Валюталық жүйе ж/е оның негізгі элементті

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 10:45, контрольная работа

Краткое описание

Осыған орай курстық жұмыс тақырыбын “Валюталық бағам өзгерісі” деп алдым. Бұл тақырыпты жазудағы негiзгi мiндеттерiме мыналар жатады:
- Валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау және оның мәнін ашу;
- Валюталық жүйенің маңызды элементі ретінде валюталық бағамның оның экономикалық маңызы мен мәнін ашу;
- Валюталық бағамға әсер етуші факторларды талдау және оның экономиканың тиімді әрі тұрақты дамуына қосар үлесін атап өту;
- Валюталық бағамды реттеуге байланысты операцияларды талдау және оның еліміздегі жүргізілу барысын көрсету болып табылады.

Оглавление

Кіріспе………………………………………………………………………….3
1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ
1.1 Валюта жүйе және оның негізгі элементтері……………………………5
1.2 Валюталық бағам және төлем балансы…………………………………10

2 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ӨЗГЕРІСІНІҢ ӘСЕРІ
2.1 ХҚЕС Валюталық бағам өзгересінің әсері…………………………….16
2.2 Шетелдік валютамен операцияларды қолданыстағы валютамен көрсету…………………………………………………………………..20
2.3 Қолданыстағы валютадан өзгеше ұсыну валютасын пайдалану……24
Қорытынды…………………………………………………………………..
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………

Файлы: 1 файл

ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ123.DOC

— 251.00 Кб (Скачать)

   57. Ұйым өзінің қаржы есептілігін немесе басқа қаржы ақпаратын оның қолданыстағы валютасынан немесе ұсыну валютасынан өзгеше валютада ұсынған, бұл жағдайда 55-параграфтың талаптарын орындамайтын кезде ол:

          а) мұндай ақпаратты қосымша, яғни Халықаралық қаржы есетілігінің стандарттарына сәйкес берілетін ақпаратқа қатысты емес ақпарат ретінде сәйкестендіруге;               

         b) қосымша ақпарат берілетін валютаны ашып көрсетуге;                                                                                                                                                                                             с)  өзінің қолданыстағы валютасын және қосымша ақпаратты анықтау үшін пайдаланылған қайта есептеу әдісін ашып көрсетуге міндетті.

 

Осы стандарт күшіне енетін күн және оған көшу   

    58.  Ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе сол күннен кейін басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолдануға міндетті. Стандартың мерзімінен бұрын қолданылуы құпталады. Егер ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдер жөнінде қолданатын болса, ол осы фактіні ашып көрсетуге міндетті.  

         58A. 2005 жылғы желтоқсанда шығарылған Шетелдік бөлімшеге таза инвестицияларға (IAS 21 түзетулері) 15A тармағы және түзетулері бар 33-тармақ қосылған. Ұйым 2006 жылғы 1 қаңтардан немесе осы мерзімнен кейін басталатын жыл сайынғы кезеңдер үшін түзетулерді ғана қолдануға тиіс. 

    59. Ұйым 47-параграфты перспективалы негізде осы Стандарт алғаш рет қолданылған есепті кезең басталғаннан кейін жүзеге асырылған барлық сатып алуларға қолдануға міндетті. 47-параграфты бұдан бұрынғы сатып алулар жөнінде ретроспективті қолдануға рұқсат етілген. Перспективалы негізде ескерілетін, бірақ осы Стандарт тұңғыш рет қолданылған күнге дейін орын алған шетелдік қызметті сатып алуға қатысты ұйым бұрынғы жылдар үшін қайта есептеу жасауға құқылы емес, сондықтан, тиісінше, орынды болған кезде, сондай сатып алу кезінде пайда болатын іскерлік бедел мен әділ құнға түзетулерді есепке алуда шетелдік қызмет активтері мен міндеттемелері ретінде көрсете алады. Тиісінше, іскерлік бедел мен әділ құнға ондай түзетулер не ұйымның қолданыстағы валютасында көрсетілген, не есептілікте сатып алу күнінде қолданылған айырбастау бағамын пайдалана көрсетілетін ақшалай емес валюталық баптар болып табылады.  

    60. Осы Стандартты қолданудың нәтижесінде пайда болатын барлық қалған өзгерістер 8-«Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы өзгерістер және қателер» IAS Халықаралық стандартының талаптарына сәйкес есепке алынуға тиіс.  

         60А . 1 (IAS) (2007 жылы қайта қаралғандай) ХҚЕС бойынша ХҚЕС-тарында қолданылған терминологияға түзету енгізілді. Сонымен бірге 27, 30-33, 37,39, 41, 45, 48 және 52 тармақтарына түзетулер енгізілді. Кәсіпорын осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер кәсіпорын 1 (IAS) (2007 жылы қайта қаралғандай) ХҚЕС-ын ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс. 

      60В. 27 (IAS) (2008 жылы қайта қаралғандай) ХҚЕС 48А-48D тармақтары қосылды және 49 тармаққа түзетулер енгізілді. Кәсіпорын осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер кәсіпорын 27 (IAS) (2008 жылы қайта қаралғандай) ХҚЕС-ын ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.

БАСҚА ҚҰЖАТТАРДЫҢ КҮШІН ЖОЮ 

   61.  Осы Стандарт 21-«Валюта бағамдарындағы өзгерістер әсерін есепке алу» IAS (1993 жылғы редакциядағы) Халықаралық стандартын ауыстырады.

     62. Осы Стандарт мына түсіндірмелерді ауыстырады:   

              а) SIC-11-«Валюта айырбасы – валютаның елеулі құнсыздануы нәтижесінде пайда болатын капиталдану»;  

              b) SIC-19-«Есеп беретін валюта - 21 IAS және 29 IAS-Халықаралық стандартына сәйкес бағалау және қаржы есептілігін ұсыну;  

              с) 30-«Есеп беретін валюта - бағалау валютасынан есеп беру валютасына қайта есептеу» IAS.

        Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

             

Қорыта келгенде, валюталық  бағам дегенiмiз  –  бұл  бiр  елдiң  ақша  бiрлiгiнiң  басқа  бiр елдiң ақша бiрлiктерiне  бейнеленген  бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру  оларды өндiрiс  және  айырбас  процесiнде  пайда  болатын  обьективтi  құндық  қатынастарына  негiзделедi. Валюталық  бағамы  валюталарға  сұраныс  пен  ұсынысқа ықпал  етушi  көптеген  факторларға  байланысты  өзгередi.

Өз кезегінде валюталық бағам валюталық жүйенің маңызды элементі болып табылады. Валюталық  жүйе дегенiмiз - ұлттық  заңдылықтарымен  немесе  мемлекет  аралық  келiсiм шарттарымен  бекiтiлетiн  валюталық  қатынастарды  ұйымдастыру  және  реттеу  формасын  бiлдiредi .

Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдар мен несиелердiң қозғалысы кезiнде, дүниежүзiлiк және ұлттық рыноктардың бағаларын, сонымен бiрге әр алуан елдердiң ұлттық немесешетелдiк валюталарға шаққандағы құндық көрсеткiштердi салыстыраған уақытта валюталық бағам аса қажет.

Валюталық бағамның қалыптасуы және оның ылғи да өзгерісіне ықпал ететін экономикалық факторларды келесідей топтастыруға болады:

1.      Құнсыздану (инфляция) қарқыны. Валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер етеді. Елдегі құнсыздану қарқыны неғұрлым жоғарылаған сайын  валюталық бағам да соғұрлым төмендейді

2.      Төлем базасының жағдайы. Экспорттың импорттан асып кету, яғни активті төлем балансы ұлттық валюта бағамының жоғарылауына ықпал етіп, шетелдік борышқорлар жағынан оған деген сұраныс күшейеді.

3.      Әр түрлі елдердегі пайыз мөлшерлемесінің айырмашылығы.

4.      Алып-сатарлық валюта операцияларының қызметі.

5.      Белгілі бір валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі негізінегі факторлар әсер етеді.

6.      Ұлттық және дүниежүзілік нарықтарда сенімділік дәрежесі.

Қазақстан Республикасының ұлттық валюта жүйесi дүниежүзiлiк валюта жүйесiнiң құрылымдық принциптерiне сәйкес қалыптасты. Ұлттық валюта жүйесiнiң негiзiн осы мемлекеттiң заңымен бекiтiлген ақша бiрлiгi құрайды. Қазақстанның ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашасындағы “Қазақстан ұлттық валютасын енгiзу туралы” жарлығы негiзiнде 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға теңге енгiзiлдi. Аталған ұлттық валютамыз 1999 жылы еркін қалқымалы айналымға шықты, яғни теңге шетел валюталарына еркін түрде айырбастала бастады. Осы уақыттан бастап және ел экономикасының нарықтық бағытта дамуы, елде шетел компанияларының көптеп қызмет етуі қаржы жүйесінің және Ұлттық Банктің валюталық бағам туралы саясат жүргізуін және оны реттеп отырудың өте маңызды екендігі бәрімізге белгілі.

Қазақстан Республикасында 1999 жылы еркін құбылатын айырбас бағамының енгізілуі принцип бойынша валюталық бағам деңгейін еркін нарық жағдайында анықтайтынын білдіреді. Яғни, еркін құбылатын айырбас бағамның енуі валюталық бағам сұраныс пен ұсыныстың нақты арақатынасын қамтып көрсетуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда валюта бағамы нарықтық заңдармен реттеліп, оның бағамдық өзгерістері анықталады. Бүгінгі таңда осы жүргізілген валюталық реформаларға сәйкес ұлттық валютамыз тұрақтанып, шетелдік валютаға қарағанда ( АҚШ доллары) соңғы уақыттарда құнының артуы байқалады. Әрине бұл үлкен жетістік деп те айтсақ артық болмас.

Қазақстан Республикасында қазiрдiң өзiнде теңгенiң ел iшiнде еркiн ауысуына iс жүзiнде қол жеткiзiп отырмыз. Жоғарыда атап өткендей соңғы жылдары теңге құнының  халықаралық резервтік валюталар бойынша тұрақты сақталып, Қазақстанның экономикалық тиімді өсуіне септігін тигізіп отыр. 

Сонымен қатар кешегі 2006 жылдың 15 қараша жұлдызында ұлттық валютамыз теңгенің өзгеріске ұшырауы, айналымға жаңа формадағы теңгенің шығуы, оның бұрыңғы ақшаларға қарағанда сақтық қорғаныштарының мықтылығы жалпы әлемдік экономикада немесе саудада теңге бағамының нығайа түсуіне өз үлесін қосатыны айқын болып табылады. Бұл да еліміздің және қаржы секторының валюталық бағамды реттеу мен нығайтудағы қадамдарының бірі болып табылады.

Қазақстанның дүниежзiлiк шаруашылыққа интеграциялануға ұмтылысы оның халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына белсендi түрде қатысуын талап етедi. Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы негiзгi валюталық саясаты теңге құнының тұрақтылығын орнықтыру және оны еркiн ауысатын валюталарға айырбастауды мейлiнше ырықтандыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

1.      Ақша,  несие,  банктер:  Оқулық /  Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика,  2001, - 466 б.

2.      “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы  //  13.12.1996.

3.      Деньги,  кредит,  банки:   Учебник  / Под. Ред.  О.И Ловрушина,  Изд. 2-е,  - Москва: 1999г.

4.      “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның  заңы   //   24.12.1996.

5.      “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р.  Президентiнiң  заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.

6.      С.Б. Мақыш , Оқу құралы /  “Ақша айналысы және несие” – Алматы,    Қазақ университетi, - 2000ж.

7.      Баян Көшенова, Оқу құралы  / Ақша,  несие,  банктер,  валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.

8.      Байгiсиев Майдан-Әлі  / Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университетi, 2004. – 302 бет.

9.      Бұхарбаев Ш.М. “Валюталық бағамның және оның атқарылуы тәртiптерiнiң елдiң сыртқы экономикалық қызметiне әсерi” // Банки Казахстана. №1.- 2005 ж.

10. С.Б.Мақыш “Валюталық операциялар және валюталық мәмiлелер” // ҚазҰУ хабаршысы. №5, - 2003 ж.

11. Вестник Национального банка РК ,  2006 ж. №1,2.

 

 

 

 

 

 

33

 



Информация о работе Валюталық жүйе ж/е оның негізгі элементті