Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 12:29, курсовая работа
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Еңбекақыны ұйымдастыру және нарықты экономика жағдайындағы ерекшеліктері». Осы жұмысым арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым – қазіргі кездегі қоғамдағы алып отырған өзекті мәселенің бірі – еңбекақыны ұйымдастыру мәселесі.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Еңбекақының мәні мен қағидалары.....................................................................5
1.2 Еңбекақының түрлеріне жалпы сипаттама.........................................................9
1.3 Еңбекақының нысандары мен жүйелері...........................................................11
2 ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Еңбекақы төлемін ұйымдастыру ісіндегі тарифтік жүйе мәні.......................17
2.2 Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесінің мәні....................................................24
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңы.........................................26
3.2 Еңбекақы тағайындауды жетілдіру жолдары...................................................27
ҚОРЫТЫНДА...........................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................30
Кәсіпкер қызметкерлерге қамқорлық жасауы қажет:
Кейбір батыстық кәсіпорында қолданылатын жұйе бойынша еңбекақы үш бөлікке бөлінеді. Бір бөлігі еңбек пен қызмет міндеттерін атқарғаны үшін, кәсіпорындағы міндеттері ұқсас барлық қызметкерлерге бірдей еңбекақы төленеді. Екінші бөлігі қызмет еткен жылдары мен күнкөріс құнының өзгеру факторына сәйкес белгіленеді, соңғысының әсіресе, инфляцияның шарықтаған кезінде маңызы зор. Бұл бөлікті кәсіпорынның барлық қызметкерлері алады, бірақ оның мөлшері нақты қалыптасқан жағдайға сәйкес өзгеріп отырады.
Еңбекақының үшінші бөлігі әр қызметкер үшін жеке есептеледі және ол алдыңғы жұмыс кезеңінде қол жеткіген нәтижесіне сай анықталады. Нашар жұмыс істеген қызметкер өз еңбекақысының осы үшінші бөлігі қаншалықты аз екендігін байқаса, жақсы қызметкер үшінші бөліктің алғашқы екеуінің қосындысына тең екендігін көреді. Алайда, үшінші құраушы бөлік қатып алған шама емес, еңбек көрсеткіштеріне орай жоғарылап немесе төмендеп отыруы мүмкін.
Адам іс-әрекетінің уәждері. Әр түрлі қажеттіліктерді (қажеттілік деп келеңсіздікті болдыратын әлде бір нәрсенің жетіспеуін айтамыз) қанағаттандыруды қамтамасыз ету адамды белсенді болуға, соның ішінде еңбекке жетелейді.
Қажеттіліктер табиғи (тамаққа, суға және т.б.) және әлеуметтік (ардақтауға, атаққа); туа біткен (қарым-қатынаста болуға) және өмір сүру кезінде иеленген (оқуға); біріншілікті (өмір сүруді қамтамасыз ететін факторларға) және екіншілікті (жеке тұлғаның даму жағдайларына); материалдық және материалдық емес түрлері болуы мүмкін.
Адам қажеттіліктерді сезінген кезде, оларды қанағаттандыруға деген ұмтылыс пайда болады, сондықтан да оны орындауға мүмкіншілік беретін ынта-жігер туындайды. Бұл – нақты іс-әрекетке итермелейтін ішкі оятушы күш. Алайда оларды орындауға нақты мүмкіндіктер болған жағдайда ғана, ынта оның уәжі болып, адамдардың іс-әрекетіне әсер етуі мүмкін.
Еңбек
мотивациясы – бұл
-
қызметкер қанағаттандырғысы
-
осы қажеттілікті
- игілікті алуға қажет – еңбек ету іс-әрекеті;
-
еңбек іс-әрекетін орындауға
ҚОРЫТЫНДЫ
Қандайда болмасын кәсіпорында өнім шығарудың артуы, соның есебінен олардың экономикасының дамуы еңбекақының дұрыс жолға қойылуына тікелей байланысты. Нарықтық жағдайда еңбекақыға деген көзқарас өзгеруде кім көп жұмыс істесе, сол көп табыс табуы тиіс.
Тауарды сатудан түскен қаржылар тауар өңдірушілердің еңбектерінің сандық және сапалық бағалығының және жеке табыстарының негізгі көздері жоғары өлшеміне айналады.
Еңбекақының нысаны мен жүйесі еңбекақының шамасы, еңбектің саны мен сапасы арасындағы байланысты белгілейді және өз еңбегінің қортындысына байланысты еңбекақының белгілі тәртібін есептейді.
Кәсіпорында жұмыс істейтің жұмысшылардың еңбек өнімділігінің өсуі ол еңбекақыны ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қызметкерлер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы
өндіріс шығындары болып
Еңбекақы төлеудің заттай және ақшалай нышандары бар. Қызметкерлерге ақшаны өзінің қажеттеліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма еңбекақы төлеудегі ең басты нышандардың бірі болып саналады. Қазіргі кезде еңбекақының заттай нышаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлеудің мұндай нышанын ақша айналымының бұзылуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. «Кәсіпорын экономикасы» оқу құралы, А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов, Алматы, «Экономика» 2003ж.
2. «Кәсіпорын экономикасы» оқу құралы, Г.Ө.Жолдасбаева, Ө.Қ.Шеденов, Алматы, «Экономика» 2005ж.
3. «Шаруашылық есеп жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» оқу құралы, В.Л.Назарова, Алматы, «Экономика» 2005ж
4. «Экономикалық теория» оқу құралы, С.К.Акимбеков, Алматы, «Экономика» 1999ж.
«Экономика» 2002 ж.
6. 1999 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңы.
7. «Кәсіпорын экономикасы» оқу құралы, Г.К.Укибаева, С.А.Карибжанова, Алматы 2003ж.
8. «Қазақстан
экономикасын басқару
9. Аяпова Ж.М., Арынов Е.М. «Іскер адамның орысша қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі», Алматы «Инкар», «Тұлға», 1993ж.
10. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы», оқу құралы, Алматы, «Экономика» 2003.
11. Мельников
В.Д., Ли В.Д. «Қаржының жалпы курсы» оқу
құралы, Алматы, Қазақ университеті, 2005.