Валюталық жүйе ж/е оның негізгі элементті

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 10:45, контрольная работа

Краткое описание

Осыған орай курстық жұмыс тақырыбын “Валюталық бағам өзгерісі” деп алдым. Бұл тақырыпты жазудағы негiзгi мiндеттерiме мыналар жатады:
- Валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау және оның мәнін ашу;
- Валюталық жүйенің маңызды элементі ретінде валюталық бағамның оның экономикалық маңызы мен мәнін ашу;
- Валюталық бағамға әсер етуші факторларды талдау және оның экономиканың тиімді әрі тұрақты дамуына қосар үлесін атап өту;
- Валюталық бағамды реттеуге байланысты операцияларды талдау және оның еліміздегі жүргізілу барысын көрсету болып табылады.

Оглавление

Кіріспе………………………………………………………………………….3
1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ
1.1 Валюта жүйе және оның негізгі элементтері……………………………5
1.2 Валюталық бағам және төлем балансы…………………………………10

2 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ӨЗГЕРІСІНІҢ ӘСЕРІ
2.1 ХҚЕС Валюталық бағам өзгересінің әсері…………………………….16
2.2 Шетелдік валютамен операцияларды қолданыстағы валютамен көрсету…………………………………………………………………..20
2.3 Қолданыстағы валютадан өзгеше ұсыну валютасын пайдалану……24
Қорытынды…………………………………………………………………..
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………

Файлы: 1 файл

ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ123.DOC

— 251.00 Кб (Скачать)

        Қолданыстағы валютаны ауыстыру

    35. Өзінің қолданыстағы валютасын ауыстыру кезінде ұйым жаңа қолданыстағы валютаға қолданылатын қайта есептеу рәсімдерін басқа валютаға ауысқан күннен бастап преспективалы негізде қолдануға міндетті.  

  36.  13-параграфта атап көрсетілгеніндей, ұйымның қолданыстағы валютасы негіз қалайтын операцияларды, сол ұйымға қатысты оқиғалар мен жағдайларды бейнелейді. Тиісінше, қолданыстағы валюта анықталғаннан кейін оны басқа валютамен тек әлдебір негіз қалаушы операцияларда, оқиғалар мен жағдайларда өзгерістер болған кезде ғана ауыстыруға болады. Мысалы, тауарлар мен қызметтерді сату бағаларына басты ықпал ететін валютаның ауысуы ұйымның қолданыстағы валютасының ауыстырылуына әкеліп соғуы мүмкін.   

    37. Қолданыстағы валюта ауыстырылуының салдары есепте перспективалы негізде бейнеленеді. Басқаша айтқанда, ұйым барлық баптарды жаңа қолданыстағы валютаға валюта ауыстырылған күндегі бағам бойынша қайта есептейді. Ақшалай емес баптарды қайта есептеу нәтижесінде алынған сомалар есепте олардың тарихи құны бойынша көрсетіледі. Шетелдік қызмет туралы қаржы есептілігін қайта есептеу кезінде пайда болатын, 32 және 39 (с)-параграфтарға сәйкес бұрын капиталда мойындалған бағам айырмашылықтары сол қызмет шығарылғанға дейін пайдада немесе залалда мойындалмауға тиіс.

 

 

2.3  Қолданыстағы валютадан өзгеше ұсыну валютасын пайдалану

Ұсыну валютасын қайта есептеу 

  38. Ұйым өзінің қаржы есептілігін кез келген валютада (немесе валюталарда) ұсына алады. Егер ұсыну валютасы ұйымның қолданыстағы валютасынан өзгеше болса, ол өз нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептейді. Мысалы, топ құрамына түрлі қолданыстағы валюталарды пайдаланатын жекелеген ұйымдар кіретін кезде сол ұйымдардың әрқайсысының нәтижелері мен қаржы көрсеткіштері барлығы үшін ортақ валютамен көрсетіледі, мұның өзі шоғырландырылған қаржы есебін ұсынуға мүмкіндік береді.

39.  Қолданыстағы валютасы гиперинфляциялық экономика валютасы болып табылмайтын ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштері төмендегі рәсімдерді пайдалана басқа ұсыну валютасына қайта есептелуге тиіс:            

          а) ұсынылған әрбір баланс бойынша активтер мен міндеттемелер (яғни, соның ішінде салыстырмалы деректер); 

         b) пайда мен залал туралы әрбір есеп бойынша кіріс пен шығыс (яғни, соның ішінде салыстырмалы деректер) операциялар жүзеге асырылған күнгі бағамдар бойынша қайта есептеуге жатады;

        с) пайда болатын барлық бағам айырмашылықтары капиталдың жеке компоненті ретінде мойындалуға тиіс.   

  40.  Практикалық ой-мақсат бойынша, операциялар жүзеге асырылған күнгі айырбастау бағамымен шамалас бағам, мысалы, кезең ішіндегі орташа бағам, кіріс пен шығыс баптарын қайта есептеу үшін жиі пайдаланылады. Алайда, айырбастау бағамдарында елеулі ауытқулар болған жағдайда, кезең ішіндегі орташа бағамды пайдалану орынсыз.

  41.  39(с)-параграфта өздері туралы айтылған бағам айырмашылықтары:

          а) айырбастау бағамдары бойынша кіріс пен шығысты осы операциялар жүзеге асырылған күні, ал активтер мен міндеттемелерді – жабу бағамы бойынша қайта есептеу;  

          b) таза активтерді кезеңнің бас кезінде бұрынғы жабу бағамынан өзгеше жабу бағамы бойынша қайта есептеу нәтижесінде пайда болады.   

    Бұл бағам айырмашылықтары пайдада немесе залалда мойындауға жатпайды, өйткені бағам айырмашылықтарының өзгеруі операциялар бойынша ақша қаражатының ағымдағы және болашақ ағындарына шамалы әсер етеді, немесе мүлдем әсер етпейді. Бағам айырмашылығы пайдада немесе залалда да, тікелей капиталда да мойындалған кіріс және шығыс баптары бойынша пайда болады. Бағам айырмашылықтары шоғырландырылған, бірақ толық емес меншікте болатын шетелдік қызметке жататын кезде қайта есептеу кезінде пайда болатын және азшылық үлесіне жатқызылатын жинақталған бағам айырмашылықтары шоғырландырылған баланстағы азшылық үлесінің бір бөлігі ретінде бөлінеді және мойындалады.

   42. Қолданыстағы валютасы гиперинфляциялы экономика валютасы болып табылатын ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштері басқа ұсыну валютасына мына рәсімдерді пайдалана қайта есептелуге тиіс:

             а) барлық сомалар (яғни, активтер, міндеттемелер, үлестік құралдар, кіріс пен шығыс, соның ішінде салыстырмалы деректер) ең соңғы есепті күнгі жабу бағамы бойынша қайта есептелуге тиіс;

             b) сомалар гиперинфляциялы экономика валютасына қайта есептелген кезде салыстырмалы сомалар ретінде бұрынғы жылғы тиісті қаржы есептілігінде ағымдағы жылға қатысты деп көрсетілген (яғни, баға деңгейіндегі кейінгі өзгерістерге немесе айырбастау бағамдарындағы кейінгі өзгерістерге түзетулер енгізілмеген) сомаларды міндетті түрде пайдалану керек.  

  43. Ұйымның қолданыстағы валютасы гиперинфляциялы экономика валютасы болып табылатын кезде ұйым 42-параграфта көзделген қайта есептеу әдісін, гиперинфляциялы экономика валютасына қайта есептеуге жататын салыстырмалы сомалардан басқасын (қараңыз: 42(b)-параграф), қолданардан бұрын өзінің қаржы есептілігін 29-«Гиперинфляция жағадайларындағы қаржы есептілігі» IAS Халықаралық стандартына сәйкес қайта есептеуге міндетті. Экономика гиперинфляциялы болмайтын және ұйым ендігі жерде өзінің қаржы есептілігін 29 IAS-Халықаралық стандартына сәйкес қайта есептемейтін болса, ол ұсыну валютасына қайта есептеу үшін тарихи құн ретінде ұйым өзінің қаржы есептілігін қайта есептеуді тоқтатқан күндегі нақты бағалар деңгейіне қайта есептелген сомаларды пайдалануға міндетті.    

     Шетелдік қызмет туралы қаржы есептілігін қайта есептеу 

44. 45-47-параграфтар шетелдік қызметтің нәтижелері мен қаржы көрсеткіштері сол шетелдік қызметтің есеп беруші ұйымның қаржы есептілігіне шоғырландыру, пропорциялы шоғырландыру немесе үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісі арқылы қосуға болатындай болуы үшін ұсыну валютасына қайта есептеледі.  

   45. Шетелдік қызметтің нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін есеп беруші ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштеріне қосу шоғырландырудың топ ішіндегі есеп айырысулар және еншілес ұйымның топ ішіндегі операциялары бойынша қалдықтарды шығарып тастау сияқты қабылданған рәсімдеріне сәйкес орындалады (қараңыз: 27-«Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі» IAS және 31-«Бірлескен қызметке қатысу» IAS). Алайда, топ ішіндегі ақша активі (немесе міндеттемесі), қысқа мерзімдісі де, ұзақ мерзімдісі де, топ ішіндегі тиісті міндеттемеге (немесе активке) қарсы валюталық бағам ауытқулары нәтижелерінің қаржы есептілігінде көрсетпестен шығарып тастауға болмайды. Мұның өзі бұл ақша бабының бір валютаны екіншісіне аудару ниеті болып табылатынының, ал валюта бағамдарының ауытқуы есебінен есеп беруші ұйымға пайда немесе залал келтіретінінің салдары болып табылады. Тиісінше, есеп беруші ұйымның қаржы есептілігінде ондай бағам айырмашылығы бұрынғысынша кірісте немесе шығыста мойындалады, не, егер ол 32-параграфта сипатталған жағдайлардан пайда болса, ол шетелдік капитал шығарылғанға дейін капитал ретінде жіктеледі.                                                                            

  46.  Шетелдік қызметтің және есеп беруші ұйымның қаржы есептілігін әзірлеу күні үйлеспейтін болса, шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйым көптеген жағдайларда есеп беруші ұйымның есеп беретін күніне дәл келетін күнге қосымша есептілік әзірлейді. Егер осылай істелмесе, 27 IAS басқа есепті күнді пайдалануға рұқсат етеді, бұл жағдайда есепті күнде арасындағы алшақтық үш айдан аспайтын және сол түрлі күндер аралығындағы кезеңде орын алған кез келген елеулі операциялар мен басқа да оқиғаларға түзетулер енгізілген болуы керек. Бұл жағдайда шетелдік қызмет активтері мен міндеттемелері ол есеп беретін күнде қолданылған бағам бойынша қайта есептеледі. Айырбастау бағамдарының елеулі өзгерулеріне түзетулер, 27 IAS-Халықаралық стандартына сәйкес, есеп беруші ұйымның есеп беретін күніне дейін енгізіледі. Үлесті қатысуды есепке алу әдісі қолданылған кезде, сондай-ақ бірлескен қызметке пропорциялы шоғырландыруды қолданған кезде қауымдасқан ұйымдарға және бірлескен қызметке 28-«Қауымдасқан ұйымдарға инвестициялар» IAS және 31 IAS-Халықаралық стандартына сәйкес осындай әдіс қолданылады.

    47. Шетелдік қызметті сатып алу кезінде пайда болған кез келген іскерлік бедел және сол шетелдік қызметті сатып алу кезінде пайда болатын активтер мен міндеттемелердің әділ құнына енгізілетін түзетулер оның активтері мен міндеттемелері ретінде есепке алынуға тиіс. Тиісінше, олар сол шетелдік қызметтің қолданыстағы валютасында білдірілуге және 39, 42-параграфтарға сәйкес жабу бағамы бойынша қайта есептелуге тиіс. Шетелдік қызметтің шығарылуы немесе жартылай жабылуы 

    48. Шетелдік қызмет шығарылған кезде бағам айырмашылықтарының осы шетелдік қызметке қатысты капиталдың жеке компонентінде кейінге қалдырылған сомасы шығып қалудан келетін пайда немесе залал деп мойындалатын сол кезеңдегі кірісте немесе шығыста мойындалуға тиіс. 48А  Шетелдік операциядағы кәсіпорынның пайыздарының жойылғанына қосымша, төмендегілер тіпті кәсіпорын бұрынғы еншілес ұйымда, қауымдас ұйымда немесе бірлесіп бассқарылатын кәіспорында пайызын сақтап қалатын болса да, шығарылу ретінде есепке алынуы тиіс: 

           а)  құрамына шетелдік операция кіретін еншілес ұйымды басқару құзыретінен айрылу   

            b) құрамына шетелдік операция кіретін қауымдас ұйымға тигізетін елеулі ықпалынан айрылу;

           c)  құрамына шетелдік операция кіретін бірлесіп басқарылатын кәсіпорынды бірлесіп басқару құзыретінен айрылу.

         48В Құрамына шетелдік операция кіретін еншілес ұйымды жапқаннан кейін, сол шетелдік операцияға қатысты басқарылмайтын пайыздарға жатқызылған валюта бағамы айырмашылықтарының жиынтық сомасы танылуын тоқтату керек, бірақ пайда немесе шығынға қайта жіктелмеуі тиіс.                                                 48С Құрамына шетелдік операция кіретін еншілес ұйымды жартылай жапқаннан кейін, кәсіпорын сол шетелдік операцияға қатысты басқарылмайтын пайыздарға басқа толық табыс бойынша танылған валюта бағамы айырмашылықтарының жиынтық сомасының пропорциялық үлесін қайта жатқызады. Шетелдік операцияны басқаша жартылай жапқанда, кәсіпорын пайда немесе шығынға тек басқа толық табыс бойынша танылған валюта бағамы айырмашылықтарының жиынтық сомасының пропорциялық үлесін қайта жіктеуі тиіс.  

          48D Шетелдік операциядағы кәсіпорынның пайызы жартылай шығарылуы– шығарылу ретінде есепке алынатын 48А тармағындағы азаюдан басқа, шетелдік операциядағы кәсіпорынның иелік ету пайызының кез-келген азаюы.

    49. Кәсіпорынның өз шетелдік операциялардағы пайызын үлестік капиталды сату, жою, қайтару немесе кәсіпорынның бәрінен, немесе бір бөлігінен бас тарту арқылы алып тастауына немесе жартылай алып тастауына болады. Кәсіпорынның өз шығындарының салдарынан немесе инвестор таныған құнсыздану салдарынан шетелдік операцияның баланстық көрсеткішінің құнсыздануы жартылай алып тастауды құрамайды. Осыған сәйкес, басқа толық табыста танылған шетелдік валюта кірісі немесе шығынының ешқандай бөлігі кіріс немесе шығынға құнсыздану кезінде қайта жіктелмейді.   

                             

Кез келген бағам айырмашылықтарының салықтық салдарлары  

     50.  Шетелдік валютамен операциялар және бағам айырмашылықтары бойынша ұйымның (соның ішінде шетелдік қызметтің) нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін басқа валютаға қайта есептеу кезінде пайда болатын пайда мен залалдың салыққа әсері болуы мүмкін. Сондай салық әсерлеріне байланысты мәселелер 12-«Пайдаға салынатын салықтар» IAS Халықаралық стандартымен реттеледі.

Ақпаратты ашу  

    51. 53 және 55-57-параграфтарда «қолданыстағы валютаға» сілтемелер, егер әңгіме топ жайында болса, бас ұйымның қолданыстағы валютасына қатысты.                                                                                                                                         52. Кәсіпорын мыналарды: 

            а) пайдада немесе залалда мойындалған бағам айырмашылықтарының сомасын, 39 IAS-Халықаралық стандартына сәйкес пайда немесе залал арқылы әділ баға бойынша бағаланған қаржы құралдары бойынша пайда болғаннан басқаларын; 

           b) капиталдың жеке компонентінде мойындалған таза бағам айырмашылықтарын және сол баға айырмашылықтары сомаларының кезең басында және аяғында салыстырып тексерулерді ашып көрсетуге міндетті.   

  53.  Ұсыну валютасы қолданыстағы валютадан өзгеше болған кезде бұл факт, сондай-ақ қолданыстағы валютаның өзі, басқа ұсыну валютасы өзіне байланысты пайдаланылатын себеп көрсетілуге тиіс.    

   54.  Не есеп беруші ұйымның, не елеулі шетелдік қызметтің қолданыстағы валютасы ауыстырылған кезде бұл факт және қолданыстағы валютаны ауыстыру себебі ашып көрсетілуге тиіс.   

     55. Ұйым өзінің қаржы есептілігін өзінің қолданыстағы валютасынан өзгеше валютада ұсынған кезде ол өзі ұсынатын қаржы есептілігі Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына тек ол қолданылатын әрбір Стандарттың және қолданылатын әрбір Түсіндірменің, соның ішінде 39 және 42-параграфтарда белгіленген қайта есептеу әдісінің барлық талаптарына сәйкес келген кезде ғана сай келетінін көрсетуге міндетті.

     56. Жекелеген жағдайларда ұйым өзінің қаржы есептілігін немесе басқа қаржы ақпаратын оның қолданыстағы валютасы болып табылмайтын валютада ұсынады, бірақ бұл жағдайда 55-параграфтың талаптарын орындамайды. Мысалы, ұйым басқа валютаға өзінің қаржы есептілігінің кейбір баптарын ғана ауыстыра алады. Немесе өзінің қолданыстағы валютасы гиперинфляциялы экономика валютасы болып табылмайтын ұйым өзінің қаржы есептілігін басқа валютаға барлық баптарды ең соңғы жабу бағамы бойынша қайта есептеу жолымен ауыстыра алады. Мұндай қайта есептеулер Халықаралық қаржы есетілігінің стандарттарына сәйкес келмейді, сондықтан ақпаратты 57-параграфқа сәйкес ашып көрсету талап етіледі.

Информация о работе Валюталық жүйе ж/е оның негізгі элементті