Коммерциялық банктердің активтерін басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 13:16, курсовая работа

Краткое описание

Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы.
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай банктердің банкроттық жағдайының өсуін тудырған қаржы нарығының тұрақсыздануына әкелді. Қазақстанның қаржы нарығындағы соңғы жағдайлар әлемдік банктердің мамандарының қорытындыларының дұрыстығын растайды.

Оглавление

Кіріспе………………………………………………………………………..………3
1.бөлім. Коммерциялық банктердің активтерінің мәні және оның құрылымы………………………………………………………………………….
1.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер активтерінің мәні және құрылымы…………………………………………………………………...…5
1.2 Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты мен сапасы және жіктелуі.......................................................................................................................11
2.Коммерциялық банктердің активті операциялары және активтерді басқару әдістері
2.1. Коммерциялық банктердің активті операциялары..........................................14
2.2.Коммерциялық банктердің активтерін басқару................................................23
Қорытынды…………………………………………………………………..……30
Пайдаланылған әдебтиеттер.................................................................................31

Файлы: 1 файл

bank_62.doc

— 213.00 Кб (Скачать)


 

Мазмұны.

Кіріспе………………………………………………………………………..………3

1.бөлім. Коммерциялық банктердің активтерінің мәні және оның құрылымы………………………………………………………………………….

1.1 Қазақстан Республикасындағы  коммерциялық банктер активтерінің мәні  және құрылымы…………………………………………………………………...…5

1.2 Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты  мен сапасы және жіктелуі.......................................................................................................................11

 

2.Коммерциялық банктердің активті операциялары және активтерді басқару әдістері

2.1. Коммерциялық банктердің активті операциялары..........................................14

2.2.Коммерциялық банктердің активтерін басқару................................................23

Қорытынды…………………………………………………………………..……30

Пайдаланылған әдебтиеттер.................................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы.

Қазақстандағы жалпы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай банктердің банкроттық жағдайының өсуін тудырған қаржы нарығының тұрақсыздануына әкелді. Қазақстанның қаржы нарығындағы соңғы жағдайлар әлемдік банктердің мамандарының қорытындыларының дұрыстығын растайды.

Банк активтері — пайда табу мақсатында банктік ресурстарды әp түрлі активтер бойынша орналастырған қаражаттары.

Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.

Коммерциялық банктің активтерін мынадай төрт топқа бөлу­ге болады:

      касса және оған теңесстін акшалай қаражаттар;

      несиелер;

      бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;

      банктің ғимараты мен жабдыктары ;             
  Активтердің сапасы олардың тиімділігіне, тәуекел активтердің

көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына,
активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.

            Бұл жұмыстың мақсаты коммерциялық банктердің қаржы жағдайын бағалау бойынша нақты әдістемелерді жасауда емес,мұндай талдауды жүргізу қажеттілігін анықтау. Коммерциялық банктер қаржы жағдайын бағалау құралдарды жетілдіру, Қазақстандағы кемшіліктерді анықтау болып табылады.                                                            Қазіргі уақытта камерциялық банктердің активтерін тиімді басқару мәселесі банк тажірибесінің маңызды проблемасы болып саналады.

           Коммерциялық банктердің активтерін тиімді басқару проблемасы-бұл банк теориясындағы қиын тақырып. Қазір әрбір банк активтерді басқару жөніндегі жұмысты өз бетінше жасайды. Бұл нарықтың әртүрлі сегметерімен байланысты,онда банк жалпыға бірдей методикасы жоқ активтерді басқарумен жұмыс істейді. Сондықтан да, банктік қызметтер нарығында банктің қызмет етуі мен жағдайының ерекшеліктерін есепке ала отырып,нарықтың әрбір қатысушысы бұл проблеманы жеке зертеуі қажет.

           Коммерциялық банктің активтерін тиімді басқару нарықтағы тенденция туралы нақты белгілі бір уақыт аралығында ақпаратты жинау,талдау және өңдеу ұйғаратын процесс.

           Банктің барлық активтері оның портфелінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Активтерді басқару банк портфелінің құрамын,оның көлемін және пайдалылығын талдауды ұйғарады. Бәсеке жағдайында банкте несие саясатын анықтайтын ақша қозғалысын бағалау мен болжаудың бар болуы қажет.

           Шет елдерде іс жүзінде кез-келген банктерде активтерді басқару жөніндегі комитет қызмет ететінін атап өту керек. Бұл комитет несиенің реттеуші қасиетін есепке алатын стратегиялық өңдеулерді жүзеге асырады. Шығындарды бақылауды, сондай-ақ салықтық жоспарлау және банктік операциялардың жекелеген түрлері бойынша тәуекелділік денгейін осы комитет атқарады.

            Басқаша айтқанда, ресурстарды басқару жөніндегі комитет банктік активтердің портфелді басқаруын жүзеге асырады. Басқарудың портфельді әдісі - барлық қазіргі кездегі ақшалай және соның ішінде банктік теорияның негізі.          Портфелді талдаудың мақсаты шешім қабылданатын белгілі бір кезең ішінде табысты барынша жоғарлатудан тұрады.Сонымен бірге портфелді талдау кезінде тек шекті табыс қана емес,сондай-ақ тәуекелділік элементі,оны барынша төмендетуге талпынуы есептелінеді. Сонымен, портфель проблемасы алғашқы көзқарасқа қарағанда,біршама қиын болып көрінеді. Оның шешімі қарама-қарсылық тұтастығының жетістігімен байланысты, дәлірек айтсақ-бір жағынан,жоғары табысты қамтамасыз ету,екінші жағынан-төменгі тәуекелділікті,яғни өтімділікті қамтамасыз ету. Портфелді әдіс активтердің әртүрлі түрлері бойынша табыс мөлшерін есептеу немесе салыстыруды талап етеді.

1. Коммерциялық банктердің активтерінің мәні және оның құрылымы.

1.1 Қазақстан Республикасындағы  коммерциялық банктер активтерінің мәні  және құрылымы.

              Қазіргі  кездегі  банк – бұл ақша қаражаттар мен жинақтарды жұмылдыратын несие ұсынатын, кәсіпорындар, ұйымдар және жеке тұлғалар арасындағы есеп айырысуларды орындайтын, құнды қағаздар шығаратын және тағы басқа  қаржылық мекеме. Банктер өзінің қызметіне байлансты орталық, коммерциялық, арнайы, ұжымдық, ипотекалық және әмбебап болып бөлінеді. Меншік формасына қарай олар мемлекеттік, акционерлік жеке, ұжымдық, муниципалдық және халықаралық болып бөлінеді. Банк жүйесі – бұл осы немесе басқа елдегі әртүрлі банктер және банктік институттардың жиынтығы және мемлекеттің ақша – несие жүйесінің негізін көрсетеді.

              Банктердің және қаржылық емес фирмалардың әртүрлі айырмашылықтары бар. Коммерциялық банктер активінің көп бөлігі қаржылық талаптармен ұсынылған. Банктердің жер және ғимараттарға салымдарынан гөрі, қолма-қол ақшалай қаражаттары басымырақ. Өнеркәсіптік компанияның қаржылық талаптары кредиторлық қарыз және уақытша жинақталған артық қалдықтардың бөлігімен  шектеледі.

              Банктер мен өнеркәсіптік фирмалардың актив құрылымындағы айырмашылықтар олардың пайда табудағы коммерциялық қызметіндегі міндеттемелердің көрінеді. Өнеркәсіптік компания шикізаттар мен материалдардан жасалған тауарларды өткізе отырып пайданың көп бөлігін алады . Өткізуде дайын өнімдер қоймада сақталса, ал  өндірісте қазіргі мекемелердегі орнатылған қымбат жабдықтарды қолданып шикізат тауарларының қорын қолдауды талап етеді. Банк пайдасы, яғни келешектегі ақша төлемін куәлендіретін, вексель, облигация және басқа да қаршылық  құжаттарды  ұстаушы банктердің, несиелік және инвистициялық операциялардан түседі.                                                        

              Әлемдік тәжірибедегі банктік бақылау және реттеу органдары коммерциялық банктерден қолма-қол формадағы немесе талап етуге дейінгі формадағы қаражаттар бөлігін басқа банктердің шарттарында ұстауын талап етеді. Сонымен қатар , кассалық нақты ақшалар ақша майдалауға, салымдарды қайтаруға , әртүрлі операциялық шығындарды өтеуге  және ссудалар сұранысты қанағаттандыруға, персоналдарға жалақы, әртүрлі материалдар мен шикізаттарға төлем үшін қажет. ''Қолма-қол ақшалар және оған теңестірілген қаражаттар'' бабы резервті банктердегі шаттарына инкассалау барысындағы банкноталар және тиындар, сондай-ақ төлем құжаттарын жатқызамыз.

              Банктің міндетті резервтері. Әлемдік тәжиірибедегі коммерциялық банктер талап етуге дейінгі салымдардың белгілі бір үлесін, мерзімді және жинақ салымдарын қалдық формасында резервті банк шотында, не сейфтегі кассалық қолма – қол ақша түрінде ұстауға тиіс. Талап етуге дейінгі салымдар – бұл корреспонденттік банктегі ағымдық ностро қаражаттары және инкассаға басқа да төлем құжаттарының есебімен талап етуге дейінгі салымдары. Міндетті резервтердің саласы банк класының, салым түріне және көлеміне байланысты. Мұндағы басқарушылар кеңесі барлық банк класстарына әртүрлі нормалар бекіте алады. Ол резервтерді реттеу мақсатында қала категориясын өзгерте алады. Ол резервті қалаларда орналасқан банктерге міндетті резервтер нормасын шектеуге мүмкіндік береді. Резервті қорлардың артықшылығы немесе жетіспеушілігі талап етілген резервтер көлемінен екі процент аспаса, келесі есеп беру кезіне ауыстырылуы мүмкін.

          Сейфтегі қолма қол ақшалар.Банк активтерінің бұл категориясына банк сейфтерінде сақталатын банкноталар және тиындар жатады. Қолма - қол ақшалар міндетті резервтердің құрамды бөлігі болып табылады. Банк басшылығы олардың көлемін қауіпсіздік үшін азайтуға тырысады. Кассалық қолма -  қолдықты қорғау және сақтандыру шығындары едәуір көп, ал қолма – қол ақшалар табыс әкелмейді.

          Әр банктің кассалық қолма – қолдықты тұтынуы бірдей емес, өйткені кейбір банктер қолма – қол ақшаларды есеп айырысу үшін жиі пайдаланады, ал кейбірі чектерді пайдаланады. Көп банктер қолма – қол ақшаға сұранысты мерзімдік ауытқуға кезігеді. Банктердегі қолма – қол ақшалар егін жинау, мерекелер кезінде уақытша өсуі тиіс. Қолма – қол ақшаның қорына банктың орналасқан жері әсер етеді. Резервті банктерден алыс орналасқан банктердің қолма – қолдық кассасы, қолма – қол ақша көзіне жақын орналасқан банктерге қарағанда жоғары деңгейде болуы тиіс. Өйткені, салымшы ақшасын талап еткенде ақшасы кешке қарай болады деу ыңғайсыз. Сондықтан, провинциялық банктерде қалалық банктермен салыстырғанда салымшылар мен   қолма – қол ақшасы басым.

              Банктер ұсынатын қызметтер шығындарының өсуі көптеген банктердің корреспонденттік қатынастан комерциялық негізге ауыстырады. Бұл өз кезегінде корреспонденттік банктер қолданатын ерекше қызметтерге төлемдер бекітуді талап етіп, қызметтерді ұсыну шығындарын корреспонденттік шоттағы қалдықты табысталған табыстар толық өтеуі тиіс.

          Құнды қағаздарға инвестиция. Әлемдік коммерциялық банктер өтімділікті жоғарылатуға, табысты ұлғайтуға, сонымен қатар жергілікті билік органдарының салымдарына міндеттемелерді қамту үшін құнды қағаздарды сатып алады.

          Банк өтімділігін қамту үшін басқа да құнды қағаздарға салады: коммерциялық қағаздар нарығында айналатын, банктік акцепттер, делдалдық ссудалар және тауарлы – несие корпорациясының сертификаттары.

          Банктік ссудалар. Табыс алудағы коммерциялық банктердің негізгі қызметінің түрі болып әртүрлі несиелік операцияларды араластыра ссудаларды ұсыну табылады. Банк басшылығы табыс алудағы басты міндетті клиенттердің несиедегі қажеттілігін қанағаттандыру деп санайды. Нақты несиелік мәміленің өтімділік дәрежесін екінші кезекке қояды. Банк басшылығы “несие портфелінің” ішіндегі қаражаттарды бөлу сұрақтарын шешуі тиіс, яғни уақытын созып сатып алуды несиелендіру, ссуда - өндірістік компанияларды, жылжымайтын мүлікті және тағы басқа ссудалар түрінің арасындағы, Мұндай бөлудің негізі салыстырмалы несие табыстылығы, сонымен қатар заңмен бекітілген шектеулермен әртүрлі несиеге сұраныс болып табылады.

          Активтерді басқару. Банк қаражаттарын әртүрлі актив түрлеріне орналастыру реттеуші заңдар мен актілерге, жоғары өтімділік деңгейін қолдау қажеттілігіне және жоғары табыс алу қажеттілігіне байланысты болады. “Өтімділік - пайдалылық” диллемасын шешуде активтерді басқарудың 3 келісіміне келуге болады. Олар активтерді басқару барысынан мүмкін баламаларды бағалаудағы сандық талдау қандай дәрежеге дейін қолданылатындығынан жасалады. Осы әдістердің ешқайсысын ойдағыдай деп санауға болмайды, өйткені әрқайсысының қасиеттері мен кемшіліктері бар. Әр әдісте коммерциялық банктің нақты мәселесін шешуде қолданылатын элементтері бар. Оның жай түрі болып бірінші әдіс, яғни жалпы қаражат қоры табылады. Бұл әдісті көптеген банктер қаражаты артылған кезеңде кеңінен қолданады. Екінші әдіс активтерді бөлуде біріншідегі кейбір кемшіліктерді өткерумен байланысты болады.Үшінші әдіс басқару мен талдауды ғылыми әдістерді қолданумен байланысты, әдетте ЭЕМ-ді қолдану арқылы.

          Банкпен қандай әдіс таңдалмаса да әртүрлі активті қаражаттарын орналастыруда банк басшылығы әр категория ішіндегі несиелер мен инвестиция түрлерінің арасындағы  және  активті  операциялар арасындағы тәуекелділік пен пайдалылық қатынасы туралы ұмытпайды. Максималды пайда алу мақсатына жетудің ұтымды құралы болып активті операциялардан шекті табыспен қаражат тартудан шекті шығындарды мұқият салыстыру табылады.

Жалпы қаражат қоры әдісі. Коммерциялық банк басқарушысы жауапты қаражатты орналастыру талап етуге дейінгі салымдар, жинақ, мерзімді салымдарды, сонымен қатар банктің меншік капиталын қоса есептегендегі әртүрлі көздерінен түседі. Қарастырылған әдіс негізінде барлық ресурстарды біріктіру жатыр. Одан кейін жиынтық қаражаттар ыңғайлы саналатын, активтердің түрлері арасында бөлінеді. Жалпы қаражат қоры  моделіндегі активті операцияларды жүзеге асыруда қандай қаражат көзінен түскендігі банк мақсатына жету кезеңінде ескерілмейді.

          Бұл әдіс банк басшылығынан өтімділік және пайдалылық  принциптерін тең сақтауды талап етеді. Сондықтан бұл принциптерге толық сәйкес келетін, активті операция қаражаты түрлеріне  орналасады. Қаражаттарды орналастыру белгілі бір басымдықтарға сәйкес орындалады, олар өтімділік пен пайдалылықтың сәйкестенуі мәселелерін шешуге басшыға жедел көмектесу. Жер учаскесін, ғимараттарды және басқа да  жылжымайтын мүлікті инвестрлеу сұрақтары әдетте бөлек қарастырылады.

Банк ішіндегі банктер.Активтерді бөлу моделі тартылған қор көзінен банкке қажетті өтімді мөлшерін бекітеді. Бұл әдіспен міндетті резервтердің нормаларымен сәйкес қаржы көздерін  шектемеуге болады. Мысалы, талап етуге дейінгі салымдар жинақ және мерзімдік салымдармен салыстырғанда міндетті резервтердің жоғары норманы талап етеді. Берілген модель әртүрлі көздерден банкпен тартылған қаражаттарды тартуда қолданатын, банктің  ішінде бірнеше ''табысты орталықтар'' (немесе ''өтімділік орталықтары'') құруды пайымдайды. Бұл құрлымдық бөлімшелер басқада орталықтардың қаражатын орналастыруға қарамастан, бұл орталықтардың әр қаражатын орналастыратындықтан, ''банк ішіндегі банк'' деп атайды. Басқа сөзбен айтқанда, банктің ішінде бір бірінен ерекшеленген талап етуге дейінгі салымдар банкі, жинақ салымдарының банкі, мерзімді салымдар банкі және негізгі капитал банкі бар. Әр түрлі орталықтарға қаражаттардың өтімділігін және пайдалылығын бекітіп, банк басшылығын олардың әр орталыққа орналасу тәртібін анықтайды. Талап етуге дейінгі салымдар міндетті резервтерімен ең жоғарғы өтеуді талап етіп, жоғарғы жылдамдықпен айналады, кейде жылына 30 – 50 айналмға жетеді. Сәйкесінше, талап етуге дейінгі салымдар орталығына қаражаттың көп бөлігі бірінші кезекті резервтерге жұмсайды. Талап етуге дейінгі салымдар орталығындағы қаражаттар басқа құнды қағаздар және негізгі қорларға ораласпайды. Жинақ салымдары және мерзімді салымдар орталықтарының өтімділік талаптары бірнеше төменірек, сондықтан берілген қаражаттардың басым бөлігі ссудалар және инвестицияларға орналасады. Негізгі капитал өтімді активтермен өтеуді аса талап етпейді және ғимараттар мен жерге салымдар үшін қолданылады.

Информация о работе Коммерциялық банктердің активтерін басқару