Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 13:16, курсовая работа
Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы.
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай банктердің банкроттық жағдайының өсуін тудырған қаржы нарығының тұрақсыздануына әкелді. Қазақстанның қаржы нарығындағы соңғы жағдайлар әлемдік банктердің мамандарының қорытындыларының дұрыстығын растайды.
Кіріспе………………………………………………………………………..………3
1.бөлім. Коммерциялық банктердің активтерінің мәні және оның құрылымы………………………………………………………………………….
1.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер активтерінің мәні және құрылымы…………………………………………………………………...…5
1.2 Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты мен сапасы және жіктелуі.......................................................................................................................11
2.Коммерциялық банктердің активті операциялары және активтерді басқару әдістері
2.1. Коммерциялық банктердің активті операциялары..........................................14
2.2.Коммерциялық банктердің активтерін басқару................................................23
Қорытынды…………………………………………………………………..……30
Пайдаланылған әдебтиеттер.................................................................................31
Банк ақша қаражаттарын орналастырудың басқа арнасы болып халқаралық операциялар саналады, оған валюталық саланыда қосамыз. Халқаралық операциялардан банктерге түскен түсімнің негізгі бөлігі несиелерді ұсыну шотынан қалыптасады. Халықаралық ссуданың банктік несиелендіруі тауарлар, вексельдік және акцепттік несиелер кепілдігімен ссудалардан жүргізіледі. Қазіргі кезде техникалық жабдықты, қойма мекемелерін, көлік құралдарын және басқа да маңызды объектілерді жалға несиелендірумен байланысты, банктердің лизингтік операциялары кеіңінен тарау алды.
Коммерциялық банктер өз елдерінің валюталық резервтерін және төлем балансын реттеу мақсатында валюталық операцияларды жүргізеді. Бұл операциялар валюталық нарыққа сәйкес шетел валютасын сатыпалу – сату формасында орындалады. Бұл нарықтық басты инструменті сұраным мен ұсынымның қатынасына байланысты валютаны айырбастау тепе – теңдігін анықтайтын, валюталық бағамымен көрінеді. Шетел валютасына сұраныс ұлттық тауар нарығында қатты нишамен айналысатын, алдыңғы қатарлы импортер – фирмалармен жасалады. Валюталық ұсыныстар көп валюталық түсімдер бар, әлемдік нарыққа тауарларын жемісті жылжытатын, экспортер – фирмалардан түседі.
Қазіргі кездегі валюталық бағамды бекітуде сол елдің валютасындағы тұтынушылық және тауарлардың әкелуі мен әкетілуінің қатынасы бейнеленетін, төмен балансы шешуші орынды алады. Халықаралық ссуда және төлемдердің реттелінуі әлемдік құралын тұрақты ұлттық валютада жылжыту және экспорт және импорттың тепе теңдігін талап етеді. Қазір мұндай валюталар АҚШ доллары және еврамен орындалады.
Әлемдік қауымдастың елдері өздерінің валюталарының долларға қатысы тұрақты бағамына мүдделі. Жыл сайын бұл елдердің орталық банктері валюта бағамы туралы келісімге келіп, оны қолдау шараларын бекітеді. Валюталық бағамдарды ағымдық реттеудің маңызды инстуттары ұлттық валюталық биржалар, яғни шетел валютасын ресми сататын және сатып алатын ұйымдар болып табылады. Биржалардың құрылтайшылары үкімет, қазынашылық, орталық және коммерциялық банктер болып табылады.
Барлық валюталық мәмілелер бір валютаның басқа валютаға тікелей айырбасында жүзеге асады. Мұнымен қатар экспорт – импорттық тауарларды жеткізуін валюталық нарығындағы бағамдық айырмашылық шотынан операциялық пайда алуға қлоданатын, мерзімдік және аралас кассалық мерзімдік операциялар бар.
Қазақстандық экспортшылардың бір ерекшелігі отандық экономикаға инвестициялық ресурстар жетпеген жағдайда шетел банктерінің шоттарында валюталық түсімнің басым бөлігін сақтау. Бұл валюталық заңдардың коррекциясын және шетелге валюта әкетудішектеуді талап етеді. Отандық экспортшылардың басты мәселесі - өндірістік және ауылшаруашылдық өнімді жылжытуға әлемдік тауар нарығында тиімді ниша табу. Бұл мәселенің шешімін біздің елдің «үлкен жетілік» индустриалды мемлекеттер клубында қатысып табады.
Құнсыздану, төмен табыс және рентабельділіктен активтердің протенциясы банкаралық операциялардың көмегімен жүзеге асады. Мұндай операциялардың мысалы банктің ағымдық пассивтерін қалыптастыруға, консорциалдық және екі жақты жобаларды жүргізу және тағы басқа үшін банкаралық несиелер қызмет етеді. Басқа банктерге ұсынылатын несиелер халық шаруашылық салалардың функционалды капиталмен салыстырғанда банк капиталының ерекше байланыстылығы салдарынан жоғары қорғау дәрежесімен ерекшеленеді.
Протекция инфляция, шаруашылықтың төменгі іс белсенділігі, бизнес – несиелердің жоғары тәуекелдігі және зиян болғанда қолданылады. Бұл протекция Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының қазіргі жағдайында адекватты. Оны қолданудың міндетті шарты – инфляция қарқынынан пайданың өсу қарқынының асуы. Кері жағдайда банк пайдасы және табыс массасының төмендеуіне алып келеді. Еліміздің көптеген банктері шетел валютасымен операциялардан құнсыздану және зиянданудан активтерді қорғайды. Ұлттық ақша нарығымен әлемдік валюта нарығын салыстырғанда банктердің тұрақты табысын қамтамасыз ететін, нарықтың экономика жетістіктеріне негізделген индустриалды дамушы елдердің жоғары тұрақтылығымен ерекшеленеді. Мұндағы валюта банк балансындағы, орталық валюта биржасында тіркелген теңге және доллардың соңғы бағасымен есептеледі.
Тұрақты валютамен операциялар ақша нарығында банктің берік платформасын құру және нарықтық экономиканың жағымсыз жағынан мүмкіндік береді.
Банк активтерінің әртүрлі тиімді тәсілдерін талдауда халық шаруашылығының қойнауында болатын процестерден олардың өтімділігі болатынын ескеру қажет. Бұл процестердің негізгі факторларына барлық тауар өндіретін шаруашылық салалардың кәсіпкерлік қызметінің өсуі, өнімді өткізу және өндіріс көлемінің өсуі, пайда және рентабельділік массасын ұлғайту жатады. Сондықтан банк қызметін бағалағанда экономика және кәсіпорын жағдайының жалпы көрсеткіштеріне, одан кейін банк қызметінің көрсеткіштеріне назарды акцептілеу қажет.
Пайда көлеміне активтерді орналастыру арнасынан басқа банк операцияларының өзіндік құны әсер етеді. Бұл операциялардың шығындары банктердің барлық әкімшілік – шаруашылық шығындарының негізгі бөлігін құрайды.
Коммерциялық банктер үнемі комиссиондық операцияларға назар аударады. Бұл операциялардың қасиеті – кепілденген қаржылық база.
Қазіргі комиссиондық операцияларға мыналар жатады:
аударымды;
аккредитивті;
инкассалық;
сенімді;
ссуда – комиссиялық.
Коммерциялық банктердің барлық комиcсиондық операцияларының негізі болып клиенттердің есеп айырысу құжаттарының инкассосы табылады. Инкасса Қазақстан Республикасы және басқа елдердің банк жүйесіндегі барлық қолма-қол ақша төлемдерін орындағанда қолданады. Әлем елдерінің көбіндегі коммерциялық банктер қазіргі тұтынушылық қоғамның білімін терең меңгерген маман экономистермен кешенделген. Клиенттерге жақсы қатынастан банктерде өзара сенімге және тәртіптілікке негізделген, попечительские қызметтер туындады. Мұндай қызмет көрсету мақсатында көптеген банктерде трасттік бөлім деп аталатын арнайы бөлімшелер құрылды.
Бастапқы трасттік операциялардың объектілері қайтыс болған тұлғалардың өкіміне сәйкес кәсіпорын және азаматтардың мүлігін мұраға қалдыру құқығын рәсімдеу. Траст бөлімінің жұмысшылары нотариалды, сот және салық органдардың құжатын дайындап, сонымен қатар оларға құпия көмек көрсете отырып, әр мұрагерлер арасындағы мүлікті бөлу бойынша әртүрлі шаралар жүргізді.
Бұдан әрі трасттік қызметтер акция мен облигациямен қоса, клиенттердің мүлігін жедел басқару сипатын алды. Клиенттердің тапсырысымен банктер әртүрлі коммерциялық операцияларды жүргізу бойынша сенген органдардың статусын алып, қайта құрылған және жойылған кәсіпорындардың мүлігін басқара бастады. Бірте – бірте трасттік операциялары коммерциялық банктердің кеңес беру қызметтеріне айналды.
Кеңес беру қызметтерінің объектілері болып өндірісті жаңарту техникасы, жабдықты, шикізатты және жұмыс күшін пайдалану тиімділігін жоғарылату, қазіргі басқару жүйесін коммерциялық қызметке енгізу ұсыныстары табылады.
Еліміздің халық шаруашылығындағы банктердің кеңес беру жұмыстары ерекше орын алады. Көптеген өнеркәсіп салалары жабылып, ірі өнеркәсіп орындары жұмыс аптасын қысқартуға көшті. Негізгі қорларды жаңарту толық тоқтатылып, қаржы – шаруашылық қызметін және төлемдерді төлеуді кеңейтуге айналым капиталының жетіспеуі байқалады. Осыған орай, банктердің кәсіпкерлікті ұйымдастыру бойынша ұсыныстары шаруашылыққа созылмалы өндірістік және қаржылық дағдарыстан шығуға көмектеседі. Коммерциялық банктердің пассивті және активті операцияларының өзара байланысы.
Коммерциялық банктердің пассивті және активті операциялары органикалық өзара тәуелді жағдайда болады. Бұл банктердің қызметі кәсіпорынның ақша қаражатын басқаға беріп, халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпкерлік қызметіне ақшалай отынды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ақша теориясы, банк несиесі коммерциялық банктердің қазіргі қызметіндегі доминантты роль қай ақшалай операциялардың қай тобына жататындығы сұрағына екі мәнді емес жауапты талап етеді.
Әр коммерциялық банктің кәсіпкерлігі оның жарғылық капиталы және кәсіпорын, ұйым және халықтан қажетті ақшалай қаражат тартуды қалыптастырумен басталады. Бұл болмаса орталық банктер операциялар жүргізу құқына лицензия бермейді. Пассивтердің қалыптасуы жаңа коммерциялық банк кәсіпкерлік қызметінің басталуы болып табылады.
Ашылған банктің жұмысындағы басты роль ақша нарығындағы оның дамуы стратегиялық бағдарламаларға тәуелді активті операцияларда болады. Мұндай бағдарламаларды жасау банктердің гүлденуіне, ақша және тауар нарығының конъюнктурасын талдауды талап етеді.
Кезкелген коммерциялық банктің қызмет ету мақсаты - активті операциялардан максималды табыс алу. Бұл үшін банктер бұл операцияларды кеңейтуді қамтамасыз ететін “дүмпиген“ ресурстар портфелін құруға ұмтылады. Активтері өскен сайын, банктің клиенттерден таратқан ресурстарын қайтару және сақталуына жауаптылық дәрежесі артады. Бұл тартылған ресурстар бойынша ақшалай мідеттемелерді тез өтеу үшін ақшалай қаражат резервтері мен активтерінің тепе-теңдігін талап етеді.
Банктердің максималды табыс алуға ұмтылуы өтімділікпен шиеленіске түседі,міне осында олардың қызметіндегі басты қақтығыс тұрады. Өтімділік және төлем қабілеттілік дәрежесі тікелей ақшалай резервтердің сомасына пропорционалды, неғұрлым ақшалай резервтер көп болған сайын, соғұрлым төлем қабілеттілік коэффициенті жоғары.
Бірақ резерв соммасы банк табысының көлеміне пропорционалды. Неғұрлым резерв көп болса, соғұрлым банк табысы және банктің ерекше операциялары рентабельділігінің мөлшері төмен болады.
Бұл қақтығыс ссудалық капитал нарығында банк қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ақшалай қаражат резервтерімен активтерінің ұштастырылуын талап етеді. Бұл міндетті шешуде максималды пайда алу тек банк қызметінің негізгі бағыттарын жасап қана қоймай, сонымен қатар банктік нарықтық кеңістікті қалыптастыру. Бұл дегеніміз банктердің жемісті жұмысына жоғары сапалы бәсеке қабілетті тауарлар және тауарлар нарығындағы тұрақты тауашаны иемденетін, клиенттердің құрамын құру тиіс.
Бұл мәселенің шешімі тиімді кәсіпкерлік қызметті жүргізуге қабілетті және алынған ссудаларды уақтылы қайтаратын, кәсіпорындармен несиелік қатынасты бекітуге негізделген. Еліміздің көптеген коммерциялық банктері “’жылдам” пайда алуға ұмтылады. Бұның салдары ссудалар бойынша қарыздық мерзімін өсіру болып табылады. Бұл жағдайда шешуші мәнді батыс елдерінің тәжірибесін алады, бұдан банк табысын қалыптастыру процессі негізделетін, банк ісінің беделі және дәстүрі құрылады.
Еліміздің экономикалық әдебиеттеріндегі коммерциялық құрылымдар мен батыс елдерінің банктері ұзақ жылдар бойы бәсекелестік күресте бірін – бірі жейтін құбыжық ретінде бейнеленді. Жаңа кезеңдегі банк бәсекелестігі банк ісінің қазіргі ұйымдастыру тәсілінің көмегімен өркениетті шешім тапты. Бірін – бірі жоюдың орнына банктер қиын қаржылық жағдайдағы әріптестеріне көмек көрсетеді. Бұл көмек банк аралық несиелер ұсыну, ұсынған қаражат өтеуін ұзарту, ұсақ және орташа банктердің ірі филиялдарға қайта құрылуы және тағы басқа бейнеленеді. Барлық жағдайларда ақша нарығындағы банктің жағдайын кәсіби басқарушылардың шешімін қабылдауды талап етеді.
2.2.Коммерциялық банктердің активтерін басқару.
Қазіргі кезде банк активтерін басқару үш әдістемелік бағытқа негізделген. Біріншісі – коммерциялық банк өтімділігін сақтай алады, егер оның активтері қысқа мерзімге орналастырылып, сондай-ақ олар уақтылы қайтарылатын болса. Екіншісі – коммерциялық банк өтімді болуы мүмкін, егер ол өзінің активтерін қолма-қол ақшаларға өзге кредиторлар мен инвесторларға сата алса.Үшінші – коммерциялық банктің өтімділігін жоспарлауға болады, егер де несиені қайтару кестесін қарыз алушының болашақтағы табысы негізінде құраса.
Осы үш әдістемелік бағытқа активтерді басқарудың үш теориясы сәйкес келеді: коммерциялық ссудалар, ауысымдылық және күтілетін табыс теориялары.
«Коммерциялық ссудалар» теориясының негізінде банктердің өтімділігін басқару туралы көзқарасты А.Смиттің еңбегінде былай деп береді: «Банк вексель үшін төлемді қарыз алушының қарыз берушіге берген векселін есепке алу кезінде төлейді, кейіннен вексельдегі мерзімнің өтуіне қарай қарыз алушы банкке пайдаланған сомасы мен оған есептелетін пайызын қайтаруға тиіс». Бұл көзқарас бүгінгі күнгі банктердің тауарлар қорларын немесе айналым қаражаттарын толықтыруға беретін қысқа мерзімдік несиелерін сипаттайды. Аталған теорияның басты кемшілігі, ол дамушы экономиканың қажеттілігін ескерген жоқ. Бірақ та коммерциялық ссудалар теориясы, өзінің кемшіліктеріне қарамай бүгінгі күні де өз мағынасын жоғалтқан жоқ.
Ауысымдылық теорияның мәні банк өзінің қысқа мерзімді ресурстары мен талап етілетін міндеттемелері есебінен ұзақ мерзімді активтік операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Мұндай активтік операциялар банкке коммерциялық вексельдерді немесе қазынашылық вексельдерді, облигацияларды және өзге де бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік жасайды. Қысқаша айтқанда аталған теория банктің активтік операцияларында жоғары сапалы бағалы қағаздардың болуын және сол бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет етуін талап етеді.
Информация о работе Коммерциялық банктердің активтерін басқару