Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 10:45, контрольная работа
Осыған орай курстық жұмыс тақырыбын “Валюталық бағам өзгерісі” деп алдым. Бұл тақырыпты жазудағы негiзгi мiндеттерiме мыналар жатады:
- Валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау және оның мәнін ашу;
- Валюталық жүйенің маңызды элементі ретінде валюталық бағамның оның экономикалық маңызы мен мәнін ашу;
- Валюталық бағамға әсер етуші факторларды талдау және оның экономиканың тиімді әрі тұрақты дамуына қосар үлесін атап өту;
- Валюталық бағамды реттеуге байланысты операцияларды талдау және оның еліміздегі жүргізілу барысын көрсету болып табылады.
Кіріспе………………………………………………………………………….3
1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ
1.1 Валюта жүйе және оның негізгі элементтері……………………………5
1.2 Валюталық бағам және төлем балансы…………………………………10
2 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ӨЗГЕРІСІНІҢ ӘСЕРІ
2.1 ХҚЕС Валюталық бағам өзгересінің әсері…………………………….16
2.2 Шетелдік валютамен операцияларды қолданыстағы валютамен көрсету…………………………………………………………………..20
2.3 Қолданыстағы валютадан өзгеше ұсыну валютасын пайдалану……24
Қорытынды…………………………………………………………………..
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………
ЖОСПАР
Кіріспе……………………………………………………………
1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ
1.1 Валюта жүйе және оның негізгі элементтері……………………………5
1.2 Валюталық бағам және төлем балансы…………………………………10
2 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ӨЗГЕРІСІНІҢ ӘСЕРІ
2.1 ХҚЕС Валюталық бағам өзгересінің әсері…………………………….16
2.2 Шетелдік валютамен операцияларды қолданыстағы валютамен көрсету……………………………………………
2.3 Қолданыстағы валютадан өзгеше ұсыну валютасын пайдалану……24
Қорытынды………………………………………………………
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………
Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастарда басқа елдермен сауда, экономикалық қарым–қатынасқа түсуі үшін, шетелдермен экспорт пен импорта, әлемдік капитал ағымдарының іске асуына және шетел валюталырының еркін айналымын ұйымдастыруда, сонымен қатар халықаралық әр түрлі қарым-қатынасты іске асыру валюталық жүйе негізінде жолға қойылады.
Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірдігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қазіргі дүниежүзілік шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi.
Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде валюталық бағам, әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Ваюталық жүйе – ұлттық заңдылықтар немесе халықаралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы негізінде көрініс табады.
Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Жалпы экономиканың қызмет етуі бұл елдер арасындағы экономикалық және сауда, қаржы қатынастарына тікелей байланысты. Осы аталған қатынастардың жүзеге асуы негізінен валюталық нарыққа немесе валюталық бағамға тиесілі. Яғни, экономиканың негізі ақша немесе қаржы болса, әлемдік әр елдің ақша бірлігінің бір-біріне деген ара-салмағын айқындау көрсеткіші валюталық бағамға жүктеледі. Сондықтан, қай-қайсы елдің валюталық жүйесінің маңызды элементі валюталық бағам болып табылады. Себебi, халықаралық экономикалық қатынастар дамуы әрбiр елдердiң валюталары құнының арақатынасы өлшемiн талап етедi.
Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Ваюталық жүйе - ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi Қазақстан Рсепубликасының әлемдiк экономикалық қатынастарда ұтылмауы және әлемдік нарықта алдынғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы және валюталық бағамды ұлттық деңгейде тұрақтандырудың елiмiз үшiн маңызы зор. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де зор әсер етедi. Сондай-ақ бүгінгі таңда барлық экономиканың, қаржы жүйесінің және банктердің қызмет ету барысы тікелей валюталық бағамның өзгерісіне немесе оның жағдайына тікелей байланысты болады.
Осыған орай курстық жұмыс тақырыбын “Валюталық бағам өзгерісі” деп алдым. Бұл тақырыпты жазудағы негiзгi мiндеттерiме мыналар жатады:
- Валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау және оның мәнін ашу;
- Валюталық жүйенің маңызды элементі ретінде валюталық бағамның оның экономикалық маңызы мен мәнін ашу;
- Валюталық бағамға әсер етуші факторларды талдау және оның экономиканың тиімді әрі тұрақты дамуына қосар үлесін атап өту;
- Валюталық бағамды реттеуге байланысты операцияларды талдау және оның еліміздегі жүргізілу барысын көрсету болып табылады.
1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ
1.1 Валюта жүйе және оның негізгі элементтері
Валюта ( италиян сөзi , сөзбе - сөз – құн ) – елдiң ақша бiрлiгi , оның шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдыру және әлемдiк еңбек бөлiнiсiн интенсивтендiру халықаралық нарықтың құрылуына себепшi болды. Өндiрiс күштерiнiң дамуымен iшкi рыноктағы өркендеген салалардың өнiмiн сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетiлдiру – мiне осылардың бәрi әлемдiк сауда саттық байланыстардың кеңеюiне әсер еттi.
Әлемдiк шаруашылық байланысы өнеркәсiбi дамыған мемлекеттердiң өзара қарым қатынастардың тереңдеуi және осы елдердiң экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың өндiрiс пен әлемдiк айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына үлкен әсер еттi. Әлемдегi елдердiң қарым – қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие иегi жылдан – жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдағы ұдайы өндiрiс процесiнде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдiк нарыққа ұласады және де әрбiр егемен мемлекеттiң заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады.
Елдердiң әлемдiк шаруашылыққа интеграциялауына ақша капиталының бiр бөлiгiнiң ұлттық ақшадан шетел валютасына және керiсiнше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта есеп айырылысу және несие – қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуi барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығы бiлдiредi .
Валюталық қатынастардың жекеленген елементтерi ерте Грецияда және ертедегi Римдегi вексел түрiнде пайда болған. келесi даму кезеңiне Лиондағы және батыс европа елдерiнiң басқада сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкерлерi жатады . Мұнда аудармалы вексел бойынша есеп айырусылар жүргiзiлген. Феодолизм қарсаңында және өндiрiстiң капиталистiк тәсiлiнiң құрылуымен байланыста банктер арқылы халық аралық есеп айырысулар жүйелерi дами түстi.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың ұлттық және әсемдiк экономиксының дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арсындағы күштердiң шектi қатынастарына тәуелдi болып келедi. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның iшiнде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломация мен комерция, өнер кәсiптiк сауда мен өндiрiс бiр – бiрiмен өзара бетеме байланысуы валюталық қарыс – қатынастардың ұлттық және әлемдiк шаруашылықтағы орны ерекшелiгiн көрсетедi.
Капиталдың шеңбер айналысы процесiнде ұлттық нарықтан әсемдiк нарыққа қосылуы нәтижесiнде ұлттық ақшалардың iшiндегi ақшалай капиталының бiр бөлiгi шетел валютасына айналады немесе керiсiнше . Ол көрiнiстi халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелiк және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндiрiстiң сыртқы факторларға: әлемдiк өндiрiс динамикасы; шетелдiк ғылым деңгейiне, халық аралық сауданың дамуына, шетел капиталы ағымына арта түседi. Сондықтан да бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндiрiстiң арасында тiкелей және керi байланыстың болатынын көрсетедi. Халықаралық сауданың дамуына, валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндiрiс процентiне керi әсерiн тигiзедi.
Ваюталық жүйе ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi .
Валюталық жүйелер 3 түрге бөлiнедi:
1. ұлттық валюталық жүйе;
2. дүниежүзлiк валюталық жүйе;
3. аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе тарихта, ұлттық валюталық жүйе ең бiрiншi қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндiрiс процесiне қажеттi валюталық ресурсты сұрайтын және оны пайдалануға қөмектесетiн экономикалық қатынастар жиынтық бiлдiредi.
Ұлттық валюта дүниежүзлiк валюталық жүйемен тығыз байланысты. Дүниежүзлiк валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына қарай құрылған.
Дүниежүзлк валюталық жүйе – бұл халықаралық несие қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуiн қамтамасыз ететiн халықаралық келiсiм шарттары мен мемлекет аралық құқұқтардың нормалар кешенiн құрайды .
Аймақтық валюталық жүйе өнеркәсiбi дамыған елдердiң әлемдiк валюталық жүйе тереңдiгiне құрылады . Мысалы , европалық валюталық жүйе бұл еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердiң қоғамдастық валюта аймағында ұйымдастырылуы эконномикалық формасындағы катынастырды бiлдiредi.
Ұлттық және дүниежүзлiк валюталық жүйелер арасындағы байланыстар мен айырмашылықтары олардың негiзгi элементтерiнен көрiнедi. Оны келесi суреттен көре аламыз.
Ұлттық және дүниежүзілiк валюталық жүйенiң негiзгi элементтерi
Ұлттық валюталық жүйе
| Дүниежүзлiк валюталық жүйе |
1.Ұлттық валюта.
| Резервтк валютлар, халықаралық есептесу, валюталық бiрлiктер. |
2.Ұлттық валютаның алмастырылу шарты .
| Валюталрдың өзара алмастырылуы |
3. Ұлттық валюта паритетi.
| Валюталық паритеттiң ортақ режимi |
4. Ұлттық валюта бағамының режимi | Валюталық бағамдар режимiнiң регламентациясы.
|
5. Валюталық шектеудiң, валюталық бақылаудың болуы немесе болмауы . | Валюталық шектеудi мемлекет аралық реттеу
|
6. Елдiң халықаралық валюталық өтiмдiлiгiн реттеу. | Халықаралық валюталық өтiмдiлiктi мемлекет аралық реттеу.
|
7. Халықаралық несиелiк айналыс құралдарын пайдалануды регламенттеу. | Халықаралық несилiк айналыс құрылыстарды пайдаланудың ережелерiнiң бiртұтастығы
|
8. Елдiң халықаралық есеп айырысуларын регламенттеу. | Халықаралық есеп айырысудың негiзгi формаларының бiр тұтастығы.
|
9. Ұлттық валюталық рынок пен алтын рыногiнiң режимi. | Дүниежүзлiк валюталық рыноктар мен алтын рыноктарының режимi.
|
10. Елдiң валюталық қатынастарын басқаратын және реттейтiн үлттық ұйымдар. | Мемлекет аралық валюталық реттеудi жүзеге асыратын халықаралық ұйымдар.
|
Информация о работе Валюталық жүйе ж/е оның негізгі элементті