Банк жүйесіндегі инвестициялық қызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 20:22, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанда бірінші үлестік инвестициялық жарна қоры 2004 ж. соңына таман пайда болды. Басқарушы Comprass компаниясы 2004 ж. қарашасында компанияға қарасты қазақстандық екі ҮЖИҚ-тың бірінші рет тіркелгені туралы хабарлап жария етті. Бұл қорлардың біріншісі қоржынды инвестициямен, екіншісі тікелей инвестициямен айналысады. Сонымен қатар 01 және 02 тіркелім нөмірін алып, салымшыларда тарта бастады. Сонымен, жаңа ел тарихы үшін қаржы нарығының сараланымы (сегменті) ашылды.

Оглавление

І. Кіріспе...............................................................................................................3-4
1. Инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі техникалық-экономикалық есептердің сатылары мен түрлері...........................................5-10
1.1. Инвестициялық жобалардың тиімділігінің көрсеткіштері............11-13
2. Инвестициялық қорлар есебі. Инвестиция анықтамасы........................14-15
2.1. Бағалы қағаздар нарығы...................................................................15-17
2.2. Инвестицияны сатып алу..................................................................18-19
2.3. Инвестицияларды қайта бағалау есебі............................................20-21
3. Шетелдегі ұжымдық инвестициялық қорлар..........................................22-23
4. Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің тәуекелін басқару..............................................................................................................24-27
ІІ. Қорытынды................................................................................................28-29
ІІІ. Қолданылған әдебиеттер.............................................................................30

Файлы: 1 файл

Инвест. каз..doc

— 282.00 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А.БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Экономикалық  теория  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Банк жүйесіндегі инвестициялық қызмет

 

 

 

 

 

                                                         Орындаған: 

                                                         Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай  2008

2

Мазмұны

І. Кіріспе...............................................................................................................3-4

1. Инвестициялық жобаларды  іске асыру кезіндегі техникалық-экономикалық  есептердің сатылары мен түрлері...........................................5-10

1.1. Инвестициялық жобалардың  тиімділігінің көрсеткіштері............11-13

2. Инвестициялық қорлар есебі. Инвестиция анықтамасы........................14-15

2.1. Бағалы қағаздар  нарығы...................................................................15-17  2.2. Инвестицияны сатып алу..................................................................18-19  2.3. Инвестицияларды қайта бағалау есебі............................................20-21 3. Шетелдегі ұжымдық инвестициялық қорлар..........................................22-23 4. Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің тәуекелін басқару..............................................................................................................24-27

ІІ. Қорытынды................................................................................................28-29

ІІІ. Қолданылған  әдебиеттер.............................................................................30 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

І. Кіріспе.

  7 шілде 2004 ж. ҚР «Инвестициялық қорлар туралы» №576-11 заңына сәйкес инвестициялық үлестік жарна немесе акционерлік қоры (ИҚ) құрылған болатын.

Қазақстан Республикасында инвестициялық қордың екі түрі бар:

1)  акционерлік инвестициялық қор (АИҚ);

2) үлестік жарна инвестициялық қоры (ҮЖИҚ): олар келесі формада болуы мүмкін: ашық, аралық немесе жабық.

 Ашық ҮЖИҚ ҚР «Инвестициялық қорлар туралы» заңында белгіленген тәртіп пен шарт негізінде компания басқарушысынан оның үлестік жарна иесіне үлестік жарнасын сатып алуды талап ететін құқықты ұсынады. Осы инвестициялық қордың (ИҚ) ережесіне сай екі аптада бір рет, ал ҮЖИҚ аралығында – ұзартпай жылына бір рет сатып алу, ұсынылады. Жабық ҮЖИҚ оның үлес жарнасының иеленушісіне осы кордың үлес жарнасын иеленушісінен жалпы жиналысына қатыс құқығын табыс етеді. Сонымен қатар қордың қарастырылған ережесімен үлес жарнасы бойынша және шарт тәртібінде дивиденттерді алуды ұсынады.

Жабық түрдегі ҮЖИҚ үлес жарнасын иеленушіге өзіне жататын үлес жарнасын компания басқарушысынан сатып алулы талап етуге құқы жоқ.

 ИҚ инвестициялық қызметі лицензиясының бар кезінде дербес АИҚ инвестицияларының немесе осы қордағы жарналық үлесті иеленушілердің немесе басқарушы компания қоры акционерлерінің табыс алуқ мақсатының жинақталуымен қорытындыланады.

 Инвестициялық кіріс (табыс) – оларды инвестициялау нәтижесінде алынған ақша түріндегі ИҚ активтерінің өсімі.

1) Инвестициялық акционерлік қор (ИАҚ) ҚР «Инвестициялық қорлар туралы» белгіленген заңның талаптарына сәйкес жинақтау мен инвестициялаудың айрықша қызмет түрі болып табылатын акционерлік қоғам. Сонымен қатар, осы қоғам акционерлері енгізген оның инвестициялық декларациясын, ақшасын және оның акциясын, осындай инвестициялаудың алынған нәтижесінде төлеу.

 АИҚ активтерін басқару лицензия бар болғанда дербес немесе басқарушы компанияның сенімгерлік басқару шартына және осы қордың инвестициялық декларациясына байланысты жүзеге асырылады.

4

  АИҚ активвтерінің сақталуы мен есепке алынуын кастадион жүзеге асырады.

  Компания басқарушысы, кастодиан мен тіркеуші өзара үлестес болмауы керек.

 АИҚ акциялары тек қана ұлттық валютаның ақшасымен төленеді. Оларды орналастыру кезінде акциялардың жарым жартылай төлемдеріне жол берілмейді.

2) Үлестік жарна инвестициялық қоры (ҮЖИҚ).

Үлестік жарна инвестициялық қор заңды тұлға болып саналмайды, ол шексіз мерзімге құрылады. Үлестік инвестициялық жарна қорының меншік активтерінің үлесіне құқық беруді басқарушы компания шығаратын үлес жарнасымен куәландырылады.

Үлестік жарна – құжатталмаған формада шыққан атаулы эмиссиялық бағалы және үлестік инвестициялық жарна қорындағы оның меншік үлесін дәлелдейді. Оның жұмысы тоқтаған кезде, сонымен қатар үлестік инвестициялық жарна қорының меншіктігімен, басқа да құқыктарға байланысты және үлестік инвестициялық жарна қорының активтерін өткізуден (сату) түскен ақшаны алуға құқық береді.

Үлестік инвестициялық жарна қоры активтерінің ең аз мөлшері есептік айлық елу мың еселік көрсеткішінің құрайды.

Егер басқарушы компания акционерінің жалпы жиналысында жарғылық айрықша құзыретіне бұл мәселе қарауға жатқызылмаса, онда осы қорды басқарушы компания директорлар кеңесінің, үлестік инвестициялық жарна қорын құру туралы шешімі қабылданады.

Үлес жарнасын алғаш рет (бастапқы) кезеңдегі ҮЖИҚ орналасуы қор ережесінде барлық инвесторлар үшін белгіленген атаулы (номинал) бірыңғай құны бойынша орналастырылды.

ҮЖИҚ ережесінің мазмұны мына атаулардан тұрады: қордың, тіркеушінің, кастадионның, басқарушы компанияның мекен-жайы, міндеті мен құқы, инвестициялық декларация, үлес жарнасын сатып алу тәртібі мен активтерді орналастыру және т.б.

ҮЖИҚ қызметі жоғарыда аталған «Инвестициялық қор туралы» заңымен реттліп отырылады. [1;]

 

5

1. Инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі техникалық-экономикалық есептердің сатылары мен түрлері.

 Инвестициялық жоба – күрделі жұмсалымның экономикалық мақсатқа лайықтылынған, оның іске асыру көлемі мен мерзімін негіздеу, сондай-ақ инвестицияны іске қосуының тәжірибелік амалын (әрекетін) жазу (суреттеу).

Бір сөзбен айтқанда инвестиция – табыс немесе пайда табу үшін ақшалай қаражаттарды жұмсау.

Оңтайлылық (оңтайландыру) – оңтайын, яғни белгілі бір техникалық-экономикалық міндеттер шешімнің межелі критерийлер мен айқындалған шектеулерден ең жақсы нұсқасын табу процесі.

Инвестициялық жобалар келесі топтастыру белгілер негізінде ажыратылады:

1. жобалау объектінің деңгейі  бойынша;

2. бағалау кезеңінің ұзақтығы;

3. жобаның нақтылығы (жуық немесе толық, жете);

4. серпінділік (динамикалық);

5. оңтайландыру критерийлері (пайымдау  негізі).

Жобалау объектінің деңгейі жөнінде  төрт деңгейде ажыратуға болады:

1-ші деңгей. Шаруашылық-технологиялық  кешен (тау-кен байыту комбинаты,  тау-кен-металлургия комбинаты). Ол негізгі өндірістік өндіру, байыту, балқыту процестерін кірістіреді.

2-ші деңгей. Шаруашылық-технологиялық  кешеннің құрылымдық элементі (шахта, карьер, байыту фабрика, қайта өңдеу цехы);

3-ші деңгей. Тау-кен кәсіпорынның құрылымдық элементі (аршу, шахтадағы ішкі көлігі, карьерлік көлік);

4-ші деңгей. Кен қызу жөніндегі  технологиялық процестер мен  операциялар (бұрғылау, арттыру, тиеу, тасымалдау, қоймалау).

Бағалау кезеңінің ұзақтығы мынадай:

а) болашақ                            -15-20 жыл;

б) үзақ уақытты (мерзімді)   - 5 - 15 жыл;

в) ора мерзімді                      - 2 - 5 жыл;

г) ағымдағы                           - жыл, ай;

д) жедел                                - тәулік, ауысым.

 

 

6

Оңтайлы міндеттер шешімін шығындардың әр түрлі уақытқа қатыстылығы, анықтаушы фактордың серпінділігіне, инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау мерзімімен байланысты мыналарға бөлуі мүмкін: серпінді және статикалық.

Статикалық міндеттер шешімім  мына келесі шарттарға сай болуы  қажет:

бағалау мерзімі бойында әр нұсқа жылдық және ағымдағы шығындар өзгеріссіз және азғантай өзгеруі (5-15 пайыз);

нұсқалар көлемдері мен өнім сапасы, бағалау және басқа да анықтаушы параметрлер бойынша салыстырмалы түрге келтірілуі.

Статикалық әдістерге тау-кен жабдықты, кен қазбаларды жүргізу тәсілін, желдету, құрғату және басқа да осыларға ұқсас міндет шешімдері салыстыру мен бағалау жатуы мүмкін.

Динамикалық есептер мына келесі белгілермен  сипатталады:

Жұмыстардың жылдық көлемі мен шығындардың бірқалыптылықсыздығы;

Тауар өніміне жыл бойы бағалардың өзгеруімен;

Жұмыс көлемінің, пайдалы кен байлық сапасының, сондай-ақ бағалардың өзгеруінің салдарынан пайданың өзгеруімен;

Өндіру, кен – дайындау және ашу жұмыстарына шығындардың әр түрлі уақытта жұмсалуымен;

Күрделі шығындарды тек кәсіпорынды салу кезінде ғана емес, сондай-ақ тағы кен орнын пайдалану уақытында жұмсау керектігімен. Пайымдау негізін таңдау қойылған мәселенің міндет артуымен, яғни инвестициялық жоба алдына қойылған мақсатпен, бағалау кезеңінің ұзақтығымен байланысты.

Инвестициялық жобалардың 1-ші және 2-ші деңгейлеріндегі объектілерге экономикалық критерийлер ретінде пайдалылықты, табыстылықты, инвестициялардың тиімділігін және олардың мөлшерін сипаттайтын көрсеткіштер қабылдануы мүмкін.

Инвестициялық жобалардың 3-ші және 4-ші деңгейіндегі объектілеріне критерийлер ретінде шығындардың, өзіндік құнның ең аз мөлшерін және өтелімділік мерзімін азайту көрсеткіштерін пайдалану болады.

Бір орталықтан жоспарлау, жабдықтау және тегін қаржыландыру кезінде министрліктердің ірі кәсіпорындардың көбі күрделі жұмсалымның, материалдық-техникалық жабдықтаудың ең үлкен мөлшеріне тікелей өте

7

құштар болғанда, меншікті келтірілген шығындар деген көрсеткіш нағыз экономикалық тиімді нұсқаны анықтауға көп мүмкіндік туғызған жоқ.

Бірақ технологиялық жабдық түрін таңдау кезінде мына формуланы пайдалануға болады:

Мұнда - нұсқалар бойынша ағымадғы (өндірістік) шығындар, өнімнің өзіндік құны;

- нұсқалар бойынша күрделі жұмсалымдар мәні;

- проценттік ставка (мөлшерлеме), дисконт нормасы.

Қай жағдай болса  да ағымдағы шығындарды (өндірістік шығындар) да өнімнің өзіндік құнын да күрделі жұмсалымды да инвестициялық жобаның бастапқы немесе аяқтау кезеңіне келтіруге болады.

Болашақтағы шығындарды, пайданы, кен орнының бағалығын  бастапқы мезетке мына формуланы пайдаланып келтіруге болады

мұндағы - болашақ экономикалық көрсеткіштердің қазіргі уақытқа келтірілген мәні;

 - болашақтағы экономикалық көрсеткіштердің мәні; r – дисконт мөлшерлемесі (ставкасы);

 - дисконттау коэффициенті - шығындар мен нәтижелердің алыстығы.

Кез келген өткен  жылдардың шығындары мен нәтижелерін бағалау мезетке келтіру үшін мына формуланы пайдаланады:

Техникалық-экономикалық есептер мына келесі жұмыстарды құрады:

  • Жоба жасау алдындағы зерттеу;
  • Инвестициялық мүмкіндіктердің техникалық-экономикалық зерттеу;
  • Инвестициялық жобалар немесе техникалық-экономикалық негіздеу, бизнес-жоспар;
  • Экономикалық есептерді орындау және объекті жаңадан салу мен пайдалану кезінде түзетулер енгізу.

Техникалық-экономикалық есептердің қажеттілігі мен бағалауы басы артық (бос) қаражаттарды жұмсауының ең жақсы нұсқасын негіздеу мен таңдау кезінде керек немесе әр түрлі инвесторлардың шарттар жағдайлар нұсқаларын бағалау, құрылысты ұйымдастыру үшін несие алу, жабық сатып алу үшін керек. [10;]

 

8

Жоба жасау  алдындағы зерттеулер мыналарды  кірістіреді:

  • кен орнын барлау және өндіруге арналған өтінімді негіздеу;
  • жер бөліп беру жобаны негіздеу;
  • болашақ жобаның қоршаған ортаға тигізетін әсеріне экономикалық баға беру.

- кен орнын қазу тәсілін, технологиясын, негізгі жабдықтар түрлерін таңдауын алдын ала негіздеу.

 

    Инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздеу техникалық шешімдерге экономикалық бағалауды, маркетинглік зерттеуді, баға нарығын, инвестициялық мүмкіндіктерді (несие, оны өтеу мерзімі, проценттік мөлшерлеме) зерттеуді алдын ала қарастырады.

Экономикалық есептер инвестициялық  жобалардың техникалық-экономикалық негіздеу сатысында болашақ кәсіпорын қызметінің 3 түрі бойынша бағалау кезеңінің әр жылындағы табыстар мен шығындарды жете анықтауды қарастырады:

  • инвестициялық;
  • операциялық (өндірістік);
  • қаржылық.

Сонан соң осы есептер негізінде әр нұсқаның коммерциялық тиімділігі де жете зерттелінеді, яғни ақша ағындары (Сash flow).

Информация о работе Банк жүйесіндегі инвестициялық қызмет