Валюталық жүйе мәні элементтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 12:29, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Еңбекақыны ұйымдастыру және нарықты экономика жағдайындағы ерекшеліктері». Осы жұмысым арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым – қазіргі кездегі қоғамдағы алып отырған өзекті мәселенің бірі – еңбекақыны ұйымдастыру мәселесі.

Оглавление

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Еңбекақының мәні мен қағидалары.....................................................................5
1.2 Еңбекақының түрлеріне жалпы сипаттама.........................................................9
1.3 Еңбекақының нысандары мен жүйелері...........................................................11
2 ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Еңбекақы төлемін ұйымдастыру ісіндегі тарифтік жүйе мәні.......................17
2.2 Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесінің мәні....................................................24
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңы.........................................26
3.2 Еңбекақы тағайындауды жетілдіру жолдары...................................................27
ҚОРЫТЫНДА...........................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................30

Файлы: 1 файл

нарықтық экономика жағдайындағы еңбеақы.doc

— 225.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ  

1.1 Еңбекақының мәні мен қағидалары.....................................................................5

1.2 Еңбекақының түрлеріне жалпы сипаттама.........................................................9

1.3 Еңбекақының нысандары мен жүйелері...........................................................11

2 ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕЛЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Еңбекақы төлемін ұйымдастыру ісіндегі тарифтік жүйе мәні.......................17

2.2 Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесінің мәні....................................................24

3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

3.1 «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңы.........................................26  

3.2 Еңбекақы тағайындауды жетілдіру жолдары...................................................27

ҚОРЫТЫНДА...........................................................................................................29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................30  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

      Курстық жұмыстың тақырыбы: «Еңбекақыны ұйымдастыру және нарықты экономика жағдайындағы ерекшеліктері». Осы жұмысым арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым – қазіргі кездегі қоғамдағы алып отырған өзекті мәселенің бірі – еңбекақыны ұйымдастыру мәселесі.

      Қазір елімізде Президенттің тапсырмасы бойынша жұмыссыздықпен күрес және еңбекақы, оны ұйымдастырудың тиімді жолдары жөнінде бағдарлама жасалып жатыр. Яғни бұл мәселе маңызды тек кәсіпорындар деңгейінде ғана шешілмей, елімізде күрделі жұмыс ретінде қарастырылып отыр. Ол сәуір айында аяқталып жалпы ұлттық сипат және Президенттің бекіткен құжаттың мәртебесін алды. Бұл – мемлекеттік бағдарлама. Ол президенттің Жарлығымен іске қосылды. Мұнда күрделі мәселелер өте көп. Қазіргі кезде оның алғашқы нұсқасы ғылыми қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, кәсіподақ ұйымдарының, үкімет орындарының көмегімен жазылып, дайындалған.

      Еңбекақы  төлеудің маңызы,  түрлері және  оларды ұйымдастыру.

      Еңбекақы  төлеудің  маңызын,  қызметкерге  еңбек міндетін  орындағаны үшін  берілетін сыйақы  деп  түсінеміз.

      Еңбекақы  төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен  шектелінетің, өндіріс факторы  ретіндегі еңбектің құны жатыр.  Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын  толтыратын  өнім өндіруге міндетті, олай болса  еңбекақы  қызметкердің  еңбек тиімділігіне  тәуелді.

      Әлуметтік экономикалық  категория бойынша  еңбекақының  маңызын  қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қатыстыру  қажет.

      Қызметкер үшін еңбекақы  оның жеке  табысының  негізі және басты бөлігі  болып  табылады,  сонымн қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың  әл ауқат деңгейін  жоғарылататын  құрал болып саналады. 

      Жұмыс беруші үшін  еңбекақы өндіріс шығындары  болып саналады. Жұмыс  беруші әсіресе  бұйымның  кететің  шығындарды барынша  азайтуға  тырысады.

      Еңбекақы  кәсіпорын  қызметкерлері үшін  маңызды ынта және еңбек төлемінің  нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік  қызмет  атқарады.

      Еңбекақы  төлеудің  ақшалай және заттай  нышандары бар.

      Еңбек ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл ой қаблеттілігін көрсетеді. Еңбекақыны ұйымдастыру жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Еңбекақы бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетің төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады . Жұмыс күші бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетің заттардың жинақ құны.

      Жұмыстың басты мақсаты – Еңбекақы ұйымдастыру теориясының мәнін, мазмұнын, қағидаларын, түрлерін, күрделілігн, есеп жүргізу шарттарын, маңыздылығын талдап, толық қамту.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      1 ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 

      1.1 Еңбекақының мәні мен қағидалары 

      Еңбекақы  – еңбек құнының (бағасының) ақшалай  өлшемі. Бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңыздық экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісіне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпклікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттелінеді. Еңбекақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтасына және олардың бағасына елеулі әсер етеді. Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға көшу кезінде минимальды деңгейдегі еңбекақыны мемлекет кепілдендіреді және жоғарғы деңгейдегі еңбекақыға шек қойылмайды. Бұл еңбекті материялды ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты құралы болып, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға ықпал етеді.

      Еңбекақаны  дифференцияциялау және оның принциптері. Еңбекақы деңгейі халық шаруашылығы саласына қарай өзіндік ерекшелігімен айқындалып, ол бес принципке негізделген.

      Бірінші принцип – еңбектің күрделігі. Күрделі, біліктілікті (квалификацияланған) еңбек  жай еңбекке қарағанда молдау құндықұрайды және оған еңбекақы жоғары болуы тиіс.

      Екінші  принцип, еңбек жағдайына қарай  жіктеу. Еңбек жағдайы жеңіл және ауыр; қалыпты және зиянды болуы  мүмкін. Сондықтан қалыпты жағдайда еңбек еткендерге қарағанда, ауыр әрі  зиянды жұмыс істейтіндер жалақыны көп алуы қажет.

      Үшінші  принцип, еліміздің дамуын байқататын экономиканың ең қажетті салаларында  басқаларына қарағанда өсім мен  ақы төлеу жоғары болады.

      Төртінші  принцип, экономикалық аудан мен  аймақтың табиғи – климаттық жағдайының өзгешелігімен байланысты. Еңбекақыға әртүрлі экономикалық аймақтарда аудандық коэффициент белгіленіп, жалақыға қосымша түрінде қосылады. Қазақстан Республикасында бұл коэффициент 1,15-ті құрайды. Демек, елмізде барлық салаларда жұмыс істейтіндер жалақысына 15% қосымша қосып алады.

      Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 9-шы қаңтардағы «Қазақстан Республикасы экономика  саласындағы жұмысшыларға еңбекақы төлеу туралы» қаулысына сай, еңбекақыны есептегенде қолданып жүрген салалық, аудандық коэффициенттер размері  сақталады. Таулы, құмды және сусыз жерлердегі жұмыс үшін, экономикалық келеңсіз аймақта тұратындарға коэффициенттер сақталады.

      Бесінші принцип, жұмыскер өзі еңбек ететін жердегі және жалпы ұжымның еңбек нәтижесімен байланысты.

      Еңбекақының мәні. Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда 2 тұжырымдама бар:

  1. Ебекақы еңбек бағасы, оның дәрежесі мен динамикасы, нарықтық факторлар сұраныспен және ұсыныспен анықталады.
  2. Еңбекақы – жұмыс күші, тауардың бағасы, еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, еңбек тауар бола алмайды, еңбекақы өндіріс жағдайымен де, нарықтық факторлар сұраныс, ұсыныс пен де анықталады, олардың ауытқуы еңбекақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.

      Еңбек ақы жөніндегі саясат кәсіпорында  басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі,еңбек ақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта естен шығармауға тиіс.

      Еңбек ақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, сомына және шығарға қажетті өнім көлеміне сәкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбек ақы бюджетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болады. Былайша айтуға болады – еңбек ақы кәсіпорын қызметкерлері жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кететін шығындардың бір бөлігі. Бұлардан басқа еңбек ақыны мұндай факторлар анықтайды:

      Жұмыс күші, яғни құны. Бұл қызметтердің өміріне  қажет және оның еңбек қабілетін  қалпына келтіруге жәрдемдесетін  заттардың жинақ құны. Бұларға  жататындар:

      – Жұмыскердің қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік құны;

      – Оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар;

      – Оның отбасының өмір сүруіне қажетті  заттардың құны;

      Нақтылы жұмыс күнінің құны қажетті өнім көлемін анықтайды. Оның өзіндік  жұмыс күшінің құны әр елде әр түрлі  және уақыт өткен сайын өзгеріп те отырады.

      Жұмыскердің еңбек өнімділігінің өсуі. Ол еңбек  ақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бірақ, оның өзіндік еңбек өнімділігінің  өсуі еңбек ақының өсуіндей шапшаң болады.

      Жұмыс күшінің біліктілеу және еңбектің түрі. Мысалы: күрделі, қиын жұмыстардың ақысы неғұрлым жоғары болады. Ал сирек және қауіпті мамандық немесе ерекше талантты адамдардың шығармашылық еңбектері және т.б. жоғары бағаланады.

      Қажетті өнімнің әлеументтік дәрежесі. Қазіргі  қоғамда қажетті өнімнің барлығы  жұмыскерге жеке еңбек ақы түрінде берілмейді. Қажетті өнімнің бір бөлігі әлеументтенеді және әр түрлі салық, есептеп беру арқылы мемлекетке қоғамдық тұтыну қорына кетеді.

      Кәсіпорында жалақы саясаты әзірлеуде және оны  ұйымдастыруда жалақының мына төмендегі  принциптерін еске алу керек:

      – Әділдігі, яғни тек еңбекке тең  жалақы;

      – Істелмеген жұмыс есебінің қиындылығы және еңбек біліктілігінің деңгейі;

      – Зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегінің есебі;

      – Еңбек сапасына және еңбекке қатыстылығының адамдығы үшін ынталандыру.

      – Ақаулық жібергені және өзінің міндетіне  жауапсыздықпен қарағандығынан жағымсыз жағдайлар болғаны үшін материялдық  жазалау;

      – Еңбек өнімділігінің өрлеу қарқыны  арта жалақының өрлеу қарқынына  қарағанда озық жүруі;

      – Инфляцияның деңгейіне сай жалақыны индекстеу;

      Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарындағы жалақылардың айырмашылықтары мынадан  тұрады;

      – Мемлекеттік иелігіндегі кәсіпорындарында жалақы үкімет актілерімен реттеледі, ал жеке кәсіпорындарында кәсіпорын  әкімшілігі шешімімен;

      – Мемлекеттік кәсіпорындарда жалақы тіркеледі; яғнитұрақты болады.

      – Мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс  орны мен жалақыкепілді, ал мемлекеттік  емес кәсіпорындарда олар оның экономикалық жағдайына қарай анықталады.

      Жалаұқы еңбек ақы, жалақы, ақы төлеу деген  ұғымдарға тоқталатын болсақ: орындалған тапсырма, атқаратын жұмыс, қызмет үшін азаматтық құқықта кездесетін ақы төлеу деген ұғым бар. Мұның бәрі азаматтық шарт, келісімдер арқылы жүргізіледі. Сондықтан олар азаматтық құқық-қатынастар саласына жатады. Ал еңбек ақы, жалақы туралы ұғымдарды алсақ, олар еңбек құқығы мен копператив-калхоз құқығы салаларында кездесетін нақтылы, тірі еңбекке, жұмсалған еңбектің саны мен санасына қарай белгіленген нормалар мен төленетін ақы. Осылайша олар еңбектің құқық қатынастарының құрамына енеді. Және еңбек құқығының дербес құқықтық институты болып есептеледі. Сонымен қатар ескерілетін нәрсе, біз еңбек құқықтары қатынастары мен еңбек құқығын кең көлемде алмақпыз. Сауда экономикасының барысына қарай оны калхоздікі, коперативтікі немесе өндірістікі деп бөлмейік. Бәрі де бағыттағы еңбек процесі болғандықтан,еңбек құқығын универсалдық кең шеңберде қарап отырамыз.

Информация о работе Валюталық жүйе мәні элементтер