Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 21:54, курсовая работа
ҚР нарықтық қатынастарының дамуы сыртқы экномикалық дамудың қажеттігін және маңыздылығын анықтыды. Оның ішіне қаржы – валюталық қамтамасыздандыру, валюталық несиені алу, валютаны сатып алу, оның бағалы қағаздарға салынуы, валюталық тәуекелдерден сақтандыру және т.б. қажеттігі мен маңыздылығын жатқызуға болады.
Банк қазақстандық нарықта корпоративтік клиенттердің депозиттерін орналастырудан жетекші орын алады, яғни нарықтағы үлесі 25,9%. Банк өз орнын сақтап қалу мақсатында келесі стратегияларды жүзеге асырады:
Жеке депозиттердің көлемі 24,2%-ға ұлғайды, яғни 2008 жылдың 31 желтоқсанда 263,8 млн. теңге болса, 2011 жылы 31 желтоқасанда 327,6 млн теңге болды.
Коммерциялық банктің маңызды міндеті ол клиенттердің неғұрлым көп санын тарту және оларды сақтап қалу болып табылады.
Депозиттік пайыздың мөлшерін коммерциялық банк Ұлттық Банктің есептік ставкасын, ақша нарығының жағдайын және өзінің депозиттік саясатын ескере отырып өзі белгілейді.
Салымшыларды тарту мақсатында «Казкоммерцбанк» АҚ пайызды есептеу мен төлеудің әртүрлі тәсілдерін қолданады.
Сыйақының дәстүрлі түрі ол жай пайыздарды есептеу болып табылады. Басқа есептеу тәсілі күрделі пайыздарды есептеу болып табылады. Есептік кезең аяғында салым сомасына пайыз есептеледі және ол салым сомасына қосылады. Келесі есепті кезеңде пайыздық ставка өскен сомаға қолданылады. Күрделі ставка сыйақы мөлшері салым мерзімі аяқталғанда төленетін жағдайда қолданылады.
Банктің жылдық есептілігіндегі мәліметтер бойынша 2011 жылы пайыздық шығындар 82,435 млн теңгені құрады. Жеке тұлғалардың депозиттерге тартылған қаражаттардың көлемі 1099,806 млн теңгені құрады. Яғни жеке тұлғалар үшңн орташа пайыздық ставка құрады:
82,435 / 1099,806 *100 = 7,5%.
Қосымша тартылған қаражаттар
бойынша табысты есептегенде
кезде резервтеу ставкасын
6-кесте. Депозиттік пайыздық ставканың 1%-ға көтерілгендегі нәтиже
Көрсеткіштер |
Сомасы |
1. Ресурстар көлемі, млн теңге |
39,593 |
2. Резервтеу ставкасы, % |
7,5 |
3.Резервтеу сомасы, млн теңге (п.1*п.2/100) |
2,969 |
4.Орналастыратын қаражаттар, млн теңге (п.1 –п.3) |
36,624 |
5.Ресурстарды орналастырудантүскен орташа табыс, % |
14,4 |
6.Ресурстарды орналастырудан түскен табыс, млн теңге (п.4*п.5) |
5,274 |
Кестеден депозиттің пайыздық ставкасының 1% -ға көтерілгенде, 39,593 млн теңге сомасында қосымша ресурстар тартылатындығын көреміз.
Олардың орналастыруынан Казком 5,274 млн теңге көлемінде қосымша табыс алады. Бірақ осы тәсілді жиі қолдану жоғары шығындарға алып келеді.
Қаражат тартудың басқа да көздері:
2.3 «Казкоммерцбанк» АҚ конверсиондық операциялары
Өзінің қызметі барысында банк қаржылық құралдармен форвард келісімшартын, своп және опцион мәмәлелерін жасасады. Қаржылық құралдар келісім жасасқан күнге бастапқы әділ құнымен бағаланады және әр есепті кезеңге қайта бағаланады. Қаржылық құралдар актив болып табылады, егер де ол қайта бағаланғанда оң болса. Ал егер ол теріскөрсеткіш болса, онда ол міндеттемелер болып табылады. Қаржылық құралдар шоғырландырылған баланстың қаржылық активтер жіне міндеттемелер баптарында әділ құнымен көрсетіледі.
Фьючерстік келісімшарттардың ерекшелігі сатып алу және сату барысында келісімшарт сомасы емес, ал тек ғана 2-ден 5%-ға дейінгі кепілдік салынады.
Мысалы, Қазақстандық импортер 1 айдан соң 15 желтоқсанда 2011 жылы американдық экспортер алып клген тауар үшін 1 000 000 доллар қажет болады. Импортер доллар бағамының көтерілуінен сақтану үшін «Казкоммерцбанк» АҚ форвард келісімшартын жасасады. Форвард бағамына пайыздық ставкалар әсер етеді:
Спот бағамы 15.11.2009 USD/KZT ‑ 146,81/147,32
1 айдың пайыздық ставкасы: доллар - 5,99 %; теңге – 8,50 %
Банк 1 000 000 доллар сатып алу үшін жылдық ставкасы 18,8 %-бен теңгемен несие алады, спот бағамы бойынша 27 531 000 теңгеге тең.
Несие бойынша пайыздар= 27 531 000*0,085*30/360 = 195 011 теңге 1 айға
Несиені өтеу кезінде банк 27 726 011 теңге соманы төлеу қажет.
Арық қарай банк валюталық позицияны жабу үшін долларды сатып алады. Банкке доллар қажет емес болғандықтан, ол 1 ай мерзімге жылдық ставкасы 2,76% болатын банкаралық валюталық нарықта орналастырады және сол үшін пайыздар алады:
Депозит үшін пайыздар= 1 000 000*0,0599*30/360 = 4992 доллар 1 айға. Яғни 1 айдан кейін банк 27 726 011 теңгені төлейді және 1 004 992 доллар алады.
Банкаралық валюталық нарықта форвардтық бағам USD/KZT 146,81 құрады. Банкаралық келісімшарт жасасқан соң банк сақтандырудан табыс алады.
Сонымен,осы операцияларды жүргізгенде банк алатын пайдасы 147 320 000 -146 810 000 = 510 000 теңгеге тең болады.
Форвард келісімшарттарын қолдаана отырып своп мәмілелері де жасалады. Своп мәмілесі форвард келісімшарты сияқты валюталық тәуекелділікті сақтандыруға мүмкіндік береді.
Валюталық своп – спот және форвард шарттарымен екі конверсиондық келісімшарттың үйлесуі. Спот келісімінде сатыпалынған шетел валютасы белгілі бір мерзімнен кейін сатылады және белгілі уақыттан кейін қайта сатып алынады. Екі келісімшартта бір серіктеспен жасалады және валюта бағамы, төлеу құралдары келісімшарт жасасқан күніндегідей болады.
Мысалы, Казком 1,4966 бағамымен 1000 000 ағылшын фунтын американдық долларға сатты. Банк 1000 000 ағылшын фунтын түгел сатып алмайынша, GBP/USD бойынша қысқа позициясы (Short) ашық болып есептеледі. Short позициясын кейде «төмен» деп те атайды. Себебі, ағылшын фунттарын сатқан соң банк, доллардың функқа бағамының өсуін болжайды, яғни 1 дфунтқа доллар саны аз келеді.
Мәселен, банк дәл тапты және доллар күшейе бастап 1,4660 бағамына жетті. Ол алдында сатқан 1 000 000 ағылшын фунтын қайта сатып алып, позициясын жабады, оған бәріне $1466000 доллар жұмсайды. Банкте (1496600-1466000) = $30 600 қаражат қалады жіне ол банктің пайдасы болып табылады. Яғни банкте депозитте $10000 жатса, онда ол сәтті өткізілген операциялардан кейін $40 600 алады.
Енді басқа жағдайды қарастырайық. Доллар төмендей бастады делік, бір фунтқа 1,5166 доллар бағамына жетті. Ол алдында сатқан 1 000 000 ағылшын фунтын қайта сатып алып, позициясын жапқысы келеді. Бірақ бір мәселе бар ол $1 496 600 алды, ал 1 000 000 фунт сатып алу үшін $1 516 600 қажет. Яғни $20 000 тең шығын болады. Сіздің депозитіңізден $20 000 алынып тасталады. Мұнда депозит валюта бағамының өзгеруінің сақтандыру резерві болып табылады.
Банкпен маржалық сауда валюталық тәуекелдерді сақтандыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, теориялық тұрғыдан мәмілелердің барлық қатысушылары өздерінің валюталық тәуекелдерін сақтандыруға мүмкіндік алады және де қосымша табыс та алады.
3 Ұлттық Банк тарапынан коммерциялық банктегі валюталық бақылау
2009 жылғы 11 тамызда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі № 167-IV Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілді.
Валюталық реттеу және бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді Заңның нормаларына сәйкес келтіру, сондай-ақ валюталық режимді ырықтандыру жөніндегі шараларды одан әрі іске асыру мақсатында мыналар қабылданды:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 қазанда № 5823 тіркелген «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 76 қаулысы (бұдан әрі – № 76 қаулы).
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 қазанда № 5824 тіркелген «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 77 қаулысы (бұдан әрі – № 77 қаулы).
Көрсетілген қаулылар 2009 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.
Заңның нормаларын іске асыру мақсатында № 76 қаулымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 129 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесіне (бұдан әрі - № 129 Ереже) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
1) жеке тұлғалардың шетелдік банктерде шоттар ашу туралы хабарлау талаптарының жойылуына байланысты жеке тұлға шетелдік банктегі шоттан/шотқа қаражат аударатын банк үшін осындай шоттар туралы хабарлау нысаны белгіленді;
3) қызмет көрсету, жұмыс
4) капитал қозғалысы операцияларының тізбесі нақтыланды:
- тізбеден зияткерлік меншік
объектілеріне айрықша құқықты
ішінара сатып алу алып
- тізбе ақшаны және өзге
Валюталық режимді ырықтандыру жөніндегі шараларды одан әрі іске асыру мақсатында № 76 қаулымен төмендегілер көзделді:
1) капитал қозғалысының валюталық операциялары үшін шекті мәнді ұлғайту, одан асқан кезде операциялар тіркелуі не хабарлануы тиіс. Капиталдың әкетілуі бойынша операциялар үшін шекті мән 50 мың АҚШ доллары баламасынан 100 мың АҚШ доллары баламасына, капиталдың әкелінуі бойынша операциялар үшін 300 мың АҚШ доллары баламасынан 500 мың АҚШ доллары баламасына ұлғайтылды;
2) тіркеу, хабарлау және мәміле паспортын ресімдеу талаптары қолданылмайтын валюталық операциялар бойынша төлемдер жүргізуді бақылаудың жеңілдетілген нысандарын енгізу. Сомасы 10 мың АҚШ доллары баламасынан аспайтын төлемдерді уәкілетті банктер клиент валюта шартын ұсынбай-ақ жүргізеді. Осы жағдайларда бақылау төлем құжатында клиент көрсеткен ақпарат негізінде жүзеге асырылады;
3) жеке тұлғалар үшін туыстық дәрежесін растайтын құжаттар ұсынған кезде (бұрын ақша жіберуші және төлемді жүзеге асыратын тұлға арасындағы өзара міндеттемелердің сипаттарын айқындайтын шарт ұсыну талап етілетін) жұбайы және жақын туыстары үшін валюта шарттары (шетелде оқуға арналған, жылжымайтын мүлікті жалдау және т.б. шарттар) бойынша төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігін белгілеу.
«Карт-шот» ұғымының алып тасталуына байланысты («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының № 185-IV Заңы) төлем карточкасын пайдаланумен және интернет-банкингті пайдаланумен және сол сияқты қолдай әкеп төлеу тәртібімен банк шоттарынан валюталық операциялар бойынша аударымдарды бірыңғай реттеуді қамтамасыз ететін өзгерістер енгізілді.
Сонымен қатар, редакциялық сипаттағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
№ 76 қаулының және № 129 ереженің мәтіндері (2009 жылғы 16 қазандағы редакциядағы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсындағы «Нормативтік құқықтық база» айдарында орналастырылды.
Заңның нормаларын іске асыру мақсатында № 77 қаулымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 17 тамыздағы № 86 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесіне (бұдан әрі - № 86 Ереже) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
№ 77 қаулы экспорт-импорт валюталық бақылау рәсімдерін одан әрі ынталандыруды көздейді, атап айтқанда:
1) арттырылған кезде мәміле паспортын ресімдеу қажет болатын шекті мәнді 10 мың АҚШ доллары баламасынан 50 мың АҚШ доллары баламасына дейін ұлғайту. Нәтижесінде «паспортизациялауға» жататын экспорттық және импорттық келісімшарттар санының үштен бірінің қысқаратыны күтіліп отыр (негізінен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің операцияларын алып тастау есебінен);
2) экспортердің немесе импортердің репатриациялау мерзімін дербес, келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындаудың ең ұзақ мерзімдері негізінде айқындау;
3) экспортердің немесе импортердің мәлімдеуінсіз, «автоматты түрде» мәміле паспортын жабуға арналған негіздерді кеңейту;
4) шетелдік сатып алушының