Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 13:16, курсовая работа
Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы.
Қазақстандағы жалпы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай банктердің банкроттық жағдайының өсуін тудырған қаржы нарығының тұрақсыздануына әкелді. Қазақстанның қаржы нарығындағы соңғы жағдайлар әлемдік банктердің мамандарының қорытындыларының дұрыстығын растайды.
Кіріспе………………………………………………………………………..………3
1.бөлім. Коммерциялық банктердің активтерінің мәні және оның құрылымы………………………………………………………………………….
1.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер активтерінің мәні және құрылымы…………………………………………………………………...…5
1.2 Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты мен сапасы және жіктелуі.......................................................................................................................11
2.Коммерциялық банктердің активті операциялары және активтерді басқару әдістері
2.1. Коммерциялық банктердің активті операциялары..........................................14
2.2.Коммерциялық банктердің активтерін басқару................................................23
Қорытынды…………………………………………………………………..……30
Пайдаланылған әдебтиеттер.................................................................................31
Осы әдістің басты артықшылығы ссудалармен инвестициядағы қосымша қаражат салымдарын және өтімді активтерүлесінтөмендету болып табылады, бұл пайда нормасының ұлғаюына әкеледі. Активтерді бөлу әдісін жақтаушылар жинақ және мерзімді салымдар және негізгі капиталға қарсы келетін өтімді активтердің артығын шеттетумен пайда нормасын жоғарлату. Бірақта бұл әдістің де тиімділігін төмендететін кемшіліктері бар. Бір клиенттер чектің көмегімен ақша алып жатқанда, керісінше, басқалары банкке ақша салып жатады, олар жыл ішінде бар болғанда 10% - ке ауытқуы мүмкін. Банк қызмет еткенінше, оның клиенттері алдындағы депозиттер бойынша қарызы минимумға тіреледі. Тәжірибе көрсеткендей, талап етуге дейінгі салымдарға салынған қаражат бөлігі ешқашан алынбай жоғары табысы ұзақ мерзімді құнды қағаздарға инвитрленуі мүмкін.
Бұл әдістің басқада кемшіліктері олардан пайдаланудан қаражат көзіне тәуелсіздігінен болады. Іс жүзінде ол бұлай емес. Мысалы, банкирлер – тәжірибегерлер фирмалардан көп салымдар тартуға ұмтылады, сондағы бұл фирмалар ,осы банктегі ашылған чектін шоттан алады. Жаңа салымшыларды тарту біруақыттабанк міндеттемелерін, яғни жаңа салымшылар жағынан несиеге өтініштерді қанағаттандыруды білдіреді .Бұл дегеніміз жаңа салымдардың бөлігі бұл салымдар иесін несиелендіруге бағытталуы тиіс.
Басқа кемшіліктер жалпы қаражат қоры әдісі және активтерді бөлу әдісінде де кездеседі. Екі әдісте салымдарды алу мүмкіндігі және міндетті өтімділік резервтерінде кідіріс жасайды, себебі, клиенттерге несиеге өтінішін қанағаттандыру қажеттілігіне аз назар аударады. Бәрімізге мәлімдей, іс белсенділігі артқан сайын салымдармен несиелерде өседі. Егер банкке бекітілген міндетті нормалар резрвтердің басқа кезек түссе, салымды алуды өтеуге кішкене қосымша өтімді қаражат қажет, әсіресе банк экономисті банктің іс белсенділігі және салымдар ағыны кете бастауын толық айтқан жағдайда. Бұл жағдайда өтімді қаражаттар несиеге сұранысты өтеуді талап етіп, салымдардан гөрі несиеге сұраныс жоғары қарқынымен өседі.
Кейбір банктерде несиеге сұраныс өсе бастағанда, салымдар көлемі төмендейтіндігін, ескеру керек. Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан ақша-несие саясатының әсерінен несиеге сұраныс көлемі салымынан асуы мүмкін, ал іс белсенділігі төмендеген кезеңде барлық банктердегі депозиттердің қарқыны өседі. Бұл екі әдісте тағы бір кемшілік бар, олар өтімділіктің шеткі деңгейін емес орташаға жүгінеді. Кассалық қолма-қолдықтың және үкіметтік құнды қағаздық орташа қатынасын салымдардың жалпы сомасына банк жүйесінің өтімділігін бағалау үшін жеткілікті, жалпы ол банк басшылығына келесі аптаға кассалық қолма- қолдықтың қандай болуы тиістігін, салымдарды алуды жабу мен несиеге өтініштерді қалай болатындығын айтпайды. Тек банк клиенттерінің шотын талдау және жергілікті нарықтағы қаржылық шарттарды және шаруашылық білімді жақсы білу банкке берілген мезетке қолма-қол ақшаларға тұтынушылықты анықтайды.
Банк активтері — пайда табу максатында банктік ресурстарды әp түрлі активтер бойынша орналастырған қаражаттары.
Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.
Коммерциялық банктің активтерін мынадай төрт топқа бөлуге болады:
касса және оған теңесстін ақшалай қаражаттар;
несиелер;
бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
банктің ғимараты мен жабдыктары ;
Активтердің сапасы олардың тиімділігіне, тәуекел активтердің
көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына,
активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.
Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын талаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және тиімділік дәрежесіне карай жіктейді. Өтімділігіне қарай банк активтері мынадай топтарға бөлінеді:
жоғары өтімді активтер;
өтімді активтер;
ұзақ мерзімді өтімді активтер;
Жоғары өтімді активтерге мыналар жатады:
Кассадағы қолма-қол ақшалар:
Орталық банктегі корршоттағы қаражаттар;
Мемлекеттің қарыздық міндеттемелері;
ЭЫДҰ-на (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) мүше елдер, яғни бейрезидентердің банктеріндегі тұрақты валютада салынған корршоттағы қаражаттар;
Ішкі валюталық облигациялық заемдарға салынған қаражаттар.
Банктің бұл қаражаттары банктің айналымынан қажет уақытында алуға мүмкіндік беретін активтерге жатады.
Банктің өтімді қаражаттарының құрылымына жоғарыда
аталғандарынан басқалары, яғни қайтару мерзімі 30 күнді құрай-
тын, шетел валютасында бергсн барлық несиелер, алдағы 30 күн
ішінде аталған банкке келіп түсуге тиісті басқа да төлемдер
жатады.
Ұзақ мерзімді өтімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқа берілген несиелердің бәрі, сондай-ақ 50 (кепілхат және кепілдікпенҚ) 1 жылдан жоғары уақытқа берілген несиелер.Өкіметтің кепілхатымен, бағалы қағаздарды және бағалы металдарды кепілге алып берілген несиелерді шегеріп тастағандағы мерзімі өткен несиелер.
Активтердің тиімді құрылымын жасай отырып, банктер өтімділікке қойылатын талаптарды орындауға тиіс, демек, олардың жоғары өтімді, өтімді жәнс ұзақ мерзімді өтімді активтері міндеттемелердің мерзімдеріне, сомаларына және типтеріне сәйкес келуі керек.
Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі:
1-топ. Алғашқы резервтер — бұл алынатын салымдарды төлеуге және несиеге деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең өтімді активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады:
Касса:
Opталық банктегі корршоттағы және өзге де шоттардағы ақшалай қаражаттар;
Инкассациялау процесіндсгі чектер және өзге де төлем құжаттары;
Басқа да коммерциялық банктердегі корршоттағы қаражаттар.
Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банктің өтімділігінің негізгі көзі болып табылады.
2-топ. Екінші реттегі резервтер — бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыру болады. Оларға мыналар жатады:
Вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар;
Талап етілетін несиелер (онкольдық);
Бірінші класты қарыз алушыға берілетін несиелер.
Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты — алғашқы резервтерді толықтыру кезі ретінде қызмет ету болып табылады.
3-топ. Банктік активтердің маңызды бөлігі — банктік
несиелік портфелі. Банктің несиелері біршама табысты және
ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ банктің пайдасының басты
көзін құрайды.
4-топқа Инвестициялык портфель жатады. Инвестициялық портфельді қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге қосымша ретінде болу.
2.1. Коммерциялық банктердің активті операциялары.
Банк ісінің халықаралық тәжірибесіне сәйкес коммерцилық банктердің активтері негізгі және айналымды болып бөлінеді. Банктердің негізгі активтеріне жер учаскілерін, ғимараттар, құрлыстар, автотұрақтар, техникалық жабдықтар, көлік құралдары және басқа да материалдық объектілер жатады. Айналымды активтерге қолма-қол ақша қаражаттары, әр түрлі банк шоттарындағы қаражаттар заемщиктердің ақшалай міндеттемелері, құнды қағаздар,шетел валюталары және басқа да құндылықтар жатады.
Банктер ақшалай операцияларды жүргізетін басты делдал болып табылады. Мұны қалыптастыруға банктың барлық ресурстары және тартылған бөлігі пайдаланылады. Айналымдылықты қолдану жылдамдығының қарай ағымдық активтер төрт топқа бөлінеді. Бірінші - ұлттық және шетел валютасындағы ақшалай қаражаттар. Екінші – құнды қағаздар (облигация және акциялар). Үшінші – заемщиктердің қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелер. Төртінші – заемщиктердің орта мерзімді және ұзақ мерзімді ақшалай міндеттемелері.
Келтірілген активтердің топтарын қарастырайық. Бірінші топтағы ақшалай қаражатарға абсолютті өтімділікті активтер жатады. Жалпы тауар эквиваленті банк қызметінде қолданылады. Бұл қаражаттарды клиенттердің қысқа мерзімді міндеттемелеріне орналастырып, төлем қаражаты ретінде жұмылдыруға болады. Соңғы жағдайда ақшалар ерекше орын алады, өйткені банктердің банкроттығын тоқтатудың соңғы инструменті болып табылады.
Банктің төлем қабілеттілігі бұзылған жағдайда оның басшылығы “төлемсіздік” жағдайынан шығудың және тез ақша қаражатын жұмылдырудың барлық шараларын қабылдайды. Сондықтан бұл қаражаттар коммерциялық банктердің біріншілік резервтеріне жатады.
Банктердің ақшалай қаражаттарының негізгі қозғалыс арнасы кассада, коррес понденттік шоттарда, валюталық шоттарды, ¦лттық банктің міндетті резервтік шотарында болады. Қажет болған жағдайда олар басқа банктердің несиелерінен түседі. Ақшаның абсолютті өтімділігімен активтеріндегі үлкен рөліне қарамастан олар өздігінен банктерге табыс әкелмейді. Активтердің екінші тобы құнды немесе банктік инвестициядан тұрады. “Инвестиция’ термині нарықтық экономиканың капиталды салымын сипаттайды. Бұл халықшаруашылығындағы капиталды салымының негізгі массасы фирма, концерн және басқа да шаруашылық құрылымының акциясы және облигациясын сату – сатып алу жолымен жүзеге асады. Мұнда республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатымен салыстырғанда капиталды салымдардың бұл көздерінің балама табиғатынан тұрады.
“Жетілік” елдеріндегі капитал салымдарының негізгі бөлігі құнды қағазда сатылатын және сатып алынатын қор нарығының көмегімен жүзеге асырылады. Біздің елдің нарықтық экономикаға өтуі құнды қағаздар нарығын құру және ішкі шаруашылық резервтерді жұмылдыруды талап етті. Қор нарығының қалыптасуы өндіріс құралдарына меншік кластарының пайда болуы және меншік формаларының дамуы мен байланысты болды. Нарықтық экономиканың басты ерекшелігі халықшаруашылығының мемлекеттік, акционерлік, жеке және арлас меншік формасында жүргізілуі. Нәтижесінде қор нарығының басты субъектілері болып пирамидалық қаржы институттары табылады. Бұл институттардың капиталы максималды пайда алуға ұлттық қор нарығындағы акцияларды шығарып, олардың бағасын ұстауға салынған. Батыс елдеріндегі қор нарығының жоғары ұйымдастырылуынан тек капитал салымдарын ұстау ғана емс, сонымен қатар банк активтерінің өтімділігін ұстау инструменті болып табылады.
Активтердің үшінші тобына клиенттердің қысқа мерзімді ссудалары бойынша қарызы мен вексельдері жатады. Мұндай ссудалар әр түрлі шаруашылық салалардың кәсіпорындарына ұсынатын, бизнес – несиелерден тұрады.
Коммерциялық және вексельдік несиелендіруді қалпына келтіру қазіргі қазақстан шаруашылығында ерекше орын алады. Бұл нарықтық эеономиканың бастапқы кезеңімен және “сату сатып алу” келісімі бойынша серіктестік байланыстар бекітуде кәсіпорындардың өзара сенімдігі жоқтығымен түсіндіріледі. Нәтижесінде тауарлы – материалдың құндылықтарды тиеу айырбас мәмілесі негізінде жүргізіледі. Мұндай мәселелер ақша қаражаттарын қолданусыз натуралды тауар айырбасын сипаттайтын, тауар – ақша қатынастарының төмен деңгейін білдіреді. Бұл жағдайдағы тауарлы несиелендіруді енгізу өзара шаруашылық сенімді құруға мүмкіндік береді.Коммерциялық вексельдер мен құнды қағаздардың бухгалтерлік шоттағы есебі кәсіпорын меншігіндегі құнды қағаздардың әртүрлілігі ретінде вексельдер туралы ұсынысты туғызды. Шын мәнәнде мұндай вексельдер сатып алынған тауарлы материалдық құндылықтарды төлеуге айналымға шығарылғандықтан, несиелік ақшаның классикалық түрі болып табылады. Мұнысымен олар, мемлекеттің өндірістік емес шығындарын және бюджет тапшылығын өтеуге шығарылатын, орталық банктің банкноталарынан ерекшеленіп тұрады.
Активтердің екінші тобына вексельдерден басқа, тез өтетін тауарларға ұсынатын, қысқа мерзімді ссудалар жатады. Индустриалды елдердің ақша – несие жүйесінің тәжірибесі ұлттық коммерциялық банктердің қысқамерзімді ссудаларының көп бөлігі ссуда мен өнеркәсіпке орналасқанын куәлендіреді. Осы салалардың кәсіпорындары проценттік ақшаларды төлеумен алынған несиені қайтару және аса тиімді пайдалануға қабілетті. Осымен қатар, коммерциялық банктер бір – біне банкаралық несиелер ұсынады. Бұл несиелер банктердің төлемқабілеттігін көтеріп, ресурстарды қалыптастыруда мәні зор. Заемщиктердің қысқа мерзімді міндеттемелері банктің екіншілік резервтеріне жатады.
Банк активтерінің төртінші тобына банктердің ұзақ мерзімді және орта мерзімді ссудалары жатады. Жылдам айналатын активтерден бұл ссудалардың айырмашылығы негізгі қорлардың айналуы бірнеше жылдарға созылумен байланысты.
Саяси және экономикалық тұрақсыздықтан, сонымен қатар инфляцияға байланысты Қазақстанның коммерциялық банктері “ұзақ” несиелер ұсынуды тоқтатты, бұл капитал салымдары және негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне үлкен залалын тигізеді. Банк маркетингі туралы оқуымызға сәйкес активтерді басқару аса пайдалы қызмет саласындағы қаражатты орналастырумен байланысты. Осыған орай банктердің нарқта ссудалық капитал және қажетті табыс алудың тұрақтылығын қамтамасыз ететін, тиімді активтер құрылымының маңызы зор. Қазақстан банктеріне тауар өндіретін шаруашылық салаларының несиелендіру ресурстарын орналастыруда бизнес несиелер маңызды арна болып табылады. Мұндай несиелерді орналастыру экономиканың дағдарыс жағдайынан шығу қажеттілігі және ауыл шаруашылық және өндірістік өнімнің көлемінің құлдырауымен түсіндіріледі.
Информация о работе Коммерциялық банктердің активтерін басқару