Валюталық жүйе мәні элементтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2010 в 21:16, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.

Оглавление

КIРIСПЕ .................................................................................................. 3
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ
1.1 Валюта жүйесінің мәні және дамуы .............................................................5
1.2 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері .....................................11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасында валюта жүйенің қалыптасуы ......................19
2.2 Валюта бағамы және оның мәні.......................................... .........................22
2.3 ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу ...............................30

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................................36

Файлы: 1 файл

Валюталық жүйе мәні элементтері (АНБ) Олжас 2009-00.doc

— 347.50 Кб (Скачать)

    ЖОСПАР 

   КIРIСПЕ  .................................................................................................. 3 

    1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ 

    1.1 Валюта жүйесінің  мәні және дамуы .............................................................5

    1.2 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері .....................................11 

    2 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ  ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

    2.1 Қазақстан  Республикасында валюта жүйенің  қалыптасуы  ......................19

    2.2 Валюта бағамы және оның мәні.......................................... .........................22

    2.3 ҚР-да валюталық  қатынастарды мемлекеттік реттеу  ...............................30 
     

    ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................34

    ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................................36 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    КIРIСПЕ

 

     Қазақстанның  әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.

     Валюталық жүйелер дүниежүзiлiк шаруашылықта құрал жабдықтар, сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. 

     Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы  элементтерi ретiнде валюталық бағам,  әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық  өтiмдiлiк,  валюталық рыноктар,  халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар  және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.

     Ваюталық  жүйе - ұлттық  заңдылықтар немесе  халықаралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды  ұйымдастыру  және  реттеу формасы негізінде көрініс табады.

     Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.  Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк,  валюталық курс,  валюталық рыноктар,  халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.

      Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.

      Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын  бүгiндегi өзектi мәселелердiң бiрi “Валюталық жүйе: мәні, түрлері, элементтері” деп алдым.

      Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым бiрiншiден,  жалпы халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне, валюталық бағам және оған әсер етушi факторларға тоқталып, екiншiден Қазақстан Республикасының халықаралық валюта жүйесiндегi орнын, елiмiздегi валюталық операциялар мен валюта бағамының жағдайын қарастырып өту және оларды ұлттық экономика дамуына қосар үлесiн қарастыру.

   Бұл мақсатқа жету барысындағы негізгі мiндеттерге мыналар жатады:

  1. халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау;
  2. халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi элементтерiн анықтау;
  3. Қазақстан Республикасы валюталық жүйенің дамуындағы ұлттық валютаның даму тарихы мен валюталық нарықтың негізгі элементтеріне тоқталып өту;
  4. Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенiң қалыптасуы мен қазiргi жағдайы қарастыру болып табылады.

   Жұмыс екі тараудан тұрады: бiрiншi тарауда жалпы дүниежүзілік валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне, сондай-ақ оның эволюциясының негiзгi қозғаушы күштерi туралы айтылды, ал екінші тарауда валюталық жүйенің негізгі элементтері валюталық бағам мен төлем балансы қарастырылды және ҚР-сы валюта жүйеснің даму барысы мен валюталық жүйені жетілдіру мәселелері қарастырылды.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ  

1.1 Валюта жүйесінің мәні және дамуы  

     Валюта  – елдiң  ақша бiрлiгi, оның  шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының  каналдары  арқылы  ұлттық  ақшаларды  қолданудың  ерекше  формасы.  Осы халықаралық немесе ұлттық валюта қатынастарының негізінде валюталық жүйе ұғымы пайда болады.

     Ваюталық  жүйе - ұлттық  заңдылықтарымен немесе  халықаралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды  ұйымдастыру  және  реттеу  формасын  бiлдiредi . /3/

      Халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық  шаруашылықтарының  қызметкерлерiнiң  нәтижесiнен  өзара қызмет  ететiн  және  әлемдiк шаруашылықтағы  валюталардың  қызмет  етуi  барысында  қалыптасқан  қоғамдық  қатынастар  жиынтығы  бiлдiреді.

      Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері  ерте Грецияда және Римде вексель  түрінде пайда болды. Яғни, оларда алғаш рет вексель жәрменкелері пайда болып, аудармалы вексель бойынша есеп айырысулар жүргізілді.

      Шаруашылықтың  интернационалдануы  және  әлемдiк  еңбек  бөлiнiсiн  интенсивтендiрілуі  халықаралық  нарықтың  құрылуына  себепшi болды. Өндiрiс  күштерiнiң дамуымен  iшкi  рыноктағы өркендеген салалардың  өнiмiн сатуда  туындайтын  қиындықтар, тауарлар тасымалы  жағдайларын жетiлдiру – мiне  осылардың бәрi  әлемдiк сауда саттық  байланыстардың  кеңесiне  әсер  еттi.  Яғни, сыртқы сауда жағдайларын, әр елдің валютасының құнын анықтау қажеттігі туындады. Алғашында мұндай айналыстарға елдер немесе аумақтар бойынша алтын қолданылса, ал осы заманғы күрделенген төлем жүйелерінің және төлем тәртіптерінің пайда болуына байланысты бұл валюталық қатынастар одан сайын күрделене түсті.

      Әлемдегi  елдердiң  қарым – қатынастарына  тауарлар, қызмет, капитал  және  несие  жылдан – жылға  ұлғая  түсуде. Ұлттық  қоғамдағы  ұдайы  өндiрiс  процесiнде  қалыптасқан  тауар  айналымы тұрақты  түрде   әлемдiк  нарыққа  ұласады  және  де  әрбiр  егемен  мемлекеттiң  заңды  төлем  құралы  болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық  тауар  айналымында, әдетте, шетел  валютасы  қолданылады.  Елдердiң  әлемдiк  шаруашылыққа  интеграциялауына ақша  капиталының  бiр  бөлiгiнiң ұлттық  ақшадан шетел валютасына  және  керiсiнше айналуын  туындатады. Ол  халықаралық валюта  есеп  айырылысу және несие – қаржы қатынастарында  жүзеге асады.

      Халықаралық  валюталық  қатынастар  халықаралық  экономикалық қатынастарды  жалғастырады. Валюталық  қатынастардың  ұлттық  және  әсемдiк  экономиксының  дамуына,  саяси  тұрақтылыққа, елдер  арсындағы  күштердiң  шектi  қатынастарына  тәуелдi  болып  келедi. Сыртқы  экономикалық  байланыстарда, оның  iшiнде  валюталық  байланыстарда саясат  пен  экономика, дипломация   мен комерция, өнер кәсiптiк  сауда  мен  өндiрiс  бiр – бiрiмен  өзара бетеме  байланысуы  валюталық  қарыс – қатынастардың  ұлттық  және  әлемдiк  шаруашылықтағы орны  ерекшелiгiн көрсетедi.

      Капиталдың  шеңбер  айналысы  процесiнде ұлттық нарықтан әсемдiк нарыққа қосылуы нәтижесiнде ұлттық  ақшалардың  iшiндегi  ақшалай капиталының бiр бөлiгi  шетел валютасына  айналады  немесе  керiсiнше . Ол көрiнiстi  халықаралық есеп  айырысуларда, валюталық, несиелiк және  қаржылық  операциялардың  барысында  байқауға  болады.

      Шаруашылықтың  интернационализациялануы  жағдайында  ұдайы  өндiрiстiң  сыртқы  факторларға:  әлемдiк  өндiрiс  динамикасы; шетелдiк  ғылым  деңгейiне, халық  аралық  сауданың  дамуына, шетел  капиталы  ағымына арта  түседi. Сондықтан да  бұл валюталық қатынастар  мен ұдайы өндiрiстiң арасында  тiкелей және  керi  байланыстың болатынын көрсетедi. Халықаралық сауданың  дамуына, валюталық қатынастар  тұрақсыздығы  мен валюталық дағдарыс  ұдайы  өндiрiс процентiне  керi  әсерiн  тигiзедi.

      Валюталық  жүйелердiң  даму  заңдылықтары  ұдайы  өндiрiс белгiлерiне  байланысты  анықталып  отырып, ұлттық  және  әлемдiк  шаруашылықтың  негiзгi  даму  кезеңдерiн  көрсетедi. /4/

      Дүниежүзілiк  валюталық  жүйелердiң арасындағы  дағдарыс  тұсында оның  құрылымдық қағидаларының әрекетi  бұзылып, аяқ асты  валюталық қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.

      Жаңа  дүниежүзілiк  валюталық  жүйенi  құру  үш  басты  кезеңнен  жүргiзiледi: 

    1-шi  кезең, жаңа  жүйенiң  қағидаларының   қалыптасуы, алғы  шарттардың  түзiлуiн,  анықталуын  қамтиды, мұнда бұрынғы  жүйемен  өзара  байланысы  сақталады.

    2-шi  кезең, жаңа  жүйенiң  қағидаларының   құрылымдары  толығымен аяқталып, бiртiндеп  iске  қосылады.

    3-шi  кезең, толық  қызмет  ететiн   жаңа  дүниежүзлiк  жүйе  құрылады.

      Дүниежүзілiк  ваюталардың  жүйенiң  мынандай  эваолюциялары  белгiлi:

    1. Жаңа валюталық  жүйенiң  құрылуының  алғы  шарттары.
    2. Париждiң  валюталық жүйесi.
    3. Генуэз  валюталық жүйесi.
    4. Бреттон – Вудс   валюталық жүйесi.
    5. Ямайка  валюталық жүйесi.
    6. Еуропалық  валюталық жүйесi.

      1929-1936  жылдарда  дүниежүзілiк  валюталық   дағдарыстың  басты  ерекшелiктерi  келесiдей:   

     –  циклдiк сипат: валюталық  дағдарыс  дүние  жүзлiк  экономикалық және  ақша   несиесiмен  байланысты  болды;

      – құрылымдық  сипат: дүниежүзлiк  валюталық  жүйенiң  алтын девиздiк  стандарт  қағидасы  құлдырауға ұшырады;

      –  ұзаққа созылуы: 1929 жылдан  1936 жылдың  күзiне дейiн болуы.

      БҰҰ–ның  Бретон–Вудстағы  1944 жылы  болған валюталық қаржылық  конференциясында  дүниежүзлiк  сауданың  ұйымдастырудың, валюталық, несиелiк  және  қаржылық  қатынастарды  ұйымдастырудың  ережелерi  бекiтiлiп  үшiншi  валюталық  жұйе  дүниеге  келдi.

     60  жылдардың  аяғынан  бастап, Бреттон – Вудс  валюталық   жүйенiң  дағдарысқа  ұшырауы. 1976 жылғы  қаңтардағы  ХВК - ға  мүше елдердiң Кинготондағы  келiсiмi  ХВК – дың жарғысына   өзгерiстер  енгiзе  отырып, төртiншi  валюталық жүйенiң  келесiдей  бағыттарын  бекiттi:

    • Алтын – девиз  стандартты  орнына  СДР  стандарты  енгiзiлдi;
    • Елдерге  кез-келген  валюталық  бағам  режимiнiң  таңдауға  құқық  берiлдi.

      СДР-дiң  қызметт  етуiнiң  мынандай  басты  мәселесi  болды:

      1. эмиссиялау  және  басу;
      2. қамтамасыз  ету;
      3. бағамды  анықтау  әдiсi;
      4. СДР-дiң пайдалану  ауқымы;

     Еуропалық  валюталық  жүйе, экономикалық  интеграциялану  процесiн  ынталандыру  мақсатында  құрылды. Интеграцияналдану процесiнiң  даму  себептерiне: шаруашылықтың интеграциялануы, өндiрiстiң қарсылас  орталықтардың дүниежүзлiк нарықтағы өзара қарсы күресi  және  валюталық тұрақсыздағы  жатады . Еуропалық экономикалық  қоғамдастық – бұл батыс еуропа  елдерiнiң бiршама дамыған аумақты интеграцияналдыру  тобын  бiлдiредi , ол 1957 жылы  наурызда  алты  елдiң: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим  елдерiнiң  арасыында  жасалған  келiсiм  шартында  қабылданып, 1958 жылдың  1  каңтарында  басты  қызмет  етедi. /3/

Информация о работе Валюталық жүйе мәні элементтер