Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 10:45, контрольная работа
Осыған орай курстық жұмыс тақырыбын “Валюталық бағам өзгерісі” деп алдым. Бұл тақырыпты жазудағы негiзгi мiндеттерiме мыналар жатады:
- Валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау және оның мәнін ашу;
- Валюталық жүйенің маңызды элементі ретінде валюталық бағамның оның экономикалық маңызы мен мәнін ашу;
- Валюталық бағамға әсер етуші факторларды талдау және оның экономиканың тиімді әрі тұрақты дамуына қосар үлесін атап өту;
- Валюталық бағамды реттеуге байланысты операцияларды талдау және оның еліміздегі жүргізілу барысын көрсету болып табылады.
Кіріспе………………………………………………………………………….3
1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ
1.1 Валюта жүйе және оның негізгі элементтері……………………………5
1.2 Валюталық бағам және төлем балансы…………………………………10
2 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ӨЗГЕРІСІНІҢ ӘСЕРІ
2.1 ХҚЕС Валюталық бағам өзгересінің әсері…………………………….16
2.2 Шетелдік валютамен операцияларды қолданыстағы валютамен көрсету…………………………………………………………………..20
2.3 Қолданыстағы валютадан өзгеше ұсыну валютасын пайдалану……24
Қорытынды…………………………………………………………………..
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………
Экономикалықадағы төлем балансында көрiнетiн өзгерiстер түбiнде келiп валюта курсына ықпал жасайды. Валюта нарығы өз жағынан пассивтiк бiлдiрмей, белсендi түрде экономикадағы процестерге әсер етедi. Мемлекетiк валюта нарығын реттеу саясаты оның экономика процестерiне қатынасуының әр түрлi дәрежесiмен сипатталады.
Валюталық жүйелердiң даму заңдылықтары ұдайы өндiрiс белгiлерiне байланысты анықталып отырып, ұлттық және әлемдiк шаруашылықтың негiзгi даму кезеңдерiн көрсетедi.
Дүниежүзлiк валюталық жүйелердiң арсындағы дағдарыс тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекетi бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алды. Дүниежүзлiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.
Жаңа дүниежүзлiк валюталық жүйенi құру үш басты кезеңнен жүргiзiледi:
1-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың түзiлуiн, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады.
2-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, бiртiндеп iске қосылады.
3-шi кезең, толық қызмет ететiн жаңа дүниежүзлiк жүйе құрылады.
Дүниежүзлiк ваюталардың жүйенiң мынандай эвалюциялары белгiлi:
1. Жаңа валюталық жүйенiң құрылуының алғы шарттары.
2. Париждiң валюталық жүйесi.
3. Генуэз валюталық жүйесi.
4. Бреттон – Вудс валюталық жүйесi.
5. Ямайка валюталық жүйесi.
6. Еуропалық валюталық жүйесi.
1929-1936 жылдарда дүниежүзлiк валюталық дағдарыстың басты ерекшелiктерi келесiдей:
циклдiк сипат: валюталық дағдарыс дүние жүзлiк экономикалық және ақша несиесiмен байланысты болды;
құрылымдық сипат: дүниежүзлiк валюталық жүйенiң алтын девиздiк стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады;
ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзiне дейiн болуы.
БҰҰ–ның Бреттон–Вудстағы 1944 жылы болған валюталық қаржылық конференциясында дүниежүзлiк сауданың ұйымдастырудың, валюталық, несиелiк және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелерi бекiтiлiп үшiншi валюталық жұйе дүниеге келдi.
60 жылдардың аяғынан бастап, Бреттон – Вудс валюталық жүйенiң дағдарысқа ұшырауы. 1976 жылғы қаңтардағы ХВҚ - ға мүше елдердiң Кинготондағы келiсiмi ХВК – дың жарғысына өзгерiстер енгiзе отырып, төртiншi валюталық жүйенiң келесiдей бағыттарын бекiттi:
Алтын – девиз стандартты орнына СДР стандарты енгiзiлдi;
Елдерге кез-келген валюталық бағам режимiнiң таңдауға құқық берiлдi.
СДР-дiң қызмет етуiнiң мынандай басты мәселесi болды:
1. эмиссиялау және басу;
2. қамтамасыз ету;
3. бағамды анықтау әдiсi;
4. СДР-дiң пайдалану ауқымы;
Еуропалық валюталық жүйе, экономикалық интеграциялану процесiн ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграцияналдану процесiнiң даму себептерiне: шаруашылықтың интеграциялануы, өндiрiстiң қарсылас орталықтардың дүниежүзлiк нарықтағы өзара қарсы күресi және валюталық тұрақсыздағы жатады . Еуропалық экономикалық қоғамдастық – бұл батыс еуропа елдерiнiң бiршама дамыған аумақты интеграцияналдыру тобын бiлдiредi , ол 1957 жылы наурызда алты елдiң: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерiнiң арасыында жасалған келiсiм шартында қабылданып, 1958 жылдың 1 каңтарында басты қызмет етедi.
Батыс еуропалық интеграция өзiнiң iрi ерекшелiктерiмен ажыратылады:
Бiрiншiден, ЕҚ құрылуы көмiрдiң ортақ нарығынан басталады және шаруашылық кешен интегралданғанға дейiн 6 ел және 12 саяси одақ болса, бiрiншi уақытта 15-16 мемлекетке жеттi.
Екiншiден, ЕҚ – ның институционалдық құрылымы мемлекеттiң құрылымына жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:
Еувропалық кеңес;
Министiрлер кеңесi – заң шығарушы орган;
ЕҚ комисиясы – атқарушы орган
Еуропалық парламент – кеңес берушi орган. Бұл орган ЕҚ және министiрлер кеңесiнiң қызметiн бақылайды, ЕҚ бюджетiн бекiтедi.
ЕҚ соты – құқықтық нормаларын сақтамаудың қадағалау ұйымы.
Үшiншiден, интеграцйиялық процестiң материялдық негiзi болып, ЕҚ – тың бюджетiнiң бiр бөлiгiнен құралған көп бiрлескен қорлар қызмет етедi.
1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Евро қолма – қолсыз төлемдер үшiн мемлекеттердiң жаңа қағаздарын орналастыру енгiзiлiп, эволюциялық одаққа мүше елдердiң ұмтық ақша бiрлiктерi 2002 жылы 1 шiлдесiнен бастап өз қызметтерiн жойды делiнген.
Бiрiншiден, Еуро – алтынмен жартылай қамтамасыз етiлген; екiншiден, ЕҚ – қа бiрлестiгi үшiн 207 кг мөлшерiнде бiрлескен алтын қоры құралған.
1.2 Валюталық бағам және төлем балансы
Жоғарыда айтқанымыздай валюта жүйесiнiң маңызды элементiнiң бiрi валюта бағамы болып табылады. Себебi, халықаралық экономикалық қатынастар дамуы әрбiр елдердiң валюталары құнының арақатынасы өлшемiн талап етедi.
Валюта бағамының өлшемi төмендегi жағдайлар үшiн қажет:
Тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық сауда барысында өзара айырбастау, капиталдар мен несиелердiң қозғалысын реттеу үшiн, экспорттаушы шетелдiк валютадағы түсiмiн ұлттық валютаға айырбастауда, импорттаушы шетелден сатып алған тауар бағасын өтеу үшiн шетелдiк валютаны алу кезiнде, валюталармен өзара байланыстардың қажеттiлiгiнен;
Дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдiк валюталарды бейнелеген әр түрлi елдердiң құндық көрсеткiштерiн салыстыру негiзiнде;
Банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы есеп-шоттарын уақытылы қайта бағалап отыруыа байланысты.
Валюталық бағам дегенiмiз – бұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру оларды өндiрiс және айырбас процесiнде пайда болатын обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағамы валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға байланысты өзгередi.
Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдар мен несиелердiң қозғалысы кезiнде, дүниежүзiлiк және ұлттық рыноктардың бағаларын, сонымен бiрге әр алуан елдердiң ұлттық немесешетелдiк валюталарға шаққандағы құндық көрсеткiштердi салыстыраған уақытта валюталық бағам аса қажет.
Валюталық бағам мынадай факторлардың ықпалымен қалыптасады:
1. Құнсыздану қарқыны. Сатып алу қабiлетiне қарай құндылық заңының әрекетiн бейнелейтiн валюталар арақатынасы валюталықбағамның өзiне тән қызмет етедi. Сондықтан валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер етедi. Басқа факторлар қарсы әрекет етпесе, елдегi құнсыздану қарқыны неғұрлым жоғарылаған сайын валютаның бағамы да соғырлым төмендейдi.
Ақшаның құнсыздануы елде сатып алу қабiлетiнiң және валюта бағамының төмендеуiне апарып соқтырады. Валюталық бағамның құнсыздануға тәуелдiлiгi әсiресе тауарлардың, қызметтердiң және капиталдардың халықаралық айырбасының көлемi үлкен елдерге жоғары болады.
2. Төлем базасының жай күйi. Активтi төлем балансы ұлттық валюта бағамының жоғарылауына ықпал етiп, шетелдiк борышқорлар жағынан оған деген сұраныс күшейедi. Пассивтi төлем балансы ұлттық валюта бағамының төмендеу беталысына себепшi болып, өздерiнiң сыртқы мiндеттемелерiн өтеу үшiн борышқорлар оны шетел валютасына сатады.
3. Әралуан елдердiң процент мөлшерлемесiнiң айырмашылығы. Пайыз мөлшерлемесiнiң елдегi өзгерiсi басқаша тепе-тең жағдайда халықаралық, ең алдымен қысқа мерзiмдi капиталдардың қозғалысына әсер етедi. Пайыз мөлшерлемесiнiң жоғарылауы шетел капиталының құйылуын ынталандырса, оның төмендеуi капиталдардың шекарының арғы жағына ауысуы дем бередi.
4. Валюталық рыноктағы және алып сатарлық валюта операцияларының қызметi. Егр қандай да бiр валюта бағамының төмендеу беталысы байқалса, онда фирмалар мен банктер оны әлсiзденген валютаның қалпын нашарлататын мейлiнше тұрақты валюталарға күнi бұрын сатып жiбередi. Экономикалық саясаттағы өзгерiстердi , бағамдық арақатынастардың ауытқуының валюталық рыноктарын тез сезiнедi;
5. Белгiлi бiр валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесi;
6. Валютаның бағамдық арақатынасына төлемдердi жеделдету немесе кiдiрiс те әсер етедi.
7. Ұлттық және дүниежүзiлiк нарықтарда сенiм дәрежесi. Ол елдегi экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бiрге валюта бағамға ықпал ететiн жоғарыдағы қарастырылған факторлармен айқындалады.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететiн үш факторлар тобын бiлiп қарастыруға болады;
Саяси тұрақтылық валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.
Экономикалық, халықаралық тәжиiрбиеде анықталатын экономикалық тiк бұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инвляцияның төменгi қарқыны, жұмыссыздықтың төменгi деңгейi, дүниежүзлiк нарықтағы тепе - теңдiк;
Психологиялық: жаппай сұраныс, негiзгi капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндiрiсiнен қазiргi дүниежүзiлiк шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесiн көрсетедi.
Монометализм тұсында – алтын немесе күмiс валютылық бағамның базасы монеталық паритет болып табылады, яғни ол әр түрлi елдердiң ақша бiрлiктерiннiң олардың металдық құрамына байланысты арақатынасын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келедi.
Валюталық бағам валюталық паритет шеңберiнде аутқиды. ХВК-ның жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап валюталық паритет СДР немесе ЭКЮ-да валюталық “қоржын” базасында бекiтiледi .
Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағытарын анықтайтын факторларды 3 топқа бөлуге болады: фундаментальдi, техникалық, қысқа мерзiмдi күтпеген факторлар.
Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық операцияларды айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз жүзеге аспайды. Бiр валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел валютасының ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе сатып алу, ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық каперотив арқылы анықталады.
Валюталық мәмiлелердiң түрлерiне байланысты ағымдағы және мерзiмде факторлар бағамдары болады. Ағымдағы валюталық мәлiметтердi жасағанда валюта айырбасы сол сәтте ағымдағы валюта бағымы бойынша жүзеге асады. мерзiмдi валюталық мәмленi жасағанда валютаны айырбастау алдынала белгiленген мерзiмде бекiтiлген форвард бағымы бойынша жүзеге асады .
Кейбiр мемлекеттерде операцияның әр түрi бойынша қолданылатын ұлттық валюта бағымдарының бiрнеше түрi бар. Бельгияда 2 бағам қолданылады: бiреуi - комерциялық, екiншiсi - қаржылық операциялар бойынша.
Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және экономикалық талдау кезiнде колданылатын есептеу бағамдары бар. Оған жататын орташа бағамдар сатушы және сатып алушы бағамдарының арифметикалық ортасы. Шын мәнiнде айтсақ мұндай бағам жоқ, бiрақ оның мөлшерi күнделiктi ақпарат құралдарында жарияланады.
Батыста көптеген валюталық бағымдардың индекстерi тараған. Көптеген валюталық бағам бiрдей өзгеруi мүмкiн болғандықтан, жеке ақша бiрлiктерiнiң басқаларымен салыстырғанда арзандау дәрежемен анықтауға мүмкiндiк бар. Валюта бағымдарының өзгеру дәрежесiн өлшеу үшiн арнайы индекстер есептелiнедi, олардың негiзiнде валюталық қоржындар болады.
Көбiнесе валюталық бағымдардың индекстерi туарлардың бәсекелестiк қабiлеттiктерiне әсер ету, ұлттық ақша бiрлiгiнiң бағымдарына әсер ету, сондай-ақ елдiң төлем және сауда балансына әсер етуiн бағалау үшiн қолданылады. Сондыктан осы индекстердiң валюталық қоржындарының құрылымы осы елдiң импорты мен экспортын бөлудi сақтандыру және осы елмен саудада негiзгi сауда әрiптерiнiң үлес салмағын көрсетедi.
Валюта бағымдарының ағымын талдау барысында номиналдық және нақты валюталық бағымдардың индексi кеңiнен қолданылған. Нақты валюта бағымының индексi сәйкес келетiн екi елдiң iшкi бағаларындағы өзгерiстерге қатысты түзiлетiн валюта бағымының индекссiн бiлдiредi.
Нақты тиiмдi валюта бағымның индексi аталан топға жататын елдердегi олардың өзгерiстерi бойынша сол елдiң iшкi бағаларының өзгеруiне қатысты түзiлетiн тиiмдi валюта индексiн бiлдiредi.
Қазiргi кезде АҚШ долларының тиiмдi бағымының индексi номиналды және нақты түрде есептеледi.
Ұлттық валютаның ауыстырымдылық тәртiптемесiн валюталық бағамды реттеудiң маңызды құралы болып саналады.
Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық экономикалық көрсеткiштер жүйесiнде маңызды орын алады, себебi ол ұлттық табысты елдер арасында қайта бөлудi көрсетедi. Сондықтан жиынтық ұлттық өнiммен ұлттық табысты бөлгенде халықаралық талаптар мен мiндеттемелердiң таза сальдосы есептелiнедi.
Информация о работе Валюталық жүйе ж/е оның негізгі элементті