Валюталық жүйе мәні элементтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 12:29, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Еңбекақыны ұйымдастыру және нарықты экономика жағдайындағы ерекшеліктері». Осы жұмысым арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым – қазіргі кездегі қоғамдағы алып отырған өзекті мәселенің бірі – еңбекақыны ұйымдастыру мәселесі.

Оглавление

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Еңбекақының мәні мен қағидалары.....................................................................5
1.2 Еңбекақының түрлеріне жалпы сипаттама.........................................................9
1.3 Еңбекақының нысандары мен жүйелері...........................................................11
2 ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Еңбекақы төлемін ұйымдастыру ісіндегі тарифтік жүйе мәні.......................17
2.2 Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесінің мәні....................................................24
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңы.........................................26
3.2 Еңбекақы тағайындауды жетілдіру жолдары...................................................27
ҚОРЫТЫНДА...........................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................30

Файлы: 1 файл

нарықтық экономика жағдайындағы еңбеақы.doc

— 225.00 Кб (Скачать)

      Адам  еңбегі жұмысқа жарамды, еңбектік қабілеті бар адамдардың жұмыс істеуі тіршілігі. Сөйтіп еңбек процесі басталады. Ол дегеніміз адамның жұмыс күшімен құрал-саймандардың қосылу арқасында болатын іс. Мұның нәтижесінде өнім туады, пайда, табыс деген ұғым шығады. Бұлардың бәрінің бастамасы адам, оның жұмыс күші, оның еңбектік қабілеті. Тек еңбектік қабілеті бар адамдар еңбек қатынастарына араласа алады.

      Еңбек ақының анықтамасын, ежелде, іске пайдаланған  жұмыс күшінің құны деп атайды, Өйткені жұмыс күшінің құны жұмыскердің  күн көруіне қажетті затқа  сай келсе керек. Ол заттардың  өзі қажетті еңбекке, демек, қажетті  жұмыс уақытының баламасына байланысты.

      Сонымен еңбек ақы дегеніміз не? Бұл  жөнінде қазір айтылып жүрген екі ұғым бар. Бірі – жұмыс күнінің  құны, екіншісі – істелген еңбектің саны мен сапасына қарай төленетін  ақы. Осының қайсысы дұрыс? Жұмыс  күшінің құны деке дұрыстау. Бірақ оған қосып мынадай түсінік беруіміз керек. Біз көпке дейін жұмыс күші товар емес деп келдік. Өйткені, ол нарық, сауда қатынастарына, яғни сатып алуға жатпайтын дүние деп келдік.

      Шындығын  алып қарағанда, жұмыс күші қазіргі  саудалық экономика жағдайында саауда базарына түсіп отыр. Еңбек биржасына,еңбек нарығына яғни еңбек саудасына түсіп отыр. Жұмыс күшідеп әр адамның ьойында бар еңбектік қабілеттік,ой, қол-күшін пайдаланып, белгілі бір мақсатта іске асыру, өнім өндіру деп білеміз. Еңбектің сонымен сапасын сипаттайтын жалпы қасиеттеріне оның өнімділігі жатады. Әрине еңбек ақы төлемдерде еңбектің осы қасиеттерінің бәрі ескеріледі. Сондықтанда еңбектің саны мен сапасы еңбек ақы анықтамасының құрамына енеді.

      Сөйтіп, еңбек ақы, яғни жалақы дегеніміз  жұмыскелер еңбегімен өндірілетін қажетті өнімнің ақшаға айналдырылған бейнесі.

      Іс  жүзінде еңбек ақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады  – кесімді және мерзімді.

      Мерзімді  еңбек ақы деп – нақты істеген  уақыты үшін еңбек ақының мөлшері  не тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын айтады. Мерзімді еңбек ақының нысаны жаймерзімділік және сыйақылы- мерзімділік болып бөлінеді.

      Жай мерзімділік жүесінің кезінде өзіне  берілген тарифтік мөлшерлемесі немесе нақты істелген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбек ақы есептелінеді.

      Кесімді еңбек ақы төлеген кезде алдын-ала  белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептеледі.Кесімді  еңбек ақы нысаны келесідей еңбек  ақы жүесіне бөлінеді:

      Кесімді-сыйлық – бұл қосымша марапаттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылар:

      Кесімді –прогрессивті еңбек ақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың  белгіленген нормадан артық өндіргені  үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады.

      Жанама  кесімді еңбек ақы төлемі. Мұнда  қосалқы және басқа да жұмысшылардың  еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскесінің, цехтық негізгі жұмысшылардың төлем-ақысына  шаққандағы процентімен анықталады.

      Еңбек ақының аккордтық жүесі. Бұл жүеде  жұмысшылардың еңбек төлемін нормаланған және жұмыс көлемінің орындалуы және алдын-ала кешендік жұмыстың тұтастай орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы бойынша анықталады.

      Болашақта өндірісті кешенді түрде механикаландыру  мен автоматтандырудың дамуы, мамандықтарының жетілуі, еңбек төлемінде нақты сараландырудың кемуі кесімді жүенің қолданыс шамасын қысқартады, ал оларды жұмысшылардың еңбек төлемінің мерзімділік – ұжымдылық және

      мерзімділік сыйақылық жүелеріне аламастыруы  мүмкін. Жалпы еңбек ақының мерзімдік нысаны жұмыс істеушілердің біліктілігін көтеру және еңбек тәртібін нығайтуды ынталандырады:

        
 
 

      1.2. Еңбекақының түрлеріне  жалпы сипаттама 

      Еңбекақы  төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.

      Негізгі – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалар мен қызметақы бойынша есептелетін еңбекақының құрамына мыналар кіреді:

  • жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалар немесе орташа табыстар бойынша есептелген еңбек ақы;
  • қызметпен өткерген жылдары үшін үстеме;
  • жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақыалушыларға қосымша қызмет (материялдардың сәйкессіздігі, өңдеудің күрделілігі, құрал-сайман мен жабдықтың икемсіздігі);
  • кесімді ақы алушыларға үстемелі бағалар бойынша қосымша ақы;
  • ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
  • мерзімінен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
  • түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;
  • жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер.

      Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында  жұмыс жасамаған уақытына Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес есептелген еңбекақы. Қосымша еңбекақының  құрамына кіретіндер:

      - балаларын тамақтандырушы аналарына  жұмысындағы үзіліс уақытына төлемақы;

      - жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;

      - мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді  орындауға жұмсалған жұмыс уақытына  төлем;

      - негізгі және қосымша демалыстар  уақытына төлем;

      - пайдаланылмаған демалыс үшін  өтемақы;

      - жұмысқа шыққанды берілетін жәрдемақы.

      Еңбек – ақыны  фирма  өндіріс  төмендегенде  төмендетпейді,  ал  өрлеу  кезінде  квалификациясы жоғары жұмыскерлердің еңбекақысын  күрт көтермейді. Ақшалай  жалақының динамикасы тегістеледі. Өндіріс құлдырағанда  жалақы    төмендемейді,  ал  өрлеу  кезінде  күрт  емес,  бірте – бірте  өседі.  Жалақы  дәрежесінің  өсуі  белгілі  болжамдалған  шеңберде  өзгеріп  отырады.

      Нақты  жалақы  - бұл  тауарлардың  болып  тұрған  баға  дәрежесінде  төленген  жалақының  ақшалай  сомасына   жұмыскерлердің  сатып  алатын  тауарлардың  саны.

      Еңбегіне  қарай бөлу заңы социализмнің басқа  да экономикалық заңдарымен тығыз қарым-қатынаста  болады. Өйткені,  еңбекақы жұмысшы  күші ұдайы өндірісінің материалдық  негізі — қоғамдық қажетті өнімнің  бір ғана бөлігі. Бұл ұдайы өндірістің басқа да материалдық негізі бар, сол себепті еңбек ресурстарының ұдайы өндірісі оптимальды қалыпта өркендейді.

      Қорыта  айтқанда, жалақы еңбектің түпкі нәтижесіне сай келетіндей деңгейде болуы шарт.

      Социализм тұсында игіліктерді бөлудің іріленген екі формасы бар. Олар еңбегіне қарай бөлу және қажеттіліктерді ескере отырып бөлу. Біріншісінің мақсаты, көрінісі — еңбекақы (жалақы), екіншісінің көрінісі — қоғамдық тұтыну қоры. Енді осыларды қысқаша баяндаймыз.

      Еңбекке қарай бөлудің нақтылы формалары еңбекақы және жалақы арқылы жүзеге асады. Социализмде жалақы сипаты мүлдем өзгеше. Ол капитализм тұсындағы жұмысшы күші құнының және бағасының өңі өзгерген формасы бола алмайды. Жалақы қажетті еңбекпен жасалған қажетті өнімнің негізгі белігі. Күрделі экономикалық қарым-қатынастарды білдіреді. Оның негізгілері: қоғам мен жеке еңбекшілер, еңбек коллективтері, еңбек коллективі мен қызметкерлер арасындағы және т. б. экономикалық қатынастар. Демек, еңбекақы экономикалық қатынастар жүйесінің жиынтығы.

      Социализмдегі жалақы дегеніміз не? Жалақы енбекке  қарай бөлудің нақтылы формасы, халық табысының құрылуының және қалыптасуының қайнар бұлағы.

      Жалпы халықтық кәсіпорындарында өндірілетін, қызметкерлердің қоғамдық өндірісте  шығындалған еңбегінің саны мен  сапасының нәтижесіне сай жұмысшы күшінің ұдайы өндірісіне әртектес тұтыну игіліктерінің келіп түсетін қажетті өнімнің негізгі бөлігін еңбекақы дейміз.

      Еңбекақыны  дұрыс ұйымдастыру жеңіл-желпі  іс емес. Көптеген жағдайларды ескеруге тура келеді. Атап айтқанда: өнім шығаруға қажетті еңбек мөлшері, сапасы, нормасы; қызметкерлердің мамандық дәрежесі, жалпы және кәсіби білімі; халық шаруашылық саласының маңызы, территориялық ерекшелігі, жұмыс жағдайы т. б.

      Еңбек сапасы орындалатын жұмыстың күрделілік, маңызын көрсетеді.

      Еңбек мөлшері дегеніміз нақтылы өнім өндіруге кететін қызмет процесінде шығындалған бұлшық ет және жүйке  энергиясының жиынтығы.

      Белгілі бір өнім өндіргенде еңбек шығынының  нақтылы қоғамдық қажетті көлемін (шамасын) еңбек нормасы деп атаймыз. Еңбек нормасы өндірістің нақтылы жағдайына байланысты оқтын-оқтын өзгеріп отырады. Еңбек нормасының көптеген түрлері бар. Олар: уақыт, өнім шығару, қызмет көрсету, еңбек істейтін адам саны және т. б. нормалар.

      Еңбекті нормалаудын негізгі екі әдісі  бар. Олар: тәжірибелі-статистикалық және ғылыми-техникалық негізделген әдістер. Кейінгісін аналитикалық әдіс деп те атайды.

      Еңбекті дұрыс нормалау ақы төлеуді жетілдірудің негізгі жолдарының бірі.

      Социализмде жалақынын, көптеген формалары мен  жүйелері болады. Атап айтқанда қандай формалары бар? Ол екеу: мерзімді және кесімді жалақы. Жалақының мөлшері нақты істелінген жұмыс уақытының шамасына және қызметкерлердің мамандығына байланысты төленсе оны мерзімді жалақы деп атайды. Егерде жалақы мөлшері кажетті сапада шығарылған өнімнің мөлшеріне қарап төленсе, оны кесімді жалақы деуге болады. Екіншісі біріншісінің өңі өзгерген формасы. Ол еңбекті нормалауға тікелей байланысты. Ал еңбекті нормалау елімізде, сондай-ақ республикамызда өз дәрежесінде емес.

      Нақтылы жұмыс жағдайын ескере отырып еңбекақы формаларының түрленуі жалақы жүйесі деген ұғымды береді. Бұл өндірістік қатынасты білдіретін экономикалық категория. Жалақы жүйесі алуан түрлі.

      Мерзімді  ақы төлеу негізінен екі жүйені қамтиды. Олар: жай мерзімді және мерзімді-сыйлықты жүйелер.

      Кесімді жалақы жүйелері: тікелей кесімді, кесімді-сыйлық, кесімді прогрессивті болып белінеді. Кесімді жалақының түрленуін  жеке, коллективті және аренда арқылы еңбекақы төлегенде қолданатындығынан  анық көруге болады. Елімізде өнеркәсіпте 95 процент, құрылыста — 40 процентіне кесіміді сыйлық жүйесі бойынша еңбекақы төленеді.

      Жеке  және коллективтік кесімді, аккордты еңбекақы жүйесінде іс жүзінде қолданылады. Кейінгі кезде коллективтік еңбекақы төлеу кең етек жайды. Бұл формада  ақы көлемі бригаданың, цехтың және басқа бөлімшелердегі жұмыс істейтіндердің ақтық еңбек нәтижесіне тәуелді. Еңбек өнімділігін арттыруға себепкер.

      Халық шаруашылық саласының көпшілігінде жалақы екі бөліктен тұрады: Негізгі  және қосымша жалақы.

      Жұмысшыларға  тарифтік ставка, ал басқа кызметкерлер мен қызметшілерге олардың лауазымдық окладтарына сәйкес төленген еңбекақы жалақының негізгі бөлігі ұғымын береді. Ал, берілген нормамен салыстырғанда қосымша нәтижелерге қолы жеткені үшін ынталандыру (сыйлық беру) және сан алуан басқа да нәтижелері мен игілікті істерді жүзеге асырғаны үшін үстеме ақы төленеді. Бұны жалақының қосымша бөлігі деп атаймыз. 
 

      1.3. Еңбекақының нысандары  мен жүйелері 

      Нарыққа көшу кезеңінде экономикалық қатынастарды реформалау осы кезеңге парапар  еңбекақы төлеу тетігін  құрудың  тұжырымдамалы негізін жасау  қажеттілігінен  туындайды. Казіргі уақытта  бұл талапты Қазақстан Республикасында  өріс алып отырған  экономикалық өзгерістерді алға тартып отыр.

      Мемілекет меншігін күрт жекешелендіру, ірі шаруашылық субьектілерін  шетел инвистицияларына сату немесе баскарға беру  және осылардың негізінде әлеуметтік мәртебесі әр түрлі қоғамдық топтарды- жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмыскерді  топтастыру –«еңбекақы» санатына жатқызылатын көтеген теориалық және әдістемелік ережелерді  қайта қарауды  талап етеді.

      Социализмнің  экономикалық  қатынастар жүйесінде  еңбекақы жұмыскерге (қызметкерге) оның жұмсаған еңбегінің мөлшері мен  сапасына  сәйкес берілетін  қоғамдық  ұлттық  табысының  бөлігі бір  жақты  түсіндірілетін. Бұл санатың дәл осы сипаттағы түсіндірмесі экономикалық әдебиеттерде  басым болды. Анықтама сөздігіндегі берілген анықтаманы  мыса ретінде келтіруге болады: «Еңбекақы-ұлттық табысты жеке тұтыну қорындағы жұмыскерлер мен қызметкерлердің ақшалай көрсетілген үлесі: қажетті өнімнің негізгі түрін құрайды және олардың жұмсаған еңбегінің мөлшері мен сапасына сәйкес улестіріледі».

Информация о работе Валюталық жүйе мәні элементтер