Валюталық жүйе ж/е оның негізгі элементті

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 10:45, контрольная работа

Краткое описание

Осыған орай курстық жұмыс тақырыбын “Валюталық бағам өзгерісі” деп алдым. Бұл тақырыпты жазудағы негiзгi мiндеттерiме мыналар жатады:
- Валюталық жүйенiң түсiнiгiн анықтап, оның пайда болуының себептерiн талдау және оның мәнін ашу;
- Валюталық жүйенің маңызды элементі ретінде валюталық бағамның оның экономикалық маңызы мен мәнін ашу;
- Валюталық бағамға әсер етуші факторларды талдау және оның экономиканың тиімді әрі тұрақты дамуына қосар үлесін атап өту;
- Валюталық бағамды реттеуге байланысты операцияларды талдау және оның еліміздегі жүргізілу барысын көрсету болып табылады.

Оглавление

Кіріспе………………………………………………………………………….3
1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ
1.1 Валюта жүйе және оның негізгі элементтері……………………………5
1.2 Валюталық бағам және төлем балансы…………………………………10

2 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМ ӨЗГЕРІСІНІҢ ӘСЕРІ
2.1 ХҚЕС Валюталық бағам өзгересінің әсері…………………………….16
2.2 Шетелдік валютамен операцияларды қолданыстағы валютамен көрсету…………………………………………………………………..20
2.3 Қолданыстағы валютадан өзгеше ұсыну валютасын пайдалану……24
Қорытынды…………………………………………………………………..
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………

Файлы: 1 файл

ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ123.DOC

— 251.00 Кб (Скачать)

Халықаралық  есеп  айырысу  баланстары – ол  бiр  мемлекеттiң  басқа  мемлекеттерге  қарағанда  ақшалы  талаптары  мен  мiндеттемелерiнiң  және  түсiмдерi  мен  төлемдерiнiң  арақатынасы.

Халықаралық  есеп  айырысу  баланстарының  негiзгi  түрлерi  мыналар

1.      төлем балансы;

2.      есеп  айырысу  балансы;

3.      халықаралық  қарыз  баланысы;

Төлем  балансы  дегеніміз - белгiлi  бiр  уақыт  аралығында  мемлекеттiң  шетелге  төлеген  валюталық  соммасымен оған  шетелден  түскен  соманың арақатынасы. Белгiлi  бiр  мерзiмiнiң  және  бiр  күндiк  төлем  балансы  болады.

Бiр күндiк төлем балансы статистикалық көрсеткiш ретiнде  жарияланбаса, ол  белгiлi  бiр  датаға  орындалуға  тиiс  төлемдер  мен  түсiмдердiң  арақатынасындағы  өзгерiстердi  көрсетедi белгiлi  бiр  мерзiмнiң  тқлем  балансы  осы  уақыт  аралығында  қзгерiстердi  көрсетдi. белгiлi-бiр  мерзiмнiң  төлем  балансы осы  уақыт  аралығындағы  төлем  мен  тұсiмдердiң арақатынасын көрсетiп, мемлекеттiң халықаралық экономикалық қатынастарындағы өзгерiстерiн  және  елдiң  экономикасының  жағдайын  бiлуге  көмектеседi.

Егер  валюталық  түсiм  төлемнен  артық  болса, онда  төлем  балансы  активтi, ал егер  төлем  түсiмнен  төмен  болса, онда  төлем  балансы  пассивтi  деп  аталады.

     Төлем  балансымен  есеп айырысу  баланстарының  бiр-бiрiнен  айырмашылықтары  төмендегiей:

      төлем  балансына  тек  iс  жүзiнде  жүргiзiлген  түсiмдермен  төлемдер  кiредi;

      есеп аыйрысу  бағасына  елдiң  шетелге  қойған  талаптарымен  мiндеттемелерi  кiредi;

      есеп айырысу  балансында  барлық алынған  және  берiлген  несиелер  көрсетiледi, оның  iшiнде  төлем  балансына, кiрмейтiн  өтелменген  несиелерде  көрсетiледi, оның  iшiгде  төлем  балансына  кiрмейтiн  өтелмеген несиелерде  көрсетiледi;

      төлем  және есеп  айырысу  баланстарының  ақырғы  сальдосы-активтiк  немесе пасивтiк  бiрбiрiне  сәйкес келмейдi, әдетте олар  қарама-қарсы  болады,  себебi  несие берушiлердiң  есеп  айырысу баланстары  акивтiк  болады, ал төлем  баланысы  әлсiн-әлсiн, әсiресе  ағымдағы  операциялар  бойынша пассивтiк  болады;

      төлем  балансына тек  төленген  экспорт  және  импорт  кiргiзiледi, ал есеп айырысу  балансы  болашақта  несие  алумен  төленетiн  тауар  айналымының  төленбеген  бөлiгiн  қамтиды.

Сөйтiп, төлем  және есеп  айырысу  баланстарының  бiр-бiрiнен  айырмашылықтары  көбiнесе халықаралық  қатынастарының  дамуымен  айқындалады. Төлем  балансының   құрылымын  қарастырып  өтейiк. Операцияларының  сипатына  қарай  басылымдарда  жарияланатын  төлем  балансы  негiзгi  екi  бөлiмдi  бiрiктiредi.

Төлем  балансының  құрылымы

1) “Ағымдағы  операциялар  балансы”

   1. сауда балансы  ( сыртқы  сауда  операциялары бойынша төлемдер мен түсiмдер):

         а)  экспорт

         б)  импорт 

    2. Қызметтер  балансы  және  комерциялық  емес  төлемдер  (патент  бойынша төлем  техникалық  көмек  үшiн төлем )

2) “Капитал  және  несие  қозғалысының  балансы”

Сауда  балансы – экспорты  бойынша  түсiммен  және  импорт  бойынша  төлемдердiң  арақатысы. Егер  тауар  шығару  оны  әкелуден  астам  болса, онда активтiк  сауда балансы  болады, ал  егер  импорт  экспорттан  артық  болса, онда  сауда  балансы  пассивтiк  сальдосы  пайда болады

Көрсетiлген  қызметтер  балансы – ол  формасы  бойынша   да  және  экономикалыө  мазмұны  бойынша  да  әр  түрлi, сонымен   бiрге  коммерциялық  операциялар  емес  операциялар  бойынша  төлемдер  мен  түсiмдер  бiрiктiрiледi. Капитал  және  несие  қозғалысының   балансы – ол   жеке  және  мемлекеттiк  капиталдарды  әкелу  және  жетiлдiру  бойынша , алынған  және  берiлген  халықаралық  несиелер  бойынша    төлемдер  мен  түсiмдердiң  арақатысы.

Халықаралық  қарыз  балансы - өркендеген  және  өркендеушi  елдердiң  статисикасында  кең  орналасатын  мәлiмiеттер  жиынтығы. Оның  есеп  айырысуы  балансына  ұқсас  болғанмен  одан қаралатын  тауарларының  жиынтығымен  кейбiр  елдердiң  өз  ерекшелiгiмен  айрықшаланады .

Төлем  балансының  сальдосын анықтағанда  оның  тараулары  негiзгi  және  баланстандырушы  болып  екiге  бөлiнедi. Негiзгi  тарауларға – ағымдағы  операциялар  ұзақ  мерзiмдi капиталдың  қозғалысы  ал  баланстандырушы  тараулырға -  валюталық  резервтiк  қозғалысы, ал  баланстандырушы  тарауларға – валюталық  резервтердiң  қозғалысы , қысқа  мерзiмде  активтердiң  өзгерiстерi, шетел  көмегмен  кейбiр  түрлерi, сыртқы  мемлекеттiк  зайымдар, халықаралық валюта – несиелiк  ұйымдардың  несиелерi  және  т.б. төлем  балансының  сальдосының  толықтырушы  көздерi  жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. 21 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

2.1.Валюталық бағам өзгерісінің әсері  

         Мақсаты                                                                                                                                             1.  Ұйым шетелдік валютамен байланысты қызметті екі әдіспен жүргізе алады. Ол не операцияларды шетелдік валютамен жүргізе, не шетелдік қызметті жүзеге асыра алады. Сонымен бірге өзінің қаржы есептілігінде ұйым деректерді шетелдік валютамен көрсете алады. Осы Стандарттың мақсаты - шетелдік валютамен операцияларды және шетелдік қызметті ұйымның қаржы есептілігінде көрсету, сондай-ақ қаржы есептілігінің көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу тәртібін орнату.                                                                                     2.  Негізгі мәселелер қандай айырбас бағамын (бағамдарын) белгілеу және айырбас бағамдарындағы өзгерістердің салдарын қаржы есептілігінде қалайша көрсету болып табылады.  

          Қолданылу саласы 

        3. Осы стандарт:

              (а)  шетелдік валюталармен операцияларды және қалдықтарды, 39 IAS «Қаржы құралдары – мойындау және бағалау» Халықаралық стандартын қолдану аясындағы туынды операциялар мен қалдықтардан басқаларын есепке алу кезінде;

              (b)  шетелдік қызметтің шоғырландыру, тепе-тең шоғырландыру немесе үлесті қатысуды есепке алу әдістерімен ұйымның қаржы есептілігіне енгізілген нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін қайта есептеу кезінде;

             (с) ұйымның нәтижелері мен қаржы көрсеткіштерін ұсыну валютасына қайта есептеу кезінде қолданылуға тиіс  

         4. 39 IAS көптеген валюталық туынды құралдарға қолданылады, сондықтан ондай құралдар осы Стандарт қолданылатын саладан шығарып тасталады. Екінші жағынан, 39 IAS-стандарты қолданылатын саладан тыс валюталық туынды құралдар (мысалы, басқа контракттарға кіргізілген кейбір валюталық туынды құралдар) осы Стандарт әсерінің аясында болады. Сонымен қатар, осы Стандарт туынды құралдарға жататын сомаларды ұйым өзінің қолданыстағы валютасынан өзінің ұсыну валютасына қайта есептейтін кезде қолданылады.

       5. Осы Стандарт баптарды шетелдік валютамен хеджирлеуді, соның ішінде шетелдік қызметке таза инвестицияларды хеджирлеуді есепке алуға қолданылмайды. 39 IAS хеджирлеуді есепке алуға қолданылады.                                    6.  Осы стандарт ұйым қаржы есептілігін шетелдік валютамен берген кезде қолданылады және қаржы есептілігі түпкілікті түрінде Халықаралық қаржы есетілігінің стандарттарына сәйкес келуін көздейтін талаптар белгілейді. Қаржы ақпаратын шетелдік ваютаға, осы талаптарға сай келмейтін қайта есептеулерге қатысты осы Стандартта қандай ақпарат ашылуға тиіс екені көрсетілген.

       7.  Осы Стандарт ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте шетелдік валютамен операциялар немесе шетелдік қызметтен ақша қаражатының ағынын қайта есептеу нәтижесінде пайда болатын ақша қаражатының ағынын көрсетуге қатысты емес .

Анықтамалар                                                                                                                                              8. Осы Стандартта төменде көрсетілген мәндерде мынадай терминдер пайдаланылады:                                                                                                                                  Жабу бағамы – валюталардың баланс күнгі ағымдағы айырбас бағамы.                           Бағам айырмашылығы – шетелдік валюталар бірлігінің бірдей санын қайта есептеу нәтижесінде пайда болатын айырмашылық.

Валюта бағамы – бір валютаны басқасына айырбастау коэффициенті.

     Әділ құн – жақсы хабардар, осындай операция жасағысы келетін, бір-біріне тәуелді емес тараптар арасында мәміле жасау кезінде активті айырбастауға немесе міндеттемені реттеуге болатын сома.

         Шетелдік валюта – ұйымның қолданыстағы валютасынан өзгеше валюта. Шетелдік қызмет - өз қызметі есеп беруші ұйым елінен немесе валютасынан өзгеше елде немесе валютада орналасқан немесе жүзеге асатын есеп беруші ұйымның еншілес, қауымдасқан, бірлескен ұйымы немесе филиалы болып табылатын ұйым.

Қолданыстағы валюта – ұйым өз қызметін жүзеге асыратын негізгі экономикалық ортада пайдаланылатын валюта. Топ – еншілес ұйымдары бар бас ұйым.

       Ақша баптары – қолда бар валюта бірліктері, активтер және валюта бірлігін нақты немесе белгіленетін сомаларда алу немесе төлеу жөніндегі міндеттемелер.                                                                                                                                              Шетелдік қызметке таза инвестициялар – осы қызметтің таза активтеріндегі есеп беруші ұйым үлесінің шамасы.

     Ұсыну валютасы - қаржы есептілігі берілетін валюта.                                                                    Ағымдағы валюталық бағам – дереу есеп айырысуға арналған айырбас бағамы.

       9. Ұйым өз қызметін жүзеге асыратын негізгі экономикалық орта, әдетте, ол өзінің ақша қаражатының негізгі бөлігін жинақтап, жұмсайтын орта болып табылады. Өзінің қолданыстағы валютасын анықтау кезінде ұйым мына факторларға көңіл бөледі:

       (а)  валютаға:

                  (і)  тауарлар мен қызметтердің сату бағасына негізгі әсер ететін валютаға (ондай валюта - тауарлар мен қызметтердің сату бағасы көрсетілетін және солар бойынша есеп айырысатын валюта); 

                  (іі)  бәсекелестік күштері мен бәсекелестік ережелерін ұйым өндіретін тауарлар мен қызметтерге бағаны негізінен айқындайтын ел валютасы.                              

         (b)  тауаурлар немесе қызметтер жеткізуге байланысты еңбек, материал және басқа шығындарға негізгі ықпал ететін валютаға (ондай валюта – көбінесе сондай шығындар көрсетілетін және өтелетін валюта).

      10. Төменде көрсетілген факторлар да ұйымның қолданыстағы валютасының белгілері бола алады:

             (а) ол қаржы қызметінің барысында жинақталатын қаражат (яғни қарыз және үлес құралдарының эмиссиясы) білдірілетін валюта болып табылады.

             (b)ол ұйым операция қызметінен түсетін түсімдерді әдетте өзінде қалдыратын валюта болып табылады.

      11. Шетелдік қызметтің қолданыстағы валютасын анықтау және қолданыстағы валютаны есеп беруші ұйым пайдаланытын валютамен теңдестіру кезінде көңіл бөлінетін тағы да бірқатар факторлар бар (бұл контексте есеп беруші ұйым өзінің шетелдік қызметін еншілес ұйымы, филиалы, қауымдасқан ұйым немесе бірлескен қызмет арқылы жүзеге асыратын ұйым болып табылады):    

         а)  мұндай шетелдік қызмет есеп беруші ұйым қызметінің жалғасы немесе едәуір дәрежеде дербес болып табылатын қызмет ретінде жүзеге асырыла ма. Шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйым есеп беруші ұйымнан импорт бойынша алынатын тауарларды тек сататын және түскен түсімді оған аударатын болса, ол бірінші жағдайдың мысалы болып табылады. Шетелдік қызметті жүзеге асырушы ұйым ақша қаражаты мен басқа ақша баптарын жинақтайтын, шығын жұмсайтын, табысты қордалайтын және көбінесе өзінің жергілікті валютасымен қарыз алатын болса, ол екінші жағдайдың мысалы болып табылады.

          b)  есеп беруші ұйыммен операциялардың өз қызметін шетелдерде жүзеге асырушы ұйым қызметіндегі үлесі елеулі ме, әлде елеусіз бе.                                        с)  шетелдік қызметтен келіп түсетін ақша қаражатының ағыны есеп беруші ұйымның ақша ағынына тікелей әсер ете ме, және де оны оның есебіне кідіріссіз аударуға бола ма.

          d)  шетелдік қызметтен қордаланатын ақша қаражатының ағыны орын  алып отырған және, әдетте, күтілетін қарыз міндеттемелеріне есеп беруші ұйым тарапынан ақша қаражаты берілместен қызмет көрсетуге жеткілікті ме.   

    12. Жоғарыда аталған индикаторлар бірдей сипатта болмаса, ал қолданыстағы валюта айқын болмаса, ұйым басшылығы, өз тәжірибесін негізге ала отырып, негіз қалайтын операциялардың, оқиғалардың және жағдайлардың экономикалық тиімділіктерін неғұрлым дәл білдіреді. Осындай жағдай шеңберінде ұйым басшылығы 3-параграфта тұжырымдалған негізгі индикаторларға басымдылық береді, ал 10 және 11-параграфтарда көзделген, ұйымның қолданыстағы валютасы ретінде қандай валюта таңдап алынуға тиіс екенінің қосымша жанама дәлелдерін қамтамасыз етуге тиісті индикаторларды содан соң қарайды.

Информация о работе Валюталық жүйе ж/е оның негізгі элементті