Валюталық жүйе мәні элементтер

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 12:29, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Еңбекақыны ұйымдастыру және нарықты экономика жағдайындағы ерекшеліктері». Осы жұмысым арқылы менің көздеген ең негізгі мақсатым – қазіргі кездегі қоғамдағы алып отырған өзекті мәселенің бірі – еңбекақыны ұйымдастыру мәселесі.

Оглавление

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Еңбекақының мәні мен қағидалары.....................................................................5
1.2 Еңбекақының түрлеріне жалпы сипаттама.........................................................9
1.3 Еңбекақының нысандары мен жүйелері...........................................................11
2 ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕЛЕРІН ТАЛДАУ
2.1 Еңбекақы төлемін ұйымдастыру ісіндегі тарифтік жүйе мәні.......................17
2.2 Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесінің мәні....................................................24
3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕКАҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңы.........................................26
3.2 Еңбекақы тағайындауды жетілдіру жолдары...................................................27
ҚОРЫТЫНДА...........................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................30

Файлы: 1 файл

нарықтық экономика жағдайындағы еңбеақы.doc

— 225.00 Кб (Скачать)

      - сыйлықтар, сыйлықақылы  үстемелер және т.б.

      Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім шарттарда  және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған  уақыттар үшін төлемдер жатады:

      - демалыс уақыттарына ақы төлеу;

      - мемлекеттік және қоғамдық   міндеттерді орындаған уақыттары  үшін  ақы төлеу;

      - кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы  үзілістері үшін ақы төлеу;

      - жасөспірімдерге белгіленген  жеңілдік сағаттарға  ақы төлеу.

      Жұмыстың  негізгі түрлерінің  толық  сипаттамасынан  тұратын  және өнеркәсіптің әрбір  саласын құрастырылған  тарифтік  біліктілік  анықтамасының  негізінде  жүргізіледі.  Анықтаманы және  оның  қолданылу тәртібін  Қазақстан Республикасының  Үкіметі  бекітеді.

      Тарифтік  мөлшерлеме – бұл  жұмыс уақытының  бірлігі үшін, (сағат, күн,  ай) біліктіліктің  айқын күрделілігінде еңбек нормасын  орындаған  қызметкердің  еңбекақысының  белгіленген мөлшері.

      Тарифтік тор – бұл  разрядтардың  және оған меншіктелінген  тарифтік коэффициенттердің арақатынас мәкілі. Тарифтік тордағы разрядтардың  саны және тарифтік коэффиценттер арасындағы алшақтықтар әртүрлі және олар өнеркәсіптің әр түрлі саласында орын  иемденген нақты ерекшеліктермен және бөлінісінің дәрежесімен анықталған.

      Лауазымды жалақы  қызметкерлердің  атқаратын  қызметтеріне байланысты бекітілген еңбекақының  абсолюттік мөлшері.

      - қызметкерді босату кезінде жұмыстан шығардағы жәрдемақыны төлеу.

      Кәсіпорында еңбекақыны төлеуді ұйымдастыру үш өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен анықталады:

      - тарифтік жүйе;

      - еңбекті нормалау;

      - еңбекақы төлеудің нышаны.

      Тарифтік  жүйе әр түрлі топтағы және категориядағы  қызметкерлердің еңбектерінің  сапалық  сипаттамасына тәуелді олардың еңбекақыларын  саралауды және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамассыз ететін норматифтердің жиынтығын көрсетеді.

      Тарифтік  жүйеге:

      - сағатына немесе күніне еңбекақы мөлшерін анықтайтын тарифтік жүйе;

      - еңбекақы төлеудегі жұмыстың  және жұмысшылардың әр түрлі разряд  арасындағы арақатнастарын көрсететін  тарифтік тор;

      - тарифтік тормен сәйкес жұмысшылардың  және жұмыстың разрядтарын анықтауға болатын тарифтік біліктілік  анықтамалар кіреді.

      Жұмысты тарифтеу – бұл  еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін  біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.

      Тарифтік  разряд қызметкердің біліктілігін  және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін  шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияларда,  әр жұмыста қолданылады.

      Еңбекті тарифтеу және тарифтелуразрядының  қызметкерлерге иемденіп кетуі қызметкердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген.

      Нарық  жағдайында тауар ретінде еңбек  өнімінің нарығы мойындаған  еңбекақы төлемі жұмсалған шығындарға емес, еңбектің нәтижесіне  төленеді. Тауарларды  өткізуден түскен қаражаттар тауар өндірушілердің еңбегінің саны мен сапасын  бағалаудағы және олардың жеке табыстарының  негізгі көзін  бағалаудағы жоғарғы белгі болып табылады.

      Еңбек қатнастарын реттеудің нормасы болып тарифтік келісімнің және ұжымдық келісім шарттың негізінде  жасалған жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың  арасындағы еңбекақы  төлеу бойынша  келісім шарттың қағидасы  табылуы керек.

      Реформада міндетті төлемге жататын мемлекеттік  әлуметтік норматив тәрізді еңбекақының ең аз мөлшері бекітілген. Ең  төменгі еңбекақы ең төменгі тұтыну бюджетінің негізінде тағайындалады және әлуметтік факторларға байланысты сараланады.

      Ең  төменгі еңбекақының  экономикалық мағнасы  өнімді еңбектегі және  жұмыс күшін ұдайы өндірудегі жұмысшының қаблеттілігін қолдауды білдіреді.

      Еңбекшілер  табысын кепілденген деңгейін қорғауды жүзеге асыратын бірінғай тарифтік тор  еңбекақы төлеу реформасының  негізі болып табылады.

      Осының  нәтижесінде, оның базалық  бөлігі болып, халық  шаруашылығының  саласындағы әрбір жұмысшыға кепілденген минималдық еңбекақы табылады. Еңбекақының екінші бөлігі ұйымдарда, кәсіпорындарда және  салаларда  балдық  жүйемен бағаланатын, разрятқа,  біліктілік топқа, атаққа және дәрежеге  байланысты,  жұмысшылардың  еңбек стаждарына, біліктіліктеріне, қаблеттіліктеріне  және қолда бар  ақшалардың  мөлшеріне байланысты төленеді.

      Еңбекақы  күрделі еңбекті  жақсы ынталандыру  үшін, кәсіпорындарда жауапкершіліктің деңгейі, орындалатын жұмыстың  күрделілігі, қызметкердің  біліктілігі және еңбекақының  деңгейі арасындағы тікелей байланыстарды орнатқан.

      Сонымен  Қазақстанның  қазіргі жағдайында, еңбекақыны реттеудің және жоспарлаудың  сұрақтарын шешуде мына есептерге көңіл  аударылуы қажет:

      - кәсіпорынның нарықтық  қызметінің және оның пайдалылығының  нәтижесі;

      - кәсіпорынның  кадрлыық саясатының есебі;

      - мамандыққа байланысты қызметкерлердің арасындағы, облыстар,  аймақтар арасындағы  жұмыссыздықтың деңгейі;

      - кәсіподақтардың  бәсекелестердің және мемлекеттердің әсерлері;

      - байланыс саласындағы кәсіпорындардың  саясаттары және т.б.

      Кәсіпорында еңбекақыны төлеуді  оңтайлы  ұйымдастыру  қызметкерлердің қызметін және еңбектің нәтижелерін ынталандыруға, өнімнің  рентабельділігін және пайдалылығын, дайын өнім және еңбек нарығының  бәсекеге қаблеттілігін қамтуға мүмкіндік береді.

      Еңбекақы  төлеудің оңтайлы ұйымдастырылуының  мақсаты кәсіпорынның  шаруашылық қызметінің нәтижесіндегі қызметкердің еңбектік салымы мен еңбекақы төлеу  шамасының  арасындағы сәйкестілікті  қамтамассыз ету, яғни тұтыну шамасы мен еңбек шамасы арасындағы сәйкестікті бекіту.

      Көптеген  Қазақстандық кәсіпорындарда еңбекақы төлеуді ұймдастыруының негізіне  мынадай  басты қағидалар тиісті:

      - еңбектің саны мен сапасына байланысты еңбекақыны жүзеге асыру;

      - кәсіпорынның салалық және аймақтың қажеттіліктеріне, еңбек жағдайына, қызметкердің біліктілігіне байланысты еңбекақыны саралау;

      - нақты еңбекақының ретті жоғарылауы, яғни көрсетілген еңбекақының  өсу қарқыны кезінде инфлясиядан жоғарылап кетуі;

      - еңбек өнімділігі  өсу қарқынының орташа еңбекақының өсу қарқынынан артып кетуі.

      Бюджет  салаларындағы қызметкерлерге тарифтік мөлшерлемені және қызметақыны белгілеу арқылы еңбекақының барлық түрінде  еңбекақының ең аз шамадағы көлемі және бірыңғай тарифтік кесте қолданады.

      Тарифтік-квалификациялық  анықтамаға шаруашылық саласының көптеген жұмыс түрлерінің сипаттамасы мен  тізімі кіреді. Жұмыстың бардық түрі күрделілілгіне қарай разрядқа бөлінеді және жұмыс  атрақушының білімі мен орындау  іскерлігіне талаптар көрсетіледі.

      Тарифтік сетка кез келген саладағы маман еңбегінің біліктілігі мен біліксіздігінің арсын айқындауға қызмет етеді. Сетка белгілі сандық разрядтардан тұрады және оған сай келетін коэффициенттер болуы керек.

      Тарифтік  ставка жұмыскердің разрядқа байланысты уақыт өлшемінде (сағат, күн) еңбекақы размерін айқындауға қызмет жасайды.

      Тарифтік  коэффициент әртүрлі разрядтың  ставкасы қанша ретке өскендігін 1-ші разряд ставкасымен салыстыра  көрсетеді.

      Атқарылған  жұмыстың күрделілігін (ауырлығын) анықтау, яғни орныдалған еңбекті белгілі бір күрделі жұмыстың түріне жатқызуды және қызметкерлерге біліктілік разрядын беруді жұмыс беруші жұмысшы кәсібі мен жұмыстың біліктілік анықтамалығына және қызметкерлердің біліктілік анықтамалығына сәйкес дербес жүзеге асырады.

      Еңбек заңына сәйкес бір айға белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық істейтін және өзінің еңбек міндетін (еңбек нормасын) орындайтын қызметкердің айлық еңбекақысы төменде келтірілетін белгіленген еңбекақының ең аз аз шамадағы мөлшерінен кем болмауы керек.

      1-кесте Бірыңғай тарифтік кесте

Разряд Тарифтік коэффициенттер Разряд Тарифтік коэффициенттер
1 1.00 12 2.20
2 1.07 13 2.37
3 1.15 14 2.55
4 1.24 15 2.74
5 1.33 16 2.95
6 1.43 17 3.17
7 1.54 18 3.41
8 1.66 19 3.67
9 1.78 20 3.94
10 1.91 21 4.24
11 2.05    

      Ескерту:

      а) жұмысшыларға разряд диапазоны 1-ден 8-ші разряд арсында;

      б) мұғалімдерге 6-дан 13-ші разряд арасында;

      в) жоғарғы оқу орындарындағы оқытущыларға 11-ден 21-ші разряд арасында.

      Үкіметтің 1996 жылғы 9-шы қаңтардағы «Қазақстан Республикасы экономика саласындағы жұмысшыларға еңбекақы төлеу туралы» қаулысында 1996 жылы қаңтардан бастап біркелкі тарифтік сетка (БТС) ендірілген.

      Халық шаруышылығындағы жұмысшы және қызметкерлерге кәсіптік-біліктілік топтар (разрядтар) бойынша біркелкі тарифтік сетка (БТС):

      Қаулыда еңбекақының минималды мөлшері  көрсетілген. Жұмыс беруші жұмыскерге одан төмен төлемеуі керек. Біркелкі тарифтік жүйенің (БТЖ) бірінші разрядының ставкасы осы минимумды көрсетеді.

      Еңбекақының 1997-ші жылғы минимальды мөлшері мынадай:

      1-ші  қаңтардан -2030 теңге

      1-ші  сәуірден -2060 теңге

      1-ші  шілдеден -2085 теңге

      1-ші  қазаннан -2340 теңге

      Мысалы, 18-ші разрядтағы жұмыскерге еңбекақы төленуін есептеп көрейік. Айталы, 1997 жылдың қаңтарынан 18-ші разрядпен республикадағы еңбекақы мынған тең: 2030*3.41=6922 теңге 30 тиын, оған 15% аудандық (қазақстандық) қосымшаны қосыңыз 6922*1.15=7960 теңге 64 тиын.

      Қазіргі жылғы, яғни 2009 жылдың 1-ші қаңтарынан 30-шы маусымына дейінгі заңға енгізілген өзгерістер бойынша еңбекақының минималды мөлшері 13470 теңгені құрады (шамамен 10 АЕК-ке тең, АЕК=1273 теңге). Ал соңғы енгізілген өзгерістерге сәйкес (1-ші шілдеден 31-ші желтоқсанға дейінгі уақыт) еңбекақының минималды мөлшері 13717 теңгені құрайды (шамамен 10 АЕК-ке тең, АЕК=1296 теңге).

      2-кесте Разрядтардың тарифтік мөлшерлемелері

Разряд Бір айлық тарифтік мөлшер- леме (қызметақы), теңге Разряд Бір айлық тарифтік мөлшер-леме (қызметақы), теңге 
1 (14000теңге*1.00)=14000 12 (14000теңге*2.20)=30800
2 (14000теңге*1.07)=14980 13 (14000теңге*2.37)=33180
3 (14000теңге*1.15)=16100 14 (14000теңге*2.55)=35700
4 (14000теңге*1.24)=17360 15 (14000теңге*2.74)=38360
5 (14000теңге*1.33)=18620 16 (14000теңге*2.95)=41440
6 (14000теңге*1.43)=20020 17 (14000теңге*3.17)=44380
7 (14000теңге*1.54)=21560 18 (14000теңге*3.41)=47740
8 (14000теңге*1.66)=23240 19 (14000теңге*3.67)=51380
9 (14000теңге*1.78)=24920 20 (14000теңге*3.94)=55160
10 (14000теңге*1.91)=26740 21 (14000теңге*4.24)=59360
11 (14000теңге*2.05)=28700    

Информация о работе Валюталық жүйе мәні элементтер