды құру және пайдалану шарттары секілді факторларды есеру қажет.

Жобаның өтелу мерзімі  дегеніміз- кәсіпорынның өндірістік қызметінен түскен түсімдердің инвестицияға жұмсалған шығынды өтеу уақыты. Ол әдетте жылмен немесе аймен өлшенеді де, мына формула бойынша анықталады:

to=Ип/Дг

мұндағы to- жобаның өтелу мерзімі,

Ип- бастапқы инвестициялар,

Дг- жыл сайынғы табыс.

Инвестициялық жобаларды  қаржылық талдауда , әдетте болашақтағы  түсімдерді, бүгінгі деңгейге келтірудің математикалық әдістері қолданылады, ол дисконттау деп аталады және де бүгінгі деңгейді болашақтағыға  келтіру үшін өсіру әдісі қолданылады. Жоғарыда атап өткеніміздей, салынған қаражаттардың тез өтелуін қамтамасыз ететін жобаларға ерекше артықшылық беріледі.

ІІ. Инвестициялық  жобаларды басқару

 

Инвестицияларды дұрыс басқара  білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршеңдігіне айтарлықтай  әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару  кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің  бірі болып табылады.

 Инвестицияларды басқарудың  құрамына келесілер кіреді:

- инвестицияларды мемлекеттік  деңгейде басқару – бұл инвестициялық  қызметті заңды түрде реттеуді, бақылауды және ынталандыруды  қажет етеді;

- жеке инвестициялық  жобаларды басқару – бұл қазіргі  заман талаптарына сай әдістер  мен басқару техникасын қолдану  арқылы инвестициялық жобаны  жүзеге асыру барысын жоспарлауды,  ұйымдастыруды және бақылауды  қамтиды;

- жеке кәсіпорынның инвестициялық  қызметін басқару – бұл кәсіпорын  тарапынан инвестициялау объектілерін  таңдаумен және инвестиция барысын  бақылаумен сипатталады.

 Кәсіпорын деңгейінде  инвестицияларды басқару капитал  салымдарының ең тиімді нұсқаларын  жүзеге асыруға бағытталады. Осы  орайда кәсіпорындардың инвестицияларды  басқару барысына толығырақ тоқтала кетелік.

 Кәсіпорын деңгейінде  инвестицияларды басқарудың бірінші  кезеңі – бұл елдегі инвестициялық  жағдайды (климатты) талдау. Ол келесідей  көрсеткіштерді ескереді:

- жалпы ішкі өнімнің  (ЖІӨ), ұлттық табыстың және өнеркәсіптік  тауарлардың өндіріс көлемінің  динамикасы;

- ұлттық табысты бөлудің  динамикасы;

- мемлекеттің инвестициялық  қызметті заңды түрде реттеуі,  бақылауы және ынталандыруы;

- инвестициялық нарықтардың,  бірінші кезекте несие нарығы  мен құнды қағаздар нарығының,  даму деңгейі.

 Келесі кезең –  кәсіпорынның экономикалық даму  стратегиясын ескере отырып, оның  инвестициялық қызметінің нақты  бағыттарын анықтау. Бұл кезеңде  кәсіпорын инвестициялық қызметінің  салалық бағытын, сонымен қатар  өз қызметінің жекелеген кезеңдеріндегі  инвестициялаудың негізгі нысандарын  анықтайды. Бұл үшін экономиканың  жекелеген салаларының инвестициялық  тартымдылығы, яғни олардың конъюнктурасы,  осы салалардың өнімдеріне деген  сұраныстың динамикасы мен болашағы  зерттеледі.

 Экономика салаларының  инвестициялық тартымдылығын зерттеу  барысында жүргізілген талдау  жұмыстары келесідей маңызды  сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік  береді:

- осы саланың елдегі  және әлемдегі дамуының тарихи  негіздері;

- бәсекелестік шарттары  – салаға кіру кезіндегі бөгеттердің  болуы, саладағы бәсеклестердің  өзара қатынастары, солардың өнімі  тәріздес тауарлардың пайда болу  мүмкіндігі;

Информация о работе Инвестициялық жобаларды басқару