Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2010 в 21:16, курсовая работа
Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым-қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.
КIРIСПЕ .................................................................................................. 3
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ
1.1 Валюта жүйесінің мәні және дамуы .............................................................5
1.2 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері .....................................11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қазақстан Республикасында валюта жүйенің қалыптасуы ......................19
2.2 Валюта бағамы және оның мәні.......................................... .........................22
2.3 ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу ...............................30
ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................................36
Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық экономикалық көрсеткiштер жүйесiнде маңызды орын алады, себебi ол ұлттық табысты елдер арасында қайта бөлудi көрсетедi. Сондықтан жиынтық ұлттық өнiммен ұлттық табысты бөлгенде халықаралық талаптар мен мiндеттемелердiң таза сальдосы есептелiнедi.
Халықаралық есеп айырысу баланстары – ол бiр мемлекеттiң басқа мемлекеттерге қарағанда ақшалы талаптары мен мiндеттемелерiнiң және түсiмдерi мен төлемдерiнiң арақатынасы.
Сөйтiп,
төлем және есеп айырысу баланстарының
бiр-бiрiнен айырмашылықтары көбiнесе
халықаралық қатынастарының дамуымен
айқындалады. Төлем балансының
құрылымын қарастырып өтейiк. Операцияларының
сипатына қарай басылымдарда
жарияланатын төлем балансы
негiзгi екi бөлiмдi бiрiктiредi.
Кесте-1 - Қазақстан Республикасының төлем балансы /14/
(млн.АҚШ доллары)
2005 | 2006 | 2007 | 2008 | |
Ағымдағы есеп | -1024,34 | -272,6 | 454,9 | -485,7 |
Сауда балансы | 1987,14 | 3679,00 | 6785,55 | 10321,8 |
Экспорт | 10026,91 | 13232,63 | 20603,14 | 28300,6 |
Импорт | -8039,77 | -9553,63 | -13817,59 | -17978,8 |
Қызмет балансы | -1024,34 | -272,6 | 454,9 | -485,7 |
Экспорт | 1540,42 | 1712,29 | 1999,1 | 2251,0 |
Импорт | -3538,28 | -3752,69 | -5026,2 | -7466,4 |
Табыстар балансы | -1127,37 | -1746,6 | -2815,3 | -5179,7 |
Несие және қарыз бойынша төлемдер | -213,07 | -277,5 | -410,0 | -817,9 |
Тікелей инвесторлар табысы | -1014,80 | -1448,3 | -2331,8 | -4611,5 |
Резервтер бойынша сыйақы | 127,70 | 123,6 | 140,21 | 228,2 |
Ұлттық қордың активтері бойынша сыйақы | 72,58 | 68,10 | 118,25 | 181,8 |
Тағы басқалары | -99,77 | -212,5 | -331,8 | -160,3 |
Ағымдағы трансферттер | 113,74 | -164,67 | -488,16 | -412,4 |
Жоғарыдағы
кестеден көретініміз, ағымдағы есеп бойынша
Қазақстан Республикасының
ҚР төлем балансының оң сальдосы экспорттың импорттан артық болған жағдайда орын алады. Оның графикалық кескінін келесі суреттен көре аламыз.
|
|||||||||
Сурет
2 – ҚР-ның сыртқы саудасындағы экспорт
пен импорттың құрамы
Суреттен көріп отырғанымыздай еліміздегі сыртқы сауда сальдосы оң болып отыр, яғни экспорт импорттан жоғары болып келеді. Алайда осы экспорттың 85% шамасын шикізаттық немесе дайын емес фабрикаттар құрайды. Сондай-ақ импорттың басым бөлігін өңдеуші сала өнімдері мен дайын өнімдер құрап отыр. /14/
Сонымен, бүгiнгi таңда басты мәселенiң бiрi болып отырған, Бүкiләлемдiк Сауда Ұйымына кiру алдындағы дайындық жұмыстары өнеркәсiп салаларына жаңа мiндеттердi шешудi жүктеп отыр. Ол сыртқы және iшкi нарықтарда бәсекеге төтеп бере алатын тауарлардың инновациялық деңгейiн көтеру болып табылады. Мұны, Оңтүстiк Корея, Сингапур, Тайвань елдерiнiң өнеркәсiптiк тауарлары әлемдiк нарықта дәлелдеп шықты. Яғни, тауар саясатын дайындауда кез келген өндiрiстiк кәсiпорын өнiмнiң ғылыми-техникалық сиымдылығын көтеруi тиiс, сөйтiп инновациялық мәнi бар тауар өндiруде өз бағыты мен механизмiн анықтап алуы керек.
2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ
ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1
Қазақстан Республикасында
валюта жүйенің қалыптасуы
Рынокқа өту кезеңiнде Қазақстан егемендi ел ретiнде өзiнiң саяси дамуы кезеңiнде ұлттық валюталық жүйесін құрып және валюталық саясаттарын жүргiзуi керек. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру оны нарық рельстерiне түсiру мәселелерiн бiрге шешу мiндеттерi тұр.
Қазақстан 1992 жылдың шiлдесiнде ХВК-ға (Халықаралық валюталық қорға) мүше болып кiргеннен бастап өзiнiң валюта қатынастарын «Ямаика валюта жүйесiнiң» құрылымдық қағидаларымен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатыныастарын ұйымдастырушы үшiн 1993 жылдың 14 сәуiрiнде “Валюталық реттеу туралы” алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстанның ұлттық валютасының болмауы және Ресей валюта аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында болатын. Жоғарыда аталған заңға қоса, “ Қазақстан республикасының ақша жүйесi туралы ” 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң; “Қазақстан Республикасының ұлттық банкi туралы ” 1995 жылдың 30 наурыздағы заң; “Асыл тастар және қымбат бағалы метелдармен байланысты қатынастарды мемлекеттiк реттеу туралы” 1995 жылдың 20 шiлдедегi заң; сонымен қатар ҚР Президентiнiң Жарлықтары үкiмет қаулылары мен ұлттық банк басқалырымен нормативтiк активтiлерi.
Ұлттық
валюта жүйесiнiң негiзiн осы
Қабылданған заң бойынша ырқына жiберу деңгейiне сәйкес келiп кейбiр жағдайларға байланысты дамып келе жатқан валюта қатынастарына тiптi қарама – қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда “ Валюталық реттеу туралы ” жаңадан заң қабылданды. Қазақстан заңдары бойынша валюталық обьектiсi болып шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды, аффинирленген алтын мен басқа металдарды республикаға әкелу, алып кету және жiберу тәртiбiн белгiлеу болып есептелiнедi.
Нарыққа өту кезеңiнде Қазақстан егемендi ел ретiнде өзiнiң саяси дамуында валюталық саясат жүргiзуi керек. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру оны нарық рельстерiне түсiру мәселелерiн бiрге шешу мiндеттерi
Қазақстан валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және олардың агенттерi жүргiзедi. Валюталық бақылау органдары болып заң бойынша валюталық бақылау қыметiн жүргiзетiн ұйымдар, валюталық операциялар жүргiзетiн өкiлеттi банктер жүргiзедi.
Валюталық реттеу және валюталық бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi басты мекеме болып табылады және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы бойынша келесі қызметтерді атқарады: /1/
Ұлттық банк бұл пайыз өсірулерді капитал келуіне мәселелер туғызбайды. Себебі, Қазақстанға капитал ағымы пайыз қойылымына байланыссыз болып отыр. Оның мөлшері жеткілікті деңгейде сақталуда. Яғни ол тікелей шетел инвестицияларына қатыссыз, ал спекулятивті капитал ағымдарына керісінше тосқауыл қояды. Сонымен қатар Қазақстандық банкаралық рынок әлемдік рыноктарға соншалықты интервенцияланбаған, бағалы қағаздар нарығында нақтылы қысқа мерзімді капиталдар кездеспейді, өйткені қазақстандық пайыздар оларды ынталандырмай отыр.
1999 жылы еркін құбылатын айырбас бағамының енгізілуі принцип бойынша валюталық бағам деңгейін еркін нарықтық жағдайда анықтайтынын білдіреді. Яғни, валюталық бағам сұраныс пен ұсыныстың нақты арақатынасын қамтып көрсетуі тиіс. Валюта бағамының деңгейі төлем балансының тұрақты міндеттіне сәйкес деңгейде, яғни ерекше қаржыландыру болжай алмайтын жағдайда жеткізу қажет болғанда Ұлттық банк валюталық нарықты бейтараптандырады. Осындай мақсатты көздеген Ұлттық банк Қазақстан теңгесінің құнсыздануын инфляция деңгейінде тұруы үшін валюталық бағамды реттейді. Құбылмалы валюталық бағамның тәртіптемесіне көшкенге дейін Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамының жоғарғы шегіне бақылау жасап отырды. Сол уақытта нарық негізінен «төмеге» бағыт алып тұрған. Валюталық бағамның өзгеруіне және сауда балансының оң сальдосына ие болуына байланысты Ұлттық банк теңгенің долларға ара қатынасына қаарй деңгейін көрсете отырып, төменгі шегін қорғайды.
Соңғы 2007 және 2008 жылдары елімізде айналыста жүрген жалпы ақша жиынының өсуіне қарамастан (2007 жылы 1650,1 млрд. теңге, ал 2008 жылғы 6 айдың көлемі 1833,3 млрд. теңге) ұлттық валютамыз теңгенің тұрақтылығы сақталуда. Бұл өз кезегінде экономиканың өндіріс салаларының дамуын, елде халық табысының өскендігін, экспорттық сальдоның оң нәтижеге шыққандығын білдіреді. /13/
Қазір ұлттық валютамыз теңгенің АҚШ доллары бойынша айырбас бағамы 150-151 теңге шамасында сақталуда және долларға қатысты соңғы уақыттарда нығаюда. Бұл Қазақстан экономикасы үшін үлкен жетістіктердің бірі болып отыр.
Ұлттық банк бұл пайыз өсірулерді капитал келуіне мәселелер туғызбайды. Себебі, Қазақстанға капитал ағымы пайыз қойылымына байланыссыз болып отыр. Оның мөлшері жеткілікті деңгейде сақталуда. Яғни ол тікелей шетел инвестицияларына қатыссыз, ал спекулятивті капитал ағымдарына керісінше тосқауыл қояды. Сонымен қатар Қазақстандық банкаралық рынок әлемдік рыноктарға соншалықты интервенцияланбаған, бағалы қағаздар нарығында нақтылы қысқа мерзімді капиталдар кездеспейді, өйткені қазақстандық пайыздар оларды ынталандырмай отыр.