Инвестициялық жобаларды басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 09:10, реферат

Краткое описание

Отандық және шетелдік тәжірибеде инвестицияның жіктелуі келесідей:
Қаржыландыру көздеріне байланысты: мемлекеттік; салалық; жекеменшік; аралас немесе бірлескен; меншікті; қарызға немесе несиеге алынған.
Инвестицияның қолдануына байланысты: материалдық өндіріс салалары; қоржынды(портфельді); интеллектуалды.
Инвестициялардың негізгі бағыттарына байланысты: өндірістік; әлеуметтік; қоршаған ортаны қорғау.
Инвестицияның пайдалану мерзіміне байланысты: қысқа мерзімді; орта мерзімді; ұзақ мерзімді.

Файлы: 1 файл

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ.docx

— 27.47 Кб (Скачать)

- өндірушілердің өндірістік  қабілеті мен сатып алушылардың  төлем қабілеттілігі;

- осы салаға байланысты  қолданыстағы заңнаманың негіздері.

 Аталған мәліметтер  бойынша осы саладағы кәсіпорындарға  инвестициялар салудың тиімділігі  мен болашағы туралы қорытындылар  қалыптасады.

 Келесі кезең, яғни  инвестициялар салудың нақты  объектілерін таңдау, инвестициялық  нарықтағы ұсынысты талдаудан  басталады. Содан кейін кәсіпорынның  инвестициялық қызметінің негізгі  бағыттарына және экономикалық  стратегиясына сәйкес келетін  жекелеген инвестициялық жобалар  таңдап алынады. Барлық таңдап  алынған инвестициялық объектілер  олардың экономикалық тиімділігі  жағынан талдауға алынады. Осы  талдаудың қорытындысы бойынша  инвестициялық жобалар экономикалық  тиімділігі (табыстылығы) бойынша  сараланып, солардың ішінен неғұрлым  үлкен табыс алып келетін жобалар  таңдап алынады.

 Инвестицияларды басқарудың  келесі кезеңі – инвестициялардың  өтімділігін анықтау. Инвестициялық  қызметті жүзеге асыру барысында  кәсіпорындар жекелеген инвестициялық  объектілер бойынша инвестициялық  жағдайдың өзгеруі нәтижесінде  болжамдалған табыс мөлшері күрт  төмендеп кетуі мүмкін екендігін  ескерулері қажет. Сондықтан да  барлық өзгерістерді жан-жақты  қадағалап, инвестициялық бағдарламадан  шығып кету және капиталды  қайта инвестициялау туралы шешімдерді  қажет уақытында қабылдай білу  керек. Осындай жағдайлардың пайда  болу мүмкіндігін ескере отырып, әрбір инвестициялық объект бойынша  алдын-ала инвестициялардың өтімділігін  бағалап, солардың ішінен өтімділік  деңгейі жоғары бағаланатын инвестицияларды  жүзеге асырған абзал.

 Инвестицияларды басқарудың  тағы да бір өте маңызды  кезеңі – инвестициялық ресурстардың  қажетті көлемін анықтау және  оларды қаржыландыру көздерін  іздестіру болып табылады. Бұл  кезеңде кәсіпорынның жоспарлы  бағыттары бойынша инвестициялық  қызметті жүзеге асыруға қажетті  қаржылық ресурстардың жалпы  көлемі анықталады. Инвестициялық  ресурстарға деген мұқтаждықтарға  сүйене отырып, оларды қаржыландыру  көздері анықталады. Кәсіпорынның  меншікті қаражаттары жетіспейтін  жағдайда шеттен қаражаттар тарту  туралы шешім қабылданады.

 Жоғарыда аталған шаралардың  барлығын жүзеге асырған соң  кәсіпорынның инвестициялық қоржыны  қалыптасады. Инвестициялық қоржын  кәсіпорынның барлық инвестициялық  жобаларының жиынтығы болып табылады.

 Инвестицияларды басқарудың  қорытынды кезеңі – инвестициялық  тәуекелдерді басқару болып табылады. Бұл кезеңде алдымен кәсіпорын  барлық инвестициялық объектілер  бойынша кездесуі мүмкін тәуекелдерді  анықтап алып, содан кейін осы тәуекелдерді мүмкіндігінше азайтуға байланысты шаралар қолданылады.

Бүкіл инвестициялық қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық  саясатымен негізделеді. Инвестициялық  саясатты әзірлеу барысына кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің  қызметкерлері, сондай-ақ маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің  қызметкерлері қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық  бағытының келешекте дұрыс сарында  жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

 Кәсіпорындар өзінің  инвестициялық қызметі барысында  белгілі бір инвестициялық саясатты  бетке алады. Кәсіпорынның нвестициялық  саясаты дегеніміз – бұл кәсіпорынның  өз инвестициялық қызметін тиімді  жүзеге асыру арқылы табыс  табуға немесе өндіріс көлемін  кеңейтуге бағытталған шараларының  жиынтығы болып табылады.

 Кәсіпорынның инвестициялық  саясаты капитал салымдарының  тиімді объектілерге салынуын, олардың  өндіріс барысын сенімді ақша  ағындарымен қамтамасыз етуге,  нәтижесінде кәсіпорынның жалпы  экономикалық қызметінің тиімділігін  қамтамасыз етуге арналған. Демек,  инвестициялық саясат өз кезегінде  кәсіпорынның экономикалық саясатының  құрамдас бөлігі болып табылады.

 Нарықтық қатынастардың  дамуы және сонымен байланысты  макроэкономикалық саясаттағы өзгерістер  кәсіпорындардың инвестициялық  саясатына қосымша маңыздылық  береді. Айталық, кәсіпорындардың  инвестициялық қызмет жөніндегі  міндеттері келесідей болуы тиіс:

- кәсіпорынның даму стратегиясын  анықтау;

- өзінің инвестициялық  бағдарламасын жасақтау және  өзекті инвестициялық жобаларды  анықтау;

- инвестициялық ресурстардың  оңтайлы орналастырылуын қамтамасыз  ету;

- кәсіпорын экономикасына  капитал ағындарын және олардың  қажетті объектілерге салынуын  қамтамасыз ететін қолайлы инвестициялық  жағдай қалыптастыру.

 Кәсіпорындар аталған  міндеттерін жүзеге асыру үшін  өзінің инвестициялық саясатын  белгілі принциптерге сүйене  отырып жүргізу керек. Кәсіпорынның  инвестициялық саясатының әлемдік  тәжірибеде қалыптасқан принциптері  келесідей:

- капитал салымдарын  қаржыландыру көздернінің алуан  түрлі болуы;

- іріктеушілік және ұқыптылық  – инвестициялық жобаларды жан-жақты  талдау нәтижесінде іріктеп, таңдап  алу;

- мақсаттылық – инвестициялық  бағдарламаның түпкі қажетті  нәтижелерді қамтамасыз ету мақсатында  бағытталуы;

- жүйелілік – инвестициялық  бағдарламаны жүзеге асыруға  қажетті шаралардың жиынтығын  жалпы ұлттық экономиканың даму  деңгейімен байланыстыра отырып  қалыптастыру;

- қамтамасыз етушілік  – кез-келген инвестициялық жоба  қажетті ресурстардың барлық  түрімен (қаржылық, еңбектік, ақпараттық, материалдық)және қажетті мөлшерде  қамтамасыз етілуі тиіс;

- өтелімділік – салынған  қаржы-қаражаттардың барынша үлкен  өсіммен қайтарылуы;

- инвестициялық белсенділікке  ықпал ету мақсатында экономикалық  және ұйымдастырушылық құралдарды  қолдану.

 Инвестициялық саясаттың  ріктеушілік және ұқыптылық принциптерін  жүзеге асыру кәсіпорынның экономикалық  өсіміне және жандана түсуіне  септігін тигізетін инвестициялық  бағыттарды (жобаларды) дұрыс таңдай  білуді қажет етеді. Кез-келген  кәсіпорын үшін инвестициялық  саясатты жүзеге асыру және  инвестициялық бағыттарды таңдау  келесідей қажеттіліктерді қамтамасыз  етуі керек:

- өзге кәсіпорындарға  немесе жаңа өнімдерге қаражаттар  салу мақсатында өзінің өндірістік  әлуетін (потенциалын) дамыту;

- инвестициялық бағдарламалардың  өміршеңдігін қамтамасыз ету  мақсатында мемлекет тарапынан  үлкен қолдау көрсетілетін салаларға  капитал салу;

- бәсекелестік қабілеті  жоғары, ішкі және сыртқы нарықтарда  үлкен сұранысқа ие болатын  өнімдер мен салаларға инвестициялар  салу.

 Қаражаттарды қолайлы  экономикалық және техникалық  жағдайлар жасай алатын өндірістерге  немесе экономика салаларына  бағыттаған жөн.

 

 

Қорытынды

 

Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат  тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы  институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай  да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау  нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі  капиталдың ұдайы өндірісіндегі  мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне  қарай негізгі капиталға салынатын  инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық  инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі  капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан  қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден  өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық  айналыс құралдарының қорларын толықтыруға  жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды  инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың  түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады.Инвестиция ұғымы ол латын тілінен шыққан «қаржы салу немесе қаржыландыру, қаржы тартуды» білдіреді. Басты мақсаты- экономиканың нақты салаларына қаржы салу арқылы пайда табу.

Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция – шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция Әлемдік экономикалық жүйені жаїандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестиция объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды.


Информация о работе Инвестициялық жобаларды басқару