Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 10:45, контрольная работа
Осыған орай курстық жұмыс тақырыбын “Валюталық бағам өзгерісі” деп алдым. Бұл тақырыпты жазудағы негiзгi мiндеттерiме мыналар жатады:
- Валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау және оның мәнін ашу;
- Валюталық жүйенің маңызды элементі ретінде валюталық бағамның оның экономикалық маңызы мен мәнін ашу;
- Валюталық бағамға әсер етуші факторларды талдау және оның экономиканың тиімді әрі тұрақты дамуына қосар үлесін атап өту;
- Валюталық бағамды реттеуге байланысты операцияларды талдау және оның еліміздегі жүргізілу барысын көрсету болып табылады.
Кіріспе………………………………………………………………………….3
1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ
1.1 Валюта жүйе және оның негізгі элементтері……………………………5
1.2 Валюталық бағам және төлем балансы…………………………………10
2 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ӨЗГЕРІСІНІҢ ӘСЕРІ
2.1 ХҚЕС Валюталық бағам өзгересінің әсері…………………………….16
2.2 Шетелдік валютамен операцияларды қолданыстағы валютамен көрсету…………………………………………………………………..20
2.3 Қолданыстағы валютадан өзгеше ұсыну валютасын пайдалану……24
Қорытынды…………………………………………………………………..
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………
13. Ұйымның қолданыстағы валютасы өзіне қатысты негіз қалаушы операцияларды, оқиғаларды және жағдайларды көрсетеді. Тиісінше, белгіленгеннен кейін, қолданыстағы валюта, жоғарыда аталған операцияларда, оқиғаларда және жағдайларда, өзгерістер болатыннан басқа жағадайларда басқа валютаға ауыстыруға жатпайды.
14. Егер қолданыстағы валюта гиперинфляциялы экономика жағдайларында пайдаланылатын валюта болса, ұйымның қаржы есептілігі 29-«Гиперинфляция жағадайларындағы қаржы есептілігі» IAS Халықаралық стандартына сәйкес қайта есептелуге тиіс. Ұйым, мысалы, осы Стандартқа сәйкес белгіленуге тиістіден басқа валютаны (мысалы, өзінің бас ұйымының қолданыстағы валютасын) өзінің қолданыстағы валютасы ретінде қабылдай отырып, 29 IAS-Халықаралық стандартында көзделген қайта есептеуден құтыла алмайды. Шетелдік қызметке таза инвестиция
15. Ұйымда шетелдік қызметтен алынуға немесе оған төленуге тиісті ақша бабы болуы мүмкін. Көз жетер болашақта өзі бойынша есеп айырысу көзделмейтін бап, іс жүзінде, ұйымның сол шетелдік қызметке таза инвестициясының бір бөлігі болып табылады және есепте 32 және 33-параграфтарға сәйкес көрсетілуге тиіс. Мұндай ақша баптарына ұзақ мерзімді дебиторлық берешек немесе қарыздар қосылуы мүмкін. Оларға негізгі қызметке байланысты дебиторлық немесе кредиторлық берешектер қосылмайды. 15A 15-тармақта сипатталған шетелдік бөлімшеден алынуға немесе оған төленуге тиіс монетарлық бабы бар ұйым топтың еншілес компаниясы болуы мүмкін. Мысалы, ұйымның екі A және B еншілес компаниялары бар. В еншілес компаниясы шетелдік бөлімше болып табылады. А еншілес компаниясы В еншілес компаниясына қарыз береді. А еншілес компаниясы В еншілес компаниясынан алатын қарыз, егер қарыз бойынша есеп жоспарланбаса немесе таяу болашақта орын алмайтыны ықтимал болса, В еншілес компаниясына ұйымның таза активтерінің бір бөлігі болар еді. Бұл сондай-ақ, егер А еншілес компаниясының өзі шетелдік бөлімше болса, рас болар еді.
16. Ақша бабының басты ерекшелігі – валюта бірлігінің нақты немесе белгіленген мөлшерін алу құқығы (немесе беру жөніндегі міндеттеме). Мұның мысалдары: қызметкерлерге қолма-қол ақшамен төленуге тиісті зейнетақылар мен басқа да жәрдемақылар; ақшалай түрде өтелуге тиісті міндеттемелер; міндеттеме ретінде мойындалған ақшалай дивидендтер. Нақ осылайша, ұйымның үлесті өз құралдарының тіркелмеген санын алуға (немесе беруге) контракт ақша бабы болып табылады, оның ережелері бойынша алынуға (немесе берілуге) тиісті әділ құн валюта бірлігінің тіркелген немесе белгіленетін бірліктеріне теңеледі. Және, керісінше, ақшалай емес баптың негізгі ерекше белгісі - валюта бірлігінің тіркелген немесе белгіленетін санын алу құқығының (немесе беру жөніндегі міндеттеменің) жоқтығы. Мұның мысалы: тауарлар мен қызметтерге алдын-ала ақы төлеу (мысалы, аванспен төленген жалгерлік ақы); іскерлік бедел; материалдық емес активтер; босалқылар; негізгі құралдар; сондай-ақ ақшалай емес актив беру жолымен реттеуге жататын міндеттемелер. Осы стандарттарға талап етілетін тәсілімдеменіің қысқаша мазмұны;
17. Қаржы есептілігін әзірлеу кезінде әрбір ұйым, мейлі ол шетелдік қызметі бар ұйым (мысалы, бас ұйым) немесе шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйым (мысалы, еншілес ұйым немесе филиал) болсын - өзінің қолданыстағы валютасын 9-14-параграфтарға сәйкес белгілейді. Ұйым баптарды шетелдік валютамен өзінің қолданыстағы валютасына қайта есептейді және сондай қайта есептеу салдарын 20-37 және 50-параграфтарға сәйкес қаржы есептілігінде көрсетеді.
18. Есеп беруші көптеген ұйымдар бірқатар жекелеген ұйымдардан құралады (мысалы, бас ұйым мен бір немесе бірнеше еншілес ұйымдардан құралған топ). Әр түрлі (соның ішінде топ құрамындағы) ұйымдарда қауымдастырылған ұйымдарға немесе бірлескен қызметке инвестициялар болуы мүмкін. Оларда сондай-ақ филиалдар болуы мүмкін. Есеп беруші ұйым құрамындағы әрбір жеке ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерінің сол есеп беруші ұйым өзінің қаржы есептілігін беретін валютасына қайта есептелуі қажет. Осы Стандартқа сәйкес кез келген валютаны (немесе валюталарды) есеп беруші ұйымның ұсыну валютасы ретінде пайдалануға болады. Есеп беруші ұйым құрамындағы, қолданыстағы валютасы ұсыну валютасынан өзгеше кез келген жеке ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштері 38-50-параграфтарға сәйкес қайта есептеуге жатады
19. Сонымен қатар, осы Стандартқа сәйкес, қаржы есептілігін әзірлейтін жеке ұйым немесе қаржы есептілігін 27-«Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі» IAS Халықаралық стандартына сәйкес әзірлейтін ұйым ондай есептілікті кез келген валютада (немесе валюталарда) ұсынуға құқылы. Егер ұйым өзінің қолданыстағы валютасынан өзгеше ұсыну валютасын пайдаланатын болса, оның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштері де 38-50-параграфтарға сәйкес қайта есептеледі.
2.2 Шетелдік валютамен операцияларды қолданыстағы валютамен көрсету
Бастапқы мойындау
20. Валютамен операция – шетелдік валютамен білдірілген немесе сонымен есеп айырысуды қажет ететін операция, соның ішінде кәсіпорын:
а) бағалары шетелдік валютамен көрсетілген тауарларды немесе қызметтерді сатып алатын немесе сататын;
b) өтелетін немесе алынатын сома шетелдік валютамен көрсетілген қаражатты қарызға беретін немесе қарызға алатын;
c) активтерді әлдебір басқа жолмен сатып алатын не сататын, немесе шетелдік валютамен көрсетілген міндеттемені өзіне алатын немесе өтейтін кезде пайда болатын барлық операциялар.
21. Бастапқы мойындау кезінде қолданыстағы валютада шетелдік валютамен жасалатын операция шетелдік валюта сомасына қолданыстағы валюта мен шетелдік валюта арасындағы операция жасалған күнгі ағымдағы валюта бағамын қолдану жолымен ескерілуге тиіс.
22. Операция жасалған күн – Халықаралық қаржы есептілігінің стандартында көзделген мойындау өлшемдеріне сәйкестігі алғаш рет атап көрсетілген күн. Операция жасалған күнгі нақты бағаммен шамалас айырбас бағамы практикада жиі пайдаланылады, мысалы, бір апта немесе бір ай ішінде орташа бағамды сол кезең ішінде шетелдік валюталармен жасалған барлық операциялар үшін пайдалануға болады. Алайда, айырбастау бағамы елеулі ауытқитын жағдайда, кезең ішіндегі орташа бағамды пайдалану орынсыз болады.
Келесі есепті күндерге есептілік
23. Әрбір есепті күнде:
а) шетелдік валютадағы ақша баптары жабу бағамын пайдалана қайта
есептелуге тиіс;
b) тарихи құн бойынша ескерілген шетелдік валютадағы ақшалай емес баптар операциялар жасалған күнгі айырбастау бағамымен қайта есептелуге тиіс;
с) әділ құн бойынша бағаланған шетелдік валютадағы ақшалай емес баптар әділ құн анықталған күні қолданылған айырбастау бағамы бойынша қайта есептелуге тиіс.
24. Баптың баланс құны қолданылатын басқа Стандарттар ережелерін ескере анықталады. Мысалы, негізгі құралдарды 16-«Негізгі құралдар» IAS Халықаралық стандартына сәйкес әділ құн бойынша немесе тарихи құн бойынша бағалауға болады. Баланс құнының тарихи құн негізінде немесе әділ құн негізінде анықталатынына қарамастан, егер ол құн шетелдік валютамен анықталған болса, ол кейін осы Стандартқа сәйкес қолданыстағы валютаға қайта есептелуге тиіс.
25. Кейбір баптардың баланс құны екі немесе одан көп шамаларды салыстыру жолымен анықталады. Мысалы, қорлардың баланс құны 2-«Босалқылар» IAS Халықаралық стандартына сәйкес өзіндік құнның және сатудың ықтимал таза құнының ең төмен шамасы болып табылады. Нақ осылайша, 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS Халықаралық стандартына сәйкес, құнсыздану белгілері анықталған активтің баланс құны құнсызданудан келетін ықтимал залалдар және оның өтелетін сомасы есепке алынғанға дейін оның баланс құнының ең төмен шамасы болып табылады. Мұндай актив ақшалай емес актив болып табылатын және шетелдік валютада құнсызданатын кезде оның баланс құны:
а) өзіндік құнды, не сол шама анықталған күнгі айырбастау бағамы бойынша (яғни тарихи құн бойынша бағаланған баппен операция жасалған күнгі бағам бойынша) қайта есептелген баланс құнын;
b) сатудың ықтимал таза құнын, не осы шама анықталған күнгі айырбастау бағамы бойынша (мысалы, есепті күнгі жабу бағамы бойынша) қайта есептелген өтелетін соманы салыстыру жолымен анықталады.
Мұндай салыстыру нәтижесі мынадай болуы мүмкін: құнсызданудан келетін залал қолданыстағы валютада мойындалады, бірақ шетелдік валютада мойындалмайды, немесе керісінше.
26. Бірнеше айырбастау бағамдары бар болған кезде осы операцияның ақша ағындары бойынша есеп айырысулар жүзеге асыруға болатын бағам немесе, егер сол ақша ағыны бағалау күнінде пайда болса, шот бойынша сальдо пайдаланылады. Егер екі валюта арасында айырбастау мүмкіндігі уақытша жоқ болса, айырбастау бағамы ретінде айырбастауды жүзеге асыруға болатын кейінгі алғашқы бағам пайдаланылады.
Бағам айырмашылықтарын мойындау
27. 3-параграфта атап көрсетілгеніндей, 39 IAS-Халықаралық стандарты шетелдік валюталардағы баптарды хеджирлеудің есепке алынуына қолданылады. Хеджирлеудің есепке алынуын қолдану кейбір бағам айырмашылықтарын есепке алуды ұйымның осы Стандарт талаптарына сәйкес бағам айырмашылықтарын ескеруден басқаша есепке алуын талап етеді. Мәселен, 39 IAS ақша ағындарын хеджирлеудің құралы бола алатын ақшалай емес баптар бойынша баға айырмашылықтарының бастапқыда капиталда, хеджирлеу тиімді болатын жағдайда көрсетілуін талап етеді.
28. Ақша баптары бойынша есеп айырысу кезінде немесе ақша баптарын есепті кезең ішінде немесе бұрынғы қаржы есептілігінде бастапқы мойындау кезінде қайта есептелген бағамдардан өзгеше бағамдар бойынша қайта есептеу кезінде пайда болатын бағам айырмашылықтары пайдада немесе залалда олар пайда болатын кезеңде, 32-параграфта сипатталғаннан басқа жағдайларда, мойындалуға тиіс.
29. Ақша баптары шетелдік валютамен операциялар кезінде пайда болатын және операция жасалған күн мен есеп айырысу күні арасындағы кезеңде айырбастау бағамында өзгеріс болатын кезде бағам айырмашылығы пайда болады. Операция мен ол бойынша есеп бір есепке алу кезеңінде жүзеге асырылатын болса, бағам айырмашылығы сол кезеңде мойындалады. Алайда, операциялар бойынша есеп айырысу оны жүзеге асыру кезеңінен кейінгі кезеңде жүзеге асырылатын болса, әрбір аралық кезеңде есептесу кезеңіне дейін мойындалатын бағам айырмашылығы айырбастау бағамдарының өзгеруімен анықталады.
30. Ақшалай емес бап бойынша пайда немесе залал тікелей капиталда мойындалған кезде ондай пайданың немесе ондай залалдың кез келген валюталық құрамдас бөлік тікелей капиталда мойындалуға тиіс. Және, керісінше, ақшалай емес бап бойынша пайда немесе залал пайдада немесе залалда мойындалған болса, сол пайданың немесе сол залалдың кез келген валюталық құрамдас бөлікті пайда немесе залал ретінде мойындалуға тиіс.
31. Басқа Стандарттар кейбір пайдалар мен залалдарды тікелей капиталда мойындауды талап етеді. Мәселен, 16 IAS-Халықаралық стандартына сәйкес, негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесінде пайда болатын кейбір пайдалар мен залалдар міндетті түрде тікелей капиталда мойындалуға тиіс. Ондай актив шетелдік валютада ескерілетін болса, осы Стандарттың 23(с)-параграфына сәйкес, қайта бағаланған құн сол құн анықталған күні қолданылған бағам бойынша қайта есептелуге тиіс, соның нәтижесінде баға айырмашылығы пайда болып, ол да капиталда мойындалады.
32. Есеп беруші ұйымның шетелдік қызметке таза инвестициясының бір бөлігі болып табылатын ақша бабы болып табылатын бағам айырмашылықтары есеп беруші ұйымның жеке қаржы есептілігінде, не шетелдік қызметтің жеке қаржы есептілігінде нақты жағдайға байланысты пайдада немесе залалда мойындалуға тиіс. Шетелдік қызметті және есеп беруші ұйымды қамтитын қаржы есептілігінде (мысалы, шетелдік қызметті еншілес ұйым жүзеге асыратын шоғырландырылған қаржы есептілігінде) мұндай бағам айырмашылықтары бастапқыда капиталдың жеке құрамдас бөліктерінде, сондай-ақ 48-параграфқа сәйкес таза инвестиция шығарылғаннан кейін пайдада немесе залалда мойындалуға тиіс.
33. Ақша бабы есеп беруші ұйымның шетелдік қызметке таза инвестициясының үлесі болып табылатын және есеп беруші ұйымның қолданыстағы валютасында деноминацияланған кезде шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйымның жеке қаржы есептілігінде 28-параграфқа сәйкес бағам айырмашылығы пайда болады. Нақ осылайша, егер мұндай бап шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйымның қолданыстағы валютасында деноминацияланған болса, онда, 28-параграфқа сәйкес, бағам айырмашылығы есеп беруші ұйымның жеке қаржы есептілігінде пайда болады. Мұндай бағам айырмашылықтары шетелдік қызметті де, есеп беруші ұйымды да қамтитын қаржы есептілігінде (яғни, шетелдік қызмет шоғырландырылған, пропорциялы шоғырландырылған немесе үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдалана көрсетілген қаржы есептілігінде) капиталдың жеке құрамдас бөлігі болып қайта жіктеледі. Алайда, есеп беруші ұйымның шетелдік қызметке таза инвестициясының үлесі болып табылатын ақша бабын есеп беруші ұйымның немесе шетелдік қызметтің қолданыстағы валютасынан өзгеше валютада деноминациялауға болады. Ақша бабын есеп беруші ұйымның және шетелдік қызметтің қолданыстағы валютасына қайта есептеу кезінде пайда болатын бағам айырмашылықтары шетелдік қызметті және есеп беруші ұйымды қамтитын қаржы есептілігінде жеке құрамдас бөлігі болып қайта жіктелмейді (яғни, олар бұрынғысынша пайдада немесе залалда мойындалады).
34. Егер ұйым бухгалтерлік есепті және жазбаларды қолданыстағы валютадан өзгеше валютада жүргізетін болса, ол ұйым өзінің қаржы есептілігін әзірлеген кезде барлық сомалар 20-26-параграфтарға сәйкес сол қолданыстағы валютаға қайта есептеледі. Нәтижесінде осы баптар қолданыстағы валютада бастапқыда есепке алынған кезде қолданыстағы валютада пайда болатын сомалар пайда болады. Мысалы, ақша баптары жабу бағамы бойынша қолданыстағы валютаға қайта есептеледі, ал тарихи құн бойынша ескерілген ақшалай емес баптар оларды мойындаумен аяқталған операция жүзеге асырылған күндегі бағам бойынша қайта есептеледі.
Информация о работе Валюталық жүйе ж/е оның негізгі элементті