Банк жүйесіндегі инвестициялық қызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 20:22, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанда бірінші үлестік инвестициялық жарна қоры 2004 ж. соңына таман пайда болды. Басқарушы Comprass компаниясы 2004 ж. қарашасында компанияға қарасты қазақстандық екі ҮЖИҚ-тың бірінші рет тіркелгені туралы хабарлап жария етті. Бұл қорлардың біріншісі қоржынды инвестициямен, екіншісі тікелей инвестициямен айналысады. Сонымен қатар 01 және 02 тіркелім нөмірін алып, салымшыларда тарта бастады. Сонымен, жаңа ел тарихы үшін қаржы нарығының сараланымы (сегменті) ашылды.

Оглавление

І. Кіріспе...............................................................................................................3-4
1. Инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі техникалық-экономикалық есептердің сатылары мен түрлері...........................................5-10
1.1. Инвестициялық жобалардың тиімділігінің көрсеткіштері............11-13
2. Инвестициялық қорлар есебі. Инвестиция анықтамасы........................14-15
2.1. Бағалы қағаздар нарығы...................................................................15-17
2.2. Инвестицияны сатып алу..................................................................18-19
2.3. Инвестицияларды қайта бағалау есебі............................................20-21
3. Шетелдегі ұжымдық инвестициялық қорлар..........................................22-23
4. Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің тәуекелін басқару..............................................................................................................24-27
ІІ. Қорытынды................................................................................................28-29
ІІІ. Қолданылған әдебиеттер.............................................................................30

Файлы: 1 файл

Инвест. каз..doc

— 282.00 Кб (Скачать)

Жобаның кандай түрі болмасын және олардың техникалық, технологиялық, қаржылық, салалық және аумақтық ерекшеліктеріне қарамастан инвестициялық жобалар тиімділігін бағалау негізінде мына келесі принциптер жатыр:

  • жобаның барлық өміршендік кезені бойы қарап талқылау;
  • барлық ақша ағындарын үлгілеу;
  • әр түрлі жобалар нұсқаларын салыстыру талаптарының салыстырымдылығы;
  • оң нәтижелік пен барынша жоғары тиімділік принципі;
  • уақыт факторын есепке алу;
  • алдағы шығындар мен кірістерді ғана есепке алу;
  • инвестиция жобалардың барлық аса маңызды салдарын есепке алу;
  • жобаға әр түрлі қатысушылардың түгелін есепке алу;
  • инвестициялық жобалардың тиімділігіне айналмалы капиталдың қажеттілігінің әсерін есепке алу;
  • инфляцияның әсерін еске алу;
  • сандық нысанда белгісіздік пен тәуекелдіктің әсерін есепке алу.

Инвестициялық жобаның тиімділігі есептік кезең бойында бағаланады, ол жоба басынан оның аяқталуына дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

9

Жобаның басы жобалау-іздестіру жұмыстарына қаражат жұмсаған күнінен бастап анықталады.

  Инвестициялық жоба, басқа да қаржы операция сияқты, табыс алумен және шығындар жасаумен байланысты болғандықпен ақша ағындарын (нақты ақша ағындарын) туғызады.

Ақша ағыны (СҒ) – ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы.

Әр қадамында ақша ағынының мәні сипатталынады:

  • Түсімен - осы қадамдағы ақша түсуінің шамасымен;
  • Жұмсалуымен (жылыстаумен) – осы қадамдағы төлемдерге тең;
  • Сальдо (актив балансы, нәтиже) – түсім мен жұмсалу арасындағы айырма.

 

 Ақша ағыны (СҒ) әдетте кәсіпорынның әр түрлі қызметтер ақша қаражатының қозғалысынан тұрады:

  1. инвестициялық қызметтен ақша ағыны
  2. операциялық қызметтен ақша ағыны
  3. қаржы қызметтен ақша ағыны

      Операциялық қызмет – кәсіпорынның, ұйымның табыс табу жөніндегі негізгі қызметі  мен инвестициялық және қаржы қызметіне қатысты жоқ өзге де қызмет.

Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтер мен қаржы инвестицияларын сатып алу және сату.

Қаржы қызметі – меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының мөлшері мен құрамындагы өзгеріс нәтижесі болып табылатын кәсіпорын қызметі.

Әр заңды тұлға ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруге тиіс. Онда мынадай ақпарат берілуі тиіс:

  1. ағымдағы есеп беру кезеңіндегі түсетін және талап етіп алынатын ақша қаражаттар туралы:
  2. есеп беру кезеңі бойынша кәсіпорыннның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтер туралы.

Операциялық қызметке байланысты ақша қаражаттарының қозғалысыс тікелей немесе жанама әдістер арқылы анықталады.

Тікелей әдіс - ақша қаражаттарының негізгі түрлерінің түсуі мен төленуін анықтайтын әдіс. Бұл әдіс әрбір ақша операциялары мен анықтамаларын қай қызметке жататынын зерделеуге негізделген.

Тікелей әдісті қолданған жағдайдағы операциялық қызметтің нәтижесінде туындайтын ақша қаражатының ағынына жатады:

 

10

- түсімдеріне - өнімдерді өткізуден алынған түсім; тауарлы-материалдық қорларды жеткізуден және қызмет көрсетуден түскен аванстар; түрлі сипатта

сыйақы төленген дивиденттер  мен роялтилердің проценттері; басқа  да және өткізуден тыс табыстар, басқа түсімдер:

- жұмсалуына жатады - өндірістік шығындары; тауарлы-материалдық қорларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға және көрсетілген қызметтерге берілген аванстар; материалдар мен тауарлар үшін жеткізушілер мен мердігерлерге төлемдер; жалақы бойынша төлемдер мен басқа да төлемдер; бюджетпен, әлеуметтік сақтандыру органдарымен, бюджеттің тыс қорлармен есеп айырысу; проценттерді төлеу; басқа да төлемдер.

 Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен сату, өтелген несиелерді беру мен алу болып табылады.

 Инвестициялық қызметтер бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерді қосатын бөлімінде бейнеленеді. Оған тағы да бухгалтерлік баланстың ағымдағы активтер деген бөлімінде бейнеленетін қаржылық инвестицияларға әсер ететін операциялар жатады. Инвестициялық қызметтер акцияларды және негізгі құралдар мен басқаларды сатудан түскен табыстар мен шығындар қаржы -шаруашылық қызметтердің нәтижелері туралы есепке бейнеленіп табылады.

Қаржылық қызметтерден түскен ақша ағынының түсіміне мыналар жатады:

- меншікті капитал жұмсаудан;

- сырттан тартылған қаражаттарды  жұмсаудан (жәрдем қаражат, демеу қаржы қарыз қаражаттар);

- акцияларды және басқа да құнды қағаздарды шығарудан;

- банктен ұзақ және қысқа мерзімді несиелерді алу.

 

Қаржылық қызметтің ақша қаражаттарының жұмсалуына мыналар жатады:

- банктік кредитті өтеу;

- меншікті акцияларды сатып  алу;

- дивиденттерді төлеу;

- басқа төлемдер.

 

Ақша ағынымен қатар инвестициялық  жобаларды балағанда корланған  акша ағыны пайдаланылады, оны сипаттайды:

- қорланған түсім;

- қорланған жұмсалу (жылыстау) және қорланған сальдо (қорланған тиімділік).

Олар есептік кезеңінің әр қадамында берілген және барлық өткен қадамдарда сәйкес ақша ағындарының қосындысы болып табылады. [10;]

 

11

1.1. Инвестициялық жобалардың тиімділігінің көрсеткіштері

Ашық экономикалық жүйеміз дамығалы байланысты инвестиция түсігіне талдаулар жасай отырып, оған негізгі күрделі қаржы қорларын жатқызылуға болады.

1994 жылы № 27 желтоқсан № 266 толықтырулар мен өзгертулер енгізілген Қазақстан Республиканың Заңына сәйкес инвестицияларға келесі анықтама беріледі: «Инвестициялар дегеніміз кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтар түрлері, оның ішінде:

- жылжымалы және жылжымайтын мүлік және мүліктік құқық, ұстап қалу құқығы және өңдеусіз өткізімге арналған және импортталатын тауардан басқа;

- Акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың басқа түрлері;

- Облигациялар және басқа борыштық  міндеттемелер;

- Инвестициямен байланысты келісім-шарт  орындау бойынша ақшалай қаржы,  тауар, қызмет және басқа жұмыс  түрін талап ету;

- Интеллектуалдық қызмет жұмысының нәтижелеріне құкық, оның ішінде авторлық құқық, патент, тауарлық белгі, кәсіпорын үлгілері, технологиялық процестер, ноу-хау, нормативті-техникалық, архитекторлық, конструкторлық және технологиялық жоба құжаттары;

Инвестициялық процестің құрылымын қарастырғанда, біз ең алдымен инвестициялык процесстің түсінігін білуміз қажет.

Инвестициялық процесс – бұл ақшаны ұсынатын және ақшаға сұранысы барларды қосатын механизм. Көбінесе екі жақ қаржы нарықтарында немесе қаржы институттарында кездеседі. Кейде, мысалға мүліктік құндылықтарға байланысты мәмілерлерде сатушылар мен сатып алушылар келісімді тікелей жүзеге асыра алады.

Қаржы институттары – бұл мысалға банктер, қарыз жинақтау ұйымдары сияқты ұйымдар – олар көбінесе салымдарды жинап, оны ақшалай түрде несие немесе басқадай түрлерде беріп, мүмкін болатын инвесторлар мен оны тұтынушылар арасындағы делдалды болады.

Қаржы нарығы – қаржы ресурстарын ұсынушылар мен оны қажет ететіндерді түйістіретін механизм болып, оны қор биржалары сияқты делдардар көмегімен келісімдер жасалады. Қаржы нарығының бірнеше түрі

12

бар: акциялар нарығы, облигациялар нарығы, опциондар нарығы және т.б.

Инвестициялық қызметіне тоқталатын болсақ бұл - өндірістік ұстаным тұрғысынан мелекеттік реттеу күрделі қаржы салымы түрінде жүзеге асырылып, Қазақстан Республиканың мемлекеттік органдарымен іске асырылады. Нақтырақ айтқанда бұл ғимараттар мен құрылыстар салғандағы құрылыс-монтаж жұмыстары, машиналар мен жабдықтарды монтаждау, сатып алу; жобалау-ізденіс жұмыстары; салынып жатқан. Кәсіпорын дирекциясын ұстап отыру; кадрларды даярлау және қайта даярлау; жер учаскелерін бөліп беру және құрылысқа байланысты көшу шығындар және т.б. жатқызуға болады.

Капитал құрушы инвестициялардың құрылымында негізгі орынды оның құрамына жаңа құрылысы, реконструкция, жұмыс істеп жатқан өндірісті, ауылшаруашылық, көліктік, сауда және басқа кәсіпорындарды техникамен қайта жарақтау, кеңейту, реконструкциялау, жаңа құрылысқа шығын, тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылыстар жатады.

Инвестициялық жоба – күрделі жұмсалымның экономикалық мақсатқа лайықтылынған, оның іске асрыу көлемі мен мерзімін негіздеу, сондай-ақ инвестицияны іске қосуының тәжірибелік амалын жазу.

Инвестициялық жобалардың тиімділігін  есептеу үшін пайдаланылатын негізгі көрсеткіштер:

1) Таза табыс – қорланған нәтиже деп аталады және келесі формуламен есептелінеді:

мұндагы - қорланған нәтиже;

t-1,2, n-уақыт, мезгіл (жыл). 

2) Келтірілген таза құн – есептік кезеңде дисконтталған қорланған нәтиже және келесі формула бойынша есептеленеді:

3)  Пайданың ішкі нормасы ағымдағы таза құнды нөлге теңестіретін дисконттық нормасы.   
      Келесі формула:

мұндағы: - пайданың ішкі нормасына тең дисконттың мөлшерлемесі.

 

13

Пайданың ішкі  нормасы егерде келтірілген таза құн  кейбір берілген дисконт ставкасының мәнінде осы жоба тиімді екен бе деген сұраққа жауап бере алмайтын жағдайда есептеленеді. Егер онда жоба тиімді. Осы кезде

Пайданың ішкі нормасы жылдық ақша ағыны негізінде келесі формуламен анықталады:

Мұндағы ПІН – пайданың ішкі нормасы;

КТҚ – келтірілген (ағымдағы) таза құн – ақша құнының уақыт және дисконт ставкасына қарай өзгертіліп түзетілетін, қолма-қол ақша ағынына орай есептелген, салынған инвестициялардын қайтарым құнының есептік көрсеткіші;

-ның ең төменгі оң  мәнге тең болатын дисконт ставкасы (проценттік ставка);

  • -ның ең төменгі теріс мәнге тең болатын дисконт ставкасы.

Қосымша қаржыландыру керектігінің мәні инвестиция жобаның сырттан қаржыландыруының ең төмен дисконтталған көлемін көрсетеді.

Табыстылық, пайдалылық индексі – күрделі пайдалылықтың индексі. Табыстылық индексі инвестициялық жобаларға жұмсалған ақшалай қаражаттардың салыстырмалы «жобаның қайтарымын» сипаттайды.

 

      Күрделі қаржы салымдарының біркелкі ағымдары кезінде табыстылық индексі былай анықталады:

Күрделі жұмсалымдар мөлшері  бағаланатын кезенде әртүрлі болса, онда табыстылық индексі мына формуламен есептелінеді;

б) Өтелімділік мерзімі инвестиция жобаны жүзеге асыру басынан интегралдық экономикалық нәтиже оң мәнге келгенді көрсететін ең аз уақыт аралығы болып саналады.

Инвестициялық жобаның басталуынан өтелімділік мезетке дейінгі уақыт дисконттауды есепке алғандағы өтелімділік мерзімі деп аталады. [4;]

14

2. Инвестициялық қорлар есебі. Инвестиция анықтамасы.

 Инвестициялық қорлар (ИҚ) – жеке және ұжымдық тұлғалар ақша қаражаттарын немесе активтерін басқару үшін кәсіпқой инвестициялық менеджерлерге беруге мүмкіндік беретін механизм. Мыңдаған инвесторлардың инвестициялық қорларға салған салымдары бір портфель ретінде басқарылып, әр инвестордың инвестициялық қорларға қосқан инвестициясына пропорционалды үлестері болады. Бұл келесідей артықшылықтар береді:

- Кәсіби басқару – акцияларды таңдау процедурасы мен қор нарығындағы жұмысқа ұсақ жеке инвесторлардың не білімі, не уақыты жетісе бермейді, бірақ олар акциялар мен облигацияларға салынған қаражаттан артықшылық алғылары келеді;

- Диверсификация – портфельді басқаруда диверсификация қауіптілікті төментеді, бірақ ұсақ инвесторлар операцияны өткізудің шығыны көп болуына байланысты және өз акция санымен бұған экономикалық жолмен қол жеткізе алмайды;

- Шығындарды төмендету – көп санды ұсақ инвестицияны бір үлкен портфель ретінде басқарғанда операциялардың ауқымының азаю есебінен үнемге жетуге болады, осыдан ұсақ инвесторлар басқару төлемінің аздығынан тиімділікке қол жеткізулеріне болады;

- Сенімділік – барлық елдерде іс жүзінде инвестициялық қорлар ұсақ инвесторлардың мүдделерін қорғауға бағытталған заңмен реттеудің объектісі болып табылғандықтан, инвестор өз қаражаттарының дұрыс деңгейде басқарылып, айтарлықтай дәрежеде қорғалатынына сенімді болуы керек.

Информация о работе Банк жүйесіндегі инвестициялық қызмет