Валюталық операциялардың жіктелуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 21:54, курсовая работа

Краткое описание

ҚР нарықтық қатынастарының дамуы сыртқы экномикалық дамудың қажеттігін және маңыздылығын анықтыды. Оның ішіне қаржы – валюталық қамтамасыздандыру, валюталық несиені алу, валютаны сатып алу, оның бағалы қағаздарға салынуы, валюталық тәуекелдерден сақтандыру және т.б. қажеттігі мен маңыздылығын жатқызуға болады.

Файлы: 1 файл

Коммерциялық банктердің валюталық операциялар.doc

— 296.00 Кб (Скачать)

«Паспортизациялаудың» шекті мәнін арттыруға сыртқы сауда операциялары көлемінің  ұлғаюы және тиісінше орташа келісімшарт сомаларының ұлғаюы себепші болды және валюталық бақылау мақсаты үшін нақты маңызды болып табылатын  мәмілелерді қамтуды қамтамасыз етеді. Бұл ретте «паспортизациялауға» жататын экспорттық және импорттық келісімшарттардың саны қысқарады және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне – екінші деңгейдегі банктерге және олардың клиенттеріне жүктеме төмендейді. 

Мәміле паспортының нысанындағы  артық бағандарды алып тастау сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мәміле паспортын толтыру тәртібін жеңілдетуге мүмкіндік жасайды.

№ 77 қаулының және № 86 ереженің мәтіндері (2009 жылғы 16 қазандағы редакциядағы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсындағы  «Нормативтік құқықтық база» айдарында орналастырылды.

Осылайша, қолданылып жүрген валюталық бақылау схемасындағыөзгерістер валюталық режимдердің талаптарын жұмсартуға және әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған және бизнесті жүргізуге арналған талаптарды қатаңдатуды болжамайды.

“Валюталық реттеу және валюталық  бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес жеке тұлға Қазақстан Республикасының уәкілетті банктері арқылы кіріс-шығыс төлемдерін (ақша аударымдарын) жүзеге асыру үшін жеке тұлғаға –ақша жіберушіге немесе алушыға және төлем мақсатын идентификациалауды мүмкіндік жасайтын құжаттар ұсынады.

Қазақстан Республикасында валюталық  операцияларды жүзеге асыру ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес құжаттар мыналар болып табылады: 

    • жеке басын куәландыратын құжат;
    • салық төлеушіге тіркеу нөмірінің берілгендігі туралы куәлік, не осы тұлғаның   Қазақстан Республикасының салық органында тіркеу есебінде тұрмағаны туралы құжаты. Осы құжат егер бұрын уәкілетті банкке ұсынылмаған жағдайда;
    • жүзеге асырылған ақша төлемдерін/аударымдарын (валюта шартын)  растайтын құжат;
    • резидент жеке тұлғалар үшін – жеке тұлғаның операцияларына  Заңға сәйкес валюталық реттеу режимі жағдайда хабарлама туралы куәлік, тіркеу куәлігі;
    • резидент жеке тұлғалар үшін – мәміле паспортын ресімдеуді Заңға сәйкес талап ететін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тіркелген жеке кәсіпкердің экспорт (импорт) операциялары бойынша төлемдер үшін мәміле паспорты.

Сондай-ақ шетелдік азаматтар  және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан  Республикасында тұрақты тұру құқығын  растайтын құжаттар ұсынуы мүмкін. Мұндай құжатты осындай жеке тұлғалар олардың мәртебесін Қазақстан Республикасының резиденті ретінде айқындау үшін ұсынады. 

Жүзеге асырылған төлемдердің (ақша аударымдарының) мақсатын растайтын  құжат ретінде жеке тұлға заңды  және жеке тұлғалармен жасасқан шарттарды, есеп фактураларын, инвойстарды, салық, лицензиялық төлемдерді, айыппұлдардың, алименттердің төленген квитанцияларын ұсынуы мүмкін. Жария-шарт үшін валюта шарты ретінде белгісіз тұлғаға оферттер ұсынуға жол беріледі (баспа және электронды басылымдарына жазылу, ақпараттық жүйелерге рұқсат алу және басқа тауарлар мен қызметтердің жария оферттері).   Валюта шарты ретінде құжат қабылдау үшін міндетті талап онда бенефициардың жүзеге асырған төлемінің мақсаты және сомасы идентификациаландырылған деректемелердің бар болуы.  

Уәкілетті банктерде жеке тұлғалардың карт-шоттардан жүзеге асырылатын ақша төлемдері (аударымдары)

Уәкілетті банктерде жеке тұлғалардың  карт-шоттардан валюталық операциялар  бойынша кіріс/шығыс төлемдерін (аударымдарын) жүргізу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Егер күнтізбелік ай ішінде осы  төлемдердің (аударымдардың) жалпы  сомасы, валюталық операциялар жүргізу  үшін қолма-қол ақша алуды қосқанда, елу мың АҚШ доллары баламасынан  асқан жағдайда, уәкілетті банк Ұлттық  Банкке жеке тұлғаның деректемелерін көрсете отырып ақша төлемдері (аударымдары) туралы ақпарат бар есеп ұсынады.

Ұлттық  Банкке ұсынылған есепке жеке тұлғаның қолма-қол жарна немесе жеке тұлғаның уәкілетті банктегі жеке шотынан аудару арқылы карт-шотты толықтыру бойынша операциялары қосылмайды. Тиісінше мұндай аударымдардың сомасы Ұлттық Банкке жеке тұлғалар жөнінде мәлімет беру қажеттігін анықтау үшін АҚШ доллары баламасының есебіне қосылмайды.

Уәкілетті банк валюталық бақылау  агенті ретінде жеке тұлғадан валюталық операциялар бойынша төлем мақсатын нақтылауға мүмкіндік беретін құжаттар талап етуге құқылы.

Заңға сәйкес валюталық реттеу режимі (тіркеу және хабарлама) қолданылатын не ол бойынша мәміле паспортын ресімдеу талап етілетін валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін (аударымдарын) жүргізу үшін валюта шартын ұсыну міндетті. 

Басқа операциялар үшін жеке тұлғада  валюта шартын ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда кіріс/шығыс төлемдері (ақша аударымдары) жеке тұлға мынадай іс-әрекетті атқарған кезде уәкілетті банк: 

-  төлемнің (ақша аударымының)  мақсатын көрсеткенде; 

- уәкілетті банкке осы ақша  төлемі және (немесе) аударымы туралы  ақпаратты құқық қорғау органдарына  және Ұлттық Банкке олардың  талап етуі бойынша рұқсат  ететін ақша аударуға (ақша алуға) тапсырмада (өтініште) жазбалар болғанда;

- осы ақша төлемі және (немесе) аударымы жеке тұлғаның тіркеу  куәлігін, хабарлама туралы куәлік  алуды, мәміле паспортын ресімдеуді  талап ететін валюталық операцияларды  жүзеге асыруына байланысты еместігін растайтын тапсырмада (өтініште) жазбалар болғанда жүзеге асырады.

Ақша аударымына (ақша алуға) тапсырмада (өтініште) көрсетілген  шынайы емес деректерді ұсынғаны үшін жауапкершілік ақша жіберушіге (алушыға) жүктеледі. 

Жеке тұлғалар уәкілетті банкте шот ашпай-ақ валюталық операциялар бойынша мынадай кіріс/шығыс төлемдерін (ақша аударымдарын) жүзеге асыруға құқылы: 

- Қазақстан Республикасының аумағы  бойынша жеке тұлғаның пайдасына,  сондай-ақ жарғылық қызметтері  қайырымдылық қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған заңды тұлғалардың шетелдік валютадағы өтеусіз аударымдары;

- Қазақстан Республикасынан салыққа,  лицензиялық төлемдерге, айыппұлдарға, алименттерге және т.б. төленетін  аударымдарды қоса алғанда,  Қазақстан  Республикасынан, Қазақстан Республикасына өтеусіз аударымдары; 

- Қазақстан Республикасынан жеке  тұлғаның кәсіпкерлік қызметін  жүзеге асырумен байланысты емес  және Заңға сәйкес тіркеу және  хабарлама талаптары айқындалмаған  өзге ақша аударымдары; 

Жеке тұлғада жүзеге асырылатын аударымның сипатын растайтын валюта шартын ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті банк ақша аударымын жеке тұлға мынадай іс-әрекеттер атқарғанда:

-  төлемнің (ақша аударымының)  мақсатын көрсеткенде; 

- уәкілетті банкке осы ақша  төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке олардың талап етуі бойынша рұқсат ететін ақша аударуға (ақша алуға) тапсырмада (өтініште) жазбалар болғанда;

- осы ақша төлемі және (немесе) аударымы жеке тұлғаның тіркеу  куәлігін, хабарлама туралы куәлік алуды, мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін валюталық операцияларды жүзеге асыруына байланысты еместігін растайтын тапсырмада (өтініште) жазбалар болғанда жүзеге асырады.

Резидент емес жеке тұлғада салық  төлеушіге тіркеу нөмірінің берілгендігі туралы куәлік, не осы тұлғаның   Қазақстан Республикасының салық органында тіркеу есебінде тұрмағаны туралы құжаты болмаған жағдайда, уәкілетті банкке осы ақша төлемі және (немесе) аударымы туралы ақпаратты құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке олардың талап етуі бойынша рұқсат ететін ақша аударуға (ақша алуға) тапсырмада (өтініште) жазбалар болған жағдайда аударым жүзеге асырылады.

Ақша аударымына (ақша алуға) тапсырмада (өтініште) көрсетілген шынайы емес деректерді ұсынғаны үшін жауапкершілік ақша жіберушіге (алушыға) жүктеледі. 

Егер күнтізбелік ай ішінде жеке тұлғаның валюталық операциялары бойынша  бір уәкілетті банк арқылы жеке тұлғаның ағымдағы шотын пайдаланып және (немесе) шот ашпай-ақ жүргізген төлемдерінің (ақша аударымдарының) сомасы елу мың АҚШ доллары баламасынан асып кеткенде уәкілетті банк Ұлттық Банкке жеке тұлғаның деректемелерін көрсете отырып, осындай төлемдер (ақша аударымдары) туралы ақпарат бар есеп ұсынады. 

 Ұлттық Банкке берілетін есепке жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының ішіндегі  аударымдары мен резидент жеке тұлғаның шетелдік банктегі жеке шоттарынан/жеке шоттарына аударымдары қосылмайды. Тиісінше мұндай аударымдардың сомасы Ұлттық Банкке жеке тұлғалар бойынша мәлімет беру қажеттігін айқындау үшін АҚШ доллары баламасының есебіне қосылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

          Қазақстан Республикасы халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеуде маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта – теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай – ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік – аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады. Коммерциялық банктердің валюталық операциялары сыртқы экономикалық  қызметі тауар және қызметтердің экспорт\ импорт бойынша шетел валютасынмен және ҚР территориясында, шетелдерде   шетел валютасының іске асырылуымен байланысты.

           Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңы 1996 жылы 24 желтоқсан айында қабылданды. Осы заңға сәйкес валюталық операциялар – бұл меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуіне байланысты, соның ішінде шетел валютасы төлемдері мен шетел валютасындағы төлем құралдарын қаражат ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер.

          Мен курстық жұмысымда қолма – валюталық операцияларға және олардың қызметіне, қолма қол валюталық операцияларға, валюта нарығына, тоқталып өттім. Қолма – қол   валюталық операциялар кеңінен таралған және валюталық мәміле көлемінің 90% -ын құрайды. Кей кездерде, қолма – қол  валюталық операцияларды дереу жеткізу мәмілелері деп атайды және оған валюталық операция  “спот” жатқызылады. Ал жедел валюталық мәміле – бұл валюталық мәміле, алдын ала келісімге отырғанда белгіленген курс бойынша, келісім–шартқа отырғаннан кейін нақты бір мерзім өткен соң  мәмілеге отырушы екі жақ шетел валютасындағы белгіленген соманы жеткізуге келіседі. Кең тараған жедел валюталық операцияларға форвардтыұ және фьючестік мәмілелер жатады.

           Бұл операциялар валюталық операциялардың ішіндегі ең маңыздылары болып саналады. шетел валютасымен операциялар жасау үшін банк лицензия алуы қажет. Лицензиялау заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен іске асырылады. Қазіргі таңда бөлшек сауданы іске асырумен және қолма – қол шетел валютасын беру  қызметімен, сондай – ақ капитал қозғалысымен байланысты операцияларды жасау қызметі лицензияланады. Капитал қозғалысымен байланысты қаражаттардың бейрезиденттерден резиденттер пайдасына өтуін қарайтын Ұлттық Банкпен келесі валюталық операцияларды тіркеу тәртібі анықталған.  Барлық Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалармен орындалуы міндетті ҚР Ұлттық Банктің Қазақстан Респубдикасының Қаржы Мининстрлігімен келісе отырып және өкілетті мемлекеттік статистика органымен валюталық операцияның тәртібі, есептеу формасы мен есептілігі белгіленеді. Банк валюталық операцияларды жүргізгенде түрлі тәуекелдіктерге барады. Қазақстанның 2030 жылға дейін дамуының стратегиялық жоспарындағы ең маңызды мақсаттардың бірі – ауылдың ең елеулі проблемаларын шешу және кедейлік, жұмыссыздықпен күресу. Осыған сәйкес көптеген банктер валюталық операциялар жасай отырып өз үлесін қосады.. Мсыалға, БанкЦентрКредит қолма қол ақша беру, сату, аударымдар, чектермен жұмыс жасайды. Түрлі төлем карточкаларын шығарады және олардың қыметіне қарай да бірнеше түрлері де ажыратылады. 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1. Мақыш  С.Б  «Банк ісі» «ИздатМаркет» 2007ж

2.Мақыш  С.Б.  «Валюталық операциялар және  валюталық мәмілелер», Хабаршы–  № 1-2009,19 б.

3.Найманбаева  С. «Валюталық құқықтың жүйесі», Заң және заман, №9-2009ж

4.Сейітқасымов  Ғ.С. «Ақша. Несие. Банктер», Алматы -2001ж

5.Найманбаева  С. «Валюталық құқықтың жүйесі»,  Заң және заман, №9-2005

6.МиржакыповаС.Т.  «Банковский учет в Республике  Казахстан» 

7 «Қазақстан  Республикасының банкі және банкілік қызметтері туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының  Заңы «Валюталық реттеу және валюталық  бақылау туралы», Заң –№7-2009ж

     1. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхаметова, У.А.Жанайдаров «Экономикалық теория»-Астана, 2002 ж.

 

2. Шеденов Ө.  Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Комягин Б.Н«Жалпы экономикалық теория»/Ақтөбе: А-Полиграфия, 2005 ж

3.С.Б Мақыш  , А.Ә Ілиас  “Банк ісі оқу  құралы” Алматы: Қазақ университеті                  2004

4.“Қазақстан  республикасындағы банк және  оның қызметі туралы ҚР президентінің заң күші бар жарлығы”   1995- 31 тамыз, 2444

Информация о работе Валюталық операциялардың жіктелуі