Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 13:16, курсовая работа
Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы.
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай банктердің банкроттық жағдайының өсуін тудырған қаржы нарығының тұрақсыздануына әкелді. Қазақстанның қаржы нарығындағы соңғы жағдайлар әлемдік банктердің мамандарының қорытындыларының дұрыстығын растайды.
Кіріспе………………………………………………………………………..………3
1.бөлім. Коммерциялық банктердің активтерінің мәні және оның құрылымы………………………………………………………………………….
1.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер активтерінің мәні және құрылымы…………………………………………………………………...…5
1.2 Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты мен сапасы және жіктелуі.......................................................................................................................11
2.Коммерциялық банктердің активті операциялары және активтерді басқару әдістері
2.1. Коммерциялық банктердің активті операциялары..........................................14
2.2.Коммерциялық банктердің активтерін басқару................................................23
Қорытынды…………………………………………………………………..……30
Пайдаланылған әдебтиеттер.................................................................................31
Дж. М. Кейнс былай жазған: «.... банк жүйесінің қалыпты жағдайында банктер аз ғана мөлшердегі табысы бар, облигацияларды қолма-қол ақшаға сатып алуға (сатуға) мүдделі». Бұл өз кезегінде тез іске асатын нарықтық бағалы қағаздар ұзақ уақыт бойы банктің өтімді ресурс көзі ретінде қарастырылып келгендігін көрсетеді. Мұндай бағалы қағаздарды тез арада қолма-қол ақшаларға ауыстыруға болады, сондықтан да оларды екінші реттегі резервтерге жатқызады. Бұл теорияның да кемшілігі экономикалық дағдарыс уақытында байқалады. Яғни дағдарыс тұсында банктер өздерінің активтерінің бір бөлігін сала алмауы мүмкін. Себебі экономикалық дағдарыстың биржалық дағдарысқа ұласатыны сөзсіз. Сондықтан да коммерциялық банктер көбіне банк өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді бағалы қағаздарды сатып алуға мүдделі болады.
«Күтілетін табыстар» теориясына сәйкес банктің өтімділігін қарыз алушылардың болашақтағы табыстарынан түсетін несиені қайтару кестесіне негіздей отырып жоспарлауға болады. Сонымен қатар банктер әр түрлі өтелім мерзімі бар бағалы қағаздарды таңдап ала отырып, олардан түсетін табысты да болжай алады. Бұл теория қазіргі кездегі несиенің жекелеген түрлерінің, соның ішінде фирмаларға берілетін қысқа мерзімді несиелердің, тұтыну несиелерінің, жылжымайтын мүлікті кепілге алып берілетін несиелердің дамып отырғандығын мойындайды. Мұндай несиелердің ортақ қасиеті, олар банктің өтімділігін арттырады. Бұл теорияның да өзіндік кемшілігі бар, яғни банк өзінің активтерін мерзіміне өзгертетін болса, кейде оның пайыздық табыстары бойынша болжамы тура болмай шығып жатса, ондай жағдайда банк зиян шегуі мүмкін.
Қаражат орналастыру мәселесін шешу банк басшылығы баратын, тәукелдік деңгейінде жоғары табыс әкелетін активтерді (ссуда және инвестиция ұсыну) “сатып алу” болып табылады. Бірақ коммерциялық банктердегі қорларды басқару бірқатар факторлармен реттеледі. Біріншіден, банктер кәсіпкерлік салаларды реттейтін болғандықтан,олар бақылау органдарының алғы шарттары және заңдарына сәйкес қаражаттарды жүзеге асыруы тиіс. Екіншіден,сенім және көмек негізінде салымдар мен ссудалар бойынша банктер және оның клиенттеріарасындағы қатынастар. Соңғысы, коммерциялық банк акциясын ұстаушылар, барлық инвесторлар сияқты инвестициядан табыс көлемімен салыстыратын және сәйкес инвестициялық тәуекелділік нормасын есептейді.
Заң актілері мен нұсқама коммерциялық банктердің активті операцияларына екі жолмен әсер етеді, яғни банк қаражатының сол немесе басқа да активті операцияларды инвестрлеу тәртібін анықтай отырып банкпен тартылған қаражаттардың басым бөлігі клиенттердің бірінші талабы бойынша төлеуге жатады. Міне, сондықтан банкті басқарудың бірінші кезекті шарты салымшылар талаптарын қанағаттандыру қабілеттілігін қамтамасыз ету. Екінші шарты – банк клиенттерінің несиесіндегі негізделген тұтынушылықты қанағаттандыруға жеткілікті қаражаттың болуы. Мұндай несиені ұсыну - коммерциялық банк қызметінің басты түрі. Банктің клиенттеріне несиедегі тұтынуын қамтамасыз етуге қабілетсіз болса, онда банктің табысты операцияларын жоғалтуға алып келеді және ең соңында коммерциялық кәсіпорынның мүмкін күйреуіне алып келеді. Қоғам банк жүйесінің төлем қабілеттілігіне, өтімділік немесе тұрақтылығына күдік болмау керек, ал салымшылар кез-келген банктің сенімділігіне толық сенімде болуы тиіс. Банк салымшылары мен оның акцияларын ұстаушылардың мақсаты кейбір қатынастарда сиымсыз. Бұл сиымсыздық кез-келген коммерциялық банктің қаржылық мәмілесінде көрінеді. Бұл өтімділік және пайдалылық арасындағы шиеленісті банк қаражаттарын орналастыруда шешетін, орталық мәселе деп санауға болады.
Несиелік және инвестициялық тәуекелділік кейде табыс алудың мүмкін варианттарының тоқырауы ретінде қарастырады.
Келесі тарауда қарастырылатын активті операциялар мен пассивті операциялар арасында өзара байланыс бар. Өтімділікті тез өтімді активтердегі қаражаттарға орналастырып немесе кассалық қолма- қолдықтың жоғары деңгейін ұстап, қамтамасыз етуге болады, сонымен қатар басқа көздерден ақша алып және қосымша салымдарды тарту мүмкіндігін береді. Салым саласының өзгеруі, қарыздарды өтеуді мерзіміне дейін талап ету өтімді активтердің ұлғаю қажеттілігін шарттастырады. Сондай-ақ салымдар мен заимды қаражаттар бойынша банк шығындарының арасында тікелей байланыс бар, бір жағынан, әртүрлі активті операциялардан табыстармен байланысады. Өтімділік шекарасынан шықпай банк операциясының табыстылығын жоғарылатады, және несиелер мен инвестициялардан шекті табыстар және тартылған қаражаттар бойынша шекті шығындарды салыстыруға көмектеседі.
Банк клиенттерінің несиедегі тұтынушылығын қамтамасыз ету үшін қажетті қаражаттың болуы. Несие ұсыну - банктің коммерциялық қызметінің негізгі түрі. Клиенттердің сұранысын қанағаттандырмау табысты операцияларын, пайданың төмендеуіне әкеледі. Банк өтімділігі мен пайдалылығының арасындағы шиеленісті қаражатты орналастыруда шешілетін орталық мәселе деп санауға болады. Бір жағынан банк қолданылмаған қалдықтарды қысқарту және күдікті несие қабілеттілікті заемщиктерді несиелендіру шотынан алынуы мүмкін, жоғары табысты акция ұстаушылардың қысымын сезеді. Бірақ басқа жағынан банк басшылығы бұрынғы клиенттер жағынан несиеге сұранысты қанағаттандыруға және салымдарды алуда қажетті іс-әрекеттер банк өтімділігін төмендететін жақсы біледі .
“Құнды қағаздар” бабына қатысты бүгінде құнды қағаздардағы инвестицияның көп бөлігі мемлекеттік құнды қағаздарға келеді. Қысқа мерзімді үкіметтік қағаздардағы инвестициялар аз табыс әкеледі, бірақ нарық ставкасының аз өзгеру тәуекелінің және өтеумеудің көлдік тәуекелімен актив түрінің жоғары өтімдісі болып табылады. Ұзақ мерзімді құнды қағаздар ұзақ кезең ағымында жоғары табыс әкеледі.
Коммерциялық банктердің негізгі қызметінің түрі, табыс алу көзқарасымен ссуда ұсыну болып табылады. Әр түрлі қаражаттарды орналастыра отырып, неше операциялары, банк басшылығының бірінші міндеті бір уақыта неседегі клиенттерінің тұтынуын қанағаттандыруда жоғары табыс алу несие мәмілесінің өтімділік дәрежесі бірінші дәрежелік мәнге ие болмайды.
Күрделі модельдердегі әр түрлі элементтердің өзара әрекетін оқыту үшін ЭЕМ және қазіргі математикалық әдістерді қолданумен басқару мәселесін шешудің терең тәсілін болжайды. Бұл тәсіл маркетингілік әрекеттерді регламенттейтін, ішкі және сыртқы шектеулерді анықтау және бақыланбайтын өзгермелі жүргізуді мүмкін бағалау, банк басшылығында бақылауда болатын және болмайтын өзгермелі сәйкестендіру, мәселенің әртүрлі элементтері арасындағы байланыстырады бекіту,нақты мақсатын анықтауды талап етеді.Осы әдісті қолдануымен мынадай сұрақтарға жауап беріледі:мәселенің мәні неде? Оның шешімі қандай? Қай вариант жақсы? Қолданылатын әдістердің бірі сызықты бағдарламалау болып табылады. Ол коммерциялық банктің активтерін басқарудағы конструктивті шешімді жасауға қолдаылады. Бұл әдіс қатынастағы шектеулерді табысты операциялар және өтімді операциялар ретінде пассивтерді басқару мәселесімен активтерді басқару мәселесін байланыстыруға мүмкіндік береді.
Бірінші кезекте, мақсатты функция түрінде бейнеленіп, оптималдануы тиіс болатын, мақсаттарды қалыптастыру қажет. Оптималдау, мысалы, пайданы максималдап немесе шығынды минималдаудан тұруы мүмкін. Активтерді басқару міндетіндегі мақсат - сатып алуға болатын құнды қағаздардың әртүрлі категориядағы активтерді орналастырудан пайда көлемін максималдауға дейін жеткізу. Мысалы, жағдайды қысқартып, банк басшылығы едәуір табыс әкелетін, құрамдастырылуда қаражаттарды орналастырады.
Сызықтық бағдарламалау теңдеу жүйесінің шешімі модельдегі енгізілген пайданы максималдау әр актив түріне инвестірлеудің қандай салада салада болатынын көрсетеді. Болжамдардың өзгерісіне нәтиженің сезімталдығынтексеру үшін бағдарламаны бірнеше рет есептеу талап етіледі. Мысалы, егер соңғы екі кезеңге проценттік ставка қатынасындағы анықталмағандық тексеруде бірнеше мүмкін ставкаларды өткеру пайдалы.
Шектеу моделіндегі қолданылмаған мүмкіндіктерден жоғалтуларды анықтау. Өтімділік қатынасындағы талаптардың әлсіреуі, оның пайдасының ұлғаюына, нарыққа банктің жаңа міндеттемелерін шығару жолымен қосымша активті қаражаттарды тарту.
Сонымен сызқтық бағдарламалау теңдеу жүйесінің шешімі салалық пайда шегін анықтай отырып, бұл мәселе түріндегі мақсатты функцияның мәнін, әр шектеу үшін көлеңкелі баға енуі мүмкін. Көлеңкелі баға - бұл егер толықтауыш қателік көмегімен шектеуді жұмсарту жағдайындағы мақсатты функцияны өсу көлемі.
Банк активтерін маркетингілік басқаруда қолдану елеулі артықшылықтарды береді. Сызықтық бағдарламалауда жасалған модельді пайдалану банк мамандарына кейбір шешімдердің салдарын бағалауға мүмкіндік береді . Модельді болжамдағы қателерге немесе экономикалық коньюнктураның өзгерістеріне берілген шешімнің сезімталдығын тексеру үшін пайдалануға болады. Бірақ банк басшылығы соңғы кезеңді талдауда онымен алынған ақпараттарға негізделген, модельді қалыптастырудың барлық жауапгершілігін өзіне алады. Модельді құрудағы банк басшылығы алатын басты артықшылықтардын бірі мақсаттарын мұқият анықтап, әртүрлі шектеулерді айқын белгілеу. Сондай-ақ, бұл процесс банк басшылығына әртүрлі инвестицияның көлемін, олар басқаша мүмкін табыстар мен шығындарды анықтауға инвестиция мен несие портфелін терең зерттетеді. Қазір көптеген Қазақстандық банктер күрделі матиматикалық модельдерді шешу үшін есептеуіш техниканы пайдаланады, барлық банкирлер аздаған маркетинг, менеджмент, ғылыми басқару әдістер обылысында білімі бар. Осыған орай келесі қорытындыға келеміз егер мүмкін шығындар шегін күтілетін табыстан асса, тәуекелдік ақталса, онда қазіргі әдістер мен техниканы қолдану керек. Бұған көбісі келісуде. Ғылыми әдістер және зерттеу операцияларының көмегімен активтерді басқару банк балансы және пайдасы мен зияны туралы есебінің әртүрлі баптарының аралығындағы күрделі өзара байланыстарды талдауға күрделі модельдер мен қазіргі математикалық аппараттарды қолданады.
Бұл тәсіл банк басшылығына шешім қабылдауда үлкен көмек көрсетеді. Зерттеу операциялары әдісінің көмегімен басқару мәселесі шешу екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі әскерді жабдықтау және көліктендірудің күрделі міндетін шешудегі әскерилердің жүргізген үлкен жұмысының жалғасы болып табылды. Сол кезден бастап ол өндірістік күнтізбелік жоспарды құру шикізат материялдарының тепе теңдігін анықтау және көліктендіруді бөлуде, запастарды бақылауда, жарнама қызметінің стратегиясын жасауда, міндеттерді бөлуге, капитал салымдарын және қаражаттарды орналастыру системасын жасау өнеркәсіпінде кеңінен қолданылып келеді.
Кіріс алу мақсатында және өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында банктер өз ресурстарын активті операцияларға орналастырады. Коммерциялық банктердің активті операциялары активтердің құрылымына тәуекел активтердің көлеміне, өтімділік деңгейіне байланысты топтастырылады.
Актив банктің табыс бөлігі. Сонымен қатар табыстар өтімділігіне байланысты да ажыратылады.
Қазіргі кезде банк активтерін басқару үш әдістемелік бағытқа негізделген. Біріншісі – коммерциялық банк өтімділігін сақтай алады, егер оның активтері қысқа мерзімге орналастырылып, сондай-ақ олар уақтылы қайтарылатын болса. Екіншісі – коммерциялық банк өтімді болуы мүмкін, егер ол өзінің активтерін қолма-қол ақшаларға өзге кредиторлар мен инвесторларға сата алса.Үшінші – коммерциялық банктің өтімділігін жоспарлауға болады, егер де несиені қайтару кестесін қарыз алушының болашақтағы табысы негізінде құраса.
Банк қаражаттарын әртүрлі актив түрлеріне орналастыру реттеуші заңдар мен актілерге, жоғары өтімділік деңгейін қолдау қажеттілігіне және жоғары табыс алу қажеттілігіне байланысты болады. “Өтімділік - пайдалылық” диллемасын шешуде активтерді басқарудың 3 келісіміне келуге болады. Олар активтерді басқару барысынан мүмкін баламаларды бағалаудағы сандық талдау қандай дәрежеге дейін қолданылатындығынан жасалады. Осы әдістердің ешқайсысын ойдағыдай деп санауға болмайды, өйткені әрқайсысының қасиеттері мен кемшіліктері бар. Әр әдісте коммерциялық банктің нақты мәселесін шешуде қолданылатын элементтері бар. Оның жай түрі болып бірінші әдіс, яғни жалпы қаражат қоры табылады. Бұл әдісті көптеген банктер қаражаты артылған кезеңде кеңінен қолданады. Екінші әдіс активтерді бөлуде біріншідегі кейбір кемшіліктерді өткерумен байланысты болады.Үшінші әдіс басқару мен талдауды ғылыми әдістерді қолданумен байланысты, әдетте ЭЕМ-ді қолдану арқылы.
1. 2002 жылғы 3-маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының №213 Қаулысымен бекітілген “Екінші деңгейлі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы” Ереже;
2. Ұлттық банк Басқармасының 2002 жылы 16-қаршадағы №465 Қаулысымен бекітілген “Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру” туралы Ережесі;
3. “Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы” ҚР Заңы. 2010 ж;
4. 1996-1998 жж. Қазақстандағы банк жүйесін әрі қарай реформалау бағдарламасы;
5. ҚР Ұлттық банктің 1997 жылғы 29-тамызындағы №314 “Ломбард туралы” ережесі;
6. “Несиелік серіктестік туралы” ҚР Заңы. 2010 ж;
7. ҚР Ұлттық банктің 2003-2005 жылға арналған ақша-несие саясаты;
8. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – Алматы: Издат Маркет, 2004. – 272 бет;
9. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы /Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА-ның академигі Сейітқасымов Ғ.С., 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – Алматы: Издат Маркет, 2004.- 248 бет;
10. Ақша, несие, банктер. Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С.Сейтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001. – 466 бет;
11. Б.А. Көшенова. Ақша, несие,банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2000 .- 328 бет;
12. Сейткасымова Г.С.— Алматы: Қаржы-қаражат, 1998;
13. Интернет желісі.
3
Информация о работе Коммерциялық банктердің активтерін басқару