Банк жүйесіндегі инвестициялық қызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 20:22, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанда бірінші үлестік инвестициялық жарна қоры 2004 ж. соңына таман пайда болды. Басқарушы Comprass компаниясы 2004 ж. қарашасында компанияға қарасты қазақстандық екі ҮЖИҚ-тың бірінші рет тіркелгені туралы хабарлап жария етті. Бұл қорлардың біріншісі қоржынды инвестициямен, екіншісі тікелей инвестициямен айналысады. Сонымен қатар 01 және 02 тіркелім нөмірін алып, салымшыларда тарта бастады. Сонымен, жаңа ел тарихы үшін қаржы нарығының сараланымы (сегменті) ашылды.

Оглавление

І. Кіріспе...............................................................................................................3-4
1. Инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі техникалық-экономикалық есептердің сатылары мен түрлері...........................................5-10
1.1. Инвестициялық жобалардың тиімділігінің көрсеткіштері............11-13
2. Инвестициялық қорлар есебі. Инвестиция анықтамасы........................14-15
2.1. Бағалы қағаздар нарығы...................................................................15-17
2.2. Инвестицияны сатып алу..................................................................18-19
2.3. Инвестицияларды қайта бағалау есебі............................................20-21
3. Шетелдегі ұжымдық инвестициялық қорлар..........................................22-23
4. Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің тәуекелін басқару..............................................................................................................24-27
ІІ. Қорытынды................................................................................................28-29
ІІІ. Қолданылған әдебиеттер.............................................................................30

Файлы: 1 файл

Инвест. каз..doc

— 282.00 Кб (Скачать)

Инвестициялық қорлардың  қызметі «Қазақстан Республикасындағы  инвестициялық қорлар туралы» Заңымен  реттелініп, инвестициялық қорларды ұйымдастырудың негізгі принциптерін белгілеп, бағалы қағаздар уәкілетті органның нормативтік актілермен реттеледі.

Инвестициялық қорлар типі қорлардың жарғысында көрсетілуі керек.

 

15

 

Инвестициялық қорлардың  типтерінің өзгеруі заңға сәйкес уәкілетті органға тіркеледі. Инвестициялық қорлардың құрылуы мен қызметі ашық акционерлік қоғам құруға арналған заңдамамен және «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» Заң ережелерін есепке ала отырып реттеледі. Инвестициялық қорлардың портфелінде акциялары бар, акционерлік қоғамдар оны басқаруға қатысуға құқығы бар. Бұл құқықтарды шектеу заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Инвестициялық қорлардың акционерлері кез келген тұлға бола алады. [15;]

 

2.1. Бағалы қағаздар нарығы.

Қаржы нарығының ажырамас бөлігінің бірі бағалы қағаздар нарығы (БҚН) болып табылады. Инвестицияны (бағалы қағаздарды — БҚ) есепке алуды қарастырмас бұрын нивестиция, инвестор, эмитент т.с.с. түсініктерді анықтап алу қажет.

Эмитенттер — бұл нақты өндірістік немесе әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында бағалы қағаздар шығаратын және бағалы қағаздардың иеленушілерінің алдында өз атына міндеттемелер алатын субъектілер.

Бағалы қағаздар акциялар, облигациялар, туынды бағалы қағаздар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бағалы қағаздардың статусы бар ипотекалық куәліктер, коносаменттер және құжаттардың басқа да түрлері болып табылады.

Мемлекеттік бағалы қағаздар — бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің (ҰБ) ішкі және сыртқы борыштық міндеттемелері. Үкімет Қаржы Министрлігінің атынан бюджет тапшылығын инфляцилық емес жабу мақсатында мемлекеттік борыш шегінде бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асырады. Ұлттық Банк айналыстағы ақша массасын реттеу мақсатында бағалы қағаздарды эмиссиялайды.

 

16

 

  Муниципалдық бағалы қағаздар — бүл жергілікті атқарушы органдардың қарыз міңдеттемесі, ол жергілікті бюджетпен және коммуналдық меншікпен кепілдік береді. Муниципалдық бағалы қағаз аймақтық әлеуметтік бағдарламаны орындау мақсатында шығарылады. Ол құрылыс, ауруханалар мен бала-бақшасын және үйлер мен мектептерді, жолдарды жөндеу, керекті мүліктер сатып алу т.б. үшін пайдаланылады.

Корпоративтік бағалы қағаздар — субъектінің заңға сәйкес жарғылық капиталды қалыптастыру немесе шаруашылық қызметін іске асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында шығаратын бағалы қағаздары.

Инвесторлар — ұзақ мерзімді пайдаланылатын активтер құру, өз қаражаттарын инфляциядан сақтау мен акциядан дивиденд түрінде, облигациялардан сыйақы түрінде табыс алу мақсатында өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салатын субъектілер.

Егер эмитенттер — меншік және айналысатын қызметімен сала түрлеріне қарамастан әр уақытта тек заңды тұлғалар болса, инвесторлар өз алдына екі топқа бөлінеді:

  • жеке инвесторлар, яғни жеке және заңды тұлғалар;
  • институттандырылған     инвесторлар,     былайша айтқанда қаржы институттары,  инвестициялық және   мемлекеттік   емес   зейнетақы   қорлары, сақтандыру ұйымдары т.б.

Инвестициялық  мақсаттарын   шешуге  байланысты венчурлік, төте және портфелдік инвесторларға ажыратылады.

Венчурлік  инвесторлар —  қауіпті тәуекелге  байланысты және тез қайтарымды күрделі салым инвесторлары.   Бұл   жаңа   құрылып   жатқан   мұнай   және   газ компанияларына, жаңа компьютерлік жүйелер мен бағдарламалық өнімдерге, технологияларға т.б. салынатын салымдар.

Төте (тура) инвесторлар — белсенді басқару және табыс табу мақсатымен шаруашылық субъектісінің жарғылық капиталына қаражаттарын тура (төте) салатын инвесторлар. 

17

       Портфельдік инвестициялар — қауіпті тәуекелдік жағдайында өте жоғары табыс алуды қамтамасыз ету немесе төменгі тәуекелділікпен белгіленген нормадағы табыс алу мақсатында активтерін тиімді үйлестіре отырып орналастыру, яғни әр түрлі санды инвестицияларға иемдене отырып оптималды табыс табу.

Инвестициялар — бұл ұйымның табыс алу (мысалы, сыйақы (мүдде), роялти, дивидендтер мен жал төлемі), инвестицияланған капиталды өсіру немесе басқа да пайда алу (мысалы, коммерциялық қатынастар нәтижесінде) мақсатында иеленетін активтері. Инвестицияларға сонымен қатар қолданылмай тұрған қозғалмайтын мүлікте жатады.

Борыштық бағалы қағаздар әдетте облигациялармен, қазынашылық вексельдермен, депозиттік сертификаттармен т.б. көрсетіледі.

Облигация – эмитенттің инвесторлар арасында орналастырылған қарыздың түрін біддіретін қаржылық құрал. Облигациялар белгілі бір мерзімде өтелуі керек және сыйақыны (мүддені) кезендік түрде төленуін талап етеді. 

Ұйымның иелігіндегі бағалы қағаздардың жиынтығы инвестициялық портфель деп аталады.

Қысқа мерзімді инвестициялар тез  өткізілуі мүмкін және бір жылдан: көп сақталынбайды деп болжанатын инвестициялар.

Болашақ алдағы уақыттағы қысқа  мерзімді инвестициялар:

1)  ағымдағы құны бойынша;

2) сатып алу құны мен ағымдағы құнының ішіндегі азы бойынша есептелуі мүмкін.

Ағымдағы құн – активті нарықта инвестицияны сатудан алынуы мүмкін сома. Ол жалпы экономикалық жағдай, инвесторлардың бұл компанияға көзқарасы, компаниямен алынатын табыс тағы сол сияқты әр түрлі факторларға байланысты.

Егер ұйым қысқа мерзімді инвестицияларды ағымдағы құны бойынша есептейтін болса, онда құнның өзгеруін кезеңді түрде есептеп отыру қажет. [17]

18

 

2.2. Инвестицияны  сатып алу

 Бағалы қағаздарды сатып алу бухгалтерлік есепте сатып алу шығындарын есепке ала отырып сатып алу құнымен шоттардың Бас жоспарының 14 және 40 бөлімшелерінің шоттарының дебеті бойынша көрсетіледі. Сатып алу шығындарына қор биржасының комиссиондық қызметтері, брокер немесе дилердің, тәуелсіз тіркеушінің комиссиондық сыйақысы, алымдар, т.б. жатады.

  Инвестицияны сатып алу бойынша операциялардың есебін жүргізген кезде облигация түріндегі инвестицияларды сатып алуды есепке алғанда олардың өз ерекшеліктері бар екенін есте сақтау керек. Сонымен бірге, эмиссия проспектісінде жарияланған облигацияларды шығару кезіндегі олар бойынша сыйақы нарықта айналымда жүрген осындай облигациялардың сыйақысымен сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан номиналды және нарықтық пайыздық мөлшерлеме деген түсініктерді ажырата білу қажет.

  Номиналды пайыздық мөлшерлеме – облигацияны ұстаушы мен төленетін облигацияның номиналдық құнына негізделген сыйақы мөлшерлемесі.

  Нарықтық пайыздық мөлшерлеме – инвестициялық нарықтағы заем мен тәуекелдік шарттары ұқсас облигациялар бойынша төленген сомаларға негізделген мөлшерлеме. Нарықтық пайыздық мөлшерлемелер күннен-күнге өзгеріп отырады. Компания нарықтық пайыздық мөлшерлемелерді бақылап отырмайтындықтан облигацияның шығарылуы күнінде нарықтық және номиналдық пайыздық мөлшерлемелер арасында айырмашылық өте жиі пайда болады.

  Егер нарықтық пайыздық мөлшерлеме номиналдық мөлшерлемеден жоғары болса, онда облигацияның шығарылу құны оның номиналдық құнынан төмен болады. Бұл жағдайда облигация жеңілдікпен шығарылады. Егер де нарықтық пайыздық мөлшерлеме номиналдық мөлшерлемеден төмен болса, онда облигацияның шығарылу құны номиналдық құнынан жоғары болады. Бұл жағдайда облигациялар сыйақымен шығарылады.

    Егер инвестор сатып  алу кезіне дейінгі аралықта сыйақысы бар инвестициялар сатып алса, онда сыйақы төлеу күндерімен сәйкес келмейтін

 

 

19

 

күндерді сатып алу кезінде сатып алушы мен сатушы берген нақты инвестиция бойынша сыйақыдан түскен табыс сомасын өзара бөлісу керек.           

      Сатып алушы сатушыға инвестицияның құнынан бөлек соңғы сыйақы төленген уақыттан кейінгі өткен кезең үшін тиісті сыйақы сомасын қоса төлейді. Сыйақыны төлеудің кезекті мерзімі келген жағдайда сатып алушы барлық кезең үшін тиісті сыйақының бүкіл сомасын алады. Алынған сыйақы сомасы екі бөлікке бөлінеді — сатушыға төленген және жеке меншігіндегі бөлігі. Сатушыға төленген сыйақы бөлігі инвестицияның құнын төмендетеді. Бағалы қағаздардың сатып алу құны мен өтелу құнының арасындағы айырма (жеңілдік немесе сыйақы) бағалы қағаздарды иелену уақыты бойында амортизацияланады.

 Сатып алу құны номиналдық құннан төмен облигациялар бойынша тиесілі табысты тіркеген сайын сатып алу құны мен номиналдық құнның арасындағы айырманы қоса есепке алып отырады. Осылайша, инвестордың қандай облигацияны сатып алуына байланыссыз (жеңілдікпен бе әлде сыйақымен бе) сатып алу құнымен номиналдық құны арасындағы айырма бүкіл айналыс кезеңіңде амортизацияланады және облигацияны өтеу кезінде бұл айырма нольге, ал инвестицияның құны номиналдық құнына тең болуы керек, өйткені эмитент облигацияны номиналдық құн бойынша өтейді.

 Нарықтық мөлшерлеме бойынша шығарылған облигацияның есебін жүргізуді эмитенттің де, сатып алушының да көзқарасынан қарастырайық.

       Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитенттердің бағалы қағаздарымен сауда-саттық операцияларды жүргізеді. Берілген операциялар бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық конъюнктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер комиссиондық төлем ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.

      Коммерциялық банктердің инвестициялық қазметінің мақсаты – қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету. [7;]

 

20

 

2.3. Инвестицияларды  қайта бағалау есебі.

Инвестицияларды қайта бағалауды  жүргізу үшін кезеңдікті сақтау мақсатында қайта бағалаудың жиілігі туралы есеп саясаты жасалады. Қысқа мерзімді (инвестициялар сатып алу мен ағымдағы құнының азы бойынша есепке алынатын болса, онда бұл инвестициялардың баланстық құны келісілердің негізінде анықталуы мүмкін:

  • жалпы алғандағы жиынтық портфелімен;
  • инвестициялардың  түрлері  бойынша  жиынтық портфелімен;
  • жеке инвестициямен.

Ұзақ мерзімді инвестициялар – бұл ұзақ мерзімді салымдар жасау мақсатында сатылып алынатын бағалы қағаздар. Мысалы, айналыс мерзімі 5 жыл облигацияны сатып алу немесе акционерлік қоғамның акциясына, оның қызметіне бақылау жасау мен біршама әсер ету, ұзақ мерзім бойына дивидендтер алу мақсатында салымдар салу.

Ұзақ мерзімді инвестицияларға одан басқа қозғалмайтын мүлікке салынған инвестициялар жатады. Оған болашақта, яғни 2-3 жылдан соң, сұраныс болған кезде сатуға арнап сатып алынған үйлер, мүліктер т.б. жатқызуға болады. Ал бағалы қағаздарға мысал ретінде инвестор номиналдық құндарынан табысы 15% болып белгіленген 500 артықшылығы бар әрбір акцияны 210 теңгеден сатып аллы. Акцияның әрқайсының номиналдық құны 250 теңге. Инвестор бұл акцияларды үш жыл бойы  ұстамақ ойы бар. Сонымен инвестор бұл салынған инвестициядан жылына 18750 теңге табыс алуды көздейді. Бір акцияға есептелінетін дивиденд көлемін анықталық. 250 теңге х 15%: 100%:=37,5 теңге. 500 акцияға есептелінетін дивиденд көлемі 500 акция х 37,5 теңге = 18750 теңге. Инвестордың үш жылда алатын дивиденд көлемі 18750 теңге х 3 жыл = 56250 теңге.

      Ұзақ мерзімді инвестициялар да қысқа мерзімді инвестициялар сияқты алғашқыда сатып алу құнымен, ал одан кейінгі уақыттарда бухгалтерлік баланста:

- сатып алу құнымен;

- қайта бағалауды ескеретін құны бойынша;

 

 

21

- бағалы қағаздар портфелі (қызмет етіп тұрған нарықта қалыптасқан нарықтық құны бар бағалы қағаздар) негізінде анықталатын сатып алумен ағымдағы құндарының ішіндегі азы бойынша есепке алынуы мүмкін.

Ұзақ мерзімді инвестицияларды қайта бағалауды іске асыру үшін қайта бағалаудың кезеңділігі анықталады. Бұл жағдайда қайта бағалаудың жеке-дара әдісі қолданылады. Қайта бағалау нәтижесінде ұзақ мерзімді инвестициялардың құнының өсуі "Қосымша төленбеген капитал" шотында есептеледі, ал азаюы шығын ретінде (дауыс беруші акциялардың үлесі 20%-дан кем болған жағдайда) танылады. Бұл әдіс бойынша инвестициялар алғаш

қыда өзіндік құны бойынша бағалануы керек, ал сонан соң нарықтық құнының өзгерісін көрсету үшін кезенді түрде қайта бағалануы керек.

Әрбір есептеу кезеңінің соңында  ұзақ мерзімдегі инвестициялардың жалпы құны (сатып алу құны) мен нарықтық құны анықталады. Егер нарықтық құны өзіндік құннан жоғары болса, нарықтық құны бойынша есепке алу әдісін қолдану кезінде асып кеткен сома қосымша төленбеген капиталды есепке алу шотына (542 "Қосымша төленбеген капитал" шоты) жатқызылады. Егер жалпы нарықтық құн жалпы құннан аз болса, онда олардың арасындағы айырма шығын деп танылады (қысқа мерзімдегі инвестициялардағы сияқты).

Информация о работе Банк жүйесіндегі инвестициялық қызмет